Ерадиком

МНН: Флуконазол
Производитель: Протек Биофарма ПВТ Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017871
Информация о регистрации в РК: 09.08.2021 - 09.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ерадиком

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 150.0 мг флуконазол,

қосымша заттар: лактоза, крахмал, тазартылған тальк, натрийдің метилпарагидроксибензоаты, натрийдің пропилпарагидроксибензоаты

капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Қақпағы және ақ немесе ақ-сұр түсті корпусы бар қатты желатин капсулалар.

Капсула ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флуконазол ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Тамақты бір мезгілде қабылдау сіңуге әсер етпейді. Биожетімділігі 90%-дан асады. Флуконазол организмнің тіндері мен мүшелерінде кең таралады. Оның емшек сүтіндегі, буын сұйығындағы, сілекейдегі, қақырықтағы, қынап секретінде және перитонеальді сұйықтықтағы концентрациялары қан плазмасындағы осындай нұсқаларға ұқсас. Жұлын сұйықтығындағы концентрациясы ми қабықтарында қабынудың болуына байланыссыз қан плазмасындағы деңгейдің 50-90%-ын құрайды. Мүйізгекті қабатта, эпидермисте, дерма мен тер сұйықтығында концентрациялар қан плазмасындағы концентрациядан асатын мәндерге жетеді.

Плазма ақуыздарымен 11-12% байланысады. Бастапқы тәуліктік дозадан екі есе асып кететін екпінді дозаның (бірінші күні) енгізілуі екінші күнге қарай 90% Сss -ке сәйкес келетін деңгейге жетуге мүмкіндік береді.

Флуконазол метаболиттері шеткергі қаннан табылған жоқ.

Жартылай шығарылу кезеңі 22-30 сағатты құрайды. Бүйрек арқылы шығарылады. Енгізілген дозаның 80%-ы өзгеріссіз күйде шығады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне пропорционалды. Айналымдағы метаболиттер табылған жоқ.

Фармакодинамикасы

Ерадиком - триазол туындылары тобындағы зеңге қарсы дәрі. Ол беткейлік және жүйелі зеңдік инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Зеңдік жасушаның 14α-деметилаза ферментін тежейді, соның салдарынан жасуша кенересінің өткізгіштігін бұза отырып, эргостерол синтезі бәсеңдейді. Candida spp., Microsporum spp., Cryptococcus neoformans, Trichophyton spp., Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis және Histoplasma capsulatum-ге қатысты белсенді.

Флуконазол бауыр ферменттерінің белсенділігіне әсер етпейді. Зеңдердің Р450 цитохромын іріктеп табуы жоғары, адам мүшелеріндегі осы энзимдерді бәсеңдетпейді; аздаған дәрежеде адам бауырының микросомаларында Р450 цитохромына тәуелді тотықтандыру үдерістерін (басқа зеңге қарсы препараттармен салыстырғанда) тежейді.

Қолданылуы

- криптококкозда, криптококктік менингитті және басқа да жерлерге (мысалы, өкпеге, теріге) орныққан инфекцияларды қоса, соның ішінде иммундық жауабы қалыпты науқастарда және ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда, ағзалары алмастырылып салынған реципиенттерде және иммун тапшылығының басқа да түрлері бар науқастарда; ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококкоздің қайталануының профилактика мақсатында демеуші ем ретінде

- жайылған кандидозда, кандидемияны қоса, диссеминирленген кандидозда және инвазиялық кандидозды инфекциялардың басқа да түрлерінде, мысалы, құрсақ, эндокард, көз, тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекцияларында, соның ішінде қатерлі ісіктері бар, қарқынды емдеу бөліміндегі, цитостатикалық немесе иммуносупрессиялық емдеу курсын қабылдап жүрген науқастарда, сондай-ақ кандидоздың пайда болуына бейім ететін басқа да факторлары бар науқастарда

- шырышты қабықтардың, жұтқыншақтың, өңештің кандидозында, инвазиялық емес бронхөкпе инфекцияларында, кандидурияда, иммундық функциясы қалыпты және төмендеген науқастарда

тері-шырышты және созылмалы атрофиялық кандидозында, ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда орофарингеальді кандидоздың қайталануының профилактикасында

- генитальді кандидозда, жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидозда, қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін азайту мақсатындағы профилактикасында (жылына 3 және одан көп көріністер), кандидозды баланитте

- цитоуыттық химиялық емдеу немесе сәулемен емдеу нәтижесінде инфекциялардың пайда болуына бейім, қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда зеңді инфекциялардың профилактикасында

- дерматомикозда, табан, кеуде, аяқ-қол тегіс терісінің микоздарын қоса алғанда, кебекті теміреткіде, онихомикозда және терінің кандидоздық инфекцияларында

- иммунитеті қалыпты науқастардағы терең эндемиялық микоздарда, кокцидиоидомикозда, паракокцидиоидомикозда, споротрихозда және гистоплазмозда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Доза жеке-дара таңдалады.

Емді екпенің және басқа да зертханалық зерттеулердің нәтижесін алғанға дейін бастауға болады. Алайда инфекцияға қарсы емді бұл зерттеулердің нәтижелері белгілі болғанда тиісті түрде өзгерту керек.

Ерадикомның тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына тәуелді.

Көп реттік дозамен емдеуді талап ететін инфекция түрлері үшін ем клиникалық және зертханалық көрсеткіштер белсенді зеңдік инфекцияның өткенін көрсеткенше жалғасуы тиіс. Емнің талапқа сай емес ұзақтығы инфекция жаңғыруына алып келуі мүмкін. ЖИТС-пен және криптококкты менингиті немесе қайталанатын орофарингеальді кандидозы бар науқастар әдетте ауру қайталануын болдырмас үшін демеуші емді қажет етеді.

Флуконазолдың күн сайынғы дозасы зеңдік инфекцияларының сипаты мен ауырлық дәрежесіне негізделуі тиіс.

Ересектерде қолданылуы

1. Криптококкты менингитте және орналасуы басқа криптококктық инфекцияларда бірінші күні әдетте 300 мг (тәулігіне 1 рет 2 капсуладан) тағайындайды, ал содан кейін емді тәулігіне бір рет 150 мг дозада жалғастырады. Криптококкты инфекцяларды емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсер болуына байланысты; криптококкты менингитте емдеуді әдетте 6-8 апта жалғастырады.

ЖИТС-пен науқастарда криптококктық менингит қайталануының профилактикасы үшін Ерадикомның ұсынылатын дозасы 1500 мг/тәулік.

2. Кандидемияда, диссеминирленген кандидозда және басқа да инвазиялық кандидозды инфекцияларда доза әдетте бірінші күні 300 мг ( 2 капсуладан), содан кейін 150 мг/тәулік құрайды. Емнің ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсерге тәуелді.

3. Орофарингеальді кандидозда препаратты тәулігіне бір рет 150 мг тағайындайды. Қайталану ықтималдығын төмендету үшін емді 2 апта бойына жалғастырады.

Ерадикомның біріншілік емінің толық курсы аяқталғаннан кейін ЖИТС бар науқастарда орофарингеальді кандидоз қайталануының профилактикасы үшін аптасына бір рет 150 мг тағайындайды.

4. Қынаптық кандидозда Ерадиком 150 мг дозада бір рет ішке тағайындайды. Қынаптық кандидоздың профилактикасы үшін препаратты айына бір рет 150 мг дозада қолдануға болады. Емнің ұзақтығы жеке анықталады, ол 4 айдан 12 айға дейін ауытқиды.

Кандидозды баланитте Ерадикомды ішке бір рет 150 мг дозада тағайындайды.

5. Зеңдік инфекциялардың профилактикасы үшін қатерлі ісігі бар науқастарда Ерадикомның ұсынылатын дозасы зеңдік инфекциялардың даму қаупі дәрежесіне байланысты тәулігіне бір рет 150-300 мг құрайды. Жайылған инфекциялардың жоғары қаупі бар, мысалы, айқын немесе ұзақ сақталатын нейтропениясы бар науқастар үшін, ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 300 мг құрайды.

6. Табан, тегіс тері, шап аумағы микоздарын қоса, тері микоздарында ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг құрайды. Емнің ұзақтығы әдетте 2-4 аптаны құрайды, алайда табан микоздарында ұзағырақ ем (6 аптаға дейінгі) талап етілуі мүмкін.

Кебек тәрізді теміреткіде ұсынылатын доза 2 апта бойына аптасына бір рет 300 мг құрайды, кейде үшінші доза аптасына - 300 мг талап етілуі мүмкін, сонымен бірге кейбір науқастар үшін 300 мг бір рет қабылдау жеткілікті болады.

Онихомикозда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг құрайды. Емді дені сау тырнақ пластинкасы толық пайда болғанға дейін жалғастыру керек. Қол саусақтарында және аяқта тырнақтың қайта өсуі үшін әдетте тиісінше 3-6 ай және 6-12 ай қажет болады. Алайда өсу жылдамдығы әртүрлі адамдарда, сондай-ақ жасына қарай кең ауқымды диапазонда ауытқуы мүмкін. Ұзақ сақталған созылмалы инфекцияны табысты емдегеннен кейін кейде тырнақ пішіні өзгерісі бақыланады.

7. Терең эндемиялық микоздарда препаратты 150-300 мг/тәулік дозада қолдану талап етілуі мүмкін. Емнің ұзақтығы жеке-дара анықталады.

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі белгілері болмағанда препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы

Бір рет қабылдағанда доза өзгерту талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда препаратты көп рет қолданғанда бастапқыда 150 мг-ден 300 мг дейінгі екпінді доза енгізу керек, осыдан кейін тәуліктік дозаны (көрсетілімге қарай) келесі кестеге сәйкес анықтайды:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылатын доза пайызы

>50

≤50 (диализсіз)

Ұдайы диализ

100%

50%

100% әрбір диализден кейін

Балаларда қолданылуы

Ересектердегі сияқты, ұқсас инфекцияларда емнің ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсерге тәуелді.

Ересектерге арналған ең жоғары күн сайынғы доза балаларда жоғарылатылмауы тиіс. Ерадиком күн сайын бір реттік дозада қабылданады. Шырышты қабықтардың кандидозында 6 жас және одан үлкендерде Ерадиком дозасы 3 мг/кг/тәулік құрайды. Бірінші күні тұрақты тепе-тең концентрациясына жылдамырақ жету мақсатында 6 мг/кг екпінді доза тағайындалуы мүмкін.

Жайылған кандидозды және криптококкты инфекцияны емдеу үшін ұсынылатын доза ауру ауырлығына қарай 6-12 мг/кг/тәулік құрайды.

Цитоуытты химиялық ем немесе сәулелік ем қабылдайтын, нейтропения салдарынан қауіп тобында саналатын, иммунитет тапшылығы бар науқастарда зеңдік инфекциялардың профилактикасы үшін препаратты айқындығы және индукцияланған нейтропения сақталу ұзақтығына қарай 3-12 мг/кг/тәулік тағайындайды.

Егде жастағыларда қолданылуы

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмағанда препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдану

Бір рет қабылдағанда доза өзгерту талап етілмейді. Балаларды қоса, бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда препаратты көп рет қолданғанда бастапқыда 150 мг-ден 300 мг дейінгі екпінді доза енгізу керек, содан соң тәуліктік дозасын (көрсетілімдерге қарай) келесі кестеге сәйкес анықтайды:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылатын доза пайызы

>50

≤50 (диализсіз)

Ұдайы диализ

100%

50%

100% әрбір диализден кейін

Ұдайы диализдегі науқастар әрбір диализден кейін ұсынылған дозаның 100% қабылдауы тиіс; диализ жүргізілмейтін күндері науқастар қысқартылған дозаны олардың креатинин клиренсіне сәйкес қабылдауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Флуконазолдың жағымдылығы әдетте жақсы

Жиі ( ≥1/100 – <1/10 дейін)

- бас ауыру

- жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- сілтілік фосфатаза деңгейінің, аминотрансферазаның (АЛТ және АСТ) сарысулық деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Жиі емес (≥1/1,000 – ≤1/100 дейін)

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәмнің өзгеруі

- вертиго

- диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, есекжем, қатты терлеу

- миалгия

- шаршау, дімкәстік, әлсіздік, қызба

Сирек ( ≥1/10,000 – ≤1/1,000 дейін)

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • анафилаксия, ангионевроздық ісіну

  • гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

  • тремор

  • тахикардия, қарыншалардың дірілдеуі/жыпылықтауы, QT аралығының артуы

  • диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

  • гепатоуыттылық, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдар

  • уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, денеге жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, алопеция

ЖИТС немесе обыры бар науқастарда Дифлюканмен*және соған ұқсас препараттармен емдеген кезде қан көрсеткіштерінің, бүйрек пен бауыр функцияның өзгерістері байқалды, алайда осы өзгерулердің клиникалық мәні және олардың емдеумен байланысы анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға және триазолды қосылыстарға жоғары сезімталдық

- терфенадин, цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гидрохлоротиазид: гидрохлоротиазидті және Флуконазолды бір мезгілде қолдану плазмада Ерадиком концентрациясын 40%-ға арттырады. Осы арттырудың әсері диуретиктерді қатарластыра қабылдап жүрген пациенттерде Ерадиком дозасын өзгертуді қажет етпейді.

Рифампицин: Ерадиком мен рифампицинді бір мезгілде қолдану AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) мәнінің 25%-ға төмендеуіне және Ерадикомның жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға төмендеуіне әкеледі. Рифампицинмен қатарластыра ем қабылдап жүрген науқастарда Ерадиком дозасын арттыру қажет.

Ерадикомның басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Ерадиком P450 (CYP) 2C9 цитохромы изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген өзара әрекеттесуден басқа, Ерадикоммен бір мезгілде қолданғанда CYP2C9 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін басқа да қосылыстардың плазмалық концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан, осы біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытқан жөн, ал науқастарды мұқият бақылауға алу қажет. Ерадикомның фермент-тежегіш әсері, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты, Ерадикоммен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4-5 күн сақталады.

Альфентанил: Ерадикоммен бір мезгілде емдегенде клиренсінің және таралу көлемінің төмендегені, сондай-ақ альфентанилдің T½ (жартылай шығарылу кезеңі) ұзарғаны байқалады. Әсер етуінің ықтимал механизмі CYP3A4 ферментін Ерадикоммен тежеу болып табылады. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Ерадиком амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин біріктірілген емнің басында және бір аптадан кейін өлшенуі мүмкін. Егер қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозалары түзетілуі тиіс.

Амфотерицин В: Ерадиком мен амфотерицин В бір мезгілде қолдану иммунитеті қалыпты және әлсіреген, жұқпа жұқтырған тышқандарда келесі нәтижелерді көрсетті: C. albicans әсерінен болған жүйелік инфекцияларда зеңге қарсы аздаған қосымша әсер, Cryptococcus neoformans әсерінен болған бассүйекішілік инфекцияларда ешқандай өзара әрекеттесулер, A. fumigatus әсерінен болған жүйелік инфекцияларда екі препараттың антагонизмі. Осы зерттеулерде алынған клиникалық тұрғыдан маңызды нәтижелер белгісіз.

Антикоагулянттар: Ерадикомды варфаринмен бір мезгілде қолданғанда протромбинді уақытты (12%) арттырады. Маркетингтен кейінгі зерттеулерде, зеңге қарсы басқа да азольді препараттардағы сияқты, Ерадикомды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған науқастарда протромбинді уақыттың артуымен байланысты қан кету көріністерінің (гематомалар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішек жолынан қан кету, гематурия және мелена) болғаны жөнінде мәлімделді. Кумаринді қатардың антикоагулянттарын қабылдап жүрген науқастарда протромбинді уақытты мұқият бақылау қажет. Варфарин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: Ерадиком мен азитромицин арасында ешқандай фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі): мидазоламмен бір мезгілде қолданғанда, Ерадиком мидазолам концентрациясының елеулі артуына және психомоторлы әсерлерге әкеп соғады. Мидазоламға бұл әсер Ерадикомды көктамыр ішіне енгізгеннен гөрі, пероральді түрде қабылдағаннан кейін өте айқын болды. Егер Ерадиком қабылдап жүрген науқастарға бензодиазепиндермен қатарластыра ем жүргізу қажет болса, бензодиазепиндердің дозасын төмендету, ал науқастарды мұқият бақылауға алу қажет

Ерадиком, триазоламның метаболизмі тежелетіндіктен, триазоламның (бір реттік доза) AUC мәнін шамамен 50%-ға, Cmax 20-32%-ға және t½ 25-50%-ға арттырады. Триазолам дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Карбамазепин: Ерадиком карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының сарысудағы концентрациясын 30%-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың пайда болу қаупі бар. Карбамазепиннің өлшенген концентрациясына/әсеріне қарай, оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Ерадиком кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсеріне жиі мониторинг керек.

Флуконазолда кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерінің жоғарылау потенциалы бар. Жағымсыз құбылыстарына жиі мониторинг жасау керек.

Целекоксиб: Ерадикоммен (тәулігіне 150 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатарластыра емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC мәндері тиісінше 68%-ға және 134%-ға артты. Ерадикоммен біріктірілген целекоксибтің жарты дозасы қажет болуы мүмкін.

Циклоспорин: Ерадиком циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Бұл біріктірілім циклоспориннің дозасын, оның концентрациясына байланысты, төмендету арқылы пайдаланылуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамидті және Ерадикомды біріктіріп емдеу қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Біріктірілім қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейлерінің арту қаупі пайда болғанша пайдаланылуы мүмкін.

Фентанил: Ерадиком фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртеді. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін.

Галофантрин: Ерадиком плазмада, CYP3A4-те тежегіш әсеріне байланысты, галофантриннің концентрациясын арттыруы мүмкін.

A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоA-редуктазаның) тежегіштері: Ерадиком ГМГ-КоA-редуктазаның CYP3A4 арқылы метаболизденетін, аторвастатин және симвастатин сияқты, немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін, флувастатин сияқты тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде, миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) пайда болу қаупі артады. Егер қатарлас ем қажет болса, науқас миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына бақылануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды, егер креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы байқалса, немесе егер миопатия/рабдомиолиздің пайда болғаны анықталса немесе оған күдік бар болса, тоқтатқан жөн.

Лозартан: Ерадиком лосартанның, Лозартанмен емдеу кезінде ангиотензин ІІ рецепторлары антагонизмінің үлкен бөлігі үшін жауап беретін белсенді метаболитке (Е-31 74) метаболизденуін тежейді. Науқастар артериялық қысымды ұдайы бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Ерадиком қан сарысуында метадонның концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофеннің өзімен ғана емдеумен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тиісінше, 23%-ға және 81%-ға артады. Осыған ұқсас, Ерадиком ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде (400 мг) тағайындалғанда, соңғысының өзімен ғана емдеумен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC мәндері тиісінше 15%-ға және 82%-ға артты.

Ерадиком CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсер мен уыттылыққа жиі мониторинг жүргізу керек. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: Ерадикомның 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі ықпалы байқалған жоқ, сол кезде тәуліктік 150 мг дозадағыдай, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан), тиісінше, 40%-ға және 24%-ға арттырылды. Осылайша, Ерадикомды осындай дозаларда көп рет қолданудың ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттардың тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.

Фенитоин: Ерадиком фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Бір мезгілде қолданғанда, фенитоиннен уыттануға жол бермеу үшін, қан сарысуындағы фенитоин концентрациясы тексерілуі тиіс.

Преднизон: Ерадикоммен және преднизонмен ұзақ уақыт емделіп жүрген науқастар, Ерадиком қабылдауды тоқтатқаннан кейін, бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігін анықтау үшін бақылауда болуы тиіс.

Рифабутин: Ерадикоммен бір мезгілде қолдану қан сарысуында рифабутин деңгейінің 80%-ға дейін жоғарылауына әкеледі. Ерадиком мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеиттің пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Рифабутин мен Ерадикомды бір мезгілде қабылдап жүрген науқастардың жағдайын мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: Ерадиком саквинавирдің AUC мәнін шамамен 50%-ға, Cmax шамамен 55%-ға арттырады және, CYP3A4 арқылы саквинавирдің бауырлық метаболизмін тежеу және Р-гликопротеинді тежеу арқылы, саквинавир клиренсін шамамен 50%-ға азайтады. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сиролимус: Ерадиком сиролимустың плазмалық концентрациясын, шамамен, сиролимус метаболизмін CYP3A4 және Р-гликопротеинмен тежеу арқылы арттырады. Бұл біріктірілім, өлшенген әсеріне/концентрациясына қарай, сиролимус дозасын түзеткенде пайдаланылуы мүмкін.

Сульфонилмочевина: Ерадиком сульфонилмочевинаның пероральді препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда сарысудан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту керек.

Такролимус: Ерадиком пероральді түрде қабылдағанда такролимустың сарысулық концентрациясын, CYP3A4 арқылы ішекте такролимустың метаболизмін тежеу есебінен, 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты көктамыр ішіне енгізгенде ешқандай елеулі фармакокинетикалық өзгерулер байқалған жоқ. Такролимус деңгейін арттыру нефроуыттылықпен байланысты болды. Пероральді такролимусты дозалау препарат концентрациясына байланысты төмендетілуі тиіс.

Теофиллин: 150 мг Ерадикомды 14 күн бойы қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкеледі. Ерадиком мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген науқастарды, немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғарылаған науқастарды, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, мұқият қадағалауға алу қажет; олар пайда болған жағдайда емдеуді тиісінше өзгерткен жөн.

Қабіршөп алкалоидтары: Ерадиком қабыршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттыруы және, CYP3A4 тежегіш әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін.

А витамині: Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ пациенттер ОЖЖ байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында бақыланғаны жөн.

Зидовудин: Ерадиком, пероральді түрде қабылданғанда зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуіне байланысты, зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін тиісінше 84%-ға және 74%-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі Ерадикоммен біріктіріп емдегеннен кейін шамамен 128%-ға ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген науқастар, зидовудинді қабылдаумен байланысты, жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Тофаситиниб: тофаситинибті CYP3А4 орташа тежелуіне, сонымен қатар CYP2С9 күшті тежелуіне әкелетін дәрілермен (флуконазол) бір мезгілде қабылдағанда әсері жоғарылайды.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіштері): вориконазолды ішу арқылы (400 мг әрбір 12 сағатта 1 күні, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағатта 200 мг) және ішу арқылы Ерадикомды (150 мг 4 күн бойы) бір мезгілде қолдану вориконазолдың концентрациясы және AUC орташа тиісінше 57% (90% C1: 20%, 107%) және 79% (90% CI: 40%, 128%), ұлғаюына әкелді. Вориконазолды және Ерадикомды кез келген дозада бір мезгілге тағайындау ұсынылмайды.

Ерадикомның пероральді түрлерінің оны тағаммен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстырып салу үшін денені тотальді сәулелендіруден кейін, өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер бұл факторлардың Ерадикомның сіңуіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейтіндігін көрсетеді.

Ерадикомның басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі жөнінде зерттеулер әлі жүргізілген жоқ, бірақ мұндай өзара әрекеттесулер пайда болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сирек жағдайларда Ерадиком препаратын қолдану, негізінен, қатарласқан аурулары бар науқастарда бауырдағы уыттық өзгерістермен, соның ішінде өліммен қатар жүрді. Ерадиком гепатоуыттық әсері әдетте қайтымды болды, емдеуді тоқтатқаннан кейін оның белгілері жоғалады. Ерадикоммен емделу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштері бұзылған науқастарды бауырдың зақымдану белгілерін анықтау мақсатында бақылауға алу қажет. Ерадиком қолданумен байланысты болуы мүмкін бауыр зақымдарының клиникалық белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.

Ерадиком сирек жағдайларда анафилаксиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Ерадиком препаратымен емделу кезінде науқастарда сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакциялары пайда болды. ЖИТС-ке шалдыққан науқастар көптеген препараттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына өте бейім болады. Науқастарда беткейлік зеңді инфекциялар болған жағдайларда Ерадиком қолданумен байланысты болуы мүмкін бөртпе пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатқан жөн. Инвазиялық/жүйелік зеңді инфекциялары бар науқастарда бөртпе пайда болған кезде оларды мұқият бақылаған және буллезді зақымдар немесе көп формалы эритема пайда болған кезде Ерадиком қабылдауды тоқтатқан жөн.

Ерадиком ЭКГ-да QT аралығын арттыруы мүмкін. Ерадиком қолданғанда QT аралығының артуы және қарыншалардың дірілдеуі/жыпылықтауы жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және осындай бұзылулардың пайда болуына мүмкіндік беретін қатарласқан емдер сияқты көптеген қауіпті факторлары бар науқастарда өте сирек байқалды. Сондықтан проаритмиялық жағдайдағы осындай пациенттерге Ерадиком препаратын абайлап қолданған жөн.

Қынаптық кандидозға байланысты Ерадиком 150 мг қолданғанда, пациенттерге, симптомдардың жақсаруы әдетте 24 сағаттан соң байқалатындығын, бірақ олардың толық жойылуы үшін бірнеше күн қажет болатындығы ескертілуі тиіс. Симптомдар бірнеше күн бойы сақталғанда дәрігерге қаралған жөн.

Флуконазол күшті әсер ететін CYP2C9 тежегіші және орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіші болып табылады. CYP2C9 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік ауқымы қысқа дәрілермен қатарластыра ем қабылдап, флуконазолмен емделіп жүрген науқастар тексерілуі тиіс.

Бауыр, жүрек аурулары бар пациенттер Ерадиком препаратын қолданар алдында дәрігерден кеңес алуы керек.

Ерадиком препаратын бүйрек функциясы бұзылған науқастар абайлап қабылдауы тиіс.

Педиатриялық популяция

Жағымсыз құбылыстардың мысалдары және жағдайлары және балаларда бақыланған қалыптан зертханалық ауытқулар ересектерде бақыланған осындай құбылыстармен салыстырарлық.

Жүктілік және лактация кезеңі

Егер күтілетін пайдасы ұрыққа болжамды қаупінен жоғары болса флюконазол пайдаланылуы мүмкін, ауыр немесе өмір үшін қаупі зор зеңдік инфекциялары бар науқастарды қоспағанда, жүктілік кезінде препаратты пайдаланудан аулақ болу керек.

Бала емізу уақытында пайдаланылуы

Флуконазол емшек сүтінде плазмалыққа ұқсас концентрацияларда табылды, сондықтан бала емізетін аналарға пайдалану ұсынылмайды. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқарғанда немесе техниканы пайдаланғанда сақ болған жөн, өйткені бас айналу немесе құрысулар пайда болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, ауыр жағдайларда – құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, қарқынды диурез, гемодиализ (үш сағаттық гемодиализ плазмадағы препарат концентрациясын шамамен 50%-ға төмендетеді), симптоматикалық терапия.

Шығарылу түрі

1 немесе 3 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Kwality Pharmaceuticals PVT LTD, Үндістан, «Деново импекс» ЖШС қаптаған, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтеген батыр к-сі, 13

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Деново Импекс» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Деново Импекс» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Деново Импекс» ЖШС, Алматы қ., Өтеген батыр к-сі, 13

Тел.: (727) 243 7415 e-mail: denovokz@rambler.ru

 

 

Прикрепленные файлы

695324301477976309_ru.doc 112.5 кб
947645261477977505_kz.doc 134 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники