Кандазол®

МНН: Кетоконазол
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016314
Информация о регистрации в РК: 31.03.2015 - 31.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 50.68 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кандазол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетоконазол

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 200 мг кетоконазол,

қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, магний немесе кальций стеараты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы.

Сипаттамасы

Крем реңді ақ түсті, екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Кетоконазол.

АТХ коды J02AB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Кетоконазол қышқыл ортада еритін және сіңірілетін әлсіз екі негізді зат болып табылады. Кетоконазолдың қан плазмасындағы шамамен 3,5 мкг/мл ең жоғары концентрациясына ас ішу барысында препаратты 200 мг бір реттік пероральді қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан кейін жетеді.

Препаратты пероральді қолданғандағы биожетімділігі препаратты ас ішкен кезде қабылдаған кезде ең жоғары. Асқазан қышқылдығы төмен пациенттерде, мысалы, антацидтер ретінде танымал дәрілік заттарды (мысалы, алюминий гидрохлориді) және асқазан сөлінің түзілуін басатын препараттарды (мысалы, гистаминді рецепторлардың H2 блокаторлары, протондық помпа тежегіштері) қабылдайтын адамдарда немесе белгілі бір аурулармен байланысты ахлоргидриясы бар адамдарда кетоконазолдың сіңуі төмен («Айрықша нұсқаулар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз). Осы адамдарда кетоконазолды ашқарынға қолданған кезде оның сіңуі кетоконазолды қышқыл сусындармен (диеталық емес кола сияқты) қабылдағанда артады. Егер препарат протондық помпаның тежегіші омепразолдың алдында қолданылса, кетоконазолдың биожетімділігі оны 200 мг дозада ашқарынға қабылдағанда бір кетоконазолды қолданған кездегі биожетімділігінен 17% дейін төмендеген. Егер препарат омепразолдың алдында қолданылса, бірақ препарат диеталық емес коламен қабылданса, биожетімділігі бір кетоконазолды қолданған кездегі биожетімділігінен 65% құраған.

Таралуы

Қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен, альбумин фракциясымен, іn vitro байланысуы 99% құрайды. Кетоконазол тіндерге жақсы таралады, алайда препараттың аздаған бөлігі ғана жұлын сұйықтығына өтеді.

Метаболизмі

Асқазан-ішек жолынан сіңгеннен кейін кетоконазол белсенді емес көптеген метаболит түзе отырып, бауырда метаболизденеді. Іn vitro зерттеулерде кетоконазол метаболизміне қатысатын негізгі фермент CYP3A4 екендігі көрсетілді. Метаболизмнің негізгі жолдары тотығу және имидазоль мен пиперазин сақиналарының ыдырауы, тотықтыратын О-деалкилдену және ароматтық гидроксилдену болып табылады.

Кетоконазол өз метаболизмінің индукторы емес.

Шығарылуы

Қан плазмасынан шығарылуы екі фазалы болып келеді: алғашқы 10 сағат ішінде жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатты, ал әрі қарай 8 сағатты құрайды.

Дозаның 13%-ға жуығы несеппен бірге шығарылады, олардың 2%-дан 4%-ға дейіні өзгермеген дәрілік зат болып табылады. Препарат негізінен асқазан-ішек жолынан өтпен шығады, мұндайда препараттың 57%-ға жуығы нәжіспен шығарылады.

Пациенттердің ерекше тобы

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кетоконазолдың фармакокинетикасы дені сау адамдардағы фармакокинетикасынан айтарлықтай ерекшеленген жоқ.

Балалар

Кетоконазолды таблетка түрінде балаларда қолданған кездегі фармакокинетикасы туралы мәліметтер шектеулі. Плазмада кетоконазолдың анықталатын концентрациясы препаратты суспензия, таблетка немесе ұнтақталған таблетка түрінде қолданғанда 5 айлық шала туған және одан үлкен балаларда (3-тен 13 мг/кг дейінгі тәуліктік дозада қолданғанда) байқалды. Қолда бар шектеулі деректер ұнтақталған таблетка түрінде қолданумен салыстырғанда препаратты суспензия түрінде қолданғанда сіңуі жоғары болатындығын болжауға мүмкіндік береді. Асқазан сөлінің рН артатын жағдайлар препараттың сіңірілуінің төмендеуіне немесе тоқтатылуына әкеледі («Айрықша нұсқаулар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Плазмада ең жоғары концентрациясына препаратты қолданғаннан кейін 1-2 сағат ішінде жеткен және препаратты 200-400 мг дозада қабылдаған ересек адамдардағыдай осы жалпы диапазонда болды. Шала туған балаларда (бір реттік немесе тәуліктік доза 3-тен 10 мг/кг дейін) және 5 айдан және одан үлкен балаларда (тәуліктік доза 3-13 мг/кг) кетоконазолдың өлшенетін плазмалық концентрациялары кетоконазолды суспензия және таблетка түрінде қабылдағанда тіркелген. Ең жоғары плазмалық концентрациялары препаратты қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң байқалған және кетоконазол таблеткаларын 200-400 мг дозада қабылдағанда ересектердегідей болған.

Клиникаға дейінгі зерттеулердеи ЭКГ өлшегенде кетоконазолдың жедел калий өзектерін тежейтіні, әсер ету потенциалын ұзаққа созатыны және QT аралығын ұзартатыны анықталған. Кейбір ФК/ФД зерттеулер мен өзара әрекеттесуін зерттеу деректері кетоконазолды 3-7 күн бойы тәулігіне 2 рет 200 мг дозада қабылдау QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкіндігін көрсетті: орташа жоғарылауы кетоконазолды қабылдағаннан кейін 1-4 сағат өткен соң 6-12 мсек құрайды.

Фармакодинамикасы

Кетоконазол – дерматофиттер, ашытқылар (Candida, Malassezia, Torulopsis, Cryptococcus), диморфтық зеңдер мен жоғары зеңдерге (эумицеттер) қарсы фунгицидтік немесе микостаздық әсері бар имидазол диоксоланның синтетикалық туындысы. Кетоконазол әсеріне сезімталдығы төмен: Aspergillus spp., Sporothrix schenckii, кейбір Dermatiaceae, Mucor spp. және Entomophthorales қоспағанда басқа да фикомицеттер. Кетоконазол зеңдердегі эргостеролдың биосинтезін тежейді және жарғақшалардағы басқа да липидтік компоненттердің құрамын өзгертеді. Препаратты 3-7 күн ішінде тәулігіне 2 рет 200 мг дозада қабылдағанда QT аралығының азғана ұлғаюы байқалуы мүмкін: қан плазмасында кетоконазол концентрациясы ең жоғары мәнге жеткенде QT аралығының 6-12 мсек дейін орташа ең жоғары ұлғаюы препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағат өткен соң байқалған. Алайда, QT аралығының бұлай ұлғаюы клиникалық маңызды деп саналады.

Тәулігіне бір рет емдік 200 мг дозада қан плазмасында тестостерон концентрациясының өтпелі төмендеуі байқалуы мүмкін. Тестостерон концентрациясы кетоконазолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде бастапқы деңгейге оралады. Осы дозаны пайдалана отырып ұзақ емдеген кезде тестостерон концентрациясы әдетте бақылаудан сәл ерекшеленеді.

Кетоконазол 400 мг және одан жоғары тәуліктік дозада еріктілерде АКТГ стимуляциясына «кортизолдық жауаптың» төмендеуін туындатты.

Кандазол® препаратының таблеткалары Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum, Paracoccidioides brasiliensis туғызған инфекцияларға қатысты белсенді.

Қолданылуы

Өмірге қауіп төндіретін жүйелі (терең) микоздарды емдеу үшін:

паракокцидиоидоз, гистоплазмоз, кокцидиоидоз, бластомикоз, хромомикозда

Кандазол® таблеткаларын гепатоуыттылық қаупіне байланысты тек потенциалды пайдасы ықтимал потенциалды зиянынан басым болған жағдайларда ғана, сондай-ақ кетоконазолдың жергілікті дәрілік түрлерінің және басқа да препараттардың бар екендігін ескере отырып, пайдаланған жөн. Кандазол® препаратын зеңдік менингитте қолдануға болмайды, себебі кетоконазол ми-жұлын сұйықтығына нашар өтеді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жүйелік микоздарда ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындалады, тиімділігі болмаған жағдайда доза 10 күн бойына күніне 2 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін, 10 күннен асатын емдеу курсы емге жауап және бауыр функциясына бақылаудан кейін ғана жалғастырылуы мүмкін.

Дозаны қабылдауды өткізіп алған жағдайда оны барынша тезірек қабылдау керек, себебі организмде дәрінің тұрақты мөлшерін ұстап тұру керек.

Егер кесте бойынша келесі дозаны қабылдағанға дейін азғана уақыт қалса, екі еселемей тек осындай келесі дозаны қабылдау қажет.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде фармакокинетикалық параметрлері дені сау субъектілермен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленген жоқ.

Педиатриялық пациенттер

Кетоконазол таблеткаларын балаларда қолдану жөніндегі деректер шектеусіз.

Кетоконазол 3,3-тен 6,6 мг/кг-ге дейінгі дозада 2 жастан асқан балалардың аздаған санында қолданылды. Кетоконазолды 2 жастан кіші балаларда қолдану зерттелмеген.

Жағымсыз әсерлері

Төмендегі жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулерде дамыды.

Иммундық жүйе тарапынан: анафилатоидты реакция

Эндокриндік жүйе тарапынан: гинекомастия

Метаболизмдік бұзылыстар тарапынан: алкогольді көтере алмаушылық, анорексия, гиперлипидемия, тәбеттің жоғарылауы

Психикалық бұзылулар: ұйқысыздық, күйгелектік

Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналу, парестезия, ұйқышылдық

Көру аппараты тарапынан: фотофобия

Васкулярлық бұзылулар: ортостатикалық гипотензия

Респираторлық жүйе тарапынан: эпистаксис (мұрыннан қан кету)

АІЖ тарапынан: құсу, диарея, жүрек айнуы, констипация (іш қату), абдоминальді ауырулар, ауыздың құрғауы, дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы), диспепсия, метеоризм, тілдің түсінің өзгеруі

Гепатобилиарлық бұзылыстар: гепатит, кекіру, бауыр функциясының ауытқуы

Тері және жұмсақ тіндер тарапынан: мультиформалы эритема, бөртпе, дерматит, эритема, есекжем, қышыну, алопеция, ксеродермия

Қаңқа бұлшықеті тарапынан: миалгия

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан: етеккір оралымының бұзылуы

Жалпы бұзылыстар: астения, қажу, ысынулар, дімкәстік, шеткері ісінулер, қызба жай-күйі, қалтырау

Зертханалық көрсетілімдер: тромбоциттер санының төмендеуі

Пост-маркетингтік деректер

Төмендегі жағымсыз реакциялар туралы препарат нарыққа шыққаннан кейін хабарланды. Бұл жағдайлар туралы өздігінен хабарланғандықтан, даму жиілігін дұрыс бағалау және препаратты қабылдаумен болған өзара байланысқа баға беру мүмкін емес.

Қан түзу жүйесі тарапынан: тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан: анафилактоидты реакцияны, анафилаксиялық шокты, ангионевроздық ісінуді қоса аллергиялық реакциялар

Эндокриндік жүйе тарапынан: адреналдық жеткіліксіздік

Психикалық бұзылулар: ұйқысыздық, күйгелектік

Жүйке жүйесі тарапынан: бассүйекішілік қысымның қайтымды жоғарылауы (мысалы, папиллоедема, жаңа туған нәрестелердегі еңбегінің ісінуі).

Гепатобилиарлық бұзылыстар: холестазды қоса, ауырлығы ауыр дәрежелі гепатоуыттылық, биопсиямен расталған бауыр некрозы, цирроз, трансплантацияны қажет ететін жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, және өліммен аяқталу.

Тері және жұмсақ тіндер тарапынан: жедел жайылған экзантема тәрізді пустулез, фотосезімталдық

Қаңқа бұлшықеті және буын тарапынан: артралгия

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан: эректильді дисфункция; ұсынылған емдік дозадан (тәулігіне 200-400 мг) жоғары дозада қолданғанда азооспермия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Қолдануға болмайтын дәрілік өзара әрекеттесулер

Дофетилид, хинидин, цизаприд және пимозид сияқты CYP3A4 ферментінің кейбір субстраттарымен бірге қолдануға болмайды. Кетоконазолмен қатар қолдану аталған препараттардың плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелуі және ауыр дәрежедегі ауырлықтың дамуына дейін емдік әсерін де, жағымсыз әсерлерін де күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Мысалы, осы препараттардың кейбірінің плазмалық концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және кейбір жағдайларда «пируэт» типі бойынша потенциалды фатальді аритмияның дамуын қоса, өмірге қауіп төндіретін қарыншалық тахиаритмияға әкелуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Қосымша ретінде, төмендегі препараттарды кетоконазолмен бірге қолдануға болмайды: метадон, дизопирамид, дронедарон, дигидроэрготамин, эргометрин, эрготамин, метилэргометрин, иринотекан, луразидон, пероральді қолдануға арналған мидазолам, алпрозалам, триазолам, фелодипин, низолдипин, ранолазин, толваптан, эплеренон, ловастатин, симвастатин және колхицин сияқты қастауыш алкалоидтары («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Седацияның күшеюін туғызатын дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кетоконазол таблеткаларын мидазоламның, триазоламның немесе алпрозаламның пероральді түрлерімен бірге қолдану осы препараттардың плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелді. Бұл әсіресе, аталған препараттарды екінші қайтара немесе ұзақ уақыт қолданғанда ұйықтататын және тыныштандыратын әсерінің күшеюіне немесе ұзаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан, кетоконазол таблеткаларын мидазоламның, триазоламның немесе алпрозаламның пероральді түрлерімен бірге қолдануға болмайды.

Миопатия

CYP3A4 ферментімен метаболизденетін симвастатин және ловастатин ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қатар қолдануға болмайды.

Қастауыш алколоидтарымен улану

Кетоконазол таблеткаларын дигидроэрготамин мен эрготамин сияқты қастауыш алкалоидтарымен бірге қолдануға болмайды.

Бауыр ауруы

Жедел және созылмалы бауыр ауруы бар пациенттерде кетоконазол таблеткаларын қолдануға болмайды.

Аса жоғары сезімталдық

Кандазол® препаратын оған аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кетоконазолды дофетилид, цизаприд және пимозид сияқты CYP3A4 субстраттарымен бірге қолдануға болмайды. Кетоконазолмен бір мезгілде қабылдау осы препараттардың плазмалық концентрацияларын арттыруы және емдік әсерін немесе потенциалды күрделі жағымсыз реакцияларды күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Мысалы, плазмалық жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін және кейбір жағдайларда пируэт типті вентрикулярлық тахиаритмияға және фатальді аритмияға әкелуі мүмкін.

Төмендегі препараттарды кетоконазолмен бірге қабылдауға болмайды: метадон, дизопирамид, дронедарон, дигидроэрготамин, эргометрин, эрготамин, метилэргометрин, иринотекан, луразидон, пероральді мидазолам, алпрозалам, триалозам, фелодипин, низолдипин, ранолазин, толваптан, эплеренон, ловастатин, симвастатин және колхицин сияқты эргоалкалоидтар.

Кетоконазол таблеткаларын мидазоламның, триазоламның немесе алпрозаламның пероральді түрімен бір мезгілде қабылдау олардың сарысулық концентрациясының жоғарылауына әкеледі, бұл, әсіресе, аталған препараттарды екінші қайтара немесе ұзақ уақыт қолданғанда ұйықтататын және тыныштандыратын әсерінің күшеюіне немесе ұзаруына әкелуі мүмкін. Тиісінше, кетоконазолды осы препараттармен бірге қабылдауға болмайды.

Миопатияның даму қаупі жоғары болуы салдарынан CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен, мысалы, симвастатин, аторвастатин, ловастатинмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Эрготизмнің даму қаупі жоғары болуы салдарынан алкалоидтармен, мысалы, дигидроэрготамин, эргометрин және метилэргометринмен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бауырдың жедел және созылмалы ауруларында кетоконазолды қолдануға болмайды.

Кетоконазолдың метаболизмі көбіне CYP3A4 қатысуымен жүзеге асады. Кетоконазолдың фармакокинетикасына метаболизмі осындай жолмен іске асатын немесе CYP3A4 белсенділігіне ықпалын тигізетін басқа заттар әсер етуі мүмкін. Осылайша кетоконазол да метаболизмі осындай жолмен жүзеге асатын басқа заттардың фармакокинетикасын өзгерте алады. Кетоконазол – CYP3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті тежегіші. Басқа препараттарды бір мезгілде қолданғанда препараттардың метаболизмі жолын және дозаны түзетудің ықтимал қажеттілігі жөнінде ақпарат алу үшін қолданылуы жөнінде тиісті нұсқаулықтармен танысып шыққан жөн. Өзара әрекеттесуіне қатысты зерттеулер тек ересектерде ғана жүргізілді. Осы зерттеулерде қолданудан алынған нәтижелердің балалар үшін маңыздылығы белгісіз.

Плазмадағы кетоконазолдың концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар

Асқазанның қышқылдығын төмендететін дәрілік заттар (мысалы, алюминий гидроксиді сияқты антацидтік заттар, немесе қышқылдардың секрециясын төмендететін заттар, мысалы, H2 гистаминдік рецепторлардың блокаторлары және протонды помпа тежегіштері) кетоконазолды таблетка түрінде қолданғанда оның сіңуін бұзады. Төмендегі осы дәрілік заттарды таблетка түріндегі кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн:

- асқазан сөлінің қышқылдылығын төмендететін препараттармен бір мезгілде емдеген кезде, кетоконазолды қышқыл сусындармен (диеталық емес кола сияқты) бірге қабылдаған жөн.

- антацидтік дәрілік заттарды (мысалы, алюминий гидроксиді) кем дегенде Кандазол® препаратын таблетка түрінде қабылдаудан 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданған жөн.

- басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда зеңге қарсы әсерін бақылаған жөн, және қажет болған кезде кетоконазолдың дозасын арттыруға болады.

Кетоконазолды CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолданғанда кетоконазолдың биожетімділігі осылай төмендеуі мүмкін, бұл оның тиімділігінің едәуір төмендеуіне әкеп соғады. Мысалы:

- бактерияларға қарсы дәрілер: изониазид, рифабутин, рифампицин

- құрысуға қарсы препараттар: карбамазепин (сондай-ақ «Плазмадағы концентрациясы артуы мүмкін дәрілік заттар» бөлімін қараңыз), фенитоин

- вирусқа қарсы дәрілер: эфавиренз, невирапин.

Осыған байланысты кетоконазолмен бірге CYP3A4 ферментінің күшті индукторларын қолдану ұсынылмайды. Осы дәрілік заттарды қолдануды кетоконазолмен емдеуден 2 апта бұрын және емдеу кезінде, пайдасы кетоконазолдың тиімділігінің төмендеу қаупінен басым болған жағдайдан басқасында, тоқтата тұрған жөн. Бір мезгілде қолданғанда кетоконазолдың зеңге қарсы әсерін қадағалап отыру керек, және қажет болғанда оның дозасын арттыруға болады.

Плазмадағы кетоконазолдың концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік заттар

CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, вирусқа қарсы ритонавир сияқты препараттар, ритонавирмен күшейген дарунавир және ритонавирмен күшейген фосампренавир) кетоконазолдың биожетімділігін арттыруы мүмкін. Осы дәрілік заттарды таблетка түріндегі кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн. Кетоконазолдың фармакологиялық әсерінің күшею немесе оның ұзақтығының арту белгілері мен симптомдарын анықтау үшін, CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдауы тиіс емделушілерді мұқият бақылауға алу керек, және қажет болғанда кетоконазолдың дозасын төмендеткен жөн. Егер мақсатқа сай болса, кетоконазолдың плазмадағы концентрациясын анықтаған жөн.

Кетоконазолдың әсерінен плазмадағы концентрациялары артуы мүмкін дәрілік заттар

Кетоконазол CYP3A4 көмегімен метаболизденетін дәрілік заттардың метаболизмін бәсеңдетуі, және дәрілік заттардың Р-гликопротеинмен тасымалдануын төмендетуі мүмкін. Кетоконазолмен бір мезгілде қолдану нәтижесінде осы дәрілік заттардың және/немесе олардың белсенді метаболиттерінің (метаболитінің) плазмадағы концентрациялары артуы мүмкін. Плазмадағы концентрациялардың осылайша жоғарылауы осы дәрілік заттардың емдік және жағымсыз әсерлерінің күшеюіне немесе оның ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін. Қолдануға болмайтын ықтимал жағдайлар, егер олардың QT аралықты арттыратыны белгілі болса, метаболизмі CYP3A4 қатысуымен жүзеге асатын дәрілік заттарды қолдану болып табылады, өйткені мұндай біріктірілім қарыншалық тахиаритмияға, соның ішінде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияға – өліммен аяқталуы мүмкін аритмиялардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Кетоконазолды қабылдағанда плазмалық концентрациясы жоғарылайтын препараттар.

Дәрілік заттың класы

Қолдануға болмайды

Ұсынылмайды

Сақтықпен қолдану керек

Альфа-адреноблокаторлар

 

тамсулозин

 

Ауыруды басатын дәрілер

Левацетилметадол (левометадил), метадон

фентанил

альфентанил, бупренор-фин в/і және сублингвальді, оксикодон, суфентанил

Аритмияға қарсы дәрілер

дизопирамид, дофетилид, дронедарон, хинидин

 

дигоксин

Бактерияға қарсы дәрілер

 

рифабутин

телитромицин

Антикоагулянттар мен антиагреганттар

 

ривароксабан

кумариндер, цилостазол, дабигатран

Құрысуға қарсы дәрілер

 

карбамазепин

 

Гипогликемиялық дәрілер

   

репаглинид, саксаглиптин

Гельминтке қарсы және протозойға қарсы дәрілер

галофантрин

 

празиквантел

Антигистаминдік препараттар

астемизол, мизоластин, терфенадин

 

эбастин

Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар

дигидроэрготамин, эргометрин (эрго-

новин), эрготамин, метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтары

 

элетриптан

Ісікке қарсы дәрілер

иринотекан

дазатиниб, нилотиниб, трабектедин

бортезомиб, бусульфан, доцетаксел, эрлотиниб,

иматиниб, иксабепилон,

лапатиниб, триметрексат, қабіршөп алкалоиды, паклитаксел

Нейролептиктер, анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілер

луразидон, пероральді қолдануға арналған мидазолам, пимозид, сертиндол, триазолам, алпрозалам

 

алпразолам, арипипразол, бротизолам, буспирон, галоперидол, в/і енгізуге арналған мидазолам, пероспирон, кветиапин, рамелтеон, рисперидон

Вирусқа қарсы дәрілер

   

маравирок, индинавир, саквинавир

Бета-блокаторлар

   

надолол

Кальций өзекшелері блокаторлары

бепридил, фелоди-пин,

 

басқа да дигидропириди-ндер, соның ішінде верапамил

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар, басқалар

ранолазин

 

алискирен, бозентан

Диуретиктер

эплеренон

   

Асқазан-ішек жолына әсер ететін дәрілік заттар

цизаприд, домперидон

 

апрепитант

Иммунодепрессанттар

 

эверолимус, рапамицин (известный как сиролимус), темсиролимус

будесонид, циклесонид, циклоспорин, дексаметазон,

флутиказон, метилпреднизолон, рапамицин (сиролимус сияқты),

такролимус,

Липидтердің алмасуын реттейтін дәрілік заттар

ловастатин, симвастатин

 

аторвастатин

Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар

 

салметерол

 

СКҚСТ, үш циклді және олармен байланысқан антидепрессанттар

   

ребоксетин

Урологияда қолданылатын дәрілік заттар

 

варденафил

фезотеродин, имидафена-цин, силденафил, солифенацин, тадалафил, толтеродин

Басқалар

бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда колхицин, толваптан

колхицин

*алкоголь, алитретиноин (пероральді қолдануға арналған дәрілік түрі), цинакальцет, мозаваптан, толваптан

*Қан кернеумен, бөртпенің пайда болуымен, шеткері ісінумен, жүрек айнумен және бас ауырумен қатар жүретін алкогольге дисульфирам тәрізді реакцияладың жекелеген жағдайлары хабарланған. Барлық симптомдар бірнеше сағат ішінде толық шешілді.

Айрықша нұсқаулар

Гепатоуыттылық

Емдеуді бастамас бұрын, жедел немесе созылмалы аурулардың бар-жоқтығын анықтау үшін, бауыр функциясына баға беру қажет, емдеу кезінде барлық пациенттерде гепатоуыттылықтың алғашқы белгілеріне жол бермеу үшін, бауыр функциясын жиі және жүйелі түрде қадағалап отыру қажет. Кетоконазолдың пероральді түрін қабылдау аясында ауыр гепатоуыттылықтың пайда болуының сирек жағдайлары жөнінде, фатальді жағдаймен аяқталу жағдайларын немесе бауырды алмастыруды қажет ететін жағдайларды қоса мәлімделді. Кейбір пациенттерде бауырдың зақымдануына қатысты көзге көрінетіндей қауіпті факторлар байқалған жоқ. Қысқа уақыт аралығында жоғары дозалар қабылдаған немесе ұзақ уақыт бойы аз дозалар қабылдаған пациенттерде ауыр гепатоуыттылық даму жағдайлары туралы мәлімделген. Кетоконазолмен емдеуді тоқтатқан кезде зақымдаушы әсері (үнемі емес) қайтымды болды. Сондай-ақ балаларда гепатиттің даму жағдайлары туралы хабарланған. Емдеуді бастар алдында зертханалық тестілер жүргізу керек (гамма-ГТ, сілтілі фосфатаза, АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, протромбиндік уақыт, вирустық гепатиттер сияқты). Емдеу кезінде пациенттер алкоголь қабылдауды тоқтата тұру керек. Гепатоуыттылыққа түрткі болатын басқа препараттарды қабылдауды мүмкін болса тоқтата тұру керек. Бауырдың зақымдану белгілерін ерте анықтау қажет болып табылады. Егер АЛТ мәндері қалыптан жоғарыласа немесе қалыптан 30%-ға жоғарыласа, не болмаса егер пациентте симптомдар пайда болса, емдеуді тоқтатып, бауыр көрсеткіштеріне толық диагностика жүргізу керек. Кетоконазолмен емдеуді жаңғыртқан кезде гепатоуыттылықтың даму жағдайлары туралы хабарланған.

Адреналдық жеткіліксіздік

Кетоконазол 400 мг және одан жоғары дозада адреналдық секрецияны төмендетеді. Басқа да азол туындыларында мұндай әсер жоқ. Демек, 200-400 мг ұсынылған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды. Адреналдық жеткіліксіздік болғанда, сондай-ақ ұзаққа созылған медициналық емдеу кезеңінде (мысалы, хирургиялық араласу) адреналин деңгейін мониторингілеу қажет.

Кетоконазол басқа емдеу әдістері тиімсіз болғанда простата обыры мен Кушинг синдромын емдеу үшін жоғары дозаларда қолданылды.

Кетоконазолдың тиімділігі мен қауіпсіздігінің бейіні бұл жағдайларда анықталмаған.

Метастаздық простата обыры бар 350 пациенттің қатысуымен болған клиникалық зерттеуде кетоконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 1200мг) алғашқы 2 апта бойы емдегенде 11 жағдайдың өліммен аяқталғаны хабарланды. Бұл деректерден аталған пациенттерде өлім жағдайларының өзара байланысуы кетоконазолмен емдегеннен немесе адреналдық жеткіліксіздіктен болғанын анықтау мүмкін емес.

Аса жоғары сезімталдық

Алғашқы дозаларды қабылдағанда анафилактоидты реакция дамуы мүмкін. Есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жағдайлары туралы хабарланған.

Кетоконазол таблеткалары сарысулық тестостерон деңгейін төмендетуі мүмкін. Емдеуді тоқтатқан кезде тестостерон деңгейі қалыпқа келеді. Тестостеронның мөлшері күніне 800 мг қабылдағанда төмендейді және күніне 1600 мг қабылдағанда мүлдем жоғалады. Тестостерон деңгейі төмендеуінің клиникалық белгілері гинекомастия, импотенция және олигоспермия болуы мүмкін.

Бауыр дисфункциясы туралы болжауға болатын кез келген симптомдар туралы хабарлау керек. Белгілер әдеттен тыс қажуды, анорексияны, жүрек айнуы мен құсуды, абдоминальді ауыруды, кекіруді, несеп түсінің күңгірттенуін немесе нәжістің бозаруын қамтиды.

Мутагенділігі

Кетоконазол доминантты мутациялық тестті немесе микросомальді Ames Salmonella активациясын жүргізген кезде қандай да бір елеулі мутагенді потенциал белгілерін көрсеткен жоқ.

Канцерогенділігі

Ақ тышқандарға жасалған 18 айға созылған Swiss зерттеуде және 24 айға созылған егеуқұйрықтарға канцерогенділігіне жүргізілген Wistar зерттеуінде күніне 5, 20 және 80 мг/кг дозалар қолданылды. Бұл зерттеулерде өте жоғары дозалар мг/м2 дене беткейіне есептегенде бір реттік адамға арналған (тышқандарға) және адамға (егеуқұйрыққа) ұсынылған екі реттік клиникалық дозаға тең болды.

Тератогенділігі

Кетоконазол күніне 80 мг/кг дозада (доза дене беткейіне есептегенде адам үшін ұсынылған дозадан 2 есеге артық) егеуқұйрықтарда тератогенді әсер көрсетеді (синдактилия және олигодактилия). Алайда, бұл құбылыстар анасында уыттылықтың білінуімен байланысты болуы мүмкін. Жүктілерде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Кетоконазол таблеткалары жүктілік кезінде егер күтілетін пайдасы қауіптен асып түскенде ғана қолданылуы мүмкін. Кетоконазол, сондай-ақ, бірінші триместр кезінде тәулігіне 80 мг/кг-ден жоғары дозада қабылдағанда егеуқұйрықтарда эмбриоуытты әсер көрсетті. Қосымша егеуқұйрықтарда үшінші триместр кезінде 10 мг/кг-ден жоғары дозада (дене беткейінің ауданы негізінде есептелген адамның ең жоғары дозасынан шамамен ¼) тағайындағанда дистоция (туу қиындықтары) анықталды.

Лактация

Кетоконазол емшек сүтімен бөлініп шығарылады. Кетоконазолмен ем қабылдайтын әйелдер бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозаланудың жедел симптомдары дамыған кезде симптоматикалық және демеуші ем жүргізу қажет. Алғашқы сағаттарда белсендірілген көмір қабылдау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ, 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85, электрондық поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

582192101477976568_ru.doc 126.5 кб
206130031477977731_kz.doc 152 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники