Календулы настойка (40 мл, Гиппократ ТОО)

МНН: Календулы лекарственной цветки
Производитель: Гиппократ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020707
Информация о регистрации в РК: 15.07.2014 - 15.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Қырмызыгүл тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма 40 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: тырнақгүл гүлдері - 10 г

қосымша зат: 70% этил спирті (этанол)

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, сарғыш-қоңыр немесе жасылдау-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар және өзгелер

АТХ коды D 08 AX

Фармакологиялық қасиеттері

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамындағы биологиялық-белсенді заттар (флавоноидты және каротиноидты гликозидтер, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майы, органикалық қышқылдар) микробқа қарсы, қабынуға қарсы және орташа өт айдайтын қасиеттерге ие.

Қолданылуы

  • кесілу, соғылу, экземалар кезінде

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну аурулары - тонзиллит, фарингит, ларингит, фаринголарингит, ауыз шырышты қабығы – стоматиті кезінде тамақты шаю үшін

  • өт шығару жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Шаю және бүрку үшін 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады, күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 5-7 күн.

Өт айдайтын дәрі ретінде тамақтану арасында күніне 2-3 рет қабылдауға ¼ стақан суға 10-20 тамшыдан араластыру керек. Емдеу курсы 15-20 күн.

Жұқпа жұқтырған жараларда тұндырмаға малынған стерильді дәке тампонмен өңдейді.

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жеке жоғары сезімталдық

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөрту, қышыну)

Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, эпигастрий аймағын күйдіруді сезіну, іштегі ауырудың күшеюі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы

- калькулезді холецистит

- созылмалы маскүнемдік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы және өт айдайтын дәрілердің (атап айтқанда, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр аурулары, ми аурулары, бассүйек-ми жарақаты кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.

Ерітіндідегі бұлыңғырлану мен шөгінділердің болуы оның тиімділігіне әсер етпейді.

Пайдаланар алдында бөтелкені мұқият сілку керек.

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан оны ішке ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлікті және зейіннің жоғары шоғырлануын және жылдам психомоторлық реакцияны талап ететін қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен немесе тығындағыш-бұрандалы қақпақпен немесе тамшылатқыш тығынмен және қақпақпен тығындалған қызыл-сары шыныдан жасалған құтыда 40 мл-ден. Әр құты картоннан жасалған пәшкеге салынған. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың толық мәтіні пәшкеге жазылады немесе қосымша салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443056 Самара,

Ерошевский к-сі, 49-33.

(846) 312-59-34

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443056 Самара, Ерошевский к-сі, 49-33.

(846) 312-59-34

Прикрепленные файлы

735150711477976655_ru.doc 47 кб
786168371477977797_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники