Диклофенак-АКОС (мазь 1%)

МНН: Диклофенак натрия
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014965
Информация о регистрации в РК: 22.01.2020 - 22.01.2025
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 89.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ДИКЛОФЕНАК-АКОС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

Жақпамай 1 %

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 1,0 г натрий диклофенагы,

қосымша заттар: диметилсульфоксид, макрогол 400, макрогол 4000, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП). Диклофенак

АТХ коды М02АА15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ұсынылған тәсілмен жаққан кезде 6% аспайтын диклофенак сіңіріледі. Ақуыздарымен байланысуы – 99,7 %. Бүйрек арқылы шығады. Зақымданған буын аймағына жаққанда, плазмаға қарағанда синовиальді сұйықтықтағы концентрациясы жоғарылау.

Фармакодинамикасы

Диклофенак препаратының белсенді компоненті – айқын аналгезиялайтын (ауыруды басатын) және қабынуға қарсы қасиеттерді иеленген қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП). 1 және 2 типті циклооксигенезаны таңдаусыз бәсеңдету арқылы арахидон қышқылының метаболизмін және қабынудың дамуында негізгі буын болатын простагландиндер синтезін бұзады.

Қолданылуы

- жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі қабынуында, мысалы созылу, шамадан тыс жүктемеде және соғылулар салдарынан

- жұмсақ тіндердің ревматизмдік ауруларында (тендовагинит, бурсит, периартикулярлық тіндердің зақымдануы)

- тірек-қимыл аппаратының қабыну ауруларында (ревматоидты артрит, псориазды, ювенильді созылмалы артрит, шорбуынданатын спондилоартрит, подагралық артрит) кешенді ем құрамында

- тірек-қимыл аппаратының дегенеративтік ауруларында (деформациялаушы остеоартроз, остеохондроз)

- ауырсыну синдромы (радикулит, люмбаго, ишиас, невралгия, миалгия, тендовагинит, бурсит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға препаратты теріге күніне 2-3 рет жағып, жеңіл ысқылайды. Препараттың қажетті мөлшері ауратын аймақ көлеміне байланысты. Препаратттың бір реттік дозасы – 2-5 г (сықпаның толық ашылған аузында 10 см жуық).

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Емдеу ұзақтығы көрсеткіштері мен байқалған әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта бойы пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңескен жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- жанаспалы дерматит (бөртпе, эритема, экзема, қышыну)

Сирек

- буллезді дерматит

Өте сирек

- пустулезді бөрту

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжем, Квинке ісінуі)

- бронхоспастикалық реакциялар, демікпе

- фотосенсибилизация реакциясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диклофенакқа немесе препараттың басқа компененттеріне жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдағанда бронх демікпесі ұстамалары, есекжем немесе жедел риниттер туындауына бейімділік

- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар (12 жасқа дейін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат фотосенсибилизацияны туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Басқа да дәрілік препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: бауыр порфириясы (асқыну), асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы, бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бронх демікпесі, қан ұюының бұзылуы (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділік), егде жас, жүктіліктің I және II триместрі.

Жақпамайды ашық жараға түсірмей, зақымданбаған теріге ғана жағу керек. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш тағуға болмайды. Препаратты көзге және шырышты қабыққа түсірмеу керек.

Препараттың көп мөлшерін ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда ҚҚСП тән жағымсыз әсерлердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды.

Диклофенактың өзге де дәрілік түрлерімен біріктіріп пайдаланған кезде осы дәрілік заттың ең жоғары тәуліктік дозасын ескерген жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сипатталмаған.

Артық дозалануы

Симптомдары: сыртқа қолданған кезде препараттың белсенді компоненттерінің жүйелі сіңуі өте төмен болғандықтан артық дозаланудың орын алуы іс жүзінде мүмкін емес. Жақпамайдың үлкен мөлшерін (20 г астам) кездейсоқ жұтып қойғанда, ҚҚСП тән жүйелі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г-ден алюминий сықпада.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 8°С-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

224973841477976675_ru.doc 50.5 кб
000787441477977838_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники