Капли Золотая Звезда (0.05 %)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015762
Информация о регистрации в РК: 18.11.2020 - 18.11.2030

Инструкция

Саудалық атауы

«Золотая звезда» тамшылары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Шығарылу түрі

0,05% және 0,1% мұрынға арналған тамышалар 10 мл

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 5,0 мг немесе 10,0 мг

қосмша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде сіңбейді, плазмадағы концентрациясының аздығы сондай, оларды заманауи талдама әдістерімен анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Альфа - адреностимулятор, шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын кетіре отырып, мұрын қуысы шырышты қабығының қантамырларын тарылтады. Риниттер кезінде мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. Әсері бірнеше минуттан соң басталады және бірнеше сағат бойы жалғасады.

Қолданылуы

- жедел аллергиялық ринитте

- ринит белгілері бар ЖРА

- синуситте

- поллинозда

- ортаңғы отитте (мұрынжұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

- науқасты мұрын қуыстарында жүргізетін диагностикалық манипуляцияларға дайындағанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне.

0,05% тамшылар

1 тамшының құрамында 0,025 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.

- 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар: әр мұрын жолына 8-10 сағат сайын 1 –

2 тамшы.

0, 1% тамшылар

1 тамшының құрамында 0,05 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.

- 12 жастан асқан балалар және ересектер: әр мұрын жолына 8-10 сағат сайын 2 – 3 тамшыдан.

Күніне 3 реттен асырмай пайдалану керек.

Емдеу курсы 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі және/немесе ұзақ қолданғанда болуы мүмкін:

- мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, шаншу, түшкіру, гиперсекреция.

Сирек

- мұрын шырышты қабығының ісінуі

- жүректің қағуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бас ауыруы

- құсу

- ұйқысыздық, депрессия (жоғары дозада ұзақ қолданғанда)

- көздің нашарлауы

Симптомдар туындаған кезде препарат пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- артериялық гипертензия, тахикардия

- айқын атеросклероз

- глаукома

- атрофиялық ринит

- ми қабықтарына (сыртартқыда) хирургиялық араласулар

- тиреотоксикоз

- жүктілік

- моноаминоксидаз тежегіштерін және үшциклді антидепрессанттарды қолдану

- 2 жасқа дейінгі балаларға (0,05% тамшы үшін)

- 12 жасқа дейінгі балаларға (0,1% тамшы үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жасы кіші балалар тобында қозу немесе ұйқының бұзылуы орын алуы мүмкін. Егер аурудың мұндай симптомдары пайда болса, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату қажет.

Созылмалы немесе вазомоторлы риниті бар емделушілер препаратты қолдануға болмайды.

ЖИА (стенокардия), қуық асты безінің гиперплазиясы, қант диабетінде сақтықпен қабылдау керек.

Препаратты 7 күннен артық қабылдамау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды, лактация кезеңінде препаратты сақтықпен қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан пластмассадан жасалған тамшылатқыш-құтыда. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады. 1 тамшылатқыш-құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани», Вьетнам

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Ұялы тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

333165661477976499_ru.doc 44 кб
810809621477977667_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники