КАНТАБ® 4

МНН: Кандесартан
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021633
Информация о регистрации в РК: 31.05.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 35.15 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КАНТАБ® 4

КАНТАБ® 8

КАНТАБ ®16

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

4 мг, 8 мг және 16 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 4 мг, 8 мг немесе 16 мг кандесартан цилексетил,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, полиэтиленгликоль 8000 Р, гидроксипропилцеллюлоза L, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында ойығы, сызығы және екінші жағында «ɳ» белгісінің таңбасы бар ақ түсті таблеткалар (4 мг доза үшін)

Дөңгелек пішінді, бір жағында ойығы, сызығы және екінші жағында «ɳ» деген таңбасы бар қызғылт түсті таблеткалар (8 және 16 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар.

Ангиотензин II антагонистері. Кандесартан.

АТХ коды С09СА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кандесартан цилексетил асқазан-ішек жолында сіңгенде күрделі эфир тобының гидролизі нәтижесінде кандесартанға жылдам айналады, 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1-рецепторлармен) берік байланысады. Кандесартан цилексетилді қабылдағаннан кейін кандесартан абсолютті биожетімділігі 15%-ға жетеді. Препарат қабылданғаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) 3-4 сағат ішінде жетеді. Тағам өнімдері кандесартан биожетімділігіне әсер етпейді. Кандесартанның таралу көлемі 0,13 л/кг құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі өте жоғары (> 99%).

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен өзгеріссіз күйде шығарылады және мардымсыз дәрежеде ғана бауырда метаболизденеді (CYP2C9).

Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі - шамамен 9 сағат. Бір рет және көп рет қабылдағанда кандесартан фармакокинетикасы дозаға тәуелді сипатта болады (ішке қабылдағанда доза 32 мг-ге жеткізілуі мүмкін). Кандесартан мен оның белсенді емес метаболитін тәулігіне 1 рет ұзақ қабылдау жинақталуына әкелмейді.

Кандесартанның жалпы плазмалық клиренсі 0,37 мл/мин/кг құрайды, бүйрек клиренсі 0,19 мл/мин/кг құрайды. Кандесартанды ішке қабылдағанда 26%-ға жуық доза өзгеріссіз күйде шығарылады.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Артериялық гипертензиясы және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кандесартанның қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясының (Cmax) жоғарылауы байқалады. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде кандесартанның қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC), тиісінше, 50% және 70% ұлғайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде кандесартанның қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC), тиісінше, 50% және 110% ұлғайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі 2 есе ұзарды. Гемодиализде жүрген пациенттерде, бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттердегі кандесартанның осындай фармакокинетикалық параметрлері анықталды.

65 жастағы және одан асқан тұлғаларда кандесартанның плазмалық концентрациясының шамасы, жастармен салыстырғанда, бірдей дозаны қабылдаған кезде едәуір жоғары деңгейге (Cmax >50% ) жетеді. Егде жастағы тұлғаларда дозаға түзету жасалмайды.

Фармакодинамикасы

Ангиотензин II – гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі және басқа жүрек-қантамыр ауруларының патофизиологиялық механизмінде, сондай-ақ ағза гипертрофиясы мен зақымданулары патогенезінде маңызды рөл атқаратын ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің негізгі гормоны. Ангиотензин II негізгі физиологиялық әсерлері – вазоконстрикция, альдостерон өнімдерін стимуляциялау, су-электролит гомеостазының реттелісі және жасушалық өсудің көтермеленуі. Осы әсерлердің бәрі ангиотензин II-нің 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1 рецепторлары) өзара әрекеттесуі арқылы болады. Кандесартан цилексетил – ішу арқылы қолдануға арналған ізашар дәрі. Ас қорыту жолынан сіңгенде эфирлі гидролиз арқылы белсенді зат – кандесартанға жылдам айналады, 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1-рецепторлармен) берік байланысады және баяу диссоциацияланады, агонистік қасиеттерін иеленбейді.

Кандесартан – 1 типті ангиотензин II рецепторларының (АТ1 рецепторларының) селективті антагонисті. Кандесартан ангиотензин I-ні ангиотензин II-ге айналдыратын және брадикининді ыдырататын ангиотензин конвертациялаушы ферментті (АКФ) тежемейді. АКФ-ке ықпал етпейді және брадикининнің жинақталуына әкелмейді. КАНТАБ АКФ тежегіштерімен салыстырылғанда пациенттерде жөтел дамуы сирек кездесті. КАНТАБ басқа гормондар рецепторларымен байланыспайды және жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттеуге қатысатын ион өзектерін бөгемейді. Ангиотензин II АТ1 рецепторларының бөгелісі нәтижесінде ренин, ангиотензин I, ангиотензин II деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының төмендеуі болады.

Артериялық гипертензия кезінде КАНТАБ артериялық қысымның ұзақ уақыт дозаға тәуелді төмендеуін тудырады. Препараттың гипертензияға қарсы әсері жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) өзгерісінсіз тамырлардың жалпы шеткері кедергісінің төмендеуінен болады. Препараттың алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін айқын артериялық гипотензия жағдайлары, сондай-ақ емді тоқтатқаннан кейін тоқтату әсері («рикошет» синдромы) болмаған.

КАНТАБ алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсер ете бастауы, әдетте, 2 сағат ішінде өрбиді. Бекітілген дозада препаратпен емдеуді жалғастыру аясында АҚ ең жоғары төмендеуіне, әдетте, 4 апта ішінде жетуге болады және емделу барысында сақталады. Тәулігіне бір рет тағайындалатын КАНТАБ препараттың кезекті дозасын қабылдаулар арасындағы аралықтардағы АҚ болымсыз ауытқуларымен 24 сағат ішінде АҚ тиімді және баяу төмендеуін қамтамасыз етеді.

КАНТАБ монотерапияда да, тиімділігін арттыру үшін тиазидті диуретиктер және кальций дигидропиридинді антагонистері сияқты гипертензияға қарсы басқа препараттармен біріктіріліп те пайдаланылуы мүмкін.

Препарат тиімділігі пациенттердің жасы мен жынысына байланысты емес.

КАНТАБ бүйрек қан ағымын арттырады және шумақтық сүзіліс жылдамдығын өзгертпейді немесе арттырады, осы тұста бүйректік тамыр кедергісі және сүзілу фракциясы төмендейді. 12 апта бойы 4-8-16 мг дозада КАНТАБ прпаратын қабылдау артериялық гипертензиясы және II типті қант диабеті бар пациенттерде глюкоза деңгейіне және липидтік бейінге теріс ықпалын тигізбейді.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар және сол жақ қарынша систолалық қызметі (ФВЛЖ <40%) төмендеген пациенттерде КАНТАБ препаратын қабылдау жалпы шеткері тамыр кедергісінің және өкпедегі қылтамыр қысымының төмендеуіне, плазмадағы ренин белсенділігінің және ангиотензин II концентрациясының жоғарылауына, сондай-ақ альдостерон деңгейінің азаюына ықпал етті.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- АӨФ тежегіштерімен емдеу тиімсіз болған кезде өлімге ұшырауды, СЖЖ себебінен ауруханаға жату жиілігін төмендету және симптомдарды жақсарту үшін созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

КАНТАБ ас ішуге байланыссыз тәулігіне бір рет қабылдану керек.

Артериялық гипертензия

Ұсынылатын КАНТАБ препаратының бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне бір рет 8 мг құрайды. Артериялық қысымды әрі қарай түсіру талап етілетін пациенттерге дозаны тәулігіне бір рет 16 мг дейін арттыру ұсынылады. Гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне емдеу басталғаннан кейін 4 апта ішінде жетеді.

Егер КАНТАБ препаратымен емдеу артериялық қысымды оңтайлы деңгейге дейін түсіруге әкелмеген жағдайда емге тиазидті диуретик қосу ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі ≥ 30 мл/мин) препараттың бастапқы дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) препарат қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі; бұл жағдайда емдеуді 4 мг тәуліктік дозадан бастау мүмкіндігін қарастыру керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың бастапқы дозасын өзгерту қажет емес. Бауырының ауыр зақымданулары және/немесе холестаз бар науқастарда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, бұл жағдайда емдеуді 4 мг тәуліктік дозадан бастау мүмкіндігін қарастыру керек.

Cозылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Ұсынылатын КАНТАБ препаратының бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Дозаны тәулігіне бір рет 32 мг дейін немесе ең жоғары көтерімді дозаға дейін арттыру оны 2 аптадан кем емес аралықтармен екі еселеу арқылы жүргізіледі.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерге және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препараттың бастапқы дозасын өзгерту қажет емес.

Қатар жүретін ем

КАНТАБ препаратын АКФ тежегіштерін, бета-блокаторлар, диуретиктер немесе олардың біріктірілімдерін қоса, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа препараттармен тағайындауға болады.

Балалар мен жасөспірімдерде қолдану

Балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа дейінгі) КАНТАБ препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипертензия

Жағымсыз әсерлері жеңіл және өткінші болды және дозаға, жасқа немесе жынысқа байланысты болған жоқ.

- гемоглобин деңгейінің аздап төмендеуі, креатинин, мочевина немесе калий мөлшерінің жоғарылауы және натрий мөлшерінің төмендеуі, АЛТ деңгейінің артуы

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- бас ауыру, бас айналу, әлсіздік

- артериялық гипотензия

- арқаның ауыруы

- респираторлық инфекциялар

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

- ангионевроздық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, тері қышынуы

- артралгия, миалгия

- бүйрек функциясының бұзылуы, бейімділігі бар пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігін қоса

- гемоглобин деңгейінің аздап төмендеуі

- креатинин, мочевина деңгейінің жоғарылауы

- гиперкалиемия, гиперкальциемия, гипонатриемия

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- «бауыр» ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кандесартан цилексетилге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр функциясының айқын бұзылулары және/немесе холестаз

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы және глюкоза-галактозалық мальабсорбция синдромы. Кандесартан цилексетилді қант диабеті (1 немесе 2 типтегі) немесе орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен біріктіріп қолдану.

Сақтықпен: ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз), бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрегінің артериясының стенозы, қолқалық және митарльдік клапанның гемодинамикалық маңызды стенозы бар науқастарда, анамнезде бүйрек ауыстырылғаннан кейін, цереброваскулярлық аурулары бар және жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА), гиперкалиемиясы бар, айналымдағы қан көлемі төмендеген науқастарда, бастапқы гиперальдостеронизмі (клиникалық зерттеулер бойынша жеткілікті мөлшердегі деректер жоқ), гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы бар науқастарда.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикасы бойынша клиникалық зерттеулерде КАНТАБ-ты гидрохлортиазидпен, варфаринмен, дигоксинмен, ішуге арналған контрацептивтермен (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламидпен, нифедипинмен және эналаприлмен қатар қолдану зерттелген. Клиникалық тұрғыда елеулі дәрілік өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Литий препараттарын АКФ тежегіштерімен қатар тағайындағанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылық реакцияларының дамуы хабарланды. Осындай реакциялар ангиотензин II рецепторларының антагонистерін пайдаланғанда да кездесуі мүмкін, осыған орай, осы препараттарды біріктіріп қолданғанда қан сарысуындағы литий деңгейін бақылау ұсынылады.

Ангиотензин II рецепторлары антагонистерін және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД, ЦОГ-2 іріктелген тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылын (күніне > 3 г) және іріктелмеген ҚҚСП) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері әлсіреуі мүмкін.

АКФ тежегіштері жағдайындағы сияқты, АРАII және ҚҚСП бірге қолдану, әсіресе, бүйрек функциясы бұрыннан бұзылған пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігін, сондай-ақ қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауын қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Осы біріктірілімді, әсіресе, егде жастағы пациенттерге және гиповолемиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Біріктірілген ем басталғаннан кейін және емделу үдерісінде талапқа сай гидратация және бүйрек функциясына мониторинг жасаған жөн.

КАНТАБ-тың гипертензияға қарсы әсері гипертензияға қарсы басқа препараттар қабылдаған кезде күшеюі мүмкін.

Кандесартан биожетімділігі ас ішуге байланысты емес.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек функциясының бұзылуы

КАНТАБ емі аясында, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін бәсеңдететін басқа препараттар қолданған кездегі сияқты, кейбір пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы болуы мүмкін.

Артериялық гипертензиясы және айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде КАНТАБ қолданылғанда қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) препарат қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын ұдайы бақылау қажет. КАНТАБ дозасын арттырғанда да калий және креатинин деңгейін бақылау ұсынылады.

Бүйрек артериясының стенозы

Бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін басқа препараттар, атап айтқанда, АКФ тежегіштері қан сарысуындағы мочевина және креатинин деңгейінің жоғарылауын туындатады. Осыған ұқсас әсерлерді ангиотензин II рецепторларының антагонистерін тағайындаған кезде күтуге болады.

Бүйрек ауыстырып салу

Таяуда бүйрегін ауыстырып салған пациенттерде КАНТАБ препаратын қолдану туралы деректер жоқ.

Артериялық гипотензия

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде КАНТАБ препаратымен емдеу аясында артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттар қолданған кездегідей, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артериялық гипотензияның дамуына, диуретиктердің жоғары дозаларын алатын пациенттерде байқалуындай, айналымдағы қан көлемінің азаюы себеп болуы мүмкін. Сондықтан емнің басында сақтық шарасын қадағалап, қажет болса, гиповолемияға түзету жүргізген жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде КАНТАБ препаратын қолдану жөнінде деректер шектеулі.

Жалпы анестезия және хирургия

Ангиотензин II антагонистерін алатын пациенттерде жансыздандыру кезінде және хирургиялық араласуларда ренин-ангиотензин жүйесінің бөгелісі нәтижесінде артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Сұйықтық және/немесе вазопрессорларды вена ішіне енгізу қажет болатын ауыр артериялық гипотензия жағдайлары өте сирек болуы мүмкін.

Аортальді және митральді клапан стенозы немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия

КАНТАБ тағайындалғанда, басқа вазодилататорлар сияқты, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиясы немесе аортальді немесе митральді клапанның гемодинамикалық елеулі стенозы бар пациенттерге сақтық шарасын қадағалау керек.

Гиперкалиемия

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттар қолданудың клиникалық тәжірибесі КАНТАБ-ты калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен немесе қандағы калий мөлшерін арттыратын басқа препараттармен (мысалы, гепарин) бір мезгілде тағайындау артериялық гипертензиясы бар пациенттерде гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде КАНТАБ емі аясында гиперкалиемия дамуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге КАНТАБ тағайындалғанда, әсіресе, АКФ тежегіштерімен және спиронолактон сияқты калий жинақтаушы диуретиктермен бірге тағайындалғанда қандағы калий деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады.

Жалпы жағдайлар

Тамыр тонусы және бүйрек функциясы көбінесе ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты пациенттер (мысалы, ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артериясы стенозын қоса, бүйрек аурулары бар науқастар) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттарға ерекше сезімтал. Бұл науқастарда осындай препараттар тағайындау күрт артериялық гипотензия, азотемия, олигурия және сирегірек – жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүреді. Ишемиялық кардиопатиясы немесе ишемиялық тектегі цереброваскулярлық аурулары бар науқастарда гипертензияға қарсы кез келген дәрілерді пайдаланғанда артериялық қысымның күрт түсіп кетуі миокард инфарктісінің немесе инсульттің дамуына әкелуі мүмкін.

КАНТАБ құрамында лактоза моногидратының болуына орай, препаратты тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін (бас айналу, бас ауыру) ескеріп, көлікті немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия және бас айналу.

Емі: симптоматикалық. Пациентті шалқасынан жатқызып, аяқтарын көтеру. Қажет болса, айналымдағы плазма көлемін, мысалы, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін вена ішіне енгізу арқылы арттыру керек. Қажет болған жағдайда симпатомиметикалық препараттар тағайындауға болады. Гемодиализ көмегімен кандесартанның шығарылу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан мөлдір ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды пошта nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

976148781477976374_ru.doc 85 кб
892018221477977569_kz.doc 114 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники