Дакоген

МНН: Децитабин
Производитель: Фармакемие Б.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Децитабин (decitabine)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020784
Информация о регистрации в РК: 06.08.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 426 730.49 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дакоген

Халықаралық патенттелмеген атауы

Децитабин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 50 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 50 мг децитабин,

қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, натрий гидроксиді, 1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, 1 М хлорсутек қышқылы

Сипаттамасы

Ақ түсті тұтас немесе ұнтақ тәрізді масса.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Примидин аналогтары. Децитабин.

АТХ коды L01BС08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Децитабин фармакокинетикасының дозаға байланысты екендігін көрсетеді, көктамырішілік инфузиядан кейін тепе-теңдік концентрациясына 0.5 сағат ішінде жетеді. Фармакокинетика параметрлері уақытқа байланысты емес (циклден циклге өзгермейді), және дозалаудың осы режимін пайдаланғанда препараттың жиналып қалуы байқалмайды. Децитабиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы өте төмен (<1%).

Децитабиннің фармакокинетикалық параметрлері миелодиспластикалық синдромы және жедел миелоидты лейкозы бар пациенттерде 5 күндік режимді (20 мг/м2 1 сағаттық инфузия 5 күн әрбір 4 апта сайын) және 3 күндік режимді (15 мг/м2 3 сағаттық инфузия әрбір 8 ​​сағат сайын, 3 күн әрбір 6 апта сайын) пайдалана отырып зерттелді. Орташа статистикалық пациенттер үшін (салмағы 70 кг / дене бетінің ауданы 1,73 м²) децитабинның негізгі фармакокинетикалық параметрлері кестеде берілген.

Параметр

5 күндік режим

3 күндік режим

 

Болжамды мәні

95% СА

Болжамды мәні

95% СА

Cmax (ng/mL)

107

88.5 -129

42.3

35.2 – 50.6

AUCcum (ng.h/mL)

580

480-695

1161

972-1390

t1/2 (min)

68,2

54,2-79,6

67,5

53,6-78,8

Vdss (L)

116

84,1-153

49,6

34,9-65,5

CL (L/h)

298

249-359

201

168-241

Cmax (ng/mL) - ең жоғары концентрация

AUCcum (ng.h/mL) - плазмалық концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан

t1/2 (min) - жартылай шығарылу кезеңі

Vdss (L) - тепе-тең жағдайда таралуының орташа көлемі

CL (L/h) - жалпы клиренсі

Жасуша ішінде децитабин фосфокиназалармен тиісті трифосфатқа дейін бірінен кейін бірі фосфорлану арқылы белсенділенеді, ол содан кейін ДНҚ-ға ДНҚ-полимеразаның жәрдемімен орналасады.

Р450 цитохром жүйесі децитабиннің метаболизміне қатыспайды.

Децитабинның енгізілген дозасының 90%-ға жуығы (4% - өзгермеген препарат түрінде) несеппен бірге шығарылады.

Децитабиннің фармакокинетикасы нәсілге, жынысқа, жасқа байланысты емес.

Децитабиннің фармакокинетикалық параметрлеріне жүргізілген зерттеулердің қолда бар деректерінің талдамасы, бүйрек функциясының көрсеткіштеріндегідей, осы параметрлердің креатининнің қалыпты клиренсіне едәуір тәуелділігін көрсеткен жоқ.

Осы зерттеулердің нәтижелеріне сай, децитабиннің бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ықпалын тигізбейтінін атап өтуге болады.

Фармакодинамикасы

Дакоген цитозин нуклеозидінің аналогы болып табылады, ол төмен дозаларда ДНК-метилтрансферазаның белсенділігін іріктеп тежеп, ген-супрессорлардың промоторының гипометилденуіне әкеледі, мұның нәтижесі ісіктік ген-супрессорлардың реактивациясы, жасушалық дифференциация индукциясы немесе жасушаны тозуы болады, одан кейін жасушалардың алдын ала бағдарламаланған қырылуы орын алады. Ісіктік ген-супрессорлардың реактивациясы, жасушалық дифференциацияның индукциясы есебінен жасуша-ізашарлардың дифференциацияға және пісіп-жетілуге қабілеті жақсарады, бұл қанның қызыл жасушаларының, және/немесе шеткергі қанда лейкоциттер мен тромбоциттердің қалпына келуіне әкеледі.

Қолданылуы

- миелодиспластикалық синдромда (МДС), бұрын емделген және емделмегенді қоса есептегенде, алғаш пайда болған de novo және екінші қайтара пайда болған МДС-тің барлық қосалқы типтерінде (француз-америка-британ жіктемесіне сай (FAB)) және барлық қауіп топтарында (Халықаралық болжам жүйесіне (IPSS) сай): аралық-1, аралық-2 және ересектердегі жоғары қауіп

- стандартты индукциялық ем сәйкес келмейтін 65 жастан асқан ересектерде алғаш рет диагностикаланған және салдарлық жедел миелолейкозда (ЖМЛ) (ДДҰ жіктемесіне сәйкес).

Қолдану тәсілі және дозалары

Дакогенді химиотерапиялық дәрілерді пайдалану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолданған жөн.

Дакоген көктамырішілік инфузия жолымен енгізіледі. Орталық көктамырлық катетерді қондыру қажет етілмейді.

Дозалануы

Дакоген препаратын қолданудың ұсынылатын 2 режимі бар: ЖМЛ-ді емдегенде 5 күндік режим және МДС-ті емдегенде 3 күндік немесе 5 күндік режим. Осы режимнің кез келгенін пайдаланғанда пациенттер оның жәрдемімен кем дегенде 4 цикл емделетіндей болуы ұсынылады; алайда жауап алу үшін ұзақтығы 4 циклден астам ем қажет етілуі мүмкін.

Егер 4 циклден кейін пациенттің гематологиялық көрсеткіштері (атап айтқанда тромбоциттер саны немесе нейтрофилдердің абсолютті саны) емдеуге дейінгі деңгейіне оралмаса, немесе егер аурудың өршуі орын алса (шеткергі қандағы бластты жасушалардың саны жоғарыласа немесе сүйек кемігінде бластты жасушалар мөлшерінің көрсеткіштері нашарласа), емдеу тиімді болған жоқ деп баға берілуі мүмкін, мұндай жағдайда емдеудің баламалы әдістерін қарастырған жөн.

Әдетте жүректің айнуы мен құсудың профилактикасы мақсатында премедикация қолданылады, бірақ қажеттілігіне қарай ұсынылуы мүмкін.

Жедел миелолейкозды емдеу сызбасы

Емдеу циклінде Дакоген дене бетінің м2 ауданына шаққанда 20 мг дозада көктамырішілік инфузия арқылы 1 сағаттан астам енгізіледі, кейінгі 5 күн бойы күн сайын қайталанады (яғни жалпы алғанда емдеу цикліне 5 доза). Жалпы тәуліктік доза 20 мг/м2-ден аспауы тиіс; емдеу циклі ішінде жалпы доза 100 мг/м2-ден аспауы тиіс. Циклді пациенттегі клиникалық жауапқа және білінген уыттылыққа байланысты әрбір 4 апта сайын қайталаған жөн. Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса, емдеу мүмкіндігінше тезірек қайта басталуы тиіс. Бұл режимді мүмкіндігінше амбулаториялық жағдайда пайдаланған жөн.

Миелодиспластикалық синдромдарды емдеу сызбасы

МДС-ті емдегендегі 3 күндік дозалау режимі.

Емдеу циклінде Дакоген бірінен кейін бірі 3 күн бойына дене бетінің әрбір м2 ауданына шаққанда бекітілген 15 мг дозада әрбір 8 сағат сайын 3 сағаттық кезең бойына енгізіледі (яғни жалпы алғанда емдеу цикліне 9 доза). Бұл цикл пациенттің клиникалық жауабына және байқалған уыттылыққа байланысты шамамен 6 апта сайын қайталанады. Жалпы тәуліктік доза 45 мг/м2-ден аспауы тиіс; емдеу циклінде жалпы доза 135 мг/м2-ден аспауы тиіс. Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса, емдеу мүмкіндігінше тезірек қайта басталуы тиіс.

МДС-ті емдеудегі 5 күндік дозалау режимі

Емдеу циклінде Дакоген дене бетінің м2 ауданына шаққанда 20 мг дозада қатарынан 5 күн бойы күн сайын жүргізілетін көктамырішілік инфузия арқылы 1 сағат ішінде енгізіледі (яғни жалпы алғанда емдеу цикліне 5 доза). Жалпы тәуліктік доза 20 мг/м2-ден аспауы тиіс; емдеу циклі ішінде жалпы доза 100 мг/м2-ден аспауы тиіс. Циклді пациенттегі клиникалық жауапқа және білінген уыттылыққа байланысты әрбір 4 апта сайын қайталаған жөн. Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса, емдеу мүмкіндігінше тезірек қайта басталуы тиіс. Бұл режимді мүмкіндігінше амбулаториялық жағдайда пайдаланған жөн.

Миелосупрессияны және онымен астасқан асқынуларды емдеу

Миелосупрессия және миелосупрессиямен байланысты жағымсыз әсерлер (тромбоцитопения, анемия, нейтропения және фебрильді нейтропения), ЖМЛ және МДС-ке ем қабылдаған, сондай-ақ ем қабылдамаған пациенттерде жиі болады. Асқынған миелосупрессияға инфекциялар және қан кетулер жатады. Миелосупрессия және онымен астасқан асқынулар пайда болған пациенттерде емдеу төменде көрсетілгендей модификациялануы мүмкін:

ЖМЛ-де

Егер пациентте миелосупрессиямен байланысты, мысалы төмендегідей асқынулар білінсе, дәрігердің шешімімен уақытша тоқтатылуы мүмкін:

- фебрильді нейтропения (температура ≥38.5°C және нейтрофилдердің абсолютті саны <1000/мкл);

- белсенді вирустық, бактериялық немесе зеңдік инфекциялар (мысалы, инфекцияға қарсы дәрілерді көктамырға енгізуді немесе ауқымды демеуші емді қажет ететіндер);

- қан кету (асқазан-ішектік, несепжыныс жүйесі ағзаларынан, өкпеден, тромбоциттер саны <25000/мкл болғанда немесе орталық жүйке жүйесіне кез келген қан кету болғанда).

Дакоген препаратымен емдеу, осы жағдайлар жақсарса немесе талапқа сай емдеу (инфекцияға қарсы ем, гемотрансфузия немесе колонияны стимуляциялайтын факторларды қолдану) аясында тұрақтанса, қайта жаңғыртылуы мүмкін. Дозасын төмендету ұсынылмайды.

МДС-те

5 күндік дозалау режимі

Осындай клиникалық жағдайларда пациент үшін емнің пайдасын тиімді ету үшін дозаны төмендету ұсынылмайды; доза төменде көрсетілгендей түзетілуі керек:

Алғашқы 3 цикл ішінде дозалау режимін модификациялау

Емдеудің алғашқы циклі ішінде 3 және 4 дәрежелі цитопения тән және МДС-тің өршу белгілері болып табылмайды. Емді бастағанға дейін болған цитопения емдеудің 3-ші цикліне дейін сақталуы мүмкін.

Орташа нейтропения (нейтрофилдердің абсолютті саны <1000/мкл) аясында емдеу тиімділігін арттыру мақсатында алғашқы 3 циклді жүргізген кезде емдеу циклдері арасындағы стандартты аралықтардың толық дозалы курсын қатаң сақтау қажет. Емдеу мекемесінің нұсқауларына сай микробқа қарсы қатарласа жүргізілетін профилактика шаралары гранулоциттер саны 500/мкл-ден астамға дейін қалпына келгенше қолданылуы мүмкін. Клиницисттер МДС бар пациенттерде инфекциялардың профилактикасы және емдеу мақсатында осы уақыт ішінде колонияны стимуляциялайтын өсу факторларын ертерек қолдану қажеттілігін де қарастыруы тиіс.

Осылайша, орташа тромбоцитопения аясында емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында (тромбоциттер саны <25000/мкл), қан кету пайда болған жағдайда тромбоциттер трансфузиясын қатарластыра қолданумен бірге емдеу циклдері арасындағы стандартты аралықтардың толық дозалы курсын қатаң сақтау қажет.

3 циклден кейін дозалау режимін модификациялау

Дозаларды енгізу емдеумен байланысты болуы мүмкін келесі уытты құбылыстар дамыған жағдайда кейінге қалдырылуы мүмкін:

- миелосупрессиямен астасқан ауыр асқынулар (инфекцияларға қарсы тиісті емге көнбейтін инфекциялар; тиісті емге көнбейтін қан кету)

- емдеу курсын бастағаннан кейін 6 және одан көп апта ішінде аурудың өршігені айғақталмаған, гипоцеллюлярлы сүйек кемігі ретінде анықталатын ұзақ миелосупрессия (жасушалардың қанығуы 5% немесе одан аз).

Егер қалпына келу (нейтрофилдердің абсолютті саны >1000/мкл және тромбоциттердің абсолютті саны >50000/мкл) соңғы циклден бастап 8 аптадан астамды қажет етеді, соңғы циклді аяқтаған сәттен бастап 8 апта аяқталғаннан соңғы 7 күн ішінде пациенттерді препаратпен емдеуді тоқтатқан және аурудың өршуіне (сүйек кемігінің аспиратын алу арқылы) баға берген жөн. Кем дегенде 6 цикл ішінде ем қабылдаған пациенттерде де, және емдеудің тиімді болуы жалғасқан пациенттерде де емдеудің келесі циклін енгізуді кейінге қалдыру мерзімі 8 апта шегінен асып кететін, өте ұзақ болуы мүмкін (өршу жоқ болған жағдайда және емдеуші дәрігердің шешімімен).

3 күндік дозалау режимі

Алғашқы 3 цикл ішінде дозалау режимін модификациялау

Емдеудің алғашқы циклі ішінде 3 және 4 дәрежелі цитопения тән болады және ол МДС-тің өршу белгілері болып табылмайды. Емді бастағанға дейін болған цитопения емдеудің 3-ші цикліне дейін сақталуы мүмкін.

Орташа нейтропения (нейтрофилдердің абсолютті саны <1000/мкл) аясында емдеу тиімділігін арттыру мақсатында алғашқы 3 циклді жүргізген кезде емдеу циклдері арасындағы стандартты аралықтардың толық дозалы курсын қатаң сақтау қажет. Емдеу мекемесінің нұсқауларына сай, микробқа қарсы қатарласа жүргізілетін профилактика шаралары гранулоциттер саны 500/мкл-ден астамға дейін қалпына келгенше қолданылуы мүмкін. Клиницисттер МДС бар пациенттерде инфекциялардың профилактикасы және емдеу мақсатында осы уақыт ішінде колонияны стимуляциялайтын өсу факторларын ертерек қолдану қажеттілігін де қарастыруы тиіс.

Осылайша, орташа тромбоцитопения аясында емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында (тромбоциттер саны <25000/мкл), қан кету пайда болған жағдайда тромбоциттер трансфузиясын қатарластыра қолданумен бірге емдеу циклдері арасындағы стандартты аралықтардың толық дозалы курсын қатаң сақтау қажет.

3 циклден кейінгі дозалау режимін модификациялау

Егер препаратты қолданудың салдарынан болған персистерлеуші цитопенияларда Дакоген препаратымен мұның алдындағы емдеу циклінен кейін гематологиялық көрсеткіштердің (нейтрофилдердің абсолютті саны >1000/мкл және тромбоциттердікі > 50000/мкл) қалпына келуі 6 аптадан астам уақытты қажет етсе, онда Дакоген препаратымен емдеудің келесі циклі кейінге қалдырылуы тиіс, ал оның дозасы төмендегі алгоритмге сай төмендетілуі керек. Дозаны төмендету химиотерапияның бүкіл курсы ішінде болуы тиіс; дозаны қайтадан көтеруге болмайды.

- 6 аптадан 8 аптаға дейін уақытты қажет ететін, гематологиялық көрсеткіштердің қалпына келуі – Дакоген препаратымен емдеудің келесі циклін 2 аптаға дейін кейінге қалдырған және емдеуді қайта бастағанда дозаны (33 мг/м2/тәул., 99 мг/м2/цикл) әрбір 8 сағат сайын 11 мг/м2–ге дейін төмендеткен жөн.

- 8 аптадан 10 аптаға дейін уақытты қажет ететін, гематологиялық көрсеткіштердің қалпына келуі – Дакоген препаратымен емдеудің кезекті циклін 2 аптаға және одан көп уақытқа дейін кейінге, ал Дакоген препаратының дозасы емдеуді қайта бастағанда (33 мг/м2/тәул., 99 мг/м2/цикл) әрбір 8 сағат сайын 11 мг/м2–ге дейін төмендетілуі тиіс; содан кейін осы дозаны емдеудің кейінгі циклдерінде клиникалық көрсетілімдеріне сай сақтау қажет.

- 10 аптадан астамды қажет ететін, гематологиялық көрсеткіштердің қалпына келуі – 10 апта аяқталғаннан кейін 7 күн бойы препаратпен емдеуді тоқтатқан және аурудың өршуіне баға берген жөн (сүйек кемігінің аспираттарының жәрдемімен). Алайда емдеудің кем дегенде 6 циклін қабылдаған пациенттерде, және емдеудің тиімділігі әрі қарай жалғасқан пациенттерде Дакоген препаратымен емдеудің кезекті циклінің кейінге қалдырылуы 10 апта шегінен асып кететіндей өте ұзақ болуы мүмкін (өршу жоқ болған жағдайда және дәрігердің шешімімен).

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда анықталған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзетудің қажеттілігіне баға берілген жоқ. Егер бауыр функциясының нашарлағаны білінсе, пациенттің жағдайына жан-жақты мониторинг қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ, соған қарамастан, бүйрек функциясының жеңіл және орташа ауыр бұзылулары бар пациенттерді қамтып жүргізілген клиникалық зерттеу деректері дозаны төмендетудің қажеті жоқтығын көрсетті. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттер бұл зерттеулерге қатыстырылған жоқ.

Препаратты дайындау және онымен жұмыс жасау тәртібі

Дакоген – цитоуытты препарат, сондықтан кез келген басқа уытты препарат сияқты, препаратты дайындағанда және онымен жұмыс жасағанда сақтық танытқан жөн. Қорғаныш көзілдіріктерін пайдаланған жөн.

Лиофилизатты асептикалық жағдайларда инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда ерітеді. Еріткеннен кейін алынған ерітіндінің әр миллилитрінде рН 6.7-7.3 кезінде, шамамен 5.0 мг децитабин болады. Еріткеннен кейін 15 минут ішінде препаратты инфузиялық ерітіндімен (0.9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен) 0.1-1.0 мг/мл ақырғы концентрациясына дейін сұйылтады және осыдан кейін кідіртпей енгізеді.

Егер ерітінді (инъекцияға арналған 10 мл стерильді судағы концентрат) дайындағаннан кейін 15 минут ішінде пайдаланылмайды деп шамаланса, онда дайындалған ерітіндіні салқын (2°С - 8°С)  инфузиялық ерітіндімен қосымша сұйылтады және содан кейін салқын инфузиялық ерітіндімен (0.9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен) децитабинді 0.1-1.0 мг/мл ақырғы концентрациясына дейін сұйылтады және 2°С – 8°С температурада 3 сағаттан асырмай сақтайды, ары қарай енгізер алдында 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (20°С - 25°С) сақтайды. Ісікке қарсы препараттармен жұмыс жасау және утилизациялау ережелерін сақтаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі жағымсыз реакциялар пирексия, анемия және тромбоцитопения (≥ 35%); пневмония, тромбоцитопения, нейтропения, фебрильді нейтропения және анемия (≥ 20%) болып табылады.

Ұзақтығы 5 күн және 3 күн емдеу циклінің барысында пайда болған, өте жиі білінетін жағымсыз әсерлер миелосупрессия және миелосупрессия салдарынан пайда болатын реакциялар болып табылады.

Клиникалық зерттеулерден жағымсыз әсерлер жиілігі бойынша келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10) және жиі емес (≥1/1000 және <1/100).

Өте жиі

- пневмония*

- несеп шығару жолдарының инфекциясы*

- басқа да инфекциялар* (барлық вирусты, бактериялық, зеңдік инфекциялар)

- фебрильді нейтропения*, нейтропения*, тромбоцитопения* (тромбоцитопениямен байланысты қан кетуді қоса*), анемия, лейкопения

- бас ауыруы

- мұрыннан қан кетулер

- диарея, жүрек айнуы, құсу

пирексия

Жиі

- синусит, сепсис*, сепсистік шок*

- анафилаксиялық реакцияларды қоса жоғары сезімталдық (жоғары сезімталдық, дәріге жоғары сезімталдық, анафилаксиялық шок, анафилактоидтық реакциялар, анафилактоидты шок)

- стоматит

Жиі емес

- панцитопения*

- жедел қызбалы нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы)

Жиілігі белгісіз

- энтероколит, нейтропениялық колит, соқыр ішектің қабынуы*

* - өліммен аяқталатын құбылыстарды қоса

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы:

Гематологиялық жағымсыз әсерлер

Дакоген препаратын қабылдаумен байланысты жиі кездесетін гематологиялық жағымсыз реакциялар фебрильді нейтропения, тромбоцитопения, нейтропения, анемия және лейкопения.

Дакоген препаратын қабылдап жүрген пациенттерде, кейде өлімге әкелетін елеулі жағымсыз реакциялар байқалған, ол ауыр тромбоцитопения аясындағы миға қан құйылу (ОЖЖ) (2%) және асқазан-ішектен қан кетулер (2%).

Гематологиялық жағымсыз реакцияларды емдеу үшін қандағы формалы элементтер санын ұдайы бақылау керек және қажеттілік кезде – демеуші ем. Демеуші ем шараларында антибиотиктерді профилактика үшін қолдану және/немесе өсу факторларымен демеуші емді (мысалы, гранулоцитарлы колонияны стимуляциялайтын факторды) және анемияны немесе тромбоцитопенияны емдеуге арналған препараттардың трансфузиясын мекемедегі тәжірибе принципіне сәйкес қамтиды. Децитабинді қолдануды қоя тұруды талап ететін жағдайлар «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде сипатталған.

Инфекциялар мен инвазия

Дакоген препаратын қабылдап жүрген пациенттерде, кейде өліммен жалғасатын, септикалық шок сияқты, сепсис және пневмония және басқа да инфекциялар секілді (вирусты, бактериялық және зеңдік инфекциялар), елеулі инфекциялық жағымсыз реакциялар байқалған.

Асқазан-ішек бұзылыстары

Децитабинмен емдеу кезінде энтероколит көріністері, соның ішінде нейтропениялық колит, соқыр ішектің қабыну жағдайлары байқалды. Энтероколит сепсистік асқынуларға алып келуі мүмкін және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- децитабинге немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ)

Дәрілік өзара әрекеттесуі

Децитабиннің дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу үшін клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Децитабиннің әсерінен болған миелосупрессия ісікке қарсы басқа препараттармен күшеюі мүмкін.

Жасушаларда жасушаішілік фосфокиназалармен бірінен кейін бірі фосфорлануға және/немесе децитабинді әсерсіздендіруге қатысатын ферменттермен метаболизмге ұшыраған басқа препараттармен (мысалы, цитидиндеаминазамен) фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Іn vitro деректері

Бірге қолданылатын препараттардың децитабинге ықпалы

CYP450 цитохромы жүйесімен метаболикалық дәрілік өзара әрекеттесу пайда болады деп күтілмейді, өйткені децитабин метаболизмі бұл жүйемен ортақтаспайды, тотықтыратын дезаминирлену жәрдемімен жүзеге асады. Басқа препараттармен бірге қолданғанда децитабинді оның қан плазмасы ақуыздарымен байланысынан ығыстыруы, децитабиннің қан плазмасы ақуыздарымен аздаған in vitro (1%) байланысуын ескеретін болсақ, екіталай. Іn vitro зерттеу деректері децитабиннің Р-гликопротеин (Р-gp) үшін әлсіз субстрат болып табылатындығын көрсетеді, демек, Р-gp тежегіштерімен өзара әрекеттеспейді.

Децитабиннің бірге қолданылатын препараттарға ықпалы

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесінің in vitro (1%) төмендігін ескерсек, децитабин бірге қолданылатын препараттарды олардың плазма ақуыздарымен байланысынан ығыстырып шығаратыны екіталай. Іn vitro зерттеулер децитабиннің CYP 450 цтохромы жүйесінің ферменттерін, тіпті плазмалық концентрация (Cmax) ең жоғары емдік концентрациядан 20 есе асатыны байқалғанның өзінде, тежемейтінін және индукцияламайтынын көрсетеді. Осылайша, CYP450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизмдік дәрілік өзара әрекеттесу күтілмейді, және препараттың осы жолмен метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі екіталай. Децитабиннің in vitro Р-gp арқылы тасымалданудың әлсіз тежегіші болып табылатыны көрінді, демек, ол бірге қолданылатын препараттардың Р-gp арқылы тасымалдануына ықпалын тигізеді деп күтілмейді.

Осы препаратты үйлесімсіздігі туралы арнайы зерттеулер болмағандықтан басқа препараттармен араластыруға болмайды.

Дакогенді басқа препараттармен бір көктамырішілік катетер арқылы енгізуге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Дакоген препаратының тиімділігі 65 жасқа дейінгі пациенттерде толық көрсетілген жоқ.

Дакоген препаратымен емдеген кезде миелосупрессия және миелосупрессияның асқынулары, МДС немесе ЖМЛ бар пациенттерде білінетін инфекциялар мен қан кетулерді қоса есептегенде, өршуі мүмкін. Осыған байланысты, пациенттерде өліммен аяқталу әлеуеті бар ауыр инфекциялардың (патогендердің кез келгенінен туындаған, бактериялық, зеңдік немесе вирустық) даму қаупі жоғары болады. Пациенттерде жұқпа жұқтырылуының белгілері мен симптомдарының бар-жоқтығы қадағалануы тиіс. Клиникалық зерттеулерде пациенттердің көпшілігінде 3/4 дәрежелі бастапқы миелосупрессия байқалған. 2 дәрежелі бастапқы бұзылулары бар пациенттерде көпшілік жағдайларда миелосупресия ауырлығының өршігені байқалды, аталған пациенттерде миелосупрессия ауырлығының өршу жиілігі бастапқы бұзылулары 1 немесе 0 дәрежелі болған пациенттермен салыстырғанда жоғары болды.  Дакоген препаратынан болған миелосупрессия қайтымды болып табылады. Қанның толық талдамасы және тромбоциттер санын есептеу клиникалық көрсетілімдеріне сай және әрбір емдеу циклі алдында жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Миелосупрессия немесе оның асқынулары бар болған кезде Дакоген препаратымен емдеу тоқтатылуы, дозасы төмендетілуі немесе демеуші емшаралар басталуы мүмкін.

Дакоген препаратын бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерге қолдану анықталған жоқ. Дакоген препаратын бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерге енгізгенде сақ болған жөн; бұл пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Дакоген препаратын бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерге қолдану зерттелген жоқ. Дакоген препаратын бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерге қолданғанда сақ болған жөн; бұл пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Сыртартқысында жүрек функциясының ауыр іркілген жеткіліксіздігі бар немесе жүректің клиникалық тұрғыдан тұрақсыз ауруы бар пациенттер клиникалық зерттеулерге қатыстырылмады, демек, Дакоген препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл пациенттерде анықталған жоқ.

Құтыдағы бұл дәрілік препараттың құрамында 0.5 ммоль калий бар. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіні еріткеннен кейін, дәрілік препараттың құрамында бір дозасында сұйылтуға арналған инфузиялық ерітіндініңі көлеміне байланысты 1-10 ммоль калий болады. Мұны препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде немесе калий бақылауымен жүретін диетадағы пациенттерде қолданған кезде ескеру қажет.Құтыдағы бұл дәрілік препараттың құрамында 0.29 ммоль натрий бар. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіні еріткеннен кейін, дәрілік препараттың құрамында бір дозасында сұйылтуға арналған инфузиялық ерітіндінің көлеміне байланысты 0.6-6 ммоль натрий болады. Мұны препаратты натрий бақылауымен жүретін диетадағы пациенттерде қолданған кезде ескеру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дакогенді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Ұрпақ өрбіту потенциалы сақталған әйелдерге контрацепцияның тиімді заттарын пайдалануға және Дакоген препаратымен емдеу кезінде жүкті болып қалуға жол бермеуіне кеңес берілгені жөн. Дакоген препаратымен емделуден кейінгі уақыт ішінде жүкті болудың қауіпсіздігі белгісіз. Егер пациент Дакоген препаратымен емделу кезінде жүкті болып қалса, оның ұрық үшін қауіптілігінен хабардар етілуі тиіс. Ұрпақ өрбіту потенциалы сақталған әйелдерге Дакоген препаратымен емделуді бастамас бұрын ооциттер криоконсервациясын жасатуға кеңес берген жөн.

Децитабиннің немесе оның метаболиттерінің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Бала емізу кезеңінде Дакогенді қолдануға болмайды, сондықтан Дакоген препаратын қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтатқан жөн.

Еркектерге пайдаланылуы

Еркектер, Дакоген препаратымен емделу кезінде және емдеуді аяқтағаннан кейін 3 ай бойы, ұрықтандыруды тоқтата тұрғаны жөн. Дакоген препаратымен емделу салдарынан белсіздік туындауы мүмкін болғандықтан, еркектер кез келген емді бастар алдында сперманы консервациялауға қатысты кеңес алғаны жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттерге емделу кезінде оларда анемия сияқты немесе олармен: әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы сияқты симптомдар астасқан жағымсыз әсерлердің пайда болуы жөнінде айтқан жөн. Демек, автомобиль жүргізгенде және механизмдерді басқарғанда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Артық дозалануы

Адамда тікелей артық дозалану тәжірибесі жоқ. Препаратты қазіргі таңда қолданылатын емдік дозалардан 20 есе асатын дозаларда қолданғанда, ұзаққа созылған нейтропенияны және тромбоцитопенияны қоса, миелосупрессия жиілігінің жоғарылағаны байқалды. Уыттылық, дәрілік жағымсыз реакциялардың өршуі түрінде, көбіне миелосупрессия түрінде білінді. Артық дозаланған кезде емі демеуші ем болуы тиіс. Өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 50 мг лиофилизат.

Құрамында 50 мг децитабин бар лиофилизат диаметрі 20 мм бромбутил-резеңке шектегіші және бір реттік алюминий қақпағы бар, көлемі 20 мл, І типті мөлдір шыны құтыға салынған.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек. Егер дайындалған ерітінді (инъекцияға арналған стерильді судағы 10 мл концентрат) 15 минут ішінде пайдаланылмайды шамаланса, дайындалған ерітіндіні  салқын (2°С - 8°С) инфузиялық ерітіндімен сұйылту қажет. Осындай тәсілмен дайындалған ерітіндіні  2°С - 8°С-де 3 сағаттан асырмай сақтауға болады, ары қарай енгізер алдында 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (20°С - 25°С) сақтайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармакемие Б.В., Свенсвег 5, 2003 RN Хаарлем, Нидерланды.

Қаптаушы

Янссен Фармацевтика Н.В., Бельгия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы “Джонсон & Джонсон” ЖШҚ филиалы

050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, № 23 «А» павильоны

Тел.: +7 (272) 356 88 11

е-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

339370551477976663_ru.doc 132.5 кб
694044241477977804_kz.doc 160.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники