Гинекохеель Н

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018158
Информация о регистрации в РК: 10.10.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ГИНЕКОХЕЕЛЬ Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 30 мл

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді заттар:

Ammonium bromatum D4

10.0 г

Apis mellifica D4

10.0 г

Aurum iodatum D12

10.0 г

Chamaelirium luteum D4

10.0 г

Lilium lancifolium D4

10.0 г

Melilotus officinalis D3

5.0 г

Palladium metallicum D12

10.0 г

Platinum metallicum D12

10.0 г

Vespa crabro D4

10.0 г

Viburnum opulus D2

5.0 г

қосымша заттар: тазартылған су, этанол 96% (35% (к/к)).

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түсті, этанол иісі және жеңіл шүйгіншөп иісі бар мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G02CХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Гинекохеель Н - гомеопатиялық кешенді препарат. Микроциркуляция бұзылуларын жояды, қабынуға қарсы, экссудаттарға қарсы, ауырғанды басатын, депрессияға қарсы және тыныштандыратын әсері бар. Препараттың әсері оның құрамына кіретін заттар есебінен организмнің қорғаныс күштерін белсендіруге және бұзылған функцияларын қалпына келтіруге негізделеді.

Қолданылуы

Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын (аднексит, оофорит, сальпингит, параметрит, эндометрит, кольпит) кешенді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір реттік доза:

ересектерге 10 тамшыдан күніне 3 рет тамақтың алдында 15-20 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1 сағаттан соң. Тамшыны 10 мл суда ерітіп, ауызда бірнеше секунд ұстап тұрып (ерітпей, бірден тіл астына тамызуға болады) ішеді.

Бір реттік дозаны жедел жағдайларда бастапқы екі сағат бойы әрбір 15 минутта қабылдайды, бірақ 8-10 реттен көп емес. Одан әрі қарай күніне 3 рет қабылдауға көшу керек.

Ауру барысы ерекшеліктерін және науқас жағдайын есепке ала отырып, емдеу курсының ұзақтығын және қабылдау жиілігін өзгертуге болады (тәулігіне 1-2 ретке дейін).

Емдеу курсы 3-5 апта.

Жағымсыз әсерлері

Барлық дәрілер сияқты, бұл гомеопатиялық дәрі жағымсыз әсерлерін туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда терінің қысқа мерзімді аллергиялық реакциясы туралы хабарланған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың бір немесе одан астам ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуінің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдары тұрақты болса немесе нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.

Қалқанша без ауруларында дәрігер кеңесінсіз қабылдауға болмайды.

Гинекохеель Н тамшылары құрамында 35 көлем. % этил спирті бар. Препаратты маскүнемдікпен, бауыр ауруларымен, ми жарақаттарымен, эпилепсиямен ауыратын науқастарда, жүктілік және бала емізу кезеңінде, балаларға қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ Гинекохеель Н тамшылары құрамында этанол барын ескеру қажет.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың ешбір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл-ден полиэтилен тамшылатқыш ендірмесі және пропилен қақпағы бар қоңыр шыны құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °С-ден 29 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

 

Прикрепленные файлы

504720041477975721_ru.doc 54 кб
835614551477977433_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники