Йодовидон

МНН: Повидон - йод
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Povidone-iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020972
Информация о регистрации в РК: 19.11.2014 - 19.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Йодовидон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған 0,5%, спрей 30 г

Құрамы

1 баллонның ішінде

белсенді зат: повидон-йод 1,38 г

қосымша заттар: левоментол, 95 % этанол, пропиленгликоль, натрий фосфат додекагидраты (12-сулы натрий фосфорқышқылы) - рН реттеу үшін, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қызыл-қоңыр мөлдір сұйықтық, жеңіл бұлыңғырлануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын дәрілер. Йод препараттары. Повидон-йод.

АТХ коды D08AG02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы  Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе ауқымды жара беткейінде және шырышты қабатында қолданғанда йодтың жүйелі сіңуі жүруі мүмкін, ол қалқанша бездің функциональдік белсенділігінің тестілерінде білінуі мүмкін. Йод организмде йодидтерге айналуы мүмкін, олар негізінен бүйректермен, сондай-ақ аздаған мөлшері ішек арқылы, сілекеймен және термен шығарылады. Йодидтер плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Антисептикалық, зарасыздандыратын, зеңге қарсы әсер көрсетеді.

Йодты бөлу арқылы, жасушалық ақуыздардың аминтоптарын бөгей отырып, микробқа қарсы кең ауқымды әсер иеленген. Бактерияларға (оның ішінде ішек таяқшалары, алтын түстес стафилококтар), зеңдер, вирустар, қарапайымдарға қатысты белсенді. Терімен және шырышты қабаттармен жанасқанда йод микроорганизмдерге бактерицидті әсер көрсетіп, біртіндеп және біркелкі босайды. Қолданған жерде йодтың барлық мөлшері босап шыққанша сақталатын, жұқа боялған қабат қалады.

Қолданылуы

  • баспа (катаральді, фолликулярлық, лакунарлық)

  • тонзиллит (жедел және созылмалы)

  • фарингит

  • ларингит

  • афтозды, ойық жаралы стоматит

  • көмейдің, тілдің қабынуы, афталар

  • әртүрлі стоматологиялық манипуляциялар алдында ауыз қуысын зарасыздандыру

  • жарақаттарда, кесілу, сырылу, баздануларда теріні антисептикалық өңдеу

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жергілікті

Баллоннан қорғағыш қалпақшасын алыңыз және қондырғысын орнатыңыз. Ерітінді бүріккішке түсуі үшін, оны 2-3 рет басыңыз. Осыдан кейін қондырғының ұштығын 2-3 сантиметрге ауыз қуысына салыңыз, демді ұстап қондырғыны бір бүркуді оңға, екіншіні солға бағыттап басыңыз. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты препаратпен өңдеуді күніне 2-4 рет жүргізу ұсынылады, қажет болса препаратты әрбір 4 сағат сайын оңға және солға бағыттап бір бүркуден қолдануға болады.

Емдеу курсы – 7-10 күн.

Қолдану ерекшеліктері:

Ауыз қуысын шайғаннан кейін тағамды 15-30 минут бойы қабылдамаған жөн.

Сыртқа.

Зақымданған жерлерге 1-3 секунд бойы 10-15 см қашықтықтан бүрку жолымен жағады. Қолдану жиілігі тәулігіне 1-2 рет.

Емдеу курсы қажеттілігіне қарай 7-10 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • йодқа аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (бүркілген жердегі қышыну, гиперемия, күйдіру сезімі)

  • препаратты ұзақ уақыт қолдану (7-10 күннен аса) және/немесе терінің үлкен беткейіне бүрку, аумақты жарақаттар йодизм құбылыстарын туындатуы мүмкін (ауызда «металл» дәмі, сілекей бөлінуінің жоғарылауы, көздің немесе көмейдің ісінуі)

  • жүйелі реакциялар (метаболикалық ацидоз, гипонатриемия, бүйрек және қалқанша без функциясының бұзылуы) олар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Әдеттегіден тыс реакциялар пайда болған жағдайда дәрігермен препаратты ары қарай қолданудың мақсатқа сай екендігі жөнінде дәрігермен кеңесу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа және препараттың басқа құрамдастарына жоғары сезімталдық

  • қалқанша без функциясының бұзылуы (қалқанша без аденомасы, тиреотоксикоз)

  • жүрек жеткіліксіздігі

  • герпетиформалы Дюринг дерматиті

  • бір мезгілде радиоактивті йодты қабылдау

  • 8 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесу

Препаратты ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілермен (сутегінің асқын тотығы, антисептиктер) бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тотықтырғыштармен, сілтілер тұздарымен және қышқыл реакциялы заттармен фармацевтикалық сыйымсыз.

Қан болғанда бактерицидті әсері төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Көзге түсіп кетуінен сақтану керек.

Жүктілікте және емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдану

Жүктіліктің І триместрінде және емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдану дәрігердің бақылауымен және тағайындауы бойынша, егер анасы үшін қолданудан күтілген пайда ұрық пен бала үшін әлеуетті қаупінен жоғары болған жағдайда ғана мүмкін. Анасы мен баласының қалқанша безінің функциясын бақылау керек. Жүктіліктің II-III триместрінде сақтықпен қолдану керек. Препаратты тек қысқа мерзімдік қолдану керек. Йод плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтіне бөлінеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Кездейсоқ ішке көп мөлшерін қабылдап қойған жағдайда. «Йодизмнің» даму мүмкіндігін анықтау ұсынылады.

Препараттың көп мөлшерін қабылдап қойған жағдайда белсендірілген көмірді қабылдау, асқазанды шаю, жасанды құсық шақыру ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан механикалық сорғысымен, бүріккіш қондырғысымен және әмбебап аэрозольді қалпақшамен жабдықталған аэрозольді алюминий баллонға салынған. Аэрозольді алюминий баллонға өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылған. Әрбір баллон бүріккіш қондырғысымен, әмбебап аэрозольді қалпақшамен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

10 C-ден 25 C –ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы,

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы,

Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы,

Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

E-mail: office@altayvitamin.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

790650311477976631_ru.doc 53.5 кб
858744131477977778_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники