Доцетаксел -Тева (80 мг)

МНН: Доцетаксел
Производитель: Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Docetaxel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021427
Информация о регистрации в РК: 09.06.2015 - 09.06.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 58 731.53 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Доцетаксел-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доцетаксел

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг және 80 мг концентрат, еріткішпен жиынтықта

Құрамы

1.0 мл концентраттың құрамында

белсенді зат27,73 мг доцетаксел,

қосымша заттар – этанол, полисорбат 80, азот.

Еріткіш инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Сары немесе қоңыр-сары түсті мөлдір, тұтқыр ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Таксандар. Доцетаксел.

АТХ коды L01CD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Доцетакселдің кинетикасы дозаға байланысты емес және жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, 4 мин., 36 мин. және 11,1 сағатқа тең α, β және γ фазаларындағы үшкомпартаментті фармакокинетикалық үлгіге сәйкес келеді. Соңғы фазасы, бір жағынан, доцетакселдің шеткергі компартаменттен біршама баяу шығарылуымен жүзеге асады. 100 мг/м2 дозаны бір сағаттық инфузиямен енгізгеннен кейін плазмада, 4,6 сағ.мкг/мл-ге тең қисық астындағы сәйкес келетін ауданмен (АUС), 3,7 мкг/мл-ге тең орташа ең жоғары концентрацияға жетті. Қанығу сатысындағы жалпы клиренстің және таралу көлемінің орташа көрсеткіштері, сәйкесінше, 21 л/сағ./м2 және 113 л болды. Жалпы клиренс көрсеткішінде жекелей аралық ауытқушылық 50%-ға жуықты құрады. Доцетакселдің 95%-дан астамы плазма ақуыздарымен байланысқа түседі.

Р450 цитохромы арқылы терт-бутил-эфир тобының тотығуынан кейін доцетаксел 7 күн ішінде несеппен және нәжіс массаларымен бірге шығарылды, олардан енгізілген радиоактивтіліктің (14С-доцетаксел), сәйкесінше, 6%-ы және 75%-ы табылды. Нәжіс массаларынан табылған радиоактивтіліктің 80%-ы алғашқы 48 сағат ішінде белсенді емес негізгі бір метаболит және белсенді емес қосымша 3 метаболит түрінде, сондай-ақ өзгеріске ұшырамаған дәрілік заттың өте аз мөлшері түрінде бөлініп шықты.

Доцетакселдің фармакокинетикасы емделушінің жасына және жынысына байланысты емес. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуын (қалыптың жоғарғы шегі ≥ 2,5 болатын сілтілік фосфатаза деңгейі кезінде қалыптың жоғарғы шегі ≥ 1,5 АЛТ, АСТ) көрсететін клиникалық зертханалық талдау көрсеткіштерімен науқастардың аздаған санында жалпы клиренсі орта есеппен 27%-ға төмендеді. Доцетакселдің клиренсі ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі сұйықтық іркілісінде өзгерген жоқ, іркілістің ауыр түрі бар науқастар жөнінде деректер жоқ.

Біріктіріп тағайындағанда доцетаксел доксорубициннің клиренсіне және доксорубицинолдың (доксорубициннің метаболиті) плазмалық деңгейіне ықпалын тигізбейді. Доцетакселдің, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикалық параметрлері оларды бір мезгілде тағайындаған кезде өзгерген жоқ.

Капецитабин доцетакселдің фармакокинетикасына (Сmах және АUС) әсер еткен жоқ және доцетаксел капецитабиннің маңызды метаболиті 5`-ДФУР (5`-DFUR) фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.

Цисплатинмен біріктірілген емді қолданғанда доцетакселдің клиренсі монотерапияда байқалған клиренске ұқсас болды. Доцетаксел инфузиясынан кейін көп ұзамай енгізілген цисплатиннің фармакокинетикалық бейіні цисплатинмен монотерапияда байқалған бейінге ұқсас болды.

Ауқымды ісіктері бар науқастарға доцетакселді, цисплатинді және 5-фторурацилді біріктіріп тағайындау осы дәрілік заттардың бірде-біреуінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Преднизонның дексаметазонмен стандартты премедикациямен бірге тағайындалатын доцетакселдің фармакокинетикасына ықпалы байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Доцетаксел-Тева тубулиннің тұрақты микротүтікшелерге бірігуіне мүмкіндік бере отырып, әсер ететін және олардың ажырауына кедергі жасайтын ісікке қарсы препарат болып табылады, ол бос тубулин санының айқын төмендеуіне әкеледі. Доцетакселдің микротүтікшелерге бірігуі протофиламенттер санын өзгертпейді.

Жасушаларда доцетаксел жасушалардың функциясы үшін өмірлік маңызды – митозда және интерфазада таптырмайтын микротүтікшелік тізбекті үзеді.

Доцетаксел ісік жасушаларының әртүрлі тізбектеріне қатысты, ал клоногенділікке тестілерде ісіктің жаңа белсенділенген жасушаларына қатысты цитоуытты. Доцетаксел-Тева жасушаларда ұзақ уақыт болатын жасушаішілік жоғары концентрацияларға жетеді. Бұдан басқа, доцетакселдің, дәрілік полирезистенттілік генімен реттелетін экспрессиялайтын р-глюкопротеиннің шамадан тыс дәрежесінде, жасушалардың жекелеген (бәрінің емес) тізбектеріне қатысты белсенділік танытатыны анықталды. Доцетаксел-Тева тәуелді емес және адамдағы өршіген трансплантацияланған ісіктерге қатысты кең ауқымда ісікке қарсы белсенділігі бар.Қолданылуы

- сүт безінің обыры

Доцетаксел-Тева препаратының доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілімі лимфалық түйіндері зақымданған, сүт безінің операбельді обыры бар науқастарды адъювантты емдеуге арналған.

Доцетаксел-Тева препаратының доксорубицинмен біріктірілімі бұрын цитоуытты ем қабылдамаған, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Тева монотерапия ретінде тиімді емес цитоуытты емнен кейін сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған. Бұдан бұрынғы химиялық емдеуге антрациклин немесе алкилденген препарат қамтылуы тиіс.

Доцетаксел-Тева препаратының трастузумабпен біріктірілімі бұдан бұрын метастаздарға қатысты химиялық ем қабылдамаған, НЕR-2 экспрессиясы жоғары, сүт безінің обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Тева препаратының капецитабинмен біріктірілімі тиімді емес цитоуытты емнен кейін сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған. Бұдан бұрынғы химиялық емдеуге антрациклин қамтылуы тиіс.

- өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Доцетаксел-Тева бұдан бұрынғы тиімді емес химиялық емнен кейін өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Тева препаратының цисплатинмен біріктірілімі бұрын осындай жағдайға қатысты химиялық ем жүргізілмеген, өкпенің резектабельді емес жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

- қуық асты безінің обыры

Доцетаксел-Тева препаратының преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімі гормональді емге рефрактерлі, қуық астының метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

- асқазанның аденокарциномасы

Доцетаксел-Тева препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі метастаздарға қатысты алдын ала химиялық ем қабылдамаған, асқазанның метастаздық аденокарциномасы, соның ішінде гастро-эзофагеальді бөлімінің аденокарциномасы бар науқастарды емдеуге арналған.

- бас пен мойын обыры

Доцетаксел-Тева препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі бас пен мойынның жергілікті таралған қабыршақты-жасушалық карциномасы бар науқастарды индукциялық емдеуге арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Доцетаксел-Тева препаратын қолдану цитоуытты химиялық емдеумен мамандандырылған бөлімдермен шектелуі тиіс.

Доцетаксел-Тева обырға қарсы химиялық емді қолдануды жете білетін дәрігердің бақылауымен ғана енгізілуі тиіс.

Ұсынылатын дозасы

Сүт безінің обырында, өкпенің ұсақ жасушалы емес обырында, асқазанның обырында, бас пен мойын обырында премедикация 3 күн бойы күніне 16 мг доза (яғни 8 мг-ден күніне 2 рет) дексаметазон сияқты пероральді кортикостероидты препаратты тағайындау болып табылады, егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса, премедикацияға Доцетаксел-Тева препаратын енгізуден 1 күн бұрын кіріседі. Алдын алу мақсатында гематологиялық уыттылықтың даму қаупін ең төменге жеткізу үшін гранулоцитарлы колониястимуляциялаушы факторды (Г-КСФ) қолдануға болады.

Простата обырында преднизонды немесе преднизолонды бір мезгілде қолданатын болғандықтан, премедикацияның ұсынылатын режимі Доцетаксел-Тева препаратымен инфузиядан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын ішілетін 8 мг дексаметазонды құрайды.

Доцетакселді әрбір 3 апта сайын бір сағаттық инфузиямен енгізеді.

Сүт безінің обыры

Зақымданған және зақымданбаған лимфалық түйіндері бар сүт безінің операбельді обырын адъювантты емдеу үшін Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды, 50 мг/м2 доксорубициннен және 500 мг/м2 циклофосфамидтен кейін 1 сағаттан соң, әрбір 3 апта сайын, 6 цикл бойы (ТАЦ режимі) енгізіледі (Емдеу кезінде дозаны түзетуді қараңыз).

Сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеу үшін монотерапия ретінде Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы 100 мг/м2 құрайды. Алғашқы желілік емді жүргізу үшін, 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева препаратын доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктіріп енгізеді.

Трастузумабпен біріктірілімінде Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды, мұндайда трастузумаб апта сайын енгізіледі. Доцетаксел-Тева препаратының алғашқы инфузиясы трастузумабтың алғашқы дозасынан кейін келесі күні тағайындалады. Доцетаксел-Тева препаратының кейінгі дозаларын, егер бұдан бұрын трастузумаб дозасының жағымдылығы жақсы болса, трастузумабпен инфузия аяқталысымен енгізеді. Трастузумабтың дозаларын және енгізу тәсілін трастузумабтың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Капецитабинмен біріктірілімінде Доцетаксел-Тева препаратының әрбір 3 апта сайын ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды, капецитабинмен біріктірілімінде 2 апта бойы, әрі қарай апталық үзіліспен, күніне екі рет 1250 мг/м2 (тамақтанудан кейін 30 минут ішінде) құрайды. Капецитабиннің дозасын дене бетінің ауданын есепке ала отырып есептеуді капецитабиннің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Бұрын химиялық ем қабылдамаған және өкпенің ұсақ жасушалы емес обырына қатысты емделіп жүрген науқастар үшін ұсынылатын дозалау режимі 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева болып табылады, осыдан кейін тікелей 30-60 минут ішінде 75 мг/м2 цисплатин қолданылады. Платинаға негізделген, тиімді емес, алдын ала жүргізілетін химиялық емдеуден кейін монотерапия ретінде емдеу үшін ұсынылатын доза 75 мг/м2-ге тең.

Қуық асты безінің обыры

Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Преднизон немесе преднизолон пероральді түрде, күніне 2 рет, үздіксіз 5 мг-ден тағайындалады.

Асқазанның аденокарциномасы

Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 құрайды, әрі қарай 75 мг/м2 цисплатинмен 1-3 сағаттық инфузияға ұласады (екі инфузия да тек бірінші күні), содан кейін цисплатинмен инфузия аяқталған сәттен бастап 5 күн бойы үздіксіз 24 сағаттық инфузиямен күніне 750 мг/м2 5-фторурацил қолданылады. Емдеуді әрбір 3 апта сайын қайталайды. Цисплатинді енгізумен байланысты антиэметикалық дәрілермен премедикация және тиісті гидратация жүргізу қажет. Алдын алу мақсатында гематологиялық уыттылықтың даму қаупін төмендету үшін Г-КСФ қолданған жөн (Емдеу кезінде дозаны түзетуді де қараңыз).

Бас пен мойын обыры

Антиэметикалық препараттармен премедикация және тиісті гидратация (цисплатинді енгізгенге дейін және кейін) жүргізген жөн. Алдын алатын Г-КСФ-ті гематологиялық уыттылық қаупін азайту үшін пайдалануға болады. Доцетаксел-Тева препаратын алдын алу мақсатында қолданып жүрген барлық науқастар антибиотиктер қабылдайды.

- Әрі қарай радиотерапияға ұласатын индукциялық химиялық емдеу:

Бас пен мойынның операбельді емес, жергілікті таралған қабыршақты-жасушалық карциномасын (БМҚЖК) индукциялық емдеу үшін Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузияда 75 мг/м2 құрайды, одан кейін алғашқы күні 1 сағат бойы 75 мг/м2 цисплатинді енгізеді, содан кейін үздіксіз инфузиямен 5 күн бойы күніне 750 мг/м2 доза 5-фторурацилді енгізеді. Бұл сызбаны әрбір 3 апта сайын 4 цикл ішінде қайталайды. Химиялық емнен кейін сәуле емін жүргізген жөн.

- Әрі қарай химиорадиотерапияға ұласатын индукциялық химиялық емдеу:

Бас пен мойынның жергілікті таралған (техникалық тұрғыдан резектабельді емес, хирургиялық емдеу ықтималдығы және ағзаны сақтау мақсаты болмашы) қабыршақты-жасушалық карциномасы (БМҚЖК) бар науқастарды индукциялық емдеу үшін Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы алғашқы күні бір сағаттық көктамырішілік инфузияда 75 мг/м2 құрайды, оның ізінше 30 минуттан бастап 3 сағатқа дейін 100 мг/м2 цисплатинді енгізеді, содан кейін бірінші күннен төртінші күнді қоса үздіксіз инфузиямен күніне 1000 мг/м2 доза 5-фторурацил енгізеді. Осы сызбаны әрбір 3 апта сайын 3 цикл бойы қайталайды. Химиялық емдеуден кейін ізінше химиорадиотерапия тағайындалуы тиіс.

Цисплатиннің және 5-фторурацилдің дозаларын өзгертуді препараттардың медицинада қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулықтардан қараңыз.

Емдеу кезінде дозаны түзету:

Доцетаксел-Тева препаратын нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 болған кезде қолдану керек.

Доцетаксел-Тева препаратымен емделу кезінде 1 аптадан астам бойы нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм3 болатын фебрильді нейтропения, ауыр немесе кумулятивті тері реакциялары немесе ауыр шеткергі невропатия дамыған жағдайда препарат дозасы 100 мг/м2-ден 75 мг/м2-ге дейін және/немесе 75 мг/м2-ден 60 мг/м2-ге дейін төмендетілуі тиіс. Егер 60 мг/м2 дозада жоғарыда аталған реакциялар қайтпаса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Сүт безі обырының адъювантты емі

Сүт безінің обырына қатысты Доцетаксел-Тева препаратымен, доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ТАЦ) адъювантты ем қабылдаған науқастар жағдайында Г-КСФ жәрдемімен алғашқы алдын алу қажеттілігін екшеген жөн. Фебрильді нейтропениясы және/немесе нейтропениялық жұқпасы бар науқастар үшін Доцетаксел-Тева дозасын барлық келесі циклдерде 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн.

3 немесе 4 дәрежедегі стоматит жағдайында дозаны 60 мг/м2-ге дейін төмендету керек.

Цисплатинмен біріктіріп

Бұдан бұрынғы емдеу курсы кезінде Доцетаксел-Тева препаратының бастапқы дозасы 75 мг/м2 тең болатын, цисплатинмен біріктірілген және тромбоциттер саны 25.000 жасуша/мм3-ден азды құрайтын науқастар үшін, сондай-ақ фебрильді нейтропениясы немесе ауыр гематологиялық емес уыттылығы бар науқастар үшін Таксотер® препаратының дозасын кейінгі циклдерде 65 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Цисплатиннің дозасын түзетуді препараттың медицинада қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулығынан қараңыз.

Капецитабинмен біріктіріп

- капецитабиннің дозасын өзгертуді капецитабиннің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

- капецитабинмен біріктірілген Доцетаксел-Тева препаратымен келесі емдеу сәтінде персистирлейтін, 2 дәрежедегі уыттылықтың алғашқы белгілерінде, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше кейінге қалдыра тұрған жөн; емдеуді бастапқы дозаның 100%-ын қолдана отырып қайта жаңғыртады.

- емдеудің кез келген сатысында 2 дәрежедегі уыттылық қайталап дамығанда немесе 3 дәрежедегі уыттылық алғаш пайда болғанда, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше кейінге қалдыра тұрған жөн, содан кейін Доцетаксел-Тева препаратымен емдеуді 55 мг/м2 дозаны қолдана отырып қайта жаңғыртады.

- уыттылықтың кез келген кейінгі көріністерінде немесе уыттылықтың 4 дәрежесінде Доцетаксел-Тева препаратын енгізуді тоқтатқан жөн.

Трастузумабтың дозасын өзгертуді препараттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктіріп

Егер Г-КСФ қолданылуына қарамастан, фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропении немесе нейтропениямен байланысты жұқпалар орын алса, Доцетаксел-Тева препаратының дозасын 75 мг/м2-ден 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Егер асқынған нейтропения көріністері жалғасса, Доцетаксел-Тева препаратының дозасын 60-тан 45 мг/м2-ға дейін төмендету керек. 4 дәрежедегі тромбоцитопения жағдайында Доцетаксел-Тева препаратының дозасын 75-тен 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Емдеуді Доцетаксел-Тева препаратының келесі циклдерімен жалғастыру нейтрофилдер саны > 1.500 жасуша/мм3 дейгейі қалпына келгенше, ал тромбоциттер саны > 100.000 жасуша/мм3 деңгейі қалпына келгенше керек. Егер уыттылықтың бұл симптомдары сақталса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Доцетаксел-Тева препаратын цисплатинмен және 5-фторурацилмен (5-ФУ) біріктіріп қабылдап жүрген науқастардағы уыттылық жағдайында ұсынылатын дозаларды өзгерту:

Уыттылығы

Дозаны түзету

3 дәрежедегі диарея

Алғашқы көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: содан кейін доцетаксел дозасын 20%-ға төмендету керек.

4 дәрежедегі диарея

Алғашқы көрініс: Доцетаксел-Тева және 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: емдеуді тоқтату керек.

3 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Алғашқы көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: кейінгі циклдердің бәрінен тек 5-ФУ-ді ғана алып тастау керек.

4 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Алғашқы көрініс: кейінгі циклдердің бәрінен тек 5-ФУ-ді ғана алып тастау керек.

Екінші көрініс: Доцетаксел-Тева дозасын 20 %-ға төмендету керек.

Цисплатин мен 5-фторурацил дозасын түзетуді препараттардың медицинада қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулықтан қараңыз.

БМҚЖК және асқынған нейтропениясы (ұзаққа созылған нейтропенияны, фебрильді нейтропенияны немесе барлық кейінгі циклдердегі жұқпаны қоса) бар науқастарға алдын ала қорғанышты (мысалы, 6-15 күндері) қамтамасыз ету үшін барлық кейінгі циклдерде Г-КСФ қолдану ұсынылады.

Айрықша популяциялар:

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастар

Трансаминаза [АСТ және/немесе АЛТ] белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астамға немесе сілтілік фосфатаза белсенділігі ҚЖШ-ден 2,5 еседен астамға жоғарылаған науқастар үшін бірден-бір жалғыз препарат ретінде Доцетаксел-Тева препаратының 100 мг/м2 дозасынан алынған фармакокинетикалық деректер негізінде Доцетаксел-Тева препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Сарысудағы билирубин деңгейі ҚЖШ-ден жоғары болғанда және/немесе АСТ және АЛТ деңгейлері ҚЖШ-ден 3,5 еседен астам болғанда, ҚЖШ-ден 6 есе жоғары сілтілік фосфатаза деңгейімен біріктіргенде дозаны төмендету ұсынылмайды – Доцетаксел-Тева препаратын қатаң көрсетілімдер жоқ болған жағдайда қолданбаған жөн.

Асқазанның аденокарциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірген жағдайда, АЛТ және/немесе АСТ деңгейлері ҚЖШ-ден 1,5 есе астам болатын, ҚЖШ-ден 2,5 есе жоғары сілтілік фосфатаза деңгейімен бірге және билирубин деңгейі ҚЖШ-ден жоғары болатын науқастар үшін дозаны төмендету ұсынылмайды – Доцетаксел-Тева препаратын, егер қатаң көрсетілімдері жоқ болса, қолданбаған жөн. Басқа көрсетілімдері бойынша доцетакселдің біріктірілімімен емделген, бауыр функциясы бұзылған науқастарды емдеу жөнінде деректер жоқ.

Педиатриялық популяция

Доцетаксел-Тева препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі балаларда анықталған жоқ.

Егде жастағы науқастар

Популяцияға жасалған фармакокинетикалық талдау деректеріне сәйкес, препаратты егде жастағы науқастарға қолдану жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.

Капецитабинмен біріктірген жағдайда 60 жастағы және одан үлкен науқастар үшін капецитабиннің бастапқы дозасын 75% дозаға дейін төмендету ұсынылады (капецитабиннің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Қолданылуы жөніндегі айрықша сақтандырулар

Доцетаксел-Тева ісікке қарсы дәрі болып табылады, сондықтан басқа да уытты заттармен болған жағдайлардағы сияқты олармен жұмыс жасағанда және препарат ерітінділерін дайындау кезінде сақтық танытқан жөн. Қолғапты пайдалану ұсынылады.

Теріге Доцетаксел-Тева препаратының концентратын, алдын ала араластырылған ерітіндісін немесе инфузиялық ерітіндісін тигізіп алғанда, теріні дереу сабындап, сумен мұқият жуған жөн. Доцетаксел-Тева препаратының концентраты, алдын ала араластырылған ерітіндісі немесе инфузиялық ерітіндісі шырышты қабыққа түскенде, оларды дереу сумен жуып-шаю керек.

Көктамыр ішіне енгізуге дайындау

а) Алдын ала жасалған Доцетаксел-Тева (10 мг доцетаксел /мл)қоспасының ерітіндісін дайындау

Егер құтылар тоңазытқышта сақталса, Доцетаксел-Тева қораптарының қажетті санын бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 5 минутқа қалдырыңыз.

Инемен жабдықталған еккішті пайдаланып, және құтыны ақырына дейін төңкермей қисайтып, асептика ережесін сақтай отырып, Доцетаксел-Тева препараты бар құтыдан еріткіштің барлық мөлшерін құйып алыңыз.

Еккіштің ішіндегісінің бәрін Доцетаксел-Тева препаратының тиісті құтысына енгізіңіз.

Инесі бар еккішті алып тастаңыз және құтының ішіндегісін, оны қолмен кем дегенде 45 секунд бойы көп рет аударып-төңкеріп араластырыңыз. Сілкілемеңіз.

Алдын ала араластырылған ерітіндісі бар құтыны бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 5 минутқа қалдырып қойыңыз, содан кейін ерітіндінің біртектілігін және мөлдірлігін тексеріңіз (5 минут өткенде көбіктің болуы – құрамында полисорбат-80 бар болуынан қалыпты құбылыс).

Алдын ала жасалған қоспа ерітіндісінде 10 мг/мл доцетаксел бар, дайындалғаннан кейін ол дереу пайдаланылуы тиіс. Алайда, алдын ала жасалған қоспа ерітіндісінің химиялық және физикалық тұрақтылығы 2ºС және 8ºС арасындағы температурада немесе бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 8 сағат бойы сақталады.

б) Инфузиялық ерітіндіні дайындау

Науқас үшін қажетті дозаны алу үшін алдын ала дай ындалған ерітіндісі бар бір құтыдан көбірек қажет болуы мүмкін. Науқас үшін қажетті мг-мен берілген дозаға сәйкес, асептика ережелерін сақтағанда, инемен жабдықталған градуирленген еккіштің жәрдемімен күні бұрын дайындалған құтылардың тиісті санынан құрамында 10 мг/мл доцетаксел бар алдын ала дайындалған ерітіндінің өзіне тиісті көлемін аласыз. Мысалы, құрамында алдын ала араластырылған 14 мл доцетаксел ерітіндісінде 140 мг доза доцетаксел бар. Алдын ала араластырылған ерітіндінің қажетті көлемін ішінде не 5% глюкоза ерітіндісі, не 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 250 мл инфузиялық қалтаға немесе инфузиялық бөтелкеге енгізіңіз.

Егер 200 мг-ден көбірек доцетаксел қажет болса, доцетакселдің концентрациясын 0,74 мг/мл-ден асырмау үшін еріткіштің үлкен көлемін пайдаланыңыз.

Инфузиялық қалтаның немесе бөтелкенің ішіндегісін қолмен шайқай отырып араластырыңыз.

Доцетаксел-Тева препаратының инфузиялық ерітіндісі 4 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс, асептика ережесін сақтай отырып, оны бөлме температурасы (25ºС-ден төмен) және қалыпты жарық жағдайында 1 сағаттық инфузиямен енгізген жөн.

Парентеральді түрде қолдануға арналған барлық басқа препараттарға ұқсас, Доцетаксел-Тева препаратының алдын ала араластырылған ерітіндісін және инфузиялық ерітіндісін пайдаланар алдында көзбен тексеріп көру керек. Құрамында шөгіндісі бар ерітінділер жарамсыз деп саналуы тиіс.

Кез келген пайдаланылмаған препарат немесе артық материал жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Доцетаксел-Тева препаратының жағымсыз реакцияларының ауырлығы оны басқа химиялық емдеу дәрілерімен біріктіріп тағайындаған кезде артуы мүмкін. Төменде монотерапияда, сондай-ақ Доцетаксел-Тева препаратын доксорубицинмен, цисплатинмен, трастузумабпен, капецитабинмен, преднизонмен немесе преднизолонмен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар берілген), доксорубицинмен және циклофосфамидпен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар), 5-фторурацилмен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар) біріктіргенде байқалған барлық жағымсыз әсерлер сипатталған.

Доцетаксел-Тева 100 мг/м2 дозада монотерапия ретінде

Өте жиі

- нейтропения (қайтымды және кумулятивті емес, жасушалардың өте аз саны, орта есеппен, 7- күні байқалады, ауыр нейтропенияның, яғни < 500 жасуша/м3, орташа ұзақтығы 7 күнді құрады), анемия, алопеция, жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея және астения.

- парестезиямен, дизестезиямен және ауырулармен, соның ішінде жанға бататын ауырулармен сипатталатын ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүйке сезімталдығының бұзылу белгілері. Нейромоториканың бұзылулары негізінен әлсіздікпен білінеді. Симптомдар 3 ай ішінде өздігінен қайтады. Симптомдардың қайтымдылығы жөніндегі деректер 100 мг/м2 Доцетаксел-Тева препаратымен монотерапия ретінде емдеуден кейін нейроуыттылық болатын науқастардың 35,3%-на қатысты. Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамығанда дозаны төмендету қажет болады.

- жоғары сезімталдық реакциялары: гиперемия, қышитын немесе онсыз бөртпе, кеудені кернеу сезімі, арқаның ауыруы, ентігу, жоғары температура немесе қалтырау, әдеттегідей, доцетаксел инфузиясын бастағаннан кейін бірнеше минуттан соң дамиды және әдетте ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болады. Ауыр реакциялар гипотензиямен және/немесе бронхтың түйілуімен немесе жайылған бөртпемен (эритемамен) өтеді.

- әдеттегідей, білінуі жеңіл немесе орташа деп саналатын қайтымды тері реакциялары. Реакциялар, атап айтқанда жергілікті, негізінен, аяқта және қолда (алақан-табан эритродизестезиясы синдромының ауыр түрі), сондай-ақ білекте, бетте және кеудеде көбіне қышынумен қатар жүретін бөртпемен сипатталады. Әдетте бөртпелер доцетакселмен инфузиядан кейін 1 апта ішінде пайда болады.

- инфузия енгізілген жерде реакциялар, әдетте, жеңіл түрде болады және терінің гиперпигментациясы, қабынуы, қызаруы немесе құрғауы, флебит немесе көктамырлардың қанталаулары және ісінуі болып табылады.

- сұйықтық іркілісі шеткергі ісінулер түрінде және сирек плевральді жалқық, перикардиальді жалқық, асцит және дене салмағының артуы түрінде. Шеткергі ісінулер, әдетте, аяқтардан басталады, дене салмағының 3 және одан астам кг артуымен жайылған түрге айналуы мүмкін. Сұйықтық іркілісінің жиілігі және ауырлық дәрежесі жинақталу сипатында болады. Емдеуді тоқтатқан кездегі орташа жинақталу дозасы 1000 мг/м2-ден асып кетті, ал сұйықтық іркілісі қайтымдылығының орташа уақыты 16,4 аптаны (0-ден 42 аптаға дейін) құрады. Сұйықтықтың ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі іркілісі премедикациясы бар науқастарда (орташа жинақталу дозасы: 818,9 мг/м2) премедикациясыз (орташа жинақталу дозасы: 489,7 мг/м2) науқастамен салыстырғанда кеш басталды; алайда, кейбір науқастарда ол емнің ерте курстарында байқалды.

- жұқпалар (соның ішінде сепсис және пневмония, 1,7% өліммен аяқталды)

- нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы және шеткергі моторлы невропатия, дисгевзия

- ентігу

- стоматит, диарея, жүректің айнуы, құсу

- алопеция, тері реакциялары, тырнақтардың бұзылуы

- миалгия

- сұйықтық іркілісі, астения, ауыру

Жиі

- нейтропениямен байланысты жұқпалар

- тромбоцитопения

- аритмия

- гипотензия, гипертензия, геморрагия

- іштің қатуы, іштің ауыруы, асқазан-ішектік қан кету (соның ішінде ауыр түрі)

- артралгия

- инфузия енгізілген жерде реакциялар, кеудедегі жүректік емес ауыру

- қанда жоғары билирубин, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, АСТ және АЛТ жоғарылауы

Жиі емес

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- эзофагит

Сирек

- десквамацияға ұласатын, сирек жағдайларда Доцетаксел-Тева препаратымен емдеуді доғаруды немесе тоқтатуды керек ететін бөртпелер

- тырнақтардың гипопигментациямен немесе гиперпигментациямен және кейде ауырумен және онихолизиспен сипатталатын ауыр өзгерулері

- тромбоцитопениямен қатар жүретін қан кету көріністері

Өте сирек

- қайтымсыз алопеция

73% тері реакциялары 21 күн ішінде қайтады

Монотерапия ретінде 75 мг/м2 дозадағы Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- жұқпалар

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- шеткергі сенсорлы невропатия

- жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея

- алопеция, тері реакциялары

- астения, сұйықтық іркілісі, ауыру

Жиі

- фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

- шеткергі моторлы невропатия

- аритмия (ауыр емес)

- гипотензия

- іш қату

- тырнақтардың бұзылуы (ауыр: 0,8%)

- миалгия

- қанда билирубиннің жоғарылауы

Доксорубицинмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- жұқпалар

- нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

- шеткергі сенсорлы невропатия

- жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу, іш қату

- алопеция

- астения, сұйықтық іркілісі, ауыру, тырнақтардың бұзылуы, тері реакциялары

Жиі

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі моторлы невропатия

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі, аритмия (ауыр емес)

- миалгия

- инфузия енгізілген жерде реакциялар

- қанда билирубиннің, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Кейде

- гипотензия

- АСТ және АЛТ жоғарылауы

Цисплатинмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- жұқпалар

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы және шеткергі моторлы невропатия

- жүректі айнуы, құсу, диарея, стоматит

- алопеция, тырнақтардың бұзылуы, тері реакциялары

- миалгия

- астения, сұйықтық іркілісі, қызба

Жиі

- фебрильді нейтропения

- аритмия

- гипотензия

- іш қату

- енгізілген жерде реакциялар, ауыру

- қанда билирубиннің жоғарылауы, АЛТ жоғарылауы

Кейде

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- қанда АСТ және сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Трастузумабпен біріктірілген 100 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- нейтропения, фебрильді нейтропения (соның ішінде антибиотиктер аясында қызбамен өтетін нейтропения) немесе нейтропениялық сепсис

- анорексия

- ұйқысыздық

- парестезия, бас ауыру, дисгевзия, гиперестезия

- көзден жас шығудың күшеюі; конъюнктивит

- лимфаның ісінуі

- эпистаксис, фаринголарингеальді ауыру, назофарингит, ентігу, жөтел, ринорея

- жүректің айнуы, диарея, құсу, іш қату, стоматит, диспепсия, іштің ауыруы

- алопеция, эритема, бөртпе, тырнақтардың бұзылуы

- миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, сүйектердің ауыруы, арқаның ауыруы

- астения, шеткергі ісіну, пирексия, шаршау, шырышты қабықтардың қабынуы, ауыру, тұмауға ұқсас жағдай, кеуде қуысының ауыруы, қалтырау

- дене салмағының артуы

Жиі

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- летаргия

Капецитабинмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- нейтропения, анемия

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- дисгевзия, парестезия

- көзден жас шығудың күшеюі

- фаринголарингеальді ауыру

- стоматит, диарея, жүректің айнуы, құсу, іш қату, іштің ауыруы, диспепсия

- алақан-табан эритродизестезиясының синдромы, алопеция, тырнақтардың бұзылуы

- миалгия, артралгия

- астения, пирексия, шаршау немесе әлсіздік, шеткергі ісінулер

Жиі

- ауыз қуысының кандидозы

- тромбоцитопения

- дегидратация

- бас айналу, бас ауыру, шеткергі невропатия

- ентігу, жөтел, эпистаксис

- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы

- дерматит, эритематозды бөртпе, тырнақтардың түссізденуі, онихолизис

- аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы

- летаргия, ауыру

- дене салмағының төмендеуі, қанда билирубиннің жоғарылауы

Преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- жұқпалар

- нейтропения

- анемия

- анорексия

- шеткергі сенсорлы невропатия, дисгевзия

- жүректің айнуы, диарея, стоматит/фарингит, құсу

- алопеция, тырнақтардың бұзылуы (ауыр емес)

- шаршау, сұйықтық іркілісі (ауыр: 0,6%)

Жиі

- тромбоцитопения, фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық

- шеткергі моторлы невропатия

- көзден жас шығудың күшеюі

- сол жақ қарыншаның функциональді қабілетінің төмендеуі

- эпистаксис, ентігу, жөтел

- экфолиативті бөртпе

- артралгия, миалгия

Лимфа түйіндері зақымдануымен және зақымдануынсыз сүт безі обыры бар науқастарда доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева препаратымен аъювантты ем

Өте жиі

- жұқпалар, нейтропениялық жұқпа

- анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

- анорексия

- дисгевзия, шеткергі сенсорлы невропатия

- конъюнктивит

- ыстық кернеулер

- жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея, іш қату

- алопеция, терінің бұзылулары, тырнақтардың бұзылуы

- миалгия, артралгия

- аменорея

- астения, пирексия, шеткергі ісінулер

Жиі

- жоғары сезімталдық

- шеткергі моторлы невропатия

- көзден жас шығудың күшеюі

- аритмия

- гипотензия, флебит

- жөтел

- іштің ауыруы

- дене салмағының артуы немесе төмендеуі

Кейде

- синкопе, нейроуыттылық, ұйқышылдық

- лимфаның ісінуі

Сирек

- жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі

Асқазанның аденокарциномасында цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Өте жиі

- жұқпалар, соның ішінде нейтропениялық

- анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы невропатия

- диарея, жүректің айнуы, стоматит, құсу

- алопеция

- летаргия, қызба, сұйықтық іркілісі (ауыр/ өмірге қауіп төндіретін)

Жиі

- бас айналу, шеткергі моторлы невропатия

- көзден жас шығудың күшеюі

- естудің төмендеуі

- аритмия

- іш қату, асқазан-ішек ауырулары, эзофагит/дисфагия/одинофагия

- бөртпесі бар қышыну, тырнақтардың бұзылуы, терінің түлеуі

Бас пен мойынның обырында цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілген 75 мг/м2 Доцетаксел-Тева

Әрі қарай радиотерапияға ұласатын индукциялық химиялық емдеу

Өте жиі

- жұқпалар, соның ішінде нейтропениялық

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- дизгевзия/паросмия, шеткергі сенсорлы невропатия

- жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу

- алопеция

- летаргия, гипертермия, сұйықтық іркілісі, ісінулер

Жиі

- обырлық ауырулар

- фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

- бас айналу

- көзден жас шығудың күшеюі, конъюнктивит

- естудің төмендеуі

- миокард ишемиясы

- көктамырлық өзгерулер

- іш қату, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің ауыруы, диспепсия, асқазан-ішектік қан кету

- қышитын бөртпе, терінің құрғауы, терінің түлеуі

- миалгия

- дене салмағының артуы

Кейде

- аритмия

Әрі қарай химиорадиотерапияға ұласатын индукциялық химиялық емдеу

Өте жиі

- жұқпалар

- нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- дизгевзия/паросмия, шеткергі сенсорлы невропатия

- естудің төмендеуі

- жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іш қату

- алопеция, қышитын бөртпе

- летаргия, пирексия, сұйықтық іркілісі, ісінулер, дене салмағының төмендеуі

Жиі

- нейтропениялық жұқпа

- обырлық ауырулар

- бас айналу, шеткергі моторлы невропатия

- көзден жас шығудың күшеюі

- аритмия

- диспепсия, асқазан-ішектік ауырулар, асқазан-ішектік қан кету

- терінің құрғауы, терінің түлеуі

- миалгия

Кейде

- жоғары сезімталдық

- конъюнктивит

- миокард ишемиясы

- көктамырлық өзгерулер

- дене салмағының артуы

Постмаркетингтік кезеңдегі тәжірибе

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі және басқа да жағымсыз гематологиялық реакциялар

- көбіне сепсиспен немесе полиағзалық жеткіліксіздікпен байланысты диссеминацияланған тамырішілік коагуляция (ДТК)

- кейде өліммен аяқталатын анафилактикалық шок

Сирек

- доцетакселмен байланысты, оны басқа химиялық емдеу дәрілерімен және/немесе сәуле емімен біріктіріп қолданғанда, жедел миелоидты лейкемия және миелодиспластикалық синдром

- доцетакселді қолданумен байланысты конвульсиялар немесе уақытша есінен айырылу. Кейде бұл реакциялар дәрілік препаратпен инфузия кезінде дамыды

- отоуыттылық, естудің төмендеуі және/немесе естуден айырылу

- миокард инфарктісі

- көктамырлық тромбоэмболия

- жедел респираторлы дистресс, интерстициальді пневмониялар және өкпе фиброзы синдромы

- сәуле емін бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда радиациялық пневмонит

- гастроинтестинальді өзгерулер, тесілулер, ишемиялық колит, колит және нейтропениялық энтероколит нәтижесінде сусыздану

- ішектің түйнелуі және ішек бітелісі

- сәулеленуге ретроспективті реакция

- жедел олигурия немесе гипотензия көріністерімен қатар жүрмейтін сұйықтық іркілісі

- сусыздану және өкпенің ісінуі

Өте сирек

- дәрілік препаратпен инфузия кезінде пайда болуға тән және жоғары сезімталдық реакциясымен бірге көрудің уақытша бұзылуы (жарықтың жарқ етуі, жарықтық дақ, скотома). Олар инфузияны тоқтатқанда қайтымды сипатқа ие.

- көзден жас шығудың күшеюі, соның ішінде көз жасының шамадан тыс түзілуіне әкелетін көз жасы өзегінің обструкциясы нәтижесінде конъюнктивитпен бірге

- кейде өліммен аяқталатын гепатит, әсіресе бұрын бауыр аурулары болған науқастарда

- терілік қызыл жегі және көп пішінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз сияқты буллёзді бөртпелер. Кейбір жағдайларда осы әсерлердің дамуында басқа да қатар жүретін факторлар рөл атқара алады.

- доцетакселді қолданумен байланысты склеродермаға ұқсас өзгерулер, бұдан бұрын шеткергі лимфа ісінулері болған

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- нейтрофилдердің бастапқы деңгейі < 1.500 жасуша/мм3

- деректердің жоқ болуына байланысты бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- біріктіріп тағайындалған жағдайда басқа дәрілік препараттардың қарсы көрсетілімдерін ескерген жөн

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro сынақтар Доцетаксел-Тева метаболизмі бір мезгілде қабылданатын P450-3A цитохромын индукциялайтын, тежейтін немесе циклоспорин, терфенадин, кетоконазол, эритромицин және тролеандомицин сияқты P450-3A цитохромы арқылы метаболизденетін (сондықтан бұл энзимді компететивті жолмен бәсеңдетуге қабілетті) қосылыстардың әсерімен өзгеруі мүмкін. Осының салдарынан бұл препараттармен бір мезгілде емделгенде сақтық танытқан жөн, өйткені олардың арасында елеулі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Доцетаксел ақуыздармен жақсы байланысады (>95%). Доцетакселдің бір мезгілде тағайындалатын in vivo дәрілік заттармен өзара әрекеттесулеріне ресми зерттеулердің жоқ екендігіне қарамастан, ақуыздармен мықты байланыс түзетін эритромицин, дифенгидрамин, пропранолол, пропафенон, фенитоин, салицилат, сульфаметоксазол және натрий вальпроаты сияқты препараттармен in vitro өзара әрекеттесулері Доцетаксел-Тева препаратының ақуыздармен байланысына ықпалын тигізген жоқ. Бұдан басқа, дексаметазон доцетакселдің ақуыздармен байланысына да ықпалын тигізбейді. Доцетаксел-Тева дигитоксиннің байланысуына ықпал етпейді.

Доцетаксел-Тева, доксорубицин және циклофосфамид фармакокинетикасы оларды бір мезгілде тағайындағанда өзгермейді. Бақыланбайтын жалғыз ғана зерттеуден алынған шектеулі деректер Доцетаксел-Тева мен карбоплатин арасында өзара әрекеттесудің болатынын көрсетеді. Доцетаксел-Тева препаратымен біріктіріп тағайындағанда карбоплатин клиренсі карбоплатинмен монотерапияда бұрын тіркелген клиренстен 50%-ға жоғары болды.

Доцетаксел-Тева фармакокинетикасы преднизонның қатысуымен қуық асты бездерінің метастаздық обыры бар науқастарда зерттелді. Доцетаксел СУР3А4 арқылы метаболизденеді; преднизон, белгілі болғандай, СУР3А4-ті индукциялайды. Доцетаксел-Тева фармакокинетикасына преднизонның статистикалық тұрғыдан маңызды әсерлері байқалған жоқ.

Доцетаксел-Тева препаратын СУР3А4 күшті тежегіштерін (яғни ритонавирге ұқсас протеаза тежегіштерін, зеңге қарсы кетоконазолға немесе итраконазолға ұқсас азольді дәрілерді) бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарға абайлап енгізген жөн. Кетоконазол мен доцетаксел қабылдаған науқастардың қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесулерге жүргізілген зерттеулер доцетаксел клиренсін едәуір, жартысына төмендеткенін көрсетті, өйткені доцетакселдің метаболизміне СУР3А4, шамасы, метаболизмнің негізгі (жалғыз) жолы ретінде қатысуы мүмкін. Тіпті төмен дозада да доцетакселдің толеранттылығы төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сүт безінің обыры және өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры жағдайында пероральді кортикостероидты гормонды, мысалы, дексаметазонды күніне 16 мг-ден (яғни күніне екі рет 8 мг-ден) 3 күн бойы, доцетакселді қолданудан 1 күн бұрын бастай отырып (егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса) қолданылатын премедикация организмде сұйықтық іркілісінің дәрежесін және даму жиілігін, сондай-ақ жоғары сезімталдық реакциясының айқындылығын төмендете алады. Простата обыры жағдайында премедикация 8 мг дозада пероральді дексаметазонды доцетаксел инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын қабылдаудан тұрады.

Гематология

Нейтропения доцетакселдің ең жиі жағымсыз реакциясы болып табылады. Нейтрофилдер саны ең төмен деңгейге орта есеппен 7 күні жетеді, бірақ бұл мерзімі алдын ала қарқынды түрде емделген науқастарда қысқа болуы мүмкін. Қанның толық көрінісін жиі бақылауды доцетаксел қабылдап жүрген барлық емделушілерде жүргізген жөн. Доцетаксел-Тева препаратымен емдеуді нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 деңгейіне дейін қалпына келген кезде қайта жаңғыртқан жөн.

Ауыр нейтропения (7 күн ішінде және одан ұзағырақ < 500 жасуша/мм3) жағдайында Доцетаксел-Тева препаратымен емдеу курсы кезінде, кейінгі емдеу курстарында дозаны төмендету, немесе тиісті симптоматикалық емді қолдану ұсынылады.

Доцетаксел-Тева препаратын цисплатинмен және 5-фторурацилмен (ТЦФ) біріктіріп емделген науқастарда, фебрильді нейтропения және нейтропениялық жұқпалар, егер науқастар алдын алу мақсатында Г-КСФ қабылдағанда, сирек дамыды. ТЦФ қабылдап жүрген науқастарға асқынған нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық жұқпа) даму қаупін төмендету үшін Г-КСФ алдын алу жүргізген жөн. ТЦФ емделіп жүрген науқастарға қатаң мониторинг жүргізу керек.

Доцетакселді доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ТАЦ) біріктіріп емделген науқастарда фебрильді нейтропения және нейтропениялық жұқпалар, науқасқа Г-КСФ жәрдемімен бастапқы алдын алу жүргізген кезде сирек кездесті. Г-КСФ жәрдемімен бастапқы алдын алудың қажеттілігі жөніндегі мәселені асқынған нейтропениялар (фебрильді нейтропения, әсері ұзаққа созылатын нейтропения немесе нейтропениялық жұқпа) қаупін төмендету үшін сүт безінің обырына қатысты ТАЦ адъювантты емін қабылдап жүрген науқастар жағдайында қарастырған жөн. ТАЦ қабылдап жүрген науқастарға мұқият бақылау жүргізген жөн.

Жоғары сезімталдық реакциялары

Науқастар, әсіресе бірінші және екінші инфузия кезінде жоғары сезімталдық реакцияларын анықтау үшін қатаң бақылануы тиіс. Жоғары сезімталдық реакциялары доцетакселмен инфузияның алғашқы минуттарында пайда болуы мүмкін, сондықтан гипотензия мен бронхтың түйілуін емдеу үшін қажетті барлық дәрілер дайын тұруы тиіс. Жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда гиперемия немесе жергілікті тері реакциялары сияқты әлсіз білінетін симптомдар емдеуді тоқтатуды қажет етпейді, ал ауыр реакциялар ретінде, мысалы, ауыр гипотензия, бронхтың түйілуі немесе жайылған бөртпе (эритема) доцетакселді енгізуді дереу тоқтатуды және тиісті ем жүргізуді қажет етеді. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы орын алған науқастарда Доцетаксел-Тева препаратымен қайтадан емдеуге болмайды.

Тері реакциялары

Аяқ-қолдарға (қол алақаны және табан өкшесі) орныққан, әрі қарай десквамацияға ұласқан және ісінген тері эритемасы байқалды. Доцетакселді қолдануды үзетін немесе тоқтататын, әрі қарай десквамацияға ұласатын бөртпе сияқты ауыр симптомдар тіркелді.

Сұйықтық іркілісі

Сұйықтық іркілісінің ауыр түрі, мысалы, плевралық жалқығы, перикардиальді жалқығы және асциті бар науқастарға қатаң бақылау жүргізген жөн.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Доцетакселдің 100 мг/м2 дозасын монотерапия ретінде қабылдап жүрген және қандағы трансаминаза [АЛТ және/немесе АСТ] деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 есе астам, сілтілік фосфатаза деңгейімен үйлестіргенде қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 2,5 еседен астам болған науқастарда өліммен аяқталуы мүмкін сепсисті және гастроинтестинальді қан кетулерді, фебрильді нейтропенияны, жұқпаларды, тромбоцитопенияны, стоматитті және астенияны қоса, уыттылық нәтижесінде өлім сияқты ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. Сондықтан бауыр функциясының көрсеткіштері (БФК) жоғарылаған науқастар үшін доцетакселдің ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. БФК-ні бастапқы сатыда және әрбір кезекті цикл алдында өлшеген жөн.

Қандағы билирубин деңгейі қалыптан жоғары болғанда және/немесе, сілтілік фосфатаза деңгейі ҚЖШ-ден 6 есе жоғары болуымен қатар, АЛС мен АСТ ҚЖШ-ден 3,5 есе жоғары болғанда дозаны түзету ұсынылмайды – егер қатаң көрсетілімдері болмаса, доцетакселді қолдануға болмайды.

Асқазанның аденокарциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктіріп: негізгі клиникалық зерттеулерден АЛТ және/немесе АСТ ҚЖШ-ден 1,5 есе жоғары және сілтілік фосфатаза ҚЖШ-ден 2,5 есе жоғарылауы қатар жүретін және билирубин деңгейі қалыптан жоғары болатын науқастар шығарылды. Мұндай науқастар үшін дозаны түзету ұсынылмады – қатаң көрсетілімдері жоқ болғанда доцетакселді тағайындамайды. Доцетаксел-Тева біріктірілімімен емделген, басқа көрсетілімдері бойынша бауыр функциясы төмендеген науқастар жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарды Доцетаксел-Тева препаратымен емдеу жөнінде деректер жоқ.

Жүйке жүйесі

Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған кезде дозаны төмендету қажет.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі Доцетаксел-Тева препаратын трастузумабпен біріктіріп қабылдап жүрген науқастарда, әсіресе, құрамында антрациклин (доксорубицин немесе эпирубицин) бар химиялық емдеуден кейін байқалды. Жеткіліксіздік орташа немесе ауыр дәрежеде болуы және өліммен аяқталуға әкеп соғуы мүмкін.

Доцетаксел-Тева препаратын трастузумабпен біріктіріп емдеу жоспарланғанда жүрек қызметінің бастапқы жағдайын бағалаған жөн. Әрі қарай, емделу кезінде жүрек дисфункциясының дамуы мүмкін болатын науқастарды анықтау мақсатында жүрек функциясын (мысалы, әрбір 3 ай сайын) бақылау қажет. Нақтысын трастузумабтың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Басқалар

Еркектер де және әйелдер де емделу кезінде контрацепцияны қолдануы тиіс, ал еркектер үшін ол емдеуді тоқтатқаннан кейін тағы да, ең кемінде, 6 ай бойы қажет.

Сүт безінің адъювантты емі жағдайында қосымша сақтандырулар

Асқынған нейтропения

Асқынған нейтропения жағдайында (ұзаққа созылған нейтропения, фебрильді нейтропения немесе жұқпа) жағдайында Г-КСФ қолдану және доцетаксел дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолы тарапынан реакциялар

Басқан кезде іштің тез басталатын ауыруы және сезімталдық, жоғары температура, нейтропениямен немесе онсыз іш өту сияқты симптомдар асқазан-ішектік уыттанудың ерте көріністері болуы мүмкін, оларды тексеру және кідіртпей емдеу керек.

Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі

Емдеу кезінде және одан кейін әрі қарайғы кезеңде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі симптомдарын анықтау мақсатында бақылау жүргізген жөн.

Лейкемия

Доцетаксел-Тева, доксорубицин және циклофосфамид (ТДЦ) қабылдаған науқастарда баяу миелодисплазияның немесе миелоидты лейкемияның даму қаупінің салдарынан гематологиялық көрсеткіштеріне бақылау жүргізу қажет болады.

4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар науқастар

Аралық талдау барысында 4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар науқастарда ТДЦ сызбасының пайдасы мен қаупінің арақатынасы дәл анықталған жоқ.

Егде жастағы науқастар

70 жастан асқан науқастарда Доцетаксел-Тева препаратын доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп қолдану жөнінде деректер шектеулі.

ТЦФ қолданғанда егде жастағы науқастарды қатаң бақылауды қамтамасыз еткен жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Доцетаксел-Тева препаратын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде ақпараттар жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында оның эмбриоуыттық және фетоуыттық әсер беретіні, сондай-ақ фертильділікті төмендететіні айғақталды. Егер жүкті әйелдерге енгізілсе, басқа да цитоуытты дәрілік препараттар сияқты, доцетаксел де ұрыққа зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан Доцетаксел-Тева препаратын анық көрсетілімдері болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала көтере алатын жастағы әйелдер/контрацепция

Доцетаксел-Тева қабылдап жүрген, бала көтере алатын жастағы әйелдерге жүктілікке жол бермеуге, ал жүкті болып қалған жағдайда емдеуші дәрігерді бұдан дереу хабардар етуге кеңес берген жөн.

Емдеу кезінде контрацепцияның тиімді тәсілін пайдалану керек.

Клиникалық емес зерттеулерде доцетаксел геноуыттық әсерлер береді және еркектерде фертильділікті төмендетуі мүмкін. Демек, Доцетаксел-Тева препаратымен емделіп жүрген еркектерге емделу кезінде және одан кейінгі 6 ай ішінде ұрықтандыруды тоқтата тұру және емделуге дейін спермасын консервациялауға кеңес алу ұсынылады.

Лактация

Доцетаксел липофильді зат болып табылады, бірақ оның емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Демек, емшек еметін балаларда жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін болғандықтан, Доцетаксел-Тева препаратымен емделудің бүкіл кезеңінде бала емізуді тоқтатқан жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: Жағымсыз реакциялары күшеюі мүмкін. Артық дозаланудың мүмкін болатын алғашқы асқынуы сүйек кемігі функциясының, шеткергі нейроуыттылықтың және мукозиттің бәсеңдеуі болып табылады.

Емі: Доцетаксел-Тева артық дозаланғанда у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланған жағдайда науқасты мамандандырылған бөлімде бақылайды және организмнің өмірлік маңызы бар функцияларына мұқият мониторинг жүргізеді. Артық дозалану констатациясынан кейін мүмкіндігінше ертерек Г-КСФ тағайындаған жөн. Қажет болғанда – симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат және еріткіш резеңке тығынмен тығындалған, пластик қалпақшасы бар алюминий қақпақпен қаусырылған мөлдір шыны құтыға салынған. 1 құты препараттан және еріткіштен қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Доцетакселдің алдын ала араластырылған ерітіндісін дайындау бойына пайдаланған дұрыс, ал инфузияға арналған ерітінді бөлме температурасында және әдеттегідей жарық жағдайында 4 сағат ішінде (сағаттық инфузияны қоса) пайдаланылуы тиіс.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1.5 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Күні бұрын дайындалған қоспа: күні бұрын дайындалған қоспаның құрамында 10 мг/мл доцетаксел бар және дайындағаннан кейін бірден пайдалануы тиіс. Алайда, күні бұрын дайындалған қоспаның химиялық және физикалық тұрақтылығы 2ºС - 8ºС температурада немесе бөлме температурасында 8 сағат бойы сақталады.

Инфузияға арналған ерітінді: инфузиялық ерітінді бөлме температурасында 4 сағат бойы пайдалануға жарайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

«Теvа Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

2100 Godollo, Tancics Mihaly. ut. 82.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«TEVA Pharmaceutical Industries Limited», Израиль

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы, 1Б корп., кеңсе 603

Телефон, факс: (727) 311-09-15

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

 

Прикрепленные файлы

278474971477976493_ru.doc 178.5 кб
884240461477977661_kz.doc 231 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники