Инеджи (10мг/10мг)

МНН: Симвастатин, Эзетимиб
Производитель: МСД Интернешнл ГмбХ (филиал в Сингапуре)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Симвастатин и эзетемиб
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014816
Информация о регистрации в РК: 18.09.2014 - 18.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Инеджи

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10/10 мг, 10/20 мг, 10/40 мг немесе 10/80 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 10 мг эзетимиб,

10 мг, 20 мг, 40 мг немесе 80 мг симвастатин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910 6 cps, натрий кроскармеллозасы, лимон қышқылының моногидраты, бутилгидроксианизол, пропилгаллат, магний стеараты.

Сипаттамасы

«311» (10 мг/10 мг доза үшін);

«312» (10 мг/20 мг доза үшін);

«313» (10 мг/40 мг доза үшін);

«315» (10 мг/80 мг доза үшін) өрнектері бар ақтан ақ дерлік түске дейінгі капсула пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гиполипидемиялық дәрілер, біріктірілімдер. Басқа да гиполипидемиялық дәрілермен біріктірілген ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері. Симвастатин және эзетимиб

АТХ коды С10ВА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инеджи

Cіңуі. Инеджи бір мезгілде қолданылатын эзетимиб пен симвастатинге биобаламалы болып табылады.

Эзетимиб. Ішу арқылы қабылдаудан кейін эзетимиб тез сіңіріледі және фармакологиялық тұрғыда белсенді фенол глюкуронидіне (эзетимиб-глюкуронид) экстенсивті метаболизденеді. Қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрациясына (Сmах) эзетимиб-глюкуронид 1-2 сағаттан соң, ал эзетемиб 4-12 сағаттан соң жетеді. Инъекция үшін қолайлы сулы орталарда мүлде ерімейтін зат болғандықтан, эзетимибтің абсолютті биожетімділігін айқындау мүмкін емес. Бір мезгілде тамақтану (май мөлшері жоғары немесе майлы емес) 10 мг таблеткаларды ішу арқылы қолданғанда эзетимиб биожетімділігіне ықпалын тигізбейді. Эзетимиб ас ішуге байланыссыз қабылдана береді.

Симвастатин. Симвастатинді ішу арқылы қолданудан кейін жүйелі қан ағымындағы β-гидроксиқышқыл мөлшері қабылданған дозаның 5%-дан азын құрайды, бұл бауыр арқылы алғаш өту кезінде экстенсивті метаболизмін айғақтайды. Адам қан плазмасындағы симвастатиннің негізгі метаболиттері β-гидроксиқышқыл және қосымша белсенді 4 метаболит болып табылады. Аш қарынға қабылдағанда, егер симвастатин тура ас ішер алдында қолданылса, қан плазмасында белсенді метаболит пен жалпы тежегіштер бейіндері өзгермеген.

Таралуы

Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронид адам қан плазмасы ақуыздарымен, тиісінше, 99.7% және 88-92% байланысады.

Симвастатин мен β-гидроксиқышқыл адамның қан ақуыздарымен 95%-дан астам байланысады. Симвастатиннің бір реттік және бірнеше реттік дозаларының фармакокинетикасы көп рет қолданудан кейін препараттың жиналуы болмайтынын көріністейді. Барлық фармакокинетикалық зерттеулерде тежегіштер қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияларына қолданудан кейін 1.3-2.4 сағаттан соң жеткен.

Биотрансформациясы

Эзетимиб көбінесе жіңішке ішекте және бауырда глюкуронидпен конъюгациялану (II фаза реакциясы) арқылы метаболизденіп, кейіннен өтпен бөлініп шығады. Зерттелген түрлерінің бәрінде (I фаза реакциясы) ең төмен тотықтырғыш метаболизм жүрген. Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронид қан плазмасында анықталатын препараттың негізгі туындылары болып саналады, тиісінше, қан плазмасындағы препараттың жалпы мөлшерінің 10-20% және 80-90% жуығын құрайды. Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронид ішек-бауырдағы қайта айналым үдерісінде қан плазмасынан баяу шығарылады. Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронидтің жартылай шығарылу кезеңі 22 сағатқа жуық құрайды.

Симвастатин – бұл ГМГ-КоА редуктазаның қуатты тежегіші - сәйкесті β-гидроксиқышқылына дейін in vivo гидролизденуі оңай белсенді емес лактон. Гидролиз, ең алдымен, бауырда жүреді; адамның қан плазмасында гидролиз жылдамдығы өте баяу. Симвастатин жақсы сіңіріледі және бауыр арқылы алғаш өту кезінде экстенсивті метаболизмге ұшырайды. Бауырдағы метаболизмі бауыр қан ағымының жылдамдығына тәуелді. Бауыр препараттың негізгі метаболизм орны болып, кейіннен препарат баламаларын өтпен шығарады. Соның салдарынан, белсенді препарат қан айналымында аздаған мөлшерде болады. Вена ішіне β-гидроксиқышқылды метаболит енгізуден кейін оның жартылай шығарылу кезеңі 1.9 сағат құрайды.

Шығарылуы

Эзетимиб. 14C-эзетимиб (20 мг) ішу арқылы қолданудан кейін қан плазмасында радиоизотоппен таңбаланып енгізілген дозадан 93% жиынтық эзетимиб анықталды. Шамамен 78% және 11% таңбаланған эзетимиб, тиісінше, 10 күн ішінде нәжіспен және несеппен шығарылды. 48 сағаттан соң қан плазмасындағы радиобелсенді өнімдер деңгейлері табылу шегінен төмен болды.

Симвастатин. Радиобелсенді таңбасы бар симвастатин ішу арқылы қолданудан кейін 96 сағат ішінде препарат 13% несеппен, 60% нәжіспен шығарылды. Нәжіспен шығарылған препарат мөлшері препараттың әрі сіңіріліп, өтке шығарылған, әрі сіңірілмеген баламалы мөлшерлерін қамтиды. Вена ішіне β-гидроксиқышқыл метаболитін енгізуден кейін вена ішіне енгізілген дозаның, орта есеппен, 0.3% ғана тежегіштер түрінде несеппен шығарылады.

Пациенттердің жекелеген топтары

Балалар. Эзетимибтің сіңірілуі және метаболизмі балалар мен жасөспірімдерде (10-18 жас) ересектердегісімен салыстырмалы. Жалпы эзетимиб көрсеткіштеріне сүйенсек, жасөспірімдер мен ересектерде фармакокинетикалық көрсеткіштері ерекшеленбейді. <10 жастағы балалар үшін фармакокинетикалық деректері жоқ. Балалар мен жасөспірімдерде (9-17 жас) клиникалық қолдану тәжірибесінде гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы (ГоОГ) және ситостеролемиясы бар пациенттер қамтылады.

Егде жас. Егде жастағы пациенттерде ( 65 жас) қан плазмасындағы жалпы эзетимиб концентрациялары жас тұлғалардағыдан (18-45 жас) 2 есе дерлік жоғары. ТТЛП-ХС деңгейінің төмендеу дәрежесі және қауіпсіздік бейіні эзетимиб қабылдайтын егде жастағы пациенттерде және жас пациенттерде салыстырмалы.

Бауыр жеткіліксіздігі. Эзетимибтің 10 мг бір реттік дозасын қабылдаудан кейін жалпы эзетимибтің AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) орташа көрсеткіші ауырлығы жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы, 5-6 балл) бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, дені сау тұлғалармен салыстырғанда, шамамен 1.7 есе жоғары болды. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы, 7-9 балл) пациенттерде, жалпы эзетимибтің орташа AUC көрсеткіші, дені сау тұлғалармен салыстырғанда, 1-ші және 14-ші күні 4 есе жоғары болды. Бауыр функциясы бұзылуының ауырлық дәрежесі орташа немесе ауыр (Чайлд-Пью шкаласы, ˃9 балл) пациенттерде эзетимибтің жоғары экспозиция әсерлері белгісіз болғандықтан, эзетимиб ондай пациенттерде қолдануға ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Эзетимиб. Эзетимибтің 10 мг бір реттік дозасын қабылдаудан кейін ауырлық дәрежесі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (орташа креатинин клиренсі КК ≤ 30 мл/мин/1.73 м2) бар пациенттерде жалпы эзетимибтің орташа AUC көрсеткіші дені сау тұлғалардағыдан шамамен 1.5 есе жоғары болды.

Симвастатин. Ауырлық дәрежесі ауыр бүйрек функциясының бұзылуы бар (КК <30 мл/минут) пациенттерде ГМГ-КоА редуктаза тежегішінің бір реттік дозасын қолданудан кейін жалпы тежегіштердің плазмалық концентрациялары дені сау еріктілердегіден шамамен 2 есе жоғары болды.

Жынысы. Қан плазмасындағы жалпы эзетимиб концентрациялары әйелдерде ерлердегіден аздап жоғары (шамамен 20%). ТТЛП-ХС төмендеу деңгейі мен қауіпсіздік бейіні эзетимиб қабылдайтын ерлер мен әйелдерде салыстырмалы.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Қан плазмасындағы холестерин деңгейі ішекте сіңуіне және эндогенді синтезге байланысты. Инеджи құрамына өзара толықтырылатын әсер ету механизмдері бар липид деңгейлерін төмендететін екі компонент - эзетимиб пен симвастатин кіреді. Инеджи жалпы холестериннің (ХС), тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринінің (ТТЛП-ХС), В аполипопротеинінің (Апо В), триглицеридтер (ТГ) мен аралық тығыздық холестеринінің (АТЛП-ХС) көтерілген деңгейлерін төмендетеді, сондай-ақ холестерин сіңуі мен синтезін қосарлы тежеу арқылы тығыздығы жоғары липопротеиндер холестеринінің (ТЖЛП-Х) деңгейін жоғарылатады.

Эзетимиб ішекте холестериннің сіңуін тежейді, ішу арқылы қолдану кезінде белсенді және холестеринді төмендететін препараттардың басқа кластарынан (мысалы, статиндер, «шайырлы» өт қышқылдарының секвестранттары, фиброй қышқылы туындылары және өсімдік станолдары) ерекшеленетін әсер ету механизмін иеленеді. Эзетимибтің молекулалық нысанасы холестерин мен фитостеролдардың ішек саңылауынан қармалуына жауап беретін стерол тасымалдаушы – 1 типті Ниманн-Пик С1 тәріздес ақуыз (NPC1L1) болып табылады. Эзетимиб жіңішке ішектің түкті жиегінде орналасып, холестериннің сіңуін бөгейді, бұл холестериннің ішектен бауырға аз түсуіне әкеледі; статиндер бауырда холестерин синтезін төмендетеді, әрі осы әртүрлі механизмдер холестерин деңгейінің өзара толықтырылатын төмендеуін бірге қамтамасыз етеді.

Эзетимиб [14C]‑холестерин сіңуін тежейді және триглицеридтердің, май қышқылдарының, өт қышқылдарының, прогестерон, этинилэстрадиол немесе майда еритін А және D дәрумендерінің сіңірілуіне әсерін тигізбейді.

Симвастатин. Белсенді емес лактон болып табылатын симвастатинді ішке қабылдаудан кейін ГМГ-КоА редуктазаға (3 гидрокси-3-метилглютарил-коэнзим А редуктаза) қатысты тежеу белсенділігі жоғары тиісті белсенді β-гидроксиқышқыл түзілуімен бауырда гидролизге ұшырайды. Бұл фермент холестерин биосинтезінің бастапқы және бақылау сатысы – ГМГ-КоА-ның мевалонатқа айналуын катализдейді. Симвастатин әрі қалыпты, әрі жоғары ТТЛП-ХС концентрацияларын төмендетеді. ТТЛП тығыздығы өте төмен липопротеиннен (ТӨТЛП) түзіліп, көбінесе ТТЛП жоғары аффинді рецепторларымен катаболизденеді. Симвастатинмен ТТЛП деңгейлерін төмендету механизмінде ТӨТЛП холестерині (ТӨТЛП-ХС) концентрациясын азайту да, ТТЛП рецепторларын индукциялау да қамтылуы мүмкін, бұл ТТЛП-ХС өндірілуінің төмендеуіне және жоғары катаболизміне алып келеді. Симвастатинмен емдеу барысында В аполипопротеин деңгейі де едәуір төмендейді. Бұдан бөлек, симвастатин ТЖЛП-ХС деңгейін орташа арттырады және қан плазмасында триглицеридтер деңгейін азайтады. Осындай өзгерістер нәтижесінде жалпы холестериннің ТЖЛП-ХС арақатынасы және ТТЛП-ХС тарапынан ТЖЛП-ХС арақатынасы төмендейді.

Қолданылуы

- жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы (ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА) немесе бұрын статиндермен ем алған немесе алмаған анамнезінде жедел жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін төмендету үшін)

- гиперхолестеринемия (тек статинді немесе эзетимибпен статинді қолдану кезінде жай-күйінің бақылануы жеткіліксіз тұлғаларда біріктірілген ем кезінде алғашқы (гетерозиготалы отбасылық немесе отбасылық емес) гиперхолестеринемиясы немесе аралас гиперлипидемиясы бар пациенттерде диетаға қосымша ем ретінде)

- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия (ГоОХ) (ГоОХ бар пациенттерде диетаға қосымша ем ретінде, сондай-ақ басқа емге (мысалы, ТТЛП тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі) қосымша ем ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Гиперхолестеринемия. Пациенттер липидті төмендететін диета ұстанып, Инеджимен емделген бүкіл кезең бойына осы диетаны қадағалауын жалғастыруы тиіс. Қолдану тәсілі – ішу арқылы. Инеджиді ас ішуге байланыссыз қолдануға болады. Таблетканы ұсақтауға болмайды.

Инеджи дозасы кешкілік тәулігіне 10/10 мг-ден тәулігіне 10/80 мг дейін құрайды. Препараттың әдеттегі дозасы кешкілік бір реттік доза түрінде тәулігіне 10/20 мг немесе тәулігіне 10/40 мг құрайды. 10/80 мг дозасы емдеудің қажетті нәтижелеріне аз дозалар қолданғанда жете алмайтын ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулардың даму қаупі жоғары, сондай-ақ күтілетін артықшылықтары ықтималды қауіптерінен басым болатын пациенттерге ғана ұсынылады. Емдеу басталғанда, сондай-ақ препарат дозасын өзгерткенде тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині (ТТЛП-ХС) деңгейін, жүректің коронарлық ауруының пайда болу қаупін, сондай-ақ холестерин деңгейін азайту бағытында жүргізілген емге берілетін жауапты ескеру керек.

Инеджи дозасы Инеджидің әртүрлі дозаларының анықталған тиімділігіне және холестерин деңгейін азайту бағытында жүргізілген емге берілетін жауапқа қарай әркімге жеке таңдалу керек. Дозаны түзету, егер қажет болса, 4 аптадан кем емес аралықтармен орындалу керек.

Ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттер. Жүрек-қантамыр ауруларының қаупін төмендету зерттелгенде (IMPROVE-IT) бастапқы доза тәулігіне 1 рет кешкілік 10/40 мг құрады. 10/80 мг дозасы препаратты осындай дозада қолданудың күтілетін артықшылықтары ықтималды қауіптерден артық болатын жағдайларда ғана ұсынылады.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия (ГоОГ). ГоОГ бар пациенттерге ұсынылатын Инеджи дозасы кешкілік тәулігіне 10/40 мг құрайды. 10/80 мг дозасы препаратты осындай дозада қолданудан күтілетін артықшылықтары ықтималды қаупінен артық болатын жағдайларда ғана ұсынылады. Инеджиді липидтер деңгейін төмендетуге арналған басқа емдеу әдістеріне (мысалы, ТТЛП аферезі) қосымша ретінде немесе егер осындай емдеу әдістері қолжетімсіз болғанда қолдануға болады. Ломитапид қабылдайтын пациенттерде Инеджи дозасы күніне 10/40 мг-ден аспауы тиіс.

Егде жас. Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Балалар және жасөспірімдер. Қазіргі уақытта балалардағы Инеджи еміне қатысты деректер жоқ, сондықтан Инеджи емі балаларда ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы, 5-6 балл) препарат дозасын түзету қажет емес. Инеджи емі ауырлық дәрежесі орташа (Чайлд-Пью шкаласы, 7-9 балл) немесе ауыр (Чайлд-Пью шкаласы, >9 балл) бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығы жеңіл дәрежедегі (КК деңгейі ≥60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар және КК деңгейі <60 мл/мин/1.73 м2 пациенттерде ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет кешкілік 10/20 мг дозаны құрайды. Препаратты жоғарырақ дозаларында абайлап қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), бірлі-жарым хабарламаларды қоса.

Жиі

- миалгия

- АЛТ және/немесе АСТ артуы, қандағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- бас айналу, бас ауыру, парестезия, ұйқысыздық, астения, кеуде қуысының ауыруы, шаршау, дімкәстану, шеткері ісінулер, қышыну, бөртпе, есекжем, ұйқының бұзылуы

- ауыздың кеберсуі, абдоминальді ауыру, іш аумағындағы жайсыздық, іштің кебуі, іштің жоғарғы бөлімінің ауыруы, диспепсия, метеоризм, жүрек айну, құсу, диарея, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, дене салмағының кемуі

- артралгия, арқа, мойын аумағының және аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі және әлсіреуі, қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан жайсыздық сезіну

- гипербилирубинемия, гиперурикемия, гаммаглютамилтрансфераза деңгейінің және қандағы халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуы, протеинурия

Постмаркетингтік зерттеулер

- шеткері невропатия, когнитивті бұзылулар (есте сақтай алмау, ұмытшақтық, амнезия, есте сақтаудың нашарлауы, сананың шатасуы), депрессия, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер көруді қоса

- қан кернеулер, артериялық гипертензия

- бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары, тромбоцитопения, анемия, эозинофилия, ЭШЖ көтерілуі, HbA1c шамасының және аш қарында глюкоза деңгейі индексінің жоғарылауы

- іш қату, панкреатит, гастрит, гепатит/сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі, соның ішінде өліммен аяқталатын түрі, холелитиаз, холецистит, тәбеттің төмендеуі

- жөтел, диспноэ, өкпенің интерстициальді ауруы

- артрит және артралгия, бұлшықеттердің құрысуы, миопатия* (миозитті қоса), жедел бүйрек жеткіліксіздігімен/онсыз рабдомиолиз, кейде үзілумен асқынатын тендинопатия, иммунонекроздық миопатия** (IMNM)

- алопеция, мультиформалы эритема, аса жоғары сезімталдық синдромы, бөртпені, есекжемді, анафилаксияны, Квинке ісінуін, жегі тәріздес синдромды, ревматикалық полимиалгия, дерматомиозит, васкулит, тромбоцитопения, жарыққа сезімталдық, қызбалы жай-күй, ентігу және дімкәстануды қоса

- ауырулар, эректильді дисфункция

* миопатия симвастатинді тәулігіне 80 мг дозада алған пациенттерде, тәулігіне 20 мг дозада симвастатин алған пациенттермен салыстырғанда, жиірек дамыды

** иммунонекроздық миопатияның (IMNM), статиндік ем қолданумен байланысты аутоиммундық миопатияның даму жағдайлары жөнінде жекелеген хабарламалар бар. IMNM белгілері шеткері бұлшықеттер әлсіздігі және статиндерді тоқтатудан кейін сақталатын қан сарысуында креатинкиназаның жоғарылауы болып табылады, бұлшықеттер биопсиясы кезінде айқын қабыну белгілерінсіз некроздық миопатия болады. Жоғарыда сипатталған симптомдарды иммунодепрессанттармен жақсы басуға болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- белсенді фазадағы бауыр ауруы немесе этиологиясы белгісіз сарысулық трансаминазалар деңгейінің тұрақты жоғарылауы

- жүктілік немесе лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- CYP3A4 қуатты тежегіштерін (итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол, АИТВ-протеаза тежегіштері, боцепревир және телапревир, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, нефазодон, құрамында кобицистат бар препараттар) бір мезгілде қолдану

- бір мезгілде гемфиброзил, циклоспорин немесе даназол қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Әркімде жеке қолдану кезінде миопатияның туындауына әкелуі мүмкін липид деңгейлерін төмендететін препараттармен өзара әрекеттесу. Рабдомиолизді қоса, миопатияның пайда болу қаупі симвастатинді фибраттармен бір мезгілде қолданғанда артады. Бұдан бөлек, қан плазмасында симвастатин деңгейлерін жоғарылататын симвастатиннің гемфиброзилмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі болады. Миопатия/рабдомиолиздің сирек жағдайлары симвастатин мен ниацинді липид-модификациялаушы дозаларда (≥1 г/тәулік) бір мезгілде қолданумен байланысты. Фибраттар өтте холестерин экскрециясын күшейтуі мүмкін, бұл холелитиазға алып келеді. Эзетимиб өт қалтасында холестерин мөлшерін арттырады, сондықтан фибраттармен бірге тағайындау ұсынылмайды.

Фармакинетикалық өзара әрекеттесулері

Инеджиге басқа препараттардың әсері

Ниацин. Дені сау еріктілердегі клиникалық зерттеулерде 7 күн бойы тәулігіне 10/20 мг дозада Инеджиді 2 күн бойы 1000 мг және 5 күн бойы 2000 мг дозадағы ұзақ босап шығатын таблеткалар түріндегі ниацинмен май мөлшері төмен таңғы астан кейін бірге қолданғанда ниацин (22%) мен никотин қышқылының орташа AUC көрсеткішінің артуына (19%) алып келетіні анықталған. Өз кезегінде, эзетимиб (9%), жалпы эзетимиб (26%), симвастатин (20%) және симвастатин қышқылының (35%) орташа AUC көрсеткішінің мардымсыз артуы жүреді. Симвастатин аса жоғары дозаларда қолданылатын өзара әрекеттесулерге зерттеулер жүргізілмеген.

Эзетимиб

Антацидтер. Бір мезгілде антацидтер қабылдау эзетимибтің сіңу жылдамдығын азайтады, бірақ оның биожетімділігіне әсерін тигізбейді. Сіңу жылдамдығының осылай төмендеуі клиникалық мәнді болып қарастырылмайды.

Холестирамин. Бір мезгілде холестирамин қабылдау жалпы эзетимибтің (эзетимиб + эзетимиб глюкурониді) орташа AUC көрсеткішін шамамен 55% азайтады. ТТЛП-ХС деңгейінің төмендеуі Инеджи мен холестираминнің өзара әрекеттесуінен әлсіреуі мүмкін.

Циклоспорин. Инеджиді циклоспоринмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Фибраттар. Инеджиді гемфиброзилмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Инеджиді басқа фибраттармен қолдану ұсынылмайды.

Симвастатин P450 3A4 цитохромының субстраты болып табылады. P450 3A4 цитохромының қуатты тежегіштері қан плазмасындағы ГМГ-КоА редуктазаның тежегіш белсенділік концентрацияларының артуы есебінен симвастатинмен ем кезінде миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Ондай тежегіштерге итраконазол, кетоконазол, позаконазол,

вориконазол, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, нелфинавир), боцепревир, телапревир, нефазодон жатады. Сондықтан итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол, АИТВ-протеаза тежегіштерімен (мысалы, нелфинавирмен), боцепревир, телапревир, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және құрамында кобицистат бар препараттармен, сондай-ақ гемфиброзил, циклоспорин және даназолмен бірге қолдану қарсы көрсетілімді. Егер CYP3A4 қуатты тежегіштерімен қысқа мерзімді тағайындау қажет болса, емдеу курсы бойына Инеджи қолдануды тоқтату керек. Инеджиді флуконазол, верапамил, дилтиазем қамтылатын басқа да қуаты аз CYP3A4 тежегіштерімен біріктіріп сақтықпен тағайындау керек.

Флуконазол. Симвастатин мен флуконазолды бір мезгілде қолданумен байланысты рабдомиолиздің сирек жағдайлары хабарланған.

Циклоспорин. Инеджи мен циклоспорин бір мезгілде қолданылғанда миопатия/рабдомиолиздің даму қаупі артады, сондықтан циклоспоринмен біріктірілімі қарсы көрсетілімді.

Даназол. Инеджимен даназолды бір мезгілде қолданғанда миопатия мен рабдомиолиз қаупі артады, сондықтан даназолмен біріктірілімі қарсы көрсетілімді.

Гемфиброзил. Гемфиброзил симвастатин қышқылының AUC көрсеткішін 1.9 есе арттырады, сондықтан гемфиброзилмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Амиодарон. Симвастатинмен амиодарон бір мезгілде қолданылғанда миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Сондықтан бір мезгілде амиодарон қабылдайтын пациенттерде Инеджи дозасы тәулігіне 10/20 мг-ден аспауы тиіс.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

Верапамил. Миопатия мен рабдомиолиздің пайда болу қаупі верапамилді симвастатинмен 40 мг немесе 80 мг дозада бір мезгілде қолданғанда артады. Инеджи дозасы тәулігіне 10/20 мг-ден аспауы тиіс.

Дилтиазем. Миопатия мен рабдомиолиздің пайда болу қаупі 80 мг дозадағы симвастатинмен дилтиаземді бір мезгілде қолданғанда артады. Инеджи дозасы тәулігіне 10/20 мг-ден аспауы тиіс.

Амлодипин. Миопатияның пайда болу қаупінің артуы бір мезгілде амлодипин мен симвастатинді 80 мг дозада қабылдайтын пациенттерде байқалды. Симвастатинді 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерде амлодипин бірге тағайындалғанда миопатия қаупі жоғарыламаған. Инеджи дозасы тәулігіне 10/40 мг-ден аспауы тиіс.

Ломитапид. Инеджи дозасы ГоОГ бар пациенттерде тәулігіне 10/40 мг-ден аспауы тиіс.

CҮР3A4 орташа тежегіштері. CҮР3A4 тежеу әсері орташа дәрілік препараттарды симвастатинмен бірге қабылдайтын пациенттер, әсіресе, жоғары дозаларда қабылдағанда миопатияның даму қаупі жоғары топта болады.

OATP1B1 тежегіштері. Симвастатин қышқылы – OATP1B1 тасымал ақуызына тән субстрат. OATP1B1 тасымал ақуызының тежегіштері болып табылатын дәрілік препараттармен бірге қолдану қан плазмасында симвастатин қышқылы концентрациясын және миопатияның даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Фузид қышқылы. Симвастатинмен бір мезгілде фузид қышқылын қабылдайтын пациенттерде миопатия/ рабдомиолиздің даму қаупі жоғары болады, сондықтан бірге қолдану ұсынылмайды. Инеджимен бірге фузид қышқылы препараттарын тағайындау қажет болса, пациенттердің жай-күйін мұқият қадағалау керек. Инеджи емін уақытша тоқтату керек болуы мүмкін.

Фузид қышқылымен ұзақ уақыт емдеу қажет болса (мысалы, ауыр инфекциялық ауруларды емдегенде) Инеджиді фузид қышқылымен бірге тағайындау мәселесін қарастыру керек. Шешім жеке тәртіпте қабылданады және дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.

Грейпфрут шырыны P450 3A4 цитохромын тежейді, сондықтан Инеджимен емделу кезінде грейпфрут шырынын ішуге болмайды.

Колхицин. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде колхицинді симвастатинмен бір мезгілде қолдану кезінде миопатия мен рабдомиолиз жағдайлары хабарланды. Біріктірілімді осындай пациенттерде қолданғанда жиі клиникалық мониторинг жасау ұсынылады.

Рифампицин. Рифампицин қуатты CYP3A4 индукторы болғандықтан, ұзақ уақыт рифампицин қабылдайтын пациенттерде (мысалы, туберкулезді емдеу үшін) симвастатин тиімсіз болуы мүмкін.

Ниацин. Симвастатин мен ниацин тәулігіне 1 г липид-модификациялаушы дозаларда бірге қолданылғанда миопатия мен рабдомиолиз жағдайлары жөнінде хабарламалар алынған.

Инеджидің басқа препараттар фармакокинетикасына әсері

Эзетимиб. Клиникалық зерттеулерде эзетимибтің дәрілік заттар метаболизміне қатысатын P450 цитохромы жүйесінің ферменттерін индукцияламайтыны анықталған. Эзетимибтің P450 цитохромы 1A2, 2D6, 2C8, 2C9 және 3А4 ферменттерімен метаболизденетін препараттармен немесе N-ацетилтрасферазамен клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Антикоагулянттар. Постмаркетингтік кезеңде Инеджиді варфаринмен немесе флуиндионмен бірге қолданған пациенттерде ХҚҚ жоғарылауы жөнінде хабарламалар алынған. Инеджиді кумариндік қатардағы өзге антикоагулянт – варфарин немесе флуиндион қолдану аясында тағайындағанда ХҚҚ көрсеткішін тиісті үлгіде бақылау керек.

Симвастатин P450 3A4 цитохромына тежегіш әсер көрсетпейді. Сондықтан симвастатиннің P450 3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына ықпал етуі күтілмейді.

Ішу арқылы қолданылатын антикоагулянттар. Кумариндік антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытына елеулі әсерінің жоқ екеніне көз жеткізу үшін Инеджимен емдеуді бастар алдында протромбин уақытын анықтау керек. Егер протромбин уақыты өзгермесе, онда әріқарай осы көрсеткіш кумариндік антикоагулянттар алатын пациенттерге әдетте ұсынылатын аралықтармен тексеріледі. Егер Инеджи дозасы өзгертілсе немесе препарат қолдану тоқтатылса, протромбин индексін қайта талдау керек. Симвастатин қолдану антикоагулянттар қабылдамайтын пациенттерде қан кетудің туындауымен немесе протромбин уақытының өзгерістерімен астаспаған.

Айрықша нұсқаулар

Миопатия/рабдомиолиз. Эзетимибті постмаркетингтік қолдану барысында миопатия мен рабдомиолиздің даму жағдайлары хабарланды. Рабдомиолиз дамыған пациенттердің көпшілігі эзетимибпен бір мезгілде статин қабылдады. Алайда эзетимибпен монотерапия кезінде рабдомиолиздің даму жағдайлары жөнінде өте сирек, сондай-ақ эзетимибті рабдомиолиздің жоғары даму қаупімен астасатын басқа препараттарға қосқанда да өте сирек хабарланды. Инеджи құрамына кіретін симвастатин, басқа да ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері сияқты, кейде миопатияның туындауына алып келеді, бұл бұлшықеттердің ауыруымен, сезімталдануымен немесе әлсіреуімен, КК деңгейінің жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 10 еседен көп артуымен көрініс береді. Миопатия кейде миоглобинурия салдарынан болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігімен/онсыз рабдомиолиз түрінде болады, сондай-ақ өліммен аяқталуы өте сирек хабарланды. Миопатияның пайда болу қаупі қан плазмасында ГМГ-КоА редуктазаның тежегіш белсенділік деңгейлері жоғарылағанда артады. Миопатияның дамуына бейімдейтін факторларға егде жас (≥ 65 жас), әйел жынысы, бақыланбайтын гипотиреоз және бүйрек жеткіліксіздігі жатады. Басқа ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қолдану кезіндегідей, симвастатин қолданғанда миопатия/рабдомиолиздің туындау қаупі дозаға тәуелді болады. Клиникалық зерттеуде миопатия жағдайларының жартысы дерлік емделудің алғашқы жылында диагностикаланғаны анықталды. Әр келесі жылы миопатияның жаңа жағдайлар саны 0.1% құрады.

Симвастатинді 80 мг дозада қолданатын пациенттерде миопатияның пайда болу қаупі ТТЛП-ХС төмендетуге қатысты тиімділігі ұқсас басқа статиндер қолдану кезіндегіден жоғары. Сондықтан 10/80 мг дозадағы Инеджиді едәуір төмен дозалар қолданғанда қажетті әсеріне жете алмаған жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулардың даму қаупі жоғары пациенттерде, сондай-ақ егер препаратты осындай дозада қолданудан күтілетін артықшылықтар ықтималды қауіптен артық болғанда қолдану керек. Өзара әрекеттесуші препаратты тағайындау қажет болатын, 10/80 мг дозада Инеджи қабылдайтын пациенттерде Инеджиді төменірек дозада қолдану немесе басқа препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз көрініс беретін статиндер тобының баламалы препаратын тағайындау керек.

Ауқымды клиникалық зерттеуде симвастатин тәулігіне 40  мг дозада тағайындалғанда миопатияның қытайлықтардың 0.24%-да және 0.05% қытай еместерде дамығаны анықталған. Зерттеуге қытайлықтар ғана қатысты, алайда Инеджи емін азиаттық нәсіл өкілдерінің бәріне абайлап және ең төмен дозасында тағайындау керек.

Креатинкиназа деңгейін анықтау. КК деңгейін қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе КК көтерілуіне кез келген болжамды баламалы себептер болғанда анықтауға болмайды, өйткені бұл алынған нәтижелердің түсіндірілуін қиындатады. Егер КК деңгейлері, бастапқысымен салыстырғанда, едәуір (жоғарғы қалып шегінен >5 есе жоғары) жоғарыласа, нәтижелердің расталуы үшін 5-7 күн өткен соң қайта талдау жасаған жөн.

Емдеу алдында. Инеджимен емделуді бастар алдында, пациентке миопатияның туындау қаупі және бұлшықеттерде түсініксіз ауырудың, ауырсынудың немесе әлсіздіктің болуы жөнінде емдеуші дәрігеріне дереу хабарлау қажеттілігін мәлім еткен дұрыс. Рабдомиолиз туындауына бейімдейтін факторлары бар пациенттерде препаратты абайлап қолдану керек. Ондай факторларға: егде жас (≥ 65 жас), әйел жынысы, бүйрек функциясының бұзылуы, бақыланбайтын гипотиреоз, жеке немесе отбасылық анамнездегі туа біткен бұлшықет патологиясы, басқа статиндер немесе фибраттар қолдану кезіндегі миоуыттану, алкогольді шамадан тыс тұтыну жатады. Референттік бастапқы мәндерді белгілеу үшін емдеуді бастар алдында КК деңгейін анықтау қажет. Анамнезінде фибраттармен немесе статиндермен емдеуге байланысты миопатия жағдайлары болған пациенттерге құрамына статин кіретін кез келген препаратты, соның ішінде Инеджиді сақтықпен тағайындау керек. Егер бастапқы КК деңгейлері едәуір көтерілген болса (жоғарғы қалып шегінен >5 есе жоғары), емдеуді бастамаған дұрыс.

Емдеу кезінде. Егер пациентте Инеджимен емделу кезеңінде бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықет әлсіреуі немесе түйілуі болса, КК деңгейлерін тексеру керек. Егер қарқынды дене жүктемесі болмаған кезде бұл деңгейлердің едәуір көтерілуі (жоғарғы қалып шегінен >5 есе жоғары) анықталса, емдеуді тоқтату керек. Егер бұлшықет симптомдары қатты білініп, күнделікті жайсыздануға әкелсе, тіпті КК деңгейлері жоғарғы қалып шегінен <5 есе жоғары болса да, препарат қолдануды тоқтату мәселесін қарастыру керек. Егер қандай да бір өзге себептер бойынша миопатияға күдік туындаса, емдеуді тоқтату керек. Симптомдар басылып, КК деңгейі қалыпқа түскен соң Инеджи немесе статиндер тобының баламалы препаратын ең төмен дозада және мұқият қадағалаумен қолдануды жаңғырту мәселесін қарастыруға болады. Симвастатин 80 мг дейінгі жоғары дозаларда қолданылғанда миопатия жиірек байқалады. КК деңгейлерін бақылау ұсынылған, өйткені бұл миопатияның субклиникалық жағдайларын анықтауға көмектесе алады. Алайда мұндай мониторинг миопатияның дамуынан үнемі сақтандыра алмайды. Жоспарланған ауқымды хирургиялық араласудан бірнеше күн бұрын және қандай да бір күрделі медициналық немесе хирургиялық жай-күй туындағанда Инеджимен емдеуді уақытша тоқтату керек.

Миопатия/рабдомиолиздің пайда болу қаупін төмендететін шаралар

Инеджиді CYP3A4 қуатты тежегіштерімен (итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, нелфинавир), боцепревир, телапревир, нефазодон және құрамында кобицистат бар препараттар), сондай-ақ циклоспорин, даназол және гемфиброзилмен бір мезгілде қолдану кезінде миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі едәуір артады. Осы препараттарды бірге қолдану қарсы көрсетілімді.

Миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі Инеджиді белгілі бір дозаларда басқа фибраттармен, липид-модификациялаушы дозаларда (≥1 г/тәулік) ниацинмен, амиодарон, амлодипин, верапамил немесе дилтиаземмен бір мезгілде қолданғанда да артады. Миопатия қаупі, рабдомиолизді қоса, фузид қышқылы мен Инеджиді бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ ломитапидті Инеджимен бір мезгілде қабылдайтын ГоОГ бар пациенттерде артуы мүмкін.

Инеджиді CYP3A4 тежегіштерімен: итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол, АИТВ-протеаза тежегіштерімен (мысалы, нелфинавир), боцепревир, телапревир, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және құрамында кобицистат бар препараттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Егер CYP3A4 тежегіштерімен қысқа мерзімді емдеу қажет болса, емдеу курсы кезінде Инеджиді уақытша тоқтату керек. Оның үстіне, Инеджиді кейбір басқа CYP3A4 қуаты аз тежегіштерімен: флуконазол, верапамил, дилтиаземмен қолдануды абайлап біріктіру керек. Грейпфрут шырынын Инеджимен бір мезгілде қабылдамау керек.

Симвастатинді фузид қышқылымен бірге тағайындауға болмайды. Препараттардың осы біріктірілімі тағайындалғанда, өлім жағдайларын қоса, рабдомиолиздің дамуы туралы жекелеген хабарламалар бар. Фузид қышқылының жүйелі препараттарын тағайындау қажет болғанда статиндермен емдеуді емдеу курсы бойына тоқтату керек. Пациент бұлшықеттердің әлсіреуі, ауыруы немесе ауырсынуы сияқты симптомдар дамығанда өз емдеуші дәрігерін хабардар ету керек. Статиндік емді фузид қышқылымен емдеу аяқталған соң 7 күн өткенде жаңғыртуға болады. Фузид қышқылымен ұзаққа созылатын жүйелі ем қажет кейбір жағдайларда (мысалы, ауыр инфекциялық ауруларды емдеу үшін) симвастатинді фузид қышқылымен бір мезгілде тағайындау қажеттілігін медициналық бақылаумен жекеше тәртіпте қарастыруға болады.

Миопатияның клиникалық пайдасы қаупінен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, тәулігіне 10/20 мг-ден жоғары дозадағы симвастатинді липид-модификациялаушы дозалардағы (≥ 1 г/тәулік) ниацинмен біріктіруге болмайды.

Миопатия/рабдомиолиздің сирек жағдайлары ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін липид-модификациялаушы дозалардағы (≥ 1 г/тәулік) ниацинмен (никотин қышқылы) бірге қолданумен байланысты; осы препараттардың әрқайсысын бөлек қолдану миопатияның туындауына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан симвастатиннің ниацинмен (никотин қышқылымен) немесе липид-модификациялаушы дозалардағы (≥ 1 г/тәулік) құрамында ниацин бар басқа препараттармен біріктірілген емі тағайындалғанда пайда/қауіп арақатынасын бағалау керек. Пациенттердің жағдайын бұлшықеттердің ауыруы, ауырсынуы немесе әлсіреуі сияқты симптомдарды анықтау үшін, әсіресе, емдеудің алғашқы айларында және препараттардың кез келгенінің дозасын арттырғанда бақылап отыру керек. Клиникалық зерттеуде миопатия қаупінің, қытай еместермен салыстырғанда, қытайлықтарда едәуір жоғары екені анықталды. Симвастатинді липид-модификациялаушы дозалардағы (≥ 1 г/тәулік) ниацинмен бірге қолдану азиялық нәсіл өкілдерінің бәріне ұсынылмайды.

Асипимокс құрылымы жағынан ниацинге жақын. Қазіргі уақытта асипимокс қолдану кезіндегі миопатия қаупі туралы деректер жоқ, алайда, осындай қауіп ниацинмен салыстырмалы болуы мүмкін.

Тәулігіне 10/20 мг-ден асып кететін дозаларда Инеджи препаратын амиодарон, амлодипин, верапамил немесе дилтиаземмен біріктіріп қолданбау керек.

ГоОГ бар пациенттерді Инеджиді ломитапидпен біріктіріп емдемеу керек.

CYP3A4 орташа тежейтін басқа дәрі-дәрмектерді симвастатинмен біріктіріп, әсіресе, жоғары дозаларда қабылдайтын пациенттерде миопатияның даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Инеджиді фибраттармен қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігіне анықталмаған. Симвастатинді фибраттармен (әсіресе, гемфиброзилмен) қолданғанда миопатияның жоғары қаупі бар. Сондықтан симвастатинді гемфиброзилмен қолдану қарсы көрсетілімді, ал басқа фибраттармен бірге тағайындау ұсынылмайды.

Бауыр ферменттері. Бақыланған клиникалық зерттеулерде симвастатин алған пациенттерде қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің біртіндеп жоғарылауы (жоғарғы қалып шегінен > 3 есе жоғары) байқалды.

Инеджимен емдеуді бастар алдында және ем барысында көрсетілімдер болғанда бауыр функциясының көрсеткіштерін тексеру ұсынылады. Дозаны 10/80 мг дейін көбейту жоспарланатын пациенттерде дозаны арттырар алдында, артынан дозаны 10/80 мг дейін көбейтуден кейін 3 айдан соң және кейіннен емдеудің алғашқы жылы ішінде мезгіл-мезгіл (мысалы, жарты жылда 1 рет) қосымша талдау тағайындау керек. Қан сарысуында трансаминазалар деңгейлері жоғарылаған пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек; ондай пациенттерде бауыр функциясы тестілерін шұғыл қайталап, кейіннен оларды жиірек өткізген жөн. Егер трансаминазалар деңгейлерінің, атап айтқанда, жоғарғы қалып шегінен 3 есе жоғарылауы жалғасса, әрі тұрақты болса, препаратты тоқтату керек.

АЛТ деңгейлерінің бұлшықет жүйесінің жағдайына қарай өзгеретінін есте сақтау керек, сондықтан АЛТ және КК жоғарылауы миопатияны көрсетуі мүмкін. Препаратты шамадан тыс алкоголь тұтынатын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі орташа немесе ауыр пациенттерде эзетимибтің жоғары экспозициясының ықпалы белгісіз болғандықтан, Инеджи қолдану ұсынылмайды.

Фибраттар. Эзетимибті фибраттармен қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Антикоагулянттар. Инеджи кумариндік қатардың басқа антикоагулянты – варфарин немесе флуиндион қолдану аясында тағайындалғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткішін тиісті үлгіде бақылап отыру керек.

Өкпенің интерстициальді ауруы. Симвастатинді қоса, кейбір статиндерді қолданғанда, әсіресе, ұзақ емделу кезінде өкпенің интерстициальді ауру жағдайлары хабарланды. Көріністер диспноэ, өнімсіз жөтел және жалпы жағдайдың нашарлауын (әлсіздік, дене салмағының кемуі және қызба) қамтуы мүмкін. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруына күдік туындаса, Инеджимен емдеуді тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Атеросклероз созылмалы үдеріс болып табылады, әрі әдетте жүктілік кезеңінде липидтер деңгейін төмендететін препараттар қолдануды тоқтату алғашқы гиперхолестеринемиямен байланысты ұзақ мерзімді қауіпке әсер етеді.

Инеджи жүктілік кезеңінде қарсы көрсетілімді. Жүктілік кезеңінде Инеджи қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Симвастатин. Жүктілік кезеңінде симвастатин қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жүкті әйелдердің қатысуымен бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің құрсақішілік экспозициясы кезінде туа біткен патологияның дамуы сирек хабарланған. Жүктіліктің бірінші триместрінде симвастатин немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа да ұқсас тежегіштерін қолданған 200-ге жуық жүкті әйелдерді бақылау барысында алынған деректер талдауында туа біткен патологияның туындау жиілігі жалпы қауымдағы жиілікпен салыстырмалы болғаны анықталды. Жүкті әйелдердің осынша санын бақылау туа біткен аномалиялар жиілігінің бастапқы жиілігінен салыстырмалы түрде 2.5 есе артуын жоққа шығару үшін статистикалық тұрғыда сенімді болды. Симвастатин немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа да ұқсас тежегіштерін қабылдаған пациент әйелдердің балаларында туа біткен патология жиілігінің жалпы қауымдағы жиіліктен ерекшелену дәлелдері болмаса да, әйелдің симвастатин қолдануы шаранада холестерин биосинтезінің прекурсоры болып табылатын мевалонат деңгейлерінің төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. Осы себептен жүкті және жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге, сондай-ақ жүктілікке күдік болғанда Инеджи тағайындауға болмайды. Инеджимен емдеуді жүктілік кезеңінде немесе жүктіліктің жоқ екені расталатын кезге дейін тоқтата тұру керек.

Эзетимиб. Жүктілік кезеңінде эзетимиб қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Инеджи бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілімді. Инеджи белсенді компоненттерінің ана сүтіне экскрециясы белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеген. Алайда автокөлік басқарғанда және басқа механизмдермен жұмыс істегенде бас айналуы мүмкін екенін ескеру керек.

Артық дозалануы

Инеджи. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізген жөн.

Эзетимиб. Клиникалық зерттеулерде эзетимибтің тәулігіне 50 мг дозада 14 күн бойы дені сау 15 еріктіде немесе тәулігіне 40 мг дозада 56 күн бойы алғашқы гиперхолестеринемиясы бар 18 пациентте, жалпы, жағымдылығы жақсы болды. Бірнеше артық дозалану жағдайлары хабарланған; олардың көпшілігі жағымсыз реакциялар дамуымен қатар жүрмеген. Хабарланған жағымсыз реакциялар күрделі болмаған.

Симвастатин. Бірнеше артық дозалану жағдайлары хабарланған; ең жоғары қабылданған дозасы 3.6 г құрады. Клиникалық мәнді асқынулары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады

(10 мг/10 мг; 10 мг/20 мг; 10 мг/40 мг дозалар үшін).

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 таблеткадан.

Пішінді 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады

(10 мг/80 мг дозалар үшін).

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

МСД Интернешнл ГмбХ (Сингапурдағы филиалы), Сингапур

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясы, Швейцария, Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Достық д-лы 38, Кең Дала б/о, 3 қабат

Тел. + 7 (727) 330-42-66, 259-80-84

Факс + 7 (727) 259-80-90

e-mail: dрoссіs2@mеrck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

Прикрепленные файлы

388519851477976690_ru.doc 78.23 кб
838693161477977833_kz.doc 246 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники