Карум-сановель

МНН: Клопидогрел
Производитель: Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015673
Информация о регистрации в РК: 10.10.2019 - 10.10.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 135.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Карум-сановель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 97.875 мг клопидогрел гидросульфаты (75 мг клопидогрелге баламалы)

қосымша заттар: маннитол DC 400, микрокристалды целлюлоза (PH 112), полиэтиленгликоль 6000, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC LH-11), гидрирленген майсана майы

қабықтың құрамы Опадрай II Қызғылт 31F24886: лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 15 сР, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 4000 (PEG 400), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері (гепариннен басқа). Клопидогрел.

АТХ коды В01АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Клопидогрелді 75 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін соңғысы асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңеді. Несеппен бөлініп шығатын клопидогрел метаболиттерінің мөлшеріне сай препараттың кем дегенде 50% сіңеді.

Метаболизмі

Клопидогрелдің негізгі бөлігі бауырда метаболизденеді. Плазмада айналымдағы қосылысының 85%-ға жуығын құрайтын оның негізгі метаболиті карбоксил қышқылының белсенді емес туындысы болып табылады. Қан плазмасындағы осы метаболитке тән Сmax клопидогрелді 75 мг дозамен қайталап қабылдаулардан кейін 3 мг/л-ге жуық құрап, қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң байқалады.

Негізгі метаболит фармакокинетикасы 50-150 мг аралығындағы клопидогрел дозалары шегінде дозаға байланысты болатынын көрсетеді (плазмадағы концентрациялары препарат дозасына байланысты артады).

Клопидогрел мен негізгі метаболит қан ағымында қан плазмасының ақуыздарымен кезекпен қайтымсыз байланысады (тиісінше, 98% және 94%).

Шығарылуы

Клопидогрел ішке қабылданғаннан кейін 5 күн бойы қабылданған дозаның 50%-ға жуығы несеппен және шамамен 46%-ы нәжіспен бөлініп шығады. Препаратты бір рет немесе көп рет қабылдаулардан кейін негізгі метаболитінің Т1/2 8 сағатқа жуық құрайды.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы негізгі метаболитінің концентрациялары клопидогрелді тәулігіне 75 мг дозамен қабылдаған кезде жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (КК 5-15 мл/мин), ауырлығы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастармен (КК 30-60 мл/мин) және сау адамдармен салыстырғанда, төмендеу болды. АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясын тежеу әсерінің сау адамдардағы осындай әсермен салыстырғанда төмен екеніне қарамастан, қан кету уақыты клопидогрелді тәулігіне 75 мг дозада қабылдайтын дені сау адамдардағы осындай шамада ұзарған.

Клопидогрелді 10 күн бойы тәулігіне 75 мг дозада қабылдау тәуліктік дозасының қауіпсіздігін және жеңіл көтерімділігін растады. Клопидогрел Сmax бауыр циррозымен науқастарда бір рет қабылданған кезде және тұрақты деңгейге жеткенде сау адамдардағы осыған ұқсас көрсеткішінен бірнеше есе асып кетті.

Осыған қарамастан, клопидогрелдің АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясын тежеу тиімділігі және қан кету уақыты, сондай-ақ плазмадағы негізгі метаболитінің мөлшері аталған топтар арасында ұқсас болады.

Фармакодинамикасы

Карум-сановель тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады.

Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (АДФ) оның GPIIb/IIIa гликопротеиндік кешенінің АДФ белсенділенуінен болған тромбоциттік Р2Y12 рецепторымен байланысуын селективті тежейді, сол арқылы тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Тромбоциттер агрегациясын тежеу үшін Карум-сановель биоөзгеріске ұшырайды. Препарат тиімділігін қамтамасыз ететін белсенді метаболит анықталмаған.

Карум-сановель босап шығатын аденозиндифосфат арқылы тромбоциттер белсенділігінің жоғарылауын бөгеу жолымен басқа агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясын да тежейді.

Карум-сановель фосфодиэстераза белсенділігіне әсер етпейді.

Карум-сановель тромбоциттің АДФ-рецепторларын қайтымcыз өзгертеді, осылайша емдік әсер берді. Нәтижесінде, тромбоциттер Карум-сановельдің әсерінен өмір бойына қызмет атқаруға қабілетсіз болып қалады, ал қалыпты қызметінің қалпына келуі тромбоциттердің жаңаруына қарай жүреді.

Тромбоциттер агрегациясының дозаға тәуелді тежелуі Карум-сановельдің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң байқалады. 75 мг дозаны қайталап қабылдау бірінші күннен-ақ АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясының едәуір тежелуіне әкеледі. Тежегіштік әсері үдемелі күшейіп, тұрақты жағдайға 3-7 күн өткенде жеткен.

Тепе-теңдік жағдайы сатысында күніне 75 мг дозасы кезінде байқалған тежеуінің орташа деңгейі 40%-дан 60%-ға дейінді құраған. Тромбоциттер агрегациясы және қан кету уақыты Карум-сановель қабылдауды тоқтатқаннан кейін, орта есеппен, 5 күннен соң бастапқы деңгейіне сатылап оралады.

Қолданылуы

Атеротромбоздық бұзылулардың алдын алу:

- миокард инфарктісін (бірнеше күннен 35 күнге дейін), ишемиялық инсультті (7-ші күннен бастап, 6 ай бойы) бастан өткерген немесе шеткергі артерияларының аурулары бар науқастарда

- ST сегментінің көтерілуінсіз (тұрақсыз стенокардия немесе тісшесіз миокард инфарктісі) жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар науқастарда, кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және егде жастағы адамдарға:

Миокард инфарктісі (бірнеше күннен бастап 35 күн бойы), ишемиялық инсульт (7-ші күннен бастап, 6 ай бойы) немесе шеткергі артериялар аурулары кезінде: Карум-сановельді тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (75 мг) тағайындайды.

ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар науқастарда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесіз миокард инфарктісі): емдеу Карум-сановельдің бір реттік 4 таблетка (300 мг) дозасынан басталуы тиіс. Сосын тәулігіне 1 таблетка (тәулігіне 75 мг) дозада ацетилсалицил қышқылымен үйлестірілген тәуліктік 75-100 мг дозамен жалғастырылуы тиіс. Ацетилсалицил қышқылының дозасын жоғарылату қан кетудің туындау қаупін арттыратындығына байланысты, оны 100 мг-ден асырмау ұсынылады. Ең жоғары емдік әсеріне емделудің 3-ші айында қол жеткізіледі. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Педиатрияда пайдаланылуы

Карум-сановельді 18 жасқа дейінгі балаларда қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі зерттелмеген.

Жағымсыз әсерлері

Қан кету клиникалық зерттеулер кезінде де, постмаркетингтік кезеңде де тіркелген ең жиі кездесетін реакция болып табылады, ол негізінен емдеудің алғашқы айында тіркеліп отырған.

Клиникалық зерттеулер кезінде байқалған немесе келіп түскен хабарламаларда мәлімденген жағымсыз реакциялар төменде атап келтірілген

Жиі (1-10%)

- іш тұсының ауыруы, диспепсия, асқазан-ішектен қан кету, диарея

- қанталаулар, гематома

- мұрыннан қан кету

- пункция орнынан қан кету

Жиі емес (0,1-1%)

- бассүйекішілік қан құйылуы (өліммен аяқталған бірнеше жағдай туралы хабарланған), бас ауыруы, бас айналуы, парестезия

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия, қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер мен тромбоциттер мөлшерінің азаюы

- көздің қанталауы (конъюнктивалық, окулярлық, ретинальді)

- гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, құсу жүрек айнуы, іштің қатуы, метеоризм

- бөртпе, қышыну, пурпура

- гематурия

Сирек (0,01-01%)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- вертиго (вестибулярлық бас айналуы)

- дәм сезудің бұзылуы

Өте сирек (0,01%-дан аз)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), анемия (соның ішінде апластикалық), агранулоцитоз, панцитопения, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения

- анафилактоидтық реакциялар, сарысу құю ауруы

- елестеулер, сананың шатасуы

- қан түкіру, өкпеден қан кету, бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит

- ауыр қан кету, операция жасалған жарадан қан кету, васкулит, гипотензия

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралық және лимфоцитарлық), стоматит

- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, гиперхолестеринемия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, гепатит

- эритематоздық бөртпе, есекжем, экзема, буллездік дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көпформалы эритема), ангиоэдема, жалпақ теміреткі

- артралгия, артрит, гемартроз, миалгия

- гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- жедел қан кету (пептидтік ойық жарадан қан кету, бассүйекішілік қан құйылу)

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Карум-сановельді варфаринмен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені ондай біріктірілім қан кетуді күшейтеді.

IIb/IIIа гликопротеин тежегіштері

Карум-сановель мен IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерін бірге қолдану сақтықты талап етеді.

Ацетилсалицил қышқылы

Ацетилсалицил қышқылы Карум-сановельдің АДФ индукцияланған тромбоциттер агрегациясын тежеу қабілетін өзгертпейді. Осыған қарамастан, Карум-сановель ацетилсалицил қышқылының коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына әсер етуін күшейтеді. Сонымен қатар, Карум-сановельді тәулігіне екі мәрте 500 мг дозадағы ацетилсалицил қышқылымен бірге қабылдау Карум-сановельді қабылдаудан болған қан кету ұзақтығына елеулі ықпал етпейді. Бірге қабылдаған кезде Карум-сановель мен ацетилсалицил қышқылының арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы жоққа шығарылмайды, бұл қан кетудің туындау қаупін едәуір дәрежеде арттырады. Осыған орай, бірге қабылдаған кезде ерекше сақ болу керек.

Гепарин

Бірге қабылдаған кезде Карум-сановель гепариннің жалпы қажеттілігінің де, гепариннің қан ұюына әсер етуін де өзгертпейді. Гепаринді бір мезгілде қолдану Карум-сановельдің тромбоциттер агрегациясын тежегіштік әсерін өзгертпейді. Бірге қабылдаған кезде Карум-сановель мен гепарин арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы жоққа шығарылмайды, бұл едәуір дәрежеде қан кетудің туындау қаупін арттырады. Осыған орай, бірге қабылдаған кезде ерекше сақ болу керек.

Тромболитиктер

Тіндік плазминогеннің (rt-PA) рекомбинантты белсенділендіргіші - клопидогрел мен гепаринді бірге қолданудың қауіпсіздігі жуырда миокард инфарктісін басынан өткерген науқастарда зерттелді. Клиникалық тұрғыда елеулі қан кету жиілігі rt-PA, гепаринді ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданған жағдайда байқалғанға ұқсас болды. Клопидогрелді басқа тромболитиктермен бірге қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Осыған орай, аталған препараттарды бір мезгілде қолдану сақ болуды талап етеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)

Карум-сановель мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан кетуін жоғарылатады. Осы саладағы басқа ҚҚСД-ға қатысты қандай-да бір зерттеулер болмағандықтан, бір мезгілде қабылдаған кезде асқазан-ішектік қан кетулердің туындау қаупі барлық ҚҚСД үшін аяғына дейін түсіндірілмеген. Осылайша, Карум-сановель мен басқа ҚҚСД бір мезгілде қабылдауды ерекше сақтықпен жүргізген жөн.

Емдеудің басқа біріккен түрлері

Клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне дейін ішінара CYP2С19 көмегімен метаболизденетіндіктен, бұл энзимнің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдану, клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының төендеуіне алып келеді деп күтіледі. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы айқын емес. Сақтық шарасы ретінде CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудан бас тарту керек.

CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік препараттарға омепразол және эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбазепин және хлорамфеникол жатады

Протондық помпа тежегіштері (ППТ):

Омепразол клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған немесе екі дәрілік препаратты қабылдаудың арасында 12 сағаттық аралық сақталған жағдайда тәулігіне бір рет 80 мг дозада қабылдағанда, белсенді метаболитінің экспозициясын 45%-ға (жүктемелік доза) және 40%-ға (демеуші доза) төмендетті. Төмендетуі тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің төмендеуімен 39% (жүктемелік доза) және 21% (демеуші доза) байланысты болды. Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да, белсенді метаболиті экспозициясының төмендеуіне алып келеді деп күтіледі.

Бұл фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесудің маңызды кардиоваскулярлық оқиғалар кезінде көрінген клиникалық мәні туралы қарама-қайшы мәліметтер, бақылауға арналған және клиникалық зерттеулерде де келтірілді. Сақтық шарасы ретінде омепразол немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолданбау керек.

Метаболиттер экспозициясының айқындығы аз төмендеулері пантопразол мен лансопразол жағдайында байқалған.

Белсенді метаболитінің плазмадағы концентрациялары пантопразолмен күніне бір рет 80 мг дозада емдеу кезінде 20%-ға (жүктемелік доза) және 14%-ға (демеуші доза) төмендеген. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің сәйкесінше 15% және 11%-ға төмендеуімен қатар жүрген. Бұл нәтижелер, клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатындығын білдіреді.

Н2-рецепторлардың блокаторлары (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидиннен басқа) және антацидтер сияқты асқазандағы қышқылдылықты төмендететін басқа дәрілік заттар клопидогрелдің тромбоцитке қарсы белсенділігіне әсер ететіндігіне дәлелдер жоқ.

Клопидогрелді атенололмен және нифедипинмен бір мезгілде қолданғанда елеулі фармакодинамикалық өзара әрекеттесу байқалмаған.

Бұдан өзге, Карум-сановельдің фармакодинамикалық белсенділігі фенобарбиталмен немесе эстрогендермен бір мезгілде қолданғанда іс жүзінде өзгеріссіз қалған.

Дигоксиннің немесе теофиллиннің фармакокинетикалық қасиеттері Карум-сановельмен бір мезгілде қолданылғанда өзгермейді.

Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңірілу көрсеткіштерін өзгертпеген.

Клопидогрел немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдаған науқастарға жүргізілген зерттеулерден клопидогрелді дифенинмен және бутамидпен бірге қолданудың қауіпсіздігі анықталған.

Карум-сановельдің диуретиктермен, бета-блокаторлармен, АДФ тежегіштерімен, кальций антагонистерімен, холестерин деңгейін төмендететін препараттармен, коронарлық қантамырлар дилататорларымен, диабетке қарсы препараттармен (инсулинді қоса), эпилепсияға қарсы препараттармен, гормональді-орынбасушы еммен, GP IIb/IIIa антагонистерімен бірге қолданылғаны жөнінде қандай-да бір мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Қан кетулердің және жағымсыз гемморагиялық асқынулардың пайда болу қаупін ескере отырып, қан кету симптомдары бар болса, дереу қан жасушаларын есептеуге тест тағайындау және/немесе өзге тестілерді жүргізу қажет. Басқа да антитромбоцитарлық агенттерді тағайындаған жағдайдағы сияқты, хирургиялық операцияны, жарақаттануды басынан өткергеннен кейін қан кету қаупі жоғары және ацетилсалицил қышқылын, ҚҚСП, гепарин, IIb/I1а типті гликопротеин тежегіштерін немесе тромболитиктерді қабылдап жүрген науқастарға Карум-сановель ерекше сақтықпен тағайындалады. Емнің 1-ші аптасы бойына және/немесе операциялық араласудан кейін әртүрлі, соның ішінде ішкі қан кетулер пайда болуы мүмкіндігі себепті науқастарды қадағалау керек.

Карум-сановельді варфаринмен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені ондай біріктірілімі қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Жоспарланған хирургиялық араласулар кезінде (егер агрегантқа қарсы әсері жағымсыз болса) Карум-сановельмен емдеу курсын операцияға дейін 7 күн бұрын тоқтату ұсынылады. Карум-сановель қан кету уақытын ұзартады. Осыған орай, қан кету қаупі жоғары болатын тіндердің немесе мүшелердің зақымдануы бар кезде (әсіресе интраокулярлық аумақта және асқазан-ішек жолы аумағында) препаратты тағайындау шектеледі.

Сондай-ақ, науқастар егер оларға операциялық араласулар жүргізілетін болса немесе егер дәрігер жаңа дәрі тағайындаса, Карум-сановельді қабылдап жүргені жөнінде дәрігер мен стоматологты құлағдар етуі тиіс.

Карум-сановельді қабылдаудан кейін, ал кейде қысқа мерзімді қолданудан кейін, сирек жағдайларда тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) пайда болуы мүмкін. Аталған симптом даму үстіндегі тромбоцитопениямен, гемолитикалық микроангиопатиялық анемиямен, неврологиялық сипаттағы бұзылулармен, бүйрек функциясының бұзылуымен және температураның жоғарылауымен сипатталады. ТТП – дереу қайтаруды қажет ететін симптом.

Қандай да бір деректердің болмауына орай, нәтижесінде ST сегментінің көтерілуі байқалатын жедел миокард инфарктісі бар науқастарда инфарктіден кейін бірнеше күн бойы Карум-сановель қабылдауға кеңес берілмейді. Одан басқа, жедел ишемиялық инсульті бар науқастарға да Карум-сановель қабылдау ұсынылмайды (7 күннен аспайтын уақыт бойы).

Карум-сановельді бүйрек жеткіліксіздігі, геморрагиялық диатез туындауы мүмкін бауыр функциясының бұзылулары бар науқастарда сақтықпен тағайындайды, өйткені аталған емделушілерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Карум-сановель құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтерімділігінің бұзылуы, Лапп лактазасы тапшылығы және глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар бұл препаратты қабылдамағаны дұрыс.

Препараттың құрамында гидрогенизделген майсана майы бар, ол асқазан бұзылысы мен диарея туғызуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда Карум-сановельді қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталмаған.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Карум-сановельді 600 мг дозамен (75 мг 8 стандартты таблеткаға баламалы мөлшері) бір рет ішке қабылдаған кезде жағымсыз құбылыстары білінбеген. Қан кету уақыты 1.7 есе ұзарған, бұл емдік дозасын (тәулігіне 75 мг) қабылдағаннан кейін тіркелген шамаға сәйкес келеді. Артық дозалануы қан кету уақытының ұзаруына және ары қарай қан кетудің асқынуларына алып келуі мүмкін.

Емі: У қайтарғысы жоқ. Қан кету уақытын реттеу қажет болса, тромбоциттер трансфузиясы ұсынылады, бұл Карум-сановельдің әсерін бейтараптандыра алады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

34580 Силиври-Стамбул/Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050059

Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 26А

Телефоны: 8 (727) 264 73 05, 8 701 014 1182

Факс: 8 (727) 262 00 12

эл.поштасы: sanovel@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

339488401477976651_ru.doc 87 кб
809724231477977794_kz.doc 113 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники