Глутаргин (4 %)

МНН: Аргинин
Производитель: ООО "Фармацевтическая компания "Здоровье"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Arginine glutamate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016598
Информация о регистрации в РК: 03.12.2020 - 03.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Глутаргин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аргинин

Дәрілік түрі

  • Инфузияға арналған 4% ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 40 мг аргинин глутаматы,

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

  • Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар. Аргинин.

АТХ коды А05ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Глутаргин аргинин мен глутамин қышқылының қосылысы болып табылады, олар биохимиялық үдерістерді бейтараптандыруды және азотты заттар алмасуының жоғары уытты метаболиті – аммиактың организмнен шығарылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Препараттың гипоаммониемиялық әсерлері мочевина синтезінің орнитин циклінде аммиакты зиянсыздандыруды белсендіру, аммиакты уытты емес глутаминге байланыстыру, аммиактың орталық жүйке жүйесінен шығарылуын және оны организмнен сыртқа шығаруды күшейту жолымен жүзеге асады. Нәтижесінде аммиактың жалпы уытты, оның ішінде нейроуытты әсерлері төмендейді.

Глутаргин антиоксидантты, антигипоксиялы және жарғақшаны тұрақтандыратын қасиеттерге ие бола отырып, гепатопротекторлы әсер етеді, гепатоциттерде қуатпен қамтамасыз ету үдерістеріне оң әсер етеді.

Алкогольден уыттанғанда Глутаргин бауырдың монооксигеназа жүйесінде алкоголь утилизациясын көтермелейді, этанол утилизациясының басты ферменті – алкогольдегидрогеназа бәсеңдеуінің алдын алады; янтарь қышқылының түзілуі және тотығуы ұлғаюының нәтижесінде этанол метаболизмінің уытты өнімдері белсенділігінің жойылуы мен шығарылуын жеделдетеді; глутамин қышқылы қоздыратын нейромедиаторлық қасиеттері есебінен алкогольдің ОЖЖ-ға бәсеңдетуші әсерін төмендетеді. Осы қасиеттерге байланысты Глутаргин уыттануға қарсы және айықтырушы әсерлер танытады.

Жүктілік патологиясында эндотелийпротекторлық әсерінің нәтижесінде Глутаргин тамырлардың бұзылған өткізгіштігі мен тромборезистенттілігін азайтады, гиперкоагуляцияның алдын алып, жайылған вазоспазмды туындататын тамыртарылтқыш агенттерге (эндотелин, ангиотензин, тромбоксан) қантамырлар сезімталдығын төмендетеді. Аргинин алдын ала азот тотығына биотрансформацияланудан кейін тамыркеңейткіш әсер беріп, қанның ұюына және айналымдағы қан элементтерінің функциялық қасиеттеріне оң әсерін тигізеді. Глутаргиннің тамыркеңейткіш және гипоксияға қарсы әсерлерінің нәтижесінде аналық-ұрықтық гемодинамика жақсарып, жатырішілік ұрық гипоксиясы төмендейді. Жүктілік патологиясы кезінде препарат уыттылыққа қарсы және гепатоқорғаныш белсенділігін байқатып, зат алмасу үдерістерінің спецификалық емес метаболизм реттегіші ретінде де көрінеді. Глутаргиннің осы бір қасиеттерінің нәтижесінде жүктілік кезеңінде қанда айналатын иммундық кешендерінің деңгейі төмендейді, «метаболизмдік» уыттану синдромы мен иммунотоксикоздың айқындылығы азаяды, организмнің компенсаторлық-бейімделу реакциясы артады.

Глутаргин эмбриоуытты, гонадоуытты және мутагенді әсер етпейді, аллергиялық және иммуноуытты реакцияларды туғызбайды.

Қолданылуы

- әр түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде (оның ішінде инфекциялық аурулар кезінде реактивті)

- гепатотропты улармен улануда (бозғылт арамқұлақ, химиялық және дәрілік заттармен)

- бауыр циррозында

- бауыр энцефалопатиясында

- орташа және ауыр дәрежедегі жедел алкогольді уыттануда

- жүктіліктің III триместріндегі асқынуларда (кешеуілдеген гестоз, оның ауыр түрлері – преэклампсия және эклампсия, фетоплацентарлық жеткіліксіздік, жүкті әйелдердегі гепатобилиарлық жүйенің созылмалы патологиялары)

Қолдану тәсілі және дозалары

Глутаргинді ересектерге тамшылатып, көктамыр ішіне тағайындайды.

Жедел және созылмалы гепатиттер, гепатотропты улармен улану, бауыр циррозы, бауыр энцефалопатиясы: 150-250 мл натрий хлориді изотониялық ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 50 мл (10 ампула - 2 г) күніне 2 рет минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Ауыр жағдайларда препараттың тәуліктік дозасын 150-200 мл - 6-8 г дейін жоғарылатады.

Емдеу курсы – 5-10 тәулік. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 200 мл - 8 г.

Алкогольдік уыттану: тәулігіне 2 рет 2–3 күн бойы 20 мл (0,8 г) тағайындайды, 150–250 мл натрий хлориді изотониялық ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне минутына 60–70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді, содан соң дозаны 10 күн бойы тәулігіне 2 рет 10 мл (0,4 г) дейін азайтады. Ауыр жағдайларда (алкогольдік комада) тәуліктік доза тәулігіне 2 рет 50 мл (2 г) дейін жоғарылатады.

Глутаргин 4% ерітіндісімен емдеу курсынан кейін қажет болғанда Глутаргин таблеткаларын қабылдауға көшкен жөн.

ІІІ триместрдегі жүктілік патологиясы: тәулігіне 1-2 рет 150-250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 50 мл-ден (2 г-ден) минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Емдеу курсы – 5-7 тәулік. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мл (4 г).

Жағымсыз әсерлері

Сирек

Жалпы бұзылулар: ентігу, қалтырау, кеуде қуысының ауыруы, дене температурасының көтерілуі

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жыпылықтайтын аритмия, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы

Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, тремор, әлсіздік

Иммунитет жүйесі тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциясы, тері бөртпелерін, қышынуды, гиперемияны, есекжемді, ангионевроздық ісінуді қоса

Жергілікті бұзылулар: енгізу орынындағы өзгерістер, флебит.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амин қышқылдарына (аргининге және глутамин қышқылына) жекелей жоғары сезімталдық

- қызба

- жоғары қозғыштық, жедел психоздар

- бүйрек функциясы сүзгішінің (азот бөлінуінің) ауыр бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аминофиллинмен бір мезгілде қолданғанда Глутаргинмен индуцияланған қандағы эндогенді инсулин мөлшерінің артуы күшейеді. Глутаргин антиагрегатты заттардың (дипиридамол) әсерін күшейтуі мүмкін. Изониазидті қолданғанда нейроуытты құбылыстардың алдын алады және бәсеңдетеді, винбластиннің әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Эндокриндік бездерінің функциясы бұзылған емделушілерге тағайындағанда препараттың инсулин мен өсу гормондары секрециясын көтермелейтіндігін ескерген жөн. Глутаргин мочевинада аммиактың байланысын белсендіреді, ол талапқа сай қанда оның деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің І және ІІ триместрінде және бала емізу кезеңінде препаратты клиникалық қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Глутаргинмен емдеу кезінде орталық жүйке жүйесі тарапынан (бас ауыруы, бас айналуы, тремор) жағымсыз реакциялар пайда болатындықтан автокөлікті басқару немесе басқа да механизмдермен жұмыс жасау кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: кеуде қуысы аймағының ауыруы, қысқа мерзімді гипотония, гиперемия, қозу, аллергиялық реакциялар (есекжем, Квинке ісінуі), атриовентрикулярлық блокада.

Емі: симптоматикалық ем, қажет болғанда глюкокортикостероидтарды енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ампулаларда 5 мл-ден, 10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге аралық бөлігі бар картон қорапқа салынған.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 ампуладан 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, керамикалық кескіш дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынады.

Препаратты қаптағанда сындыру сақинасы немесе нүктесі мен кертігі бар ампулаларға керамикалық кескіш дискісі немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Фармацевтикалық компания “Здоровье” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

тел. (057) 757-0-777

факс (057) 714-96-20

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармацевтикалық компания “Здоровье” ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Торговый дом GOOD LOOK» ЖШС

080000, Тараз қ-сы, Көшеней 6-шы тұйық көшесі, 16

Тел.: +7(726)2438219

E-mail: goodlook2007@mail.ru

Прикрепленные файлы

815592341477976380_ru.doc 55 кб
025682891477977593_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники