Дентинокс Гель Н

МНН: Лидокаин, Полидоканол, Ромашки аптечной цветки
Производитель: Дентинокс Общество фармацевтических препаратов Ленк & Шуппан
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014135
Информация о регистрации в РК: 28.06.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дентинокс Гель H

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 г гель

Құрамы

1г препараттың құрамында

белсенді заттар: 150.0 мг түймедақ гүлінің (1 : 5) тұндырмасы, 3.4 мг лидокаин гидрохлориді, 3.2 мг макрогол лаурил эфирі (полидоканол (600))

қосымша заттар: карбомер, натрий эдетаты, левоментол, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі, полисорбат 20, пропиленгликоль, натрий сахарині, кристалданбайтын сұйық сорбитол, тазартылған су, ксилит.

Сипаттамасы

Өзіне тән түймедақ және жалбыз иісі, түймедақ және жалбыз дәмі бар сары түсті мөлдір гель.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы ауруларында жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. АТХ коды А01АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Дентинокс Гель Н препараты алғашқы тістерінің және сүт тістерінің тістемі жаруы кезіндегі ауыруды қысқа мерзімді жеңілдету үшін арналған.

Ауыз қуысында жергілікті қолдануға арналған гель (гидрогель) болып табылады. Шырышты қабықта алғашқы күрек тістердің, сүт тістерінің және кейінгі азу тістердің ауырсынусыз және асқынусыз пайда болуын қамтамасыз етеді.

Құрамындағы үш әсер етуші заттың біріктірілімі ұзаққа созылатын фармакологиялық әсер алуға мүмкіндік береді. Лидокаин ауыруды жылдам басуды, бірақ препаратты қызыл иекке аппликациялаудан кейін бірнеше минуттан соң басталатын қысқа мерзімдік әсерді қамтамасыз етеді. Препараттың ауыруды басатын әсерінің ұзақтығы полидоканол 600–бен қамтамасыз етіледі.

Түймедақ гүлі тұндырмасының қабынуға қарсы орташа әсері жергілікті қабыну реакцияларының алдын алады.

Препараттың құрамындағы ксилитол мен сорбитол тіс жегісін туындатпайды.

Дентинокс Гель Н құрамында консервант және қант жоқ.

Қолданылуы

  • кейінгі азу тістердің пайда болуын қоса, алғашқы тістерінің және сүт тістерінің тістемі жаруы кезіндегі ауыруды қысқа мерзімді жеңілдету үшін

Қызаруы күшейгенде және қызыл иектің қабынуы, сондай-ақ басқа да шағымдар болғанда дәрігерге қаралу керек.

Қолдану тәсілі және дозасы

Дентинокс гелінің бұршақтың көлеміндей тамшысын қызыл иектің зақымданған аумағына таза саусақпен немесе таза мақта таяқшасымен жағып, сосын жеңіл ысқылау керек.

Дентиноксты тәулігіне 2-3 рет жағу керек, әсіресе тамақтанудан кейін және ұйықтар алдында.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • түймедақ гүліне, лидокаинге немесе ұқсас жергілікті анестетиктерге (амид типті), сондай-ақ Дентинокс Гель Н қосымша заттарының біріне жоғары сезімталдық .

Құрамында сорбиттің болуын ескере отырып, сирек кездесетін туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге гельді қолдануға болмайды (гельдің әрбір грамында кемінде 0,01 (НБ), 25 мг фруктозаға баламалы сорбит бар. Сорбиттің энергетикалық құндылығы 2,6 кг/дккал /г).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Көзге тигізбеу керек.

Жүктілік және лактация

Әйелдерде жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы жөнінде ақпарат жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Белгісіз, өйткені аталған препарат тек балаларға ғана арналған.

Артық дозалануы

Жекелей әсер етуші заттарының дозасы төмен болуына байланысты бір де бір артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г гельден ПЭНД-ден бұралып жабылатын қақпақшасымен және жарғақшасымен ішкі жабыны лакталған алюминий сықпаларда.

1 сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 1 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Дентинокс фармацевтикалық препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан

Нунсдофер Ринг 19,

12277 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Дентинокс фармацевтикалық препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан, Нунсдофер Ринг 19, 12277 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі, Жібек Жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002, тел./факс: (727) 2 73 62 78

Электронды поштасы: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

366498631477976688_ru.doc 47 кб
845952911477977843_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники