Гровит - USV

МНН: Аскорбиновая кислота, Декспантенол, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Токоферол
Производитель: USV Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010469
Информация о регистрации в РК: 31.07.2014 - 31.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Гровит - USV

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тамшылар

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат: ретинол пальмитаты 3000 ХБ, токоферол ацетаты

5.0 мг, тиамин мононитраты 2.0 мг, рибофлавин натрий фосфаты 1.0 мг, пиридоксин гидрохлориді 1.0 мг, аскорбин қышқылы 40.0 мг, никотинамид 10.0 мг, декс-пантенол 3.0 мг, холекальциферол 400.0 ХБ,

қосымша заттар: пропиленгликоль, натрий гидроксиді, глицерин, полисорбат 80, пропилгаллат, бутилгидроксианизол, таңқурай хош иістендіргіші, өрік хош иістендіргіші, ананас хош иістендіргіші, карамель хош иістендіргіші, майлы скотч хош иістендіргіші (арнайы), динатрий эдетаты, тиомочевина.

Сипаттамасы

Мөлдір қоңыр-сары сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат көп компонентті, оның әсері – әр компонент әсерінің жиынтығы, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Гровит тамшылары – поливитаминді препарат. Препараттың фармакологиялық қасиеттері оның құрамына кіретін витаминдердің жиынтық әсерімен байланысты. Майда еритін А витамині тері мен шырышты қабықтың эпителийінің қалыпты жағдайын ұстап тұрып, организмнің өміршеңдігіне әсер етеді, (жекелей алғанда, жараның жазылу үдерісін белсендіреді), фоторецепция үдерістеріне қатысады, адамның қараңғыға бейімделуіне ықпал етеді. Е витамині антиоксидантты, иммуномодуляциялайтын және радиопротекторлық, сондай-ақ, қантамыр-протекторлық әсер көрсетеді: тонусты және тамыр жақтаулары өткізгіштігін қалыпқа келтіреді. D3 витамині ағзадағы минералды алмасудың реттелуіне, әсіресе, сүйек тінінің қалыпты жетілуін және көптеген алмастырғыш және ондағы физиологиялық үдерістерді қамтамасыз етуге қатысады. С витамині тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге, көмірсулар алмасуына және гормондардың түзілуіне, тіндер регенерациясына, қылтамырлар өткізгіштігін және қанның ұюын реттеуге қатысады. В тобының витаминдері (тиамин, рибофлавин, пиридоксин, цианокобаламин және никотинамид) жүйке, жүрек-қантамыр, ас қорыту және шығару жүйесі, қан түзу үдерісінің қалыпты функционалдық әрекетін қамтамасыз ете отырып, зат алмасудың барлық түріне қатысады. Гровит препаратын дайындаған кезде ерекше конверсия технологиясы пайдаланылады, ол майда еритін А, D, және Е витаминдерінің суда еритін түріне көшірілуі құрамында, осының арқасында, әсіресе майлардың, жекелей алғанда аш ішектегі майда еритін витаминдердің сіңірілу үдерісі бұзылуы бар тұлғаларда осы витаминдердің АІЖ-де сіңірілуі жеңілдейді.

Қолданылуы

Жаңа туған кезеңнен бастап 1 жасқа дейінгі балаларға:

  • гиповитаминоздардың алдын алуда және емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Жаңа туған кезеңнен бастап 6 айға дейінгі балаларға – күніне тамақтанғанға дейін 0,3 мл (3 тамшы), 6-12 ай – 0,6 мл (6 тамшы). Емдеу курсы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

Гровит препаратының ұсынылған дозалау режимін және қолдану курсының ұзақтығын сақтаған кезде жағымсыз әсерлері анықталған жоқ, алайда препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық кезінде аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гипервитаминоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • Холестирамин, белсендірілген көмір А витаминінің сіңірілуін бұзады.

  • Токоферол А және D витаминдерімен бірге жүрек гликозидтерінің әсерін жоғарылатады.

  • Құрамында йод бар гормондар (трийодтиронин және тироксин) В2 витаминінің ағзадан экскрециялануын арттырады.

  • Рибофлавин анемияға қарсы препараттардың әсерін күшейтеді.

  • Никотинамид спазмолитикалық, фибринолитикалық, антиатеросклероздық және анаболикалық дәрілермен синергидті біріктіріледі.

  • В6 витамині туберкулезге қарсы дәрілердің уытты әсерін төмендетеді.

  • С витамині сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы дәрілерінің фармакологиялық әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Д витаминінің жоғары дозалары дене салмағы өсуінің кідіруін туғызады.

Несеп сары түске боялуы мүмкін, бұл препарат құрамында рибофлавиннің болуымен байланысты.

Бір уақытта басқа поливитаминді препараттарды қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Асқынулар гипервитаминозбен байланысты.

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Дозалағыш тамшуыр орнатылған пластмасса қақпақпен қаусырылған шыны құтыларда 15 мл препараттан.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

USV Limited, Үндістан

Б.С.Д. Марк, Гованди, Мумбай 400 088, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

USV Limited, Үндістан

Б.С.Д. Марк, Гованди, Мумбай 400 088, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

USV Limited өкілдігі

Мекенжайы: 0500004, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі,109

Телефон нөмірі: +7 (727) 261-76-77

Факс: +7 (727) 261-76-77

Прикрепленные файлы

545363021477976697_ru.doc 52 кб
084374211477977839_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники