Гидроперит (1.5 г, 6 таблеток)

МНН: Мочевины пероксид
Производитель: Луганский химико-фармацевтический завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014402
Информация о регистрации в РК: 14.08.2014 - 14.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Гидроперит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған 1,5 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1,5 г гидроперит

Сипаттамасы

Сәл байқалатын теңбілді мөлдір кристалдары бар ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және тағы да басқа зарарсыздандырғыш препараттар. Сутегінің асқын тотығы.

АТХ коды D08А Х01

Фармакологиялық қасиеттері

Сутегі асқын тотығының ерітіндісі зақымданған терімен және шырышты қабықтармен жанасқанда жараның бетін тазартуға және органикалық заттардың белсенділігін (протеин, қан, ірің) жоюға қабілетті белсенді оттегі бөлініп шығады. Препаратты қолданған кезде микроорганизмдердің мөлшері уақытша ғана азаяды. Препараттың қанды тоқтататын әсері бар.

Қолданылуы

Препаратты тіндердің беткейлік зақымдарында қылтамырлардан қан кетуді, мұрыннан қан кетуді тоқтату үшін, стоматиттерде, пародонтиттерде, баспаларда, гинекологиялық ауруларда шырышты қабықтарды, сондай-ақ іріңді жараларды өңдеу үшін қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жараларды жуып-шаю үшін Гидропериттің 2 таблеткасын қайнаған 100 мл суда ерітеді, ол сутегі асқын тотығының шамамен 1% ерітіндісіне сәйкес келеді.

Шаю үшін 1 таблетканы қайнаған бір стакан суда (200 мл) ерітеді, бұл сутегі асқын тотығының 0,25% ерітіндісіне сәйкес келеді. Ерітіндіні жаңадан дайындалған күйінде қолданады.

Жаралардың бетін өңдеу, жапсыру, қан кетуді (қылтамырлық) тоқтату үшін сутегі асқын тотығы ерітіндісі сіңірілген тампонмен өңдейді.

Жағымсыз әсерлері

Жараны өңдеу сәтінде күйдіру сезімі байқалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда препарат компоненттеріне жекелей сезімталдықта жергілікті аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Ауыздың шырышты қабықтарын өңдеу үшін ұзақ қолданғанда тіл емізікшелерінің гипертрофиясы пайда болуы мүмкін.

Қандай да болсын жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда науқастың дәрігерге қаралуы қажет!

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препаратқа жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу әзірше белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндіні таңғышқа қолдану оның жарадан ауыртпай алынуын қамтамасыз етеді. Түзілген көбіктің көп бөлігі жараның іріңнен және тіндік детриттен механикалық тұрғыдан тазаруына мүмкіндік береді. Гидроперит ерітіндісімен тереңдегі жараларды және қуыстарды өңдеуге болмайды.

Препарат сілтілік ортада, металдардың, кейбір оксиданттардың күрделі радикалдары бар болғанда, сондай -ақ жарық және жылы жерде тұрақсыз. Ерітіндіні көзге тигізіп алмау керек.

Дәрілік затты қолдану тәртібін бұзбаған жөн, бұл денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.

Жүктілік және емшек емізу кезінде қолданылуы

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Балалар

Препарат балаларға да қолданылуы мүмкін.

Көлікті басқару немесе басқа да автоматтандырылған жүйелермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалы

Ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Сутегі асқын тотығының жоғары концентрациялары теріге тигенде (20-40 % ерітінді, ерітінді дайындаған кезде қателескен жағдайда) – терінің ағаруы, күлбіреуіктің пайда болуымен қатарласа жүретін күйік. Күйген жерді салқын сумен шаю қажет.

Ішке қабылдаған кезде – асқазан-ішек жолы шырышты қабығының күюі. Симтоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленді үлбірден жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 6 таблеткадан немесе алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 таблеткадан.

Пішінді қаптамалар медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 20°С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Луганск химиялық-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қ., Киров к-сі, 17

Тіркеу куәлігінің иесі

"Луганск химиялық-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, Украина

Тұтынушылардан өнімнің сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ЖК Тлеубергенова Г.С., 010000, Ақмола обл., Астана қ-сы,

Бозінген к-сі, 8 үй, тел. 8(717)252 34 20 aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

783877411477976650_ru.doc 44.5 кб
332029001477977784_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники