Иммутин® 100

МНН: Иматиниб
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imatinib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016320
Информация о регистрации в РК: 15.08.2016 - 15.08.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 6 177.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ИММУТИН®100

ИММУТИН®400

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иматиниб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 100 мг таблеткаларҮлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

100 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат –119,47 мг иматиниб мезилаты, 100 мг иматинибке баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101, тығыздығы төмен гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC LH 11), поливинилпироллидон К 30 (ПВП К 30), микрокристалды целлюлоза РН 102, кросповидон (Коллидон CL-F), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы Opadry Brown 20A36650: HPMC 2910–Гипромеллоза 3 cP (E464), гидроксипропилцеллюлоза (E463), тальк (E553b), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (E172), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (E172), темірдің (ІІІ) қара тотығы (E 172).

400 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 477.88 мг иматиниб мезилаты, 400 мг иматинибке баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101, тығыздығы төмен гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC LH 11), поливинилпироллидон К 30 (ПВП К 30), кросповидон (Коллидон CL), кросповидон CL-F (Коллидон CL-F), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы Opadry Brown 20A36650: HPMC 2910–Гипромеллоза 3 cP (E464), гидроксипропилцеллюлоза (E463), тальк (E553b), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (E172), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (E172), темірдің (ІІІ) қара тотығы (E 172).

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы бар, қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді таблеткалар (100 мг доза үшін).

Бір жағында сызығы бар, қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, ұзынша таблеткалар (400 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Иматиниб

АТХ коды L01XЕ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір рет қолданғанда иматиниб әсері 25-тен 1000 мг-ге дейінгі дозалар диапазонында зерттелді. Фармакокинетикалық бейіндері қолданудың 1-ші күні, сондай-ақ 7-ші және 28-ші күні, яғни қан плазмасында тепе-тең концентрацияға жеткен кезде зерттелді.

Сіңуі

Препараттың биожетімділігі орта есеппен алғанда 98 құрайды. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (АUС) көрсеткіші үшін ауытқу коэффициенті 40-60-ды құрайды. Препаратты құрамындағы май мөлшері жоғары тағаммен бірге тағайындағанда, ашқарынға қабылдағанмен салыстырғанда, сіңу дәрежесінің аздап төмендегені байқалды.

Таралуы

Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 95-ға жуықты құрайды (негізінен, альбуминмен және қышқыл альфа-гликопротеиндермен, аздаған дәрежеде – липопротеиндермен)

Шығарылуы

Өзгермеген күйінде дозаның 25-ға жуығы (20-ы нәжіспен бірге, 5-ы несеппен бірге) шығарылады. Препараттың қалған бөлігі метаболиттер түрінде шығарылады.

Иматинибтің жартылай шығарылу кезеңі 18 сағатқа жуықты құрайды. 25-тен 1000 мг дейінгі дозалар диапазонында АUС мәнінің дозаға тікелей байланысты екендігі байқалды.

Фармакодинамикасы

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 Всr-Аbl-тирозинкиназа ферментін жасушалық деңгейде тиімді тежейді. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 пролиферацияны іріктеп басады және Всr-Аbl бойынша позитивті жасушалық желілерінің, сондай-ақ оң филадельфиялық хромосомасы (Ph+) бар созылмалы миелолейкозда және жедел лимфобласттық лейкозда жетілмеген лейкоз жасушаларының апоптозын тудырады. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 созылмалы миелолейкозы бар науқастардың қан жасушаларынан алынған Bcr-Abl-позитивті колонияларды іріктеп тежейді.

Иматиниб тромбоциттер өсу факторы (ТӨФ) және дің жасушалар факторы (ДЖФ) үшін тирозинкиназа, трансжарғақшалық тирозинкиназа (с-Kit) рецепторларының күшті әсер ететін тежегіші болып табылады, сондай-ақ жоғарыда аталған факторлардан болатын жасушалық реакцияларды басады. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 пролиферацияны тежейді және kit-мутацияны экспрессиялайтын асқазан-ішек жолдарының стромальді ісік жасушаларының апоптозын индукциялайды.

ТӨФ немесе Bcr-Abl тирозинкиназаның едәуір белсенділенуі MДС/MПА (миелодисплазиялық /миелопрофелиративті) аурулар, ГЭС/CЭЛ (гиперэозинофильді синдром/созылмалы эозинофильді лейкемия) және операция жасауға жатпайтын рекуррентті және/немесе метастаздалатын бұдырлы дерматофибросаркомалар (БДФС) патогенезіне қатысатын ТӨФ|конструктивна,установча| | синтезін ынталандыру немесе әртүрлі ақуыздармен интеграциялануы нәтижесі болып табылады. Иматиниб белсендірілмеген ТӨФ-пен және Bcr-Abl-тирозинкиназа қызметімен қатар жүретін жасушалар пролиферациясына сигналды тежейді.

Препараттың тиімділігі созылмалы миелолейкозы (СМЛ), жедел лимфобластты лейкозы (Ph+-ЖЛЛ), MДС/MПА, БДФС бар науқастарда гематологиялық және цитогенетикалық жауаптың жалпы жылдамдығымен және асқорыту жолдары ағзалары стромаларының қатерлі ісігі бар пациенттердегі жауаптың объективті жылдамдығымен іске асады.

Қолданылуы

  • балалар мен ересектерде алғаш диагностикаланған созылмалы миелолейкозда

  • балалар мен ересектерде акселерация, бласттық криз фазасындағы, сондай-ақ мұның алдында альфа-интерферонмен жүргізілген ем сәтсіз болған созылмалы фазадағы созылмалы миелолейкозда

  • ересек пациенттерде алғаш диагностикаланған позитивті (лейкоциттерде филадельфиялық хромомсоманың қатысуымен (Ph+)) жедел лимфобласттық лейкозда (Ph+-ЖЛЛ) (химиялық ем құрамында)

  • ересек пациенттерде жедел лимфобласттық лейкоздың (Ph+-ЖЛЛ) қайталану cатысында немесе химиотерапияға тұрақты төзімділік кезінде монотерапия ретінде

- ересек пациенттерде тромбоцитарлы өсу факторы рецепторының белсенділенуіне байланысты миелодисплазиялық /миелопролиферативті ауруларда

- D816V c-Kit мутациясының болмауымен жүйелі мастоцитозда немесе ересек пациенттерде с-Kit мутация стутусы жөнінде деректер болмағанда

- ересектерде гиперэозинофильді синдром және/немесе созылмалы эозинофильді лейкемияда

- ересек пациенттерде асқазан-ішек жолдары (АІЖ) ағзаларының операция жасауға келмейтін және/немесе метастазды қатерлі стромальді ісіктерінде

- ересектерде операция жасауға келмейтін және/немесе метастазды бұдырлы дерматофибросаркомада.

Қолдану тәсілі және дозалары

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын тәулігіне бір рет 400 мг немесе 600 мг дозада тағайындайды, ал тәуліктік 800 мг доза күніне екі рет – таңертең және кешке 400 мг-ден жүзеге асырылуы тиіс. Препаратты толық бір стақан сумен ішіп, тамақтану кезінде қабылдау керек.

Таблетканы жұта алмайтын пациенттер (оның ішінде 2 жастан үлкен балалар) үшін оны бір стақан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблеткалардың қажетті мөлшерін сұйықтықтың тиісті көлеміне (100 мг бір таблетка үшін шамамен 50 мл және 100 мг-ден 4 таблетка үшін немесе 400 мг-ден бір таблетка үшін 200 мл) салып, араластырады, нәтижесінде суспензия пайда болады. Суспензияны дайындағаннан кейін бірден қабылдау керек.

Созылмалы миелолейкозда (СМЛ) ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 ұсынылатын дозасы аурудың фазасына байланысты. Созылмалы фазада доза тәулігіне 400 мг құрайды; акселерация фазасында және бласттық кризде – тәулігіне 600 мг. Препаратты тамақтану кезінде тәулігіне бір рет толы бір стақан сумен ішу керек.

Препаратпен емдеуді әсері сақталғанша жүргізеді.

Дозаны аурудың созылмалы фазасындағы пациенттерде 400 мг-ден 600 мг немесе 800 мг-ге дейін және акселерация фазасы және бласттық криз кезіндегі пациенттер үшін тәулігіне 600 мг-ден ең жоғарғы 800 мг-ге дейін арттыру жайлы мәселе ауыр жағымсыз әсерлер жоқ болған жағдайда және негізгі аурумен байланысты емес нейтропения немесе тромбоцитопения жоқ болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.

Дозаны осылайша арттыру мынадай жағдайларда қажет болуы мүмкін: аурудың өршуі (кез келген сатыда); 3 ай емдегеннен кейін қанағаттанарлықтай гематологиялық жауаптың жоқ болуы; 12 ай емдегеннен кейін цитогенетикалық жауап жеткіліксіз болғанда; бұрын қол жеткізген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауапты жоғалтқанда.

2 жастан асқан балаларға дозалау режимін есептеу дене беткейінің (мг/м2) ауданына негізделеді. СМЛ созылмалы фазасы кезінде тәулігіне 260 мг/м2 және тиісінше СМЛ акселерация фазасы кезінде тәулігіне 340 мг/м2 дозасы ұсынылады. Балаларда жалпы тәуліктік доза ересектерге арналған 400 мг және 600 мг баламалы дозадан аспау керек. Препараттың тәуліктік дозасын бірден қабылдауға немесе – таңертең және кешке теңдей етіп екі қабылдауға бөлуге болады.

Позитивті филадельфиялық хромосомасы (Ph+-ЖЛЛ) бар жедел лимфобласттық лейкозда

Жедел лимфобласттық лейкозы бар пациенттер үшін (Ph+-ЖЛЛ) ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратының ұсынылатын дозасы күніне 600 мг құрайды.

Жедел лимфобласттық лейкозда (ЖЛЛ) қайталану сатысында немесе химиялық емдеуге тұрақты төзімділікте монотерапия ретінде

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратының ұсынылатын дозасы күніне 600 мг құрайды.

Миелодисплазиялық/миелопролиферативті ауруларда (МДА/МПА)

Миелодисплазиялық/миелопролиферативті аурулары (МДА/МПА) бар пациенттер үшін ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратының ұсынылатын дозасы күніне 400 мг құрайды.

Бұдырлы дерматофибросаркомалар (БДФС) кезінде.

Операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық дерматофибросаркомалары бар (БДФС) пациенттер үшін ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 ұсынылатын дозасы күніне 800 мг құрайды.

АІЖ операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық стромальді ісіктерде (ГИСІ) ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Жағымсыз реакциялар болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болғанда доза 400-ден 600 мг-ге дейін немесе 800 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Препаратпен емдеуді аурудың үдеу белгілері байқалып тұрғанда жалғастыра береді.

Гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкемияда (ГЭС және/немесе СЭЛ)  доза күніне 400 мг құрайды.

FIP1L1-PDGFR α-тирозинкиназа белсенділігінің деңгейі артқан пациенттер үшін, тәулігіне ұсынылатын алғашқы доза - 100 мг. Дозаның тәулігіне 400 мг-ге дейін арттырылуы, жағымсыз әсерлері болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.

Жүйелі мастоцитоз кезінде (ЖМ).

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 ұсынылатын дозасы Д816В с-Kit мутациясы болмауымен ЖМ бар пациенттер үшін күніне 400 мг құрайды. α-тирозинкиназа  FIP1L1-PDGFR синтезімен байланысты клональді гематологиялық патологияда, эозинофилиямен астасқан ЖМ бар пациенттер үшін ұсынылатын доза күніне 100 мг құрайды. 100 мг-ден 400 мг-ге дейін дозаның арттырылуы, жағымсыз әсерлері болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін

Созылмалы миелолейкозы (СМЛ) және асқазан-ішек жолдары стромасының ісігі бар пациенттерде жағымсыз реакцияларда дозаны әр адамға жекелей таңдау

Гематологиялық емес жағымсыз әсерлер

Ауыр гематологиялық емес жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда науқастың жағымсыз жағдайы түзелгенше емдеуді тоқтата тұру керек. Бұдан басқа, жағымсыз құбылыстар қаупін бағалау және емдеуді жалғастыруға қатысты шешімді қабылдау керек.

Билирубиннің деңгейін жоғарғы қалып шегінен 3 есе арттырған кезде немесе бауыр трансаминазалары деңгейін 5 еседен астамға арттырған кезде ИММУТИН® немесе ИММУТИН®400-ді, билирубиннің концентрациясы 1,5-тен аз мәнге және бауыр трансаминазаларының концентрациясы 2,5-тен аз мәнге дейін төмендегенге дейін тоқтата тұру керек. Иммутинмен емдеу азайтылған тәуліктік дозада жалғастырылуы мүмкін. Ересектер үшін доза тәулігіне 400 мг-ден 300 мг-ге дейін, немесе тәулігіне 600 мг-ден 400 мг-ге дейін, немесе тәулігіне 800-ден 400 мг-ге дейін азайтылады. Балалар үшін тәулігіне 260-тан 200 мг/мг2 дейін немесе тәулігіне 340-тан 260 мг/м2 дейін.

Гематологиялық жағымсыз әсерлер

Нейтропенияның және тромбоцитопенияның даму дәрежесіне байланысты дозаны азайту кестеде көрсетілген.

Эозинофилиямен астасқан ЖМ

(бастапқы доза 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) < 1,0 x109/л

және/немесе тромбоциттер <50 x109/л

  • ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді

    НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенге дейін тоқтату керек.

  • ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді алдындағы дозамен жалғастыру керек.

FIP1L1-PDGFR α-киназалары синтезімен ГЭС және СЭЛ

(алғашқы доза 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

  • ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді

    НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенге дейін тоқтату керек.

    2. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді алдындағы дозамен жалғастыру керек.

СМЛ, MДС/МПЗ

және ГИСІ созылмалы фазасы (ересектер үшін алғашқы доза – 400мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

1. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді

НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенге дейін тоқтату керек.

2. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді алдындағы дозамен жалғастыру керек.

3. НАС < 1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер < 50 x109/л қайталап төмендеген жағдайда, 1 қадамды қайталау және препаратты емдеуді 300 мг дозада қайта бастау керек.

СМЛ созылмалы фазасы (2 жастан үлкен балалар үшін бастапқы доза - 340 мг/м2)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

1. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді

НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенде тоқтату керек.

2. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді алдындағы дозамен жалғастыру керек (яғни, ауыр жағымсыз реакциялар дамығанға дейін қабылданған дозаны).

3. НАС < 1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер < 50 x109/л қайталап төмендеген жағдайда, 1 қадамды қайталау және препаратты емдеуді 260мг/м2 дозада қайта бастау керек.

Ph+- ЖЛЛ, акселерация және бласттық криз фазасындағы СМЛ,

(ересектер үшін алғашқы доза – 600 мг)

Емдеудің бір және бірнеше айынан кейін нейтрофилдердің абсолютті саны

(НАС) <0,5x109/л және/немесе тромбоциттер

<10х109/л

  • Цитопенияның лейкемиямен байланысын тексеру (биопсия).

  • Цитопенияның лейкемияға байланысты болу жағдайында дозаны 400 мг-ге дейін азайту керек (балаларда – 260 мг/м2).

  • Цитопения 2 апта бойы сақталғанда дозаны 300 мг-ге дейін азайту керек.

  • Цитопения 4 апта бойы сақталған және лейкемиямен байланысты болмаған жағдайда ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді НАС  1 x109/л-ге дейін және тромбоциттер  20 x109/л-ге дейін жеткенше тоқтатып, содан соң дозаны 300 мг-ге дейін азайту керек.

БДФС -

бастапқы доза 800 мг

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

1. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді

НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенше тоқтату керек.

2. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуді алдыңғы дозада қайта бастау керек.

3. НАС < 1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер < 50 x109/л қайталап төмендеген жағдайда, 1 қадамды қайталау және препаратты емдеуді 400 мг дозада қайта бастау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Иматиниб метаболизмі негізінен бауырда жүретіндіктен бауыр функциясының аздаған, орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәулігіне 400 мг ең аз ұсынылатын дозаны тағайындаған жөн. Егер пациентте жол берілмейтін уытты әсер пайда болса, дозаны азайтуға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препараттарының бүйрек клиренсі аз болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде организмнің жалпы клиренсі төмендейді деп күтілмейді. Алайда бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде сақ болу керек.

Егде пациенттер

Егде жастағы пациенттерде фармакокинетика толығымен зерттелмеген.

65 жастан асқан пациенттер үшін дозалану бойынша арнайы ұсынымдар талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Созылмалы миелолейкоздың немесе АІЖ стромальді ісіктерінің даму сатысында науқастарда қатарласа жүретін аурулармен, олардың үдеуімен және түрлі дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты бірқатар симптомдардың тұтас қатарына байланысты жағымсыз әсерлерді бағалауды қиындататын қатарласа жүретін көптеген бұзылулар болуы мүмкін.

Көптеген пациенттерде емдеудің белгілі бір сатысында жеңіл немесе елеулі дәрежелі жағымсыз әсерлер пайда болды: жақында диагностикаланған науқастардың 2%-да ғана, пациенттердің 4% интерферонмен сәтсіз емдегенен кейін кешеуілдеген созылмалы фазасында, пациенттердің 4% интерферонмен сәтсіз емдегенен кейін жылдамдатылған фазасында және науқастардың 5%-да интерферонмен сәтсіз емдегенен кейін бласттық кризбен байқалған жағымсыз әсерлерге байланысты препарат тоқтатылады. АІЖ стромальді ісігімен пациенттерге клиникалық зерттеулерде препараттың жағымсыз әсерлеріне байланысты тағайындауды тоқтату жағдайдың 4%-на талап етілді.

Жағымсыз әсерлері екі ерекшелікті қоспағанда екі нозология бойынша да ұқсас. АІЖ стромальді ісігімен пациенттерде миелосупрессия байқалған жоқ, ал ісікішілік қан кету тек сол топтағыларда байқалған.

Препаратты қабылдаумен байланысты жиі болған жағымсыз әсерлер, жеңіл түрде жүрек айнуы, құсу, диарея, абдоминальді ауырулар, шаршағыштық, миалгия және бұлшықеттердің құрысуы, бөртпе болады, олар жеңіл түрде басылды. Жиі шеткері ісінулер, негізінен периорбитальді аймақта немесе аяқтардың ісінуі. Алайда олар сирек айқын сипатқа ие болды және диуретиктермен емдегенде басылған, ал кейбір науқастарда иматиниб дозасын төмендеткеннен кейін қайтқан.

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын химиотерапиялық препараттермен жоғары дозада біріктіріп емдегенде Ph+-ЖЛЛ пациенттерде трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр функциясының транзиторлы бұзылуының пайда болғаны байқалды.

Плевральді жалқық, асцит, өкпе ісінуі және шеткері ісінуімен немесе онсыз дене салмағын жылдам қосу сияқты біріккен жағымсыз әсерлер, “сұйықтықтың іркілуі” ретінде жалпы жіктелуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлерді қайтару үшін, әдетте, ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400-бен емдеуді уақытша тоқтатып, диуретиктер қолданады. Сонда да кейбір жағдайларда бұл құбылыстар елеулі, тіпті өмірге қауіпті дәрежеге дейін жеткен. Мысалы, бласттық кризі және плевральді жалқық, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігі сияқты клиникалық бұзылулар кешені бар пациенттерде бір өлім жағдайы тіркелген.

Бірлі-жарым бақылауларға қарағанда жиі тіркелген жағымсыз әсерлер туындау жиілігі көрсетіле отырып төменде атап көрсетілген.

Жиілігін анықтау: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 ≤ 1/10), кейде (≥ 1/1000 < 1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000), өте сирек (≤1/10000), жекелеген жағдайларды қоса.

Өте жиі

- дене салмағының артуы

- нейтропения, тромбоцитопения, анемия

- бас ауыру

- диспепсия, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

- периорбитальді ісіну, дерматит, экзема, тері бөртпесі

- бұлшықет түйілулері және құрысулар, қаңқа-бұлшықеттерінің ауыруы (милагия, артралгия, сүйек аурулары)

- сұйықтықтың іркілуі, ісінулер

- қажу

Жиі

- фебрильді нейтропения, панцитопения

- анорексия, дәм сезудің бұзылуы, ауыз қуысының ойық жаралануы

- бас айналу, ұйқының бұзылуы

- парестезия, гипестезия

- конъюнктивит, көз жасының бөлініп шығуының ұлғаюы, «көрудің бұлыңғырлануы», «көздің құрғауы» синдромы

- эпистаксия, диспноэ, мұрыннан қан кету, жөтел

- гастро-эзофагеальді рефлюкс, ауыздың құрғауы, гастрит, метеоризм, іш қату

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- беттің, қабақтың ісінуі

- қышыну, эритема, терінің құрғауы, алопеция, фотосенсибилизация реакциялары

- буындардың ісінуі

- қызба, әлсіздік, қалтырау, дірілдеу, түнгі тершеңдік, ентігу

- мұрыннан қан кету

- шаштың түсуі, таздану

- дене салмағының азаюы

Кейде

- сепсис, пневмония

- қарапайым герпес, белдемелі герпес, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, целлюлит, синусит

- дегидратация, қатты тершеңдік

- гиперурикемия, подагра

- гипокалиемия, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипофосфатемия

- тәбеттің бұзылуы: артуы немесе төмендеуі

- бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, жадының бұзылуы

- депрессия, үрейленгіштік, либидоның төмендеуі

- көздің тітіркенуі, көз коньюнктивасына қан құйылу, блефарит, макулярлық ісіну, фотосенсибилизация реакциялары

- вертиго, құлақтағы шуыл, естудің төмендеуі

- жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия; артериялық гипертензия, гипотензия, бет гиперемиясы

- өкпенің ісінуі

- аяқ-қолдың салқындауы, Рейно синдромы

- жөтел, плевральді жалқық, фаринго-ларингеальді ауыру

- стоматит, дисфагия, эзофагит, кекіру, асқазан ойық жарасы, панкреатит, асқазан-ішектен қан кетулер, қан құсу, ішектің бітелуі, ішектің тесілуі, асцит, мелена

- геморрагиялық инсульт

- сарғаю, гепатит, гипербилирубинемия

- петехиялар, қан тебулер, гематомалар, геморрагиялар

- тырнақтардың зақымдануы, пурпура, гипотрихоз, хейлит, гиперпигментация, псориаз, эксфолиативті дерматит және буллезді бөртпе, есекжем

- ишиас, буынның және бұлшықеттің сіресуі, радикулит, шеткері нейропатия, «шаршаған аяқ» синдромы, тремор, буындардың ісінуі

- бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек тұсының ауыруы, несептің бөлініп шығуының күшеюі, гематурия

- гинекомастия, сүт бездерінің ұлғаюы, емізікшелердің ауыруы, меноррагиялар, ұманың ісінуі, етеккір оралымының бұзылуы, эректильді дисфункция, сексуальді дисфункция

- қатты дімкәстік

- дене температурасының жоғарылауы (гипертермия)

Сирек

- сананың шатасуы, жадының бұзылуы, естен тану

- геморрагиялық инсульт

- шеткері нейропатия, гипостезия, ұйқышылдық, құрысулар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, бас сақинасы

- папилоэдема, ретинальді геморрагия, шыны тәрізді денедегі геморрагиялар, дискінің ісінуі, көру жүйкесінің ісінуі, глаукома, катаракта

- есту және вестибулярлы бұзылулар

- жыпылықтаушы аритмия, жүрекше фибрилляциясы, перикардиальді жалқық, перикардит, жүрек тампонадасы, тромбоз/эмболия, стенокардия, миокард инфарктісі, жүректің тоқтап қалуы

- пневмофиброз, интерстициальді пневмония, өкпе гипертензиясы, өкпелік қан кету

- колит, дивертикулит, илеус, ішектің қабынуы, ішектің бітелуі, ісіктік қан кетулер/ісіктік некроз, ішектің тесілуі

- панкреатит

- бауыр жеткіліксіздігі, некроздық гепатит

- ангионевроздық ісіну, везукулярлы бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокласттық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі

- асептикалық некроз/сан остеонекрозы

- анасарка

Өте сирек

- мидың ісінуі, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, конвульсиялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- иматинибке және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі - 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын мыналармен бірге қолданғанда:

- Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін препараттармен (мысалы кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин) – қан плазмасында иматиниб концентрациясы артуы мүмкін. Иматиниб және кетоконазолды бір мезгілде бір рет қолданғанда Cmax 26%-ға және AUC 40%-ға артқандығы жөнінде мәлімдемелер бар;

- CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттармен (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал, немесе шайқурай препараттарымен (hypericum perforatum) – иматинибтің әсері әлсіреуі мүмкін. Рифампицин немесе СYР 3А4 басқа да индукторлары тағайындау ұсынылған пациенттерге ферменттерді индукциялау қабілеті аз баламалы емдік дәрілер қарастырылуы тиіс;

- симвастатинмен – иматиниб симвастатиннің Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 2 және 3.5 есе арттырады;

- варфаринмен – протромбиндік уақыттың ұзаруы байқалған.

Варфаринге балама ретінде гепариннің төмен молекулалы туындыларын пайдалану жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

- кумарин туындыларымен – иматинибмен емдеудің басында және соңында, сондай-ақ ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 дозалау режимін өзгерткенде протромбиндік уақытты қысқа мерзім мониторингілеу қажет.

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 СYP3A4 метаболизденген басқа да дәрілік заттардың (мысалы, триазол-бензодиазепиндер, кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік, бөгегіштері, ГМГ-КоА – редуктаза тежегіштері) қан плазмасындағы концентрацияларын арттыруы мүмкін.

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментін CYP3A4 тежейтіндей концентрацияларда тежейді. Осыған орай, ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратымен бірге қолданғанда CYP2D6 изоферментінің субстраттары болып табылатын препараттардың әсерлері күшеюі мүмкін екендігін ескеру керек. Препарат парацетамол/ацетаминофеннің О-глюкуронидациясын тежейді.

α-аспарагиназамен біріктірілген химиялық ем құрамында α-тироксинмен тиреоидэктомиядан кейін иматинибті және CYP3A4 субстраттары болып табылатын және тар ауқымды емдік концентрацияға ие препараттармен (мысалы, циклоспоринмен немесе пимозидпен) бір уақытта қолданғанда сақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстар пайда болу қаупін азайту мақсатында препаратты тамақтану кезінде судың мол мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн.

Осыған орай, иматинибті қолданғанда 1-2% жағдайларда сұйықтықтың айқын іркілуі (плевральді жалқық, шеткергі ісінулер, өкпе ісінуі, асцит) байқалған, сондықтан пациенттердің салмағын тұрақты өлшеп отыру ұсынылады. Дене салмағы кенеттен жылдам артқанда науқасты тексеруден өткізіп, тиісті демеуші ем мен күтім тағайындаған жөн.

Бүйрегінің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге немесе гемодиализ емшарасын ұдайы жүргізгенде ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын абайлап тағайындау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер . Иматиниб ең алдымен бауырда метаболизденетіндіктен, бауыр функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерге ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын ең аз тәуліктік дозада – 400 мг тағайындау керек. ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратын тағайындаған кезде, ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 химиялық препараттардың жоғары дозаларымен Ph+-ЖЛЛ бар пациенттерде біріктіріп емдегенде сақ болған жөн, өйткені гепатоуыттылық әсерлері, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр функциясының транзиторлы бұзылуының пайда болғаны байқалды, сондай-ақ гепатоциттер некрозының және жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, сондықтан бауыр функциясының (трансаминазалар, билирубин, сілтілік фосфатаза) көрсеткіштерін анықтау үшін қанның биохимиялық талдауларын ұдайы бақылау ұсынылады. Жағымсыз уытты әсерлер пайда болған жағдайда ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 дозасын азайту немесе препаратты уақытша тоқтату ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер . Иматинибтің және оның метаболиттерінің шығарылуында бүйрек айтырлықтай рөл атқармайды. Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа пациенттерде ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратымен емдеуді ең аз тиімді дозадан – тәулігіне 1 рет 400 мг-ден бастау керек. Алайда бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде немесе гемодиализ емшарасын ұдайы жүргізуде иматинибті қолдану тәжірибесі шектеулі болғанымен, бұл санаттағы науқастарды ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 мен емдеуді сондай-ақ тәулігіне 1 рет 400мг-ден бастауға болады. Препаратты көтере алмаушылықта алғашқы доза төмендетілуі, ал тиімділігі жеткіліксіз болғанда – арттырылуы мүмкін.

ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 емдеуде шеткері қанға толық клиникалық талдау жүйелі түрде жүргізу керек. Созылмалы миелолейкозы бар науқастарға препаратты қолдануда нейтропения, гиперэозинофилия және тромбоцитопения байқалған, алайда олардың пайда болуы аурудың фазасына байланысты. Бласттық кризде және акселерация фазасында бұл жағымсыз құбылыстар аурудың созылмалы фазасына қарағанда жиі кездеседі.

Миелодисплазиялық/миелопрофилерациялық аурулар, эозинофилдердің жоғары деңгейімен астасуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде препаратты уақытша тоқтату немесе дозаны азайту ұсынылады.

Жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттер. Гиперэозинофилия синдромы және жүрек ауруы бар пациенттерде кардиогенді шоктың, сол жақ қарынша жеткіліксіздігі дамуының жекелеген жағдайы байқалған. Бұл жағымсыз құбылыстар жүйелік глюкокортикостероидтарды енгізгеннен, қан айналымын демеуге бағытталған шараларды қолданғаннан және ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 уақытша тоқтатқаннан кейін басылады.

МДС/МПА бар және эозинофилдер деңгейі жоғары пациенттерде ЭКГ-зерттеулер жүргізу және қан сарысуында тропониннің деңгейін анықтау керек. Емдеудің басында нормадан ауытқулар байқалғанда ИММУТИН®100 және ИММУТИН®400 препаратымен бірге бір мезгілде 1-2 апта бойы жүйелі глюкокортикостероидтарды (1-2мг/кг) қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

ГИСІ бар пациенттерде (5,4%) АІЖ қан кетулер және 2,7% пациенттерде ісік метастаздары орындарында қан кетулер байқалған. Ісік ошақтарының орналасуына қарай құрсақішілік, сондай-ақ бауырішілік ісіктік геморрагиялар байқалған.

Левотироксинмен алмастыратын емді алып жүрген және тиреоидэктомияны бастан өткерген пациенттерде, Иматинибті қолдану аясында гипотиреоздың дамуы жөнінде хабарлар бар болғандықтан, бұл санаттағы науқастарға тиреотропты гормон деңгейін анықтауды тұрақты жүргізу керек.

Педиатрияда қолдану

2 жасқа дейінгі балаларға емдеудің клиникалық тәжірибесі шектеулі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі уақытта жүкті әйелдерде иматинибті қолдану бойынша деректер жоқ. Ұрпақ өрбіту функциясына уытты әсері анықталған, алайда шарана үшін зор қаупі белгісіз. ИММУТИН®100 немесе ИММУТИН®400 жүктілік кезінде, егер мұның өмірге қажетті жағдайын қоспағанда тағайындамау керек, алайда шарана үшін мұндай жағдайда зор қауіптің бар екендігі жөнінде пациентке ескерту керек. Бала туу жасындағы әйелдер ИММУТИН®100 немесе ИММУТИН®400 препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану керек.

ИММУТИН®100 немесе ИММУТИН®400 препаратын қабылдап жүрген әйелдер бала емізуді тоқтатулары керек.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ИММУТИН®100 немесе ИММУТИН®400 препаратымен емделу кезінде пациенттерді естен тану немесе анық көрмеу сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігі жөнінен хабардар ету керек, сондықтан автокөлікті немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, бас ауыру, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, гипертермия, бөртпелер, эритема, эдема, ісіну, қажу, тромбоцитопения, панцитопения, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, асцит, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің артуы, бұлшықет құрысулары.

Препараттың артық дозалануының жекелеген жағдайы жөнінде хабарлар бар. Бір жағдайда 1200 мг дозада иматинибті 6 күн бойы қабылдағанда СМЛ бар пациенттерде бласттық криз фазасында жағымсыз әсерлерден төмендегілер байқалды: қан сарысуындағы креатинин деңгейінің 1 дәрежелі жоғарылауы, 2 дәрежелі асцит, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, 3 дәрежелі билирубин деңгейінің артуы. Сондай-ақ, 6 күн бойы тәулігіне 1600 мг дозада иматинибті қабылдағаннан кейін бұлшықеттің қатты құрысуларының дамығаны жөнінде хабарлар бар.

Емі: медициналық бақылау және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. ИММУТИН®100 немесе ИММУТИН®400 препаратының антидоты белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті мөлдір үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан (100 мг доза үшін) немесе 5 таблеткадан (400 мг доза үшін) салынған.

1, 6 немесе 12 пішінді ұяшықты қаптамадан (100 мг доза үшін) немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан (400 мг доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы:  nobel@nobel. kz

Прикрепленные файлы

879102901477976166_ru.doc 137 кб
002779391477977461_kz.doc 185 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники