Гестадиол

МНН: Гестоден, Этинилэстрадиол
Производитель: Гаупт Фарма Мюнстер ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гестоден и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016071
Информация о регистрации в РК: 02.09.2015 - 02.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Гестадиол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 0,075 мг гестоден

0,020 мг этинилэстрадиол,

қосымша заттар: натрий кальций эдетаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон, магний стеараты,

қабығының құрамы: сахароза, повидон, полигликоль, кальций карбонаты,

тальк, монтагликоль балауызы.

Сипаттамасы

Ақ түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес, дөңгелек, жылтыр таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі пайдалануға арналған гормональді контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер (бекітілген үйлесімдер). Гестоден және эстрогендер

АТХ КОДЫ G03AA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Этинилэстрадиол

Этинилэстрадиол асқазан-ішек жолынан жылдам және толығымен дерлік сіңеді. Этинилэстрадиол шыңдық концентрациясына 1-2 сағаттан кейін жетеді. Бірінші өту әсеріне ұшырайды, биожетімділігі 45% құрайды. Плазмада этинилэстрадиол альбуминмен және ЖГБГ (жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен) байланысады. Этинилэстрадиолдың жартылай шығарылу уақыты шамамен 24 сағатты құрайды. Этинилэстрадиол гидроксилациялау арқылы метил- және гидроксил, метаболиттерді, глюкоро- және сульфонконъюгаттарды түзе отырып, бауырда метаболизмге ұшырайды. Туындылардың 40% несеппен және 60% нәжіспен шығарылады.

Гестоден

Гестоден асқазан-ішек жолынан жылдам және толығымен дерлік сіңеді. Гестоден плазмада шыңдық концентрациясына 1 сағаттан кейін жетеді. Бірінші өту кезінде бауырдың әсеріне ұшырамайды, биожетімділігі толық. Плазмада ЖГБГ (жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен) байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 12 сағатты құрайды. А циклінің қысқаруы және одан соң глюкуронизациялану жолымен метаболизмге ұшырайды. Гестоденнің шамамен 60% несеппен, 40 % нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Монофазалы біріктірілген гестаген-эстрогенді контрацептивті препарат. Перл индексі: 0,06 100 әйел/жылға шаққанда (20 000 цикл).

Контрацептивті тиімділігі әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесулеріне негізделеді, олардың ішінде маңыздылары овуляцияны тежеу және жатыр мойны шырышының секрециясындағы өзгерістер және ұрықтанған аналық эндометрияның имплантацияға қабылдағыштығы төмендеуі болып табылады. Контрацептивті әсерге қоса, біріктірілген пероральді контрацептивтер позитивті әсер етеді, оны туып-көбеюді бақылау әдісін таңдағанда ескеру керек. Цикл жүйелі бола бастайды, ауырумен жүретін етеккір сирек байқалады, қан кету қарқыны азаяды, соның нәтижесінде темір тапшылық анемия қаупі төмендейді. Сондай-ақ эндометрия мен аналық без обырының даму қаупінің төмендеуі жөнінде деректер бар.

Қолданылуы

  • оральді гормональді контрацепция

Қолдану тәсілі және дозалары

Біріктірілген оральді контрацептивтер, оның ішінде Гестадиол да бар, жоғары контрацептивті сенімділігімен ерекшеленеді. «Әдістің тиімсіздігі» көрсеткіші жылына 1% астам еместі құрайды. Контрацептивтік сенімділігі таблетканы өткізіп алғанда немесе оларды дұрыс қабылдамағанда төмендеуі мүмкін.

Таблеткаларды қаптамасында көрсетілген тәртіп бойынша ішке әр күні шамамен бір ғана уақытта судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек. Тәулігіне бір таблеткадан 21 күн бойы үздіксіз қабылдау керек. Әрбір келесі қаптаманы қабылдау тоқтату қан кетуі байқалатын кезеңде (етеккірге ұқсас қан кету) 7 күндік үзілістен кейін басталады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдаудың 2-3 күні басталады және жаңа қаптаманы қабылдауды бастағанға дейін аяқталмауы мүмкін.

Алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептивтерді қабылдау болмаған жағдайда

Гестадиол қабылдау етеккір оралымының бірінші күні басталады (яғни етеккір қан кетуінің бірінші күні). Етеккір оралымының 2-5 күні қабылдауды бастауға жол беріледі, бірақ бұл жағдайда бірінші қаптамадан таблетканы бастапқы 7 күн ішінде қабылдау кезінде контрацепцияның бөгеу әдісін қосымша пайдалану ұсынылады.

Біріктірілген гормональді контрацептивтерден өтуде (біріктірілген оральді контрацептив, қынаптық сақина, трансдермальді бұласыр)

Гестадиолды қабылдауды алдыңғы қаптаманың құрамында гормон бар таблеткаларын соңғы қабылдаудан кейін келесі күні бастаған дұрыс, бірақ ешбір жағдайда қабылдаудың 7 күндік әдеттегі үзілісінен кейін келесі күннен кешіктірмей (ішінде 21 таблетка бар препараттар үшін) немесе құрамында гормоны жоқ таблеткаларын соңғы қабылдаудан кейін (қаптама құрамында 28 таблетка бар препараттар үшін). Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан ауысуда Гестадиолды қабылдауды дұрысы соңғы сақинаны немесе оралым қаптамадағы бұласырды алып тастау күні, бірақ ешбір жағдайда келесі сақина немесе бұласыр қолданылуы тиіс күннен кешіктірмей бастау керек.

Құрамында тек гестагендер (мини-пили, инъекциялық түрлері, имплантант), немесе жатырішілік құралдан (ЖІҚ) босап шығатын гестаген бар контрацептивтерден ауысуда

Әйел кез келген күні (үзіліссіз) мини-пилиден Гестадиолға, имплантаттан немесе гестагенді ЖІҚоны алған күні, инъекциялық түрден – келесі инъекция жасалуы тиіс күннен ауысуына болады. Барлық жағдайларда таблетка қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеу әдісін қосымша пайдалану керек.

Жасанды түсіктен кейінгі жүктіліктің бірінші триместрінде

Әйел препарат қабылдауды дереу бастауы керек. Осы шартты сақтағанда әйел қосымша контрацептивтік қорғанышты қажет етпейді.

Босанғаннан немесе жасанды түсіктен кейінгі жүктіліктің екінші триместрінде

Босанғаннан немесе жүктіліктің екінші триместрінде орын алған түсік тастаудан кейін препарат қабылдауды 21-28 күні бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблетка қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеу әдісін қосымша пайдалану керек. Алайда егер әйел осыған дейін жыныстық қатынаста болса, Гестадиол қабылдауды бастағанға дейін жүктілік жоқтығын анықтау керек немесе бірінші етеккірді күту керек.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблеткаларды қабылдауды кешіктіру уақыты 12 сағаттан аз болса, контрацептивтік қорғаныс төмендемейді. Әйел таблеткаларды мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс, келесі таблеткалар әдеттегі уақытта қабылданады.

Егер таблетка қабылдауда кешігу 12 сағаттан астамды құраса контрацептивтік қорғаныш төмендеуі мүмкін. Бұл арада төмендегі екі негізгі қағиданы басшылыққа алу керек:

• таблеткаларды қабылдауда ешқашан 7 күннен астам үзіліс болмауы керек,

• гипоталамдық-гипофизарлық-аналық без жүйесін адекватты бәсеңдетуге қол жеткізу үшін таблеткаларды 7 күн үзіліссіз қабылдау талап етіледі.

Егер таблетка қабылдауда кешігу 12 сағаттан астамды құраса (соңғы таблетка қабылдау сәтінен аралық 36 сағаттан астам болса) тиісінше төмендегі кеңестер берілуі мүмкін.

Препарат қабылдаудың бірінші аптасы ішінде

Әйел соңғы өткізіп алған таблеткасын есіне түскен мезетте (егер тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де) мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс. Келесі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдайды. Қосымша келесі 7 күн бойына контрацепцияның бөгеу әдісі (мысалы, мүшеқап) пайдаланылуы тиіс. Егер жыныстық қатынас таблетканы өткізіп алу алдындағы апта ішінде болса, жүктілік басталуы ықтималдығын ескеру керек. Өткізіп алынған таблеткалар көп болған сайын және олар белсенді заттарды қабылдаудағы үзіліске жақын болған сайын жүкті болу ықтималдығы жоғары.

Препарат қабылдаудың екінші аптасы бойына

Әйел соңғы өткізіп алған таблеткасын есіне түскен мезетте (егер тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де) мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс. Келесі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдайды.

Әйел бірінші өткізіп алған таблетка ізінен таблетканы 7 күн бойына дұрыс қабылдаған жағдайда қосымша контрацептивті шаралар пайдалану қажеттігі жоқ. Олай болмаған жағдайда, сондай-ақ екі және одан да көп таблеткаларды өткізіп алғанда 7 күн бойына қосымша контрацептивті бөгеу әдісін (мысалы, мүшеқап) пайдалану керек.

Препарат қабылдаудың үшінші аптасы ішінде таблетка қабылдаудың алдағы үзілісіне байланысты сенімділігінің төмендеу қаупі әбден мүмкін.

Әйел төмендегі екі нұсқаның біреуін қатаң ұстануы тиіс. Бұл арада егер алдыңғы бірінші өткізіп алған таблеткадан кейін, 7 күн барлық таблеткалар дұрыс қабылданса, қосымша контрацептивті әдістер пайдалану қажеттігі жоқ.

1. Әйел соңғы өткізіп алған таблетканы мүмкін болғанша тезірек қабылдауы тиіс (тіпті егер бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе). Келесі таблетканы қолданыстағы қаптаманың таблеткалары біткенше әдеттегі уақытта қабылдайды. Келесі қаптаманы дереу бастау керек. Екінші қаптама біткенше тоқтату қан кетулері болуының ықтималдығы аз, бірақ таблетка қабылдау кезінде жағынды бөлінділер немесе лақылдап қан кетулер анықталуы мүмкін.

2. Әйел сондай-ақ қолданыстағы қаптаманың таблеткаларын қабылдауды үзуі мүмкін. Содан кейін ол таблетканы өткізіп алған күнін қоса, 7 күнге үзіліс жасау керек, және содан кейін жаңа қаптамасын қабылдауды бастау керек.

Егер әйел таблетка қабылдауды өткізіп алса, және содан кейін таблетка қабылдаудың үзілісі кезінде онда тоқтату қан кетулері болмаса, жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайындағы кеңес

Ауыр асқазан-ішек бұзылыстарында препарат сіңуі толық болмауы мүмкін. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша шараларын қолдану керек.

Егер Гестадиол қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде әйелдерде құсу байқалса, таблетканы өткізіп алуға қатысты кеңестерге бағдар жасау керек.

Егер әйел препарат қабылдаудың қалыпты режимін өзгерткісі келмесе, ол қажет болғанда басқа қаптамадан қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетка) қабылдауы тиіс.

Етеккір циклының басталу күнінің өзгерісі

Етеккір басталуын кейінге қалдыру үшін әйел алдыңғысынан барлық таблеткаларды қабылдап болған соң, қабылдауда үзіліс жасамай, дереу Гестадиол таблеткасын қабылдауды жаңа қаптамадан жалғастыруы тиіс.

Осы жаңа қаптамадан таблеткаларды әйел қалауынша ұзақ қабылдануына болады (қаптама біткенге дейін). Препаратты екінші қаптамадан қабылдау аясында әйелдерде жағынды бөлінділер немесе лақылдап жатырлық қан кетулер анықталуы мүмкін. Жаңа қаптамадан Гестадиол қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен соң жаңғырту керек.

Етеккір басталу күнін аптаның басқа күніне ауыстыру үшін әйел таблетка қабылдаудағы жуырдағы үзілісті өзі қанша күнге қысқартқысы келсе сонша қысқартуы керек. Аралығы қаншалықты аз болған сайын онда қан кетуді тоқтату болмайтынының қаупі жоғары, және одан әрі қарай жағынды қанды бөліністер және екінші қаптаманы қабылдау уақытында лақылдап қан кету болады (етеккір басталуын кейінге қалдырғысы келген жағдайдағы сияқты).

Пациенттердің ерекше санаттарына арналған қосымша ақпарат

Балалар және жасөспірімдер

Гестадиол препараты менархе басталғаннан кейін ғана көрсетілімде.

Егде жастағы пациенттер

Қолдануға болмайды. Гестадиол препараты әйелдерге менопауза басталғаннан кейін көрсетілімде болмайды.

Бауыр тарапынан бұзылуы бар пациенттер

Гестадиол препараты бауырдың ауыр аурулары бар әйелдерге қарсы көрсетілімде (сондай-ақ «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Бүйрек тарапынан бұзылуы бар пациенттер

Гестадиол препараты бүйрек ауруы бар пациенттерде арнайы зерттелмеген. Қолда бар деректер бұндай пациенттерде емдеудің өзгерісін болжамайды.

Жағымсыз әсерлері

Гестадиол қабылдау үдерісінде: жүрек айнуы, іштің ауыруы, дене салмағының артуы, бас ауыруы, көңіл-күй төмендеуі, көңіл-күй өзгерісі, сүт безінің ауыруы және ширығуы сияқты жағымсыз реакциялар туралы көбірек хабарланды. Олар ≥1% жиілікпен кездеседі. Күрделі жағымсыз реакцияларға артериялық және көктамырлық тромбоэмболиялар да қосылады.

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған әйелдерде келесі жағымсыз әсерлер сипатталады және олардың препаратпен өзара әрекеттесуі расталмаған да, жоққа да шығарылмаған:

Жиі (≥1/100)

- жүрек айнуы, іштің ауыруы

- дене салмағының қосылуы

- бас ауыруы, көңіл-күй төмендеуі, көңіл-күй өзгеруі

- сүт бездерінің ауыруы және ширығуы

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- құсу, диарея

- сұйықтық іркілісі

- бас сақинасы

- либидо төмендеуі

- сүт безінің ұлғаюы

- бөртпе, есекжем

Сирек (<1/1000)

- жанаспалы линзаның жағымсыздығы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- дене салмағының төмендеуі

- либидо жоғарылауы

- қынаптық бөлінулер, сүт безінен бөлінулер

- түйінді эритема, мультиформалы эритема

- көктамырлық және артериялық тромбоэмболиялық бұзылу**

** - Біріктірілген оральді контрацептивтер қолданатын топтардағы эпидемиологиялық зерттеулер деректері негізіндегі болжамды жиілігі

- «Көктамырлық және артериялық тромбоэмболиялық бұзылу» төмендегі аурулардың және жай-күйлердің қосындысы: терең шеткері көктамыр окклюзиясы, өкпе тамырларының тромбозы және эмболиясы /окклюзиясы, тромбоз, эмболиясы және миокард инфарктісі/ми инфаркті және геморрагиялық емес сипаттағы инсульт

Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.

Симптомдар дамуының өте төмен жиілігімен немесе басталуы кейін болатын, біріктірілген оральді контрацептивтер тобы препараттарымен өзара байланысты деп қарастырылатын жағымсыз реакциялар төменде келтірілген.

Ісіктер

- оральді контрацептивтер қабылдайтын әйелдер арасында сүт безі обырының диагнозы жиілігі аздап жоғарылаған. 40 жастан кіші әйелдерде сүт безінің обыры сирек анықталатындықтан диагноз жиілігі артуы бұл аурудың жалпы даму қаупіне қатысты елеусіз болып табылады. Оның біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдаумен байланысы дәлелденбеген.

- бауыр ісіктері (қатерсіз және қатерлі).

Басқа да жай-күйлер

- біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдаланғанда гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде панкреатит даму қаупі жоғары

- артериялық гипертензия

- біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдануға байланысты өзара әрекеттесудің пайда болуы немесе жай-күйі нашарлауы айғақталмаған: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тастар түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдердегі экзогендік эстрогендер бұл ауруға түрткі болуы мүмкін немесе симптомдарын өршітуі мүмкін

- бауыр функциясының бұзылуы

- глюкозаға толеранттылық өзгерістері немесе инсулинге резистенттіліктің шеткері әсері

- Крон ауруы және спецификалық емес ойық жара

- хлоазма.

Өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Әйелдерде төменде аталған жай-күйлердің қандай да біреулері болғанда Гестадиол қолданылмауы тиіс. Егер бұл жай-күйлердің қандай да біреулері қабылдау аясында алғаш рет дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс:

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік немесе оған күдік болуы

- бауырдың ауыр аурулары, сарғаю немесе алдыңғы жүктілік бойына тұрақты қышыну, Дабин-Джонсон синдромы, қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі Ротор синдромы

- орақ-жасушалы анемия

- осы уақыттағы немесе анамнездегі сүт безінің немесе эндометрияның карциномасы

- жүктілердің анамнезіндегі герпес

- жүктілік кезіндегі отосклероз нашарлауы

- генезі түсініксіз қынаптық қан кетулер

- көктамырлық тромбоэмболия қаупі болуы (КТЭ):

  • көктамырлық тромбоэмболия - осы уақыттағы немесе анамнездегі (терең көктамырлық тромбоз, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

  • тұқым қуалаумен шартталған немесе жүре пайда болған көктамырлық тромбоэмболияға бейімділік (мысалы, белсендірген С протеиніне резистенттілік (Лейден V факторын қоса), антитромбин III, протеин С немесе протеин S тапшылығы,

  • көптеген қауіп факторлары болуынан көктамырлық тромбоэмболияның жоғары қаупі (Айрықша нұсқауларын қараңыз) артериялық тромбоэмболия болуы немесе қаупі (АТЭ):

  • осы уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболия (миокард инфарктісі) немесе тромбоз алдындағы жай-күй (транзиторлық ишемиялық шабуыл, стенокардия)

  • осы уақыттағы немесе анамнездегі цереброваскулярлық бұзылу (инсульт)

  • тұқым қуалаумен шартталған немесе жүре пайда болған артериялық тромбоэмболияға бейімділік (гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антидене (кардиолипинге антидене және жегілік антикоагулянт))

  • анамнездегі неврологиялық ошақ симптомдары бар бас сақинасы

  • көптеген қауіп факторлары болуынан артериялық тромбоэмболияның жоғары қаупі (Айрықша нұсқауларын қараңыз):

• тамырлық асқынулары бар қант диабеті

• айқын артериялық гипертензия

• айқын дислипопротеинемия

- осы уақыттағы немесе анамнездегі айқын гипертриглицеридемиямен панкреатит

- осы уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гестадиолға басқа дәрілік заттардың әсері

Бауыр ферменттерін индукциялайтын дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл жыныс гормондарының клиренсі артуына ықпал етуі мүмкін және лақылдап қан кетулеріне және/немесе препараттың контрацептивті тиімділігі төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Бұндай препараттарды қабылдау уақытында әйелдер Гестадиолға қоса контрацепцияның бөгейтін әдісін қосымша пайдалануы немесе контрацепцияның басқа әдісін таңдау керек. Бұл арада контрацепцияның бөгейтін әдісін препарат қабылдауға қатарлас кезең бойына және оларды тоқтатқаннан кейін 28 күн ішінде пайдалану керек. Егер жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың бөгейтін әдісін пайдалану кезеңі қаптамадағы таблеткадан кейін аяқталса, таблетка қабылдаудың әдеттегі үзіліссіз Гестадиолдың келесі қаптамасына өту керек.

Жыныс гормондарының клиренсін жоғарылататын заттар (бауыр ферменттері индукциясы салдарынан біріктірілген гормональді контрацептивтер тиімділігін төмендететін),мысалы:

Ритонавир, карбамазепин, оксикарбазепин, рифампицин, рифабутин, барбитураттар, примидон, фенилбутазон, фенитоин, гризеофульвин, топирамат модафинил, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шайқурай бар препараттар.

Біріктірілген оральді контрацептивтер клиренсіне әртүрлі әсері бар заттар

Біріктірілген оральді контрацептивтермен үйлестіре қолданғанда көптеген АИТВ/HCV-протеаза тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері қан плазмасындағы эстрогендер немесе прогестиндердің концентрациясын жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін. Кейбір жағдайлардағы көрсетілген өзгерістердің релевантті мәні болуы мүмкін.

Біріктірілген оральді контрацептивтер клиренсін төмендететін заттар (ферменттер тежегіштері)

Аторвастатин, аскорбин қышқылы, парацетамол, цитохром Р450 3A4 бәсекелес тежегіштері зеңге қарсы препараттар сияқты (мысалы, итраконазол, вориконазол, флуконазол, индинавир, тролеандомицин, верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин), дилтиазем және грейпфрут шырыны қан плазмасындағы эстроген немесе прогестин немесе екі заттың да концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Эторикоксиб 60-тан 120 мг/күн дейінгі дозада құрамында 0,035 мг этинилэстрадиол бар біріктірілген гормональді контрацептивтермен бір уақытта қабылдағанда этинилэстрадиолдың плазмадағы концентрациясын

1,4-1,6 есе жоғарылатады.

Біріктірілген оральді контрацептивтердің басқа препараттарға әсері

Біріктірілген оральді контрацептивтер басқа кейбір препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін, бұл қан плазмасындағы және тіндердегі олардың концентрациясының жоғарылауына (мысалы, циклоспорин, теофиллин) немесе төмендеуіне (мысалы, ламотриджин) алып келеді.

Клиникалық зерттеулерде құрамында этинилэстрадиол бар гормональді контрацептивтер тағайындау қан плазмасындағы CYP3A4 субстратының (мысалы, мидазолам) концентрациясының қандай да бір жоғарылауына немесе ең болмаса әлсіз жоғарылауына алып келмеді, бұл кезде қан плазмасындағы CYP1A2 субстратының концентрациясы әлсіз (мысалы, теофиллин) немесе орташа (мысалы, мелатонин және тизанидин) дәрежеде жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сақтық шаралары және ескертулер

Егер төменде көрсетілген жай-күйлердің/қауіп факторының қандай да біреуі қазіргі уақытта бар болса, онда әрбір жеке жағдайдағы Гестадиолмен емнің потенциалды қаупі және күтілетін пайдасын мұқият таразылау керек және оны әйелмен препаратты қабылдауды бастауды шешкенге дейін талқылау керек. Осы жай-күйлердің немесе қауіп факторының кез келгенінің күшеюі немесе бірінші білінуі жағдайында препаратты тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) даму қаупі

Зерттеулер нәтижесі біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолданудың және миокард инфарктісі, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы және цереброваскулярлық бұзылу сияқты көктамырлық және артериялық тромбоздар, тромбоэмболиялық үдерістер даму қаупінің жоғары болуының арасында өзара байланыс барын көрсетеді. Аталған аурулар сирек анықталады.

КТЭ даму қаупі оральді контрацептивтерді қабылдаудың бірінші жылы ең жоғары болады. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді бастапқы пайдаланудан кейін немесе бір ғана немесе әртүрлі біріктірілген пероральді контрацептивтерді (препаратты қабылдаудың арасындағы 4 апта және одан астам үзілісінен кейін) пайдалануды жаңғыртқанда қауіп жоғары болады.

3 топтың пациенттері қатысқан ірі клиникалық зерттеулер бұл жоғары қауіп көбіне бірінші 3 ай бойына сақталатынын көрсетті.

Эстрогендер дозасы төмен (50 мкг аз этинилэстрадиол) пероральді контрацептивтер қабылдайтын пациенттерде көктамырлық тромбоэмболияның жалпы қаупі оларды жүктілік болмағанда пайдаланбайтын әйелдердегіге қарағанда 2-3 есе артық, дегенмен бұл қауіп жүктілікте және босануда көктамырлық тромбоэмболияның қаупімен салыстырғанда төмендеу болып қалады.

Көктамырлық тромбоэмболия өмірге қауіпті болуы мүмкін немесе 1-2% жағдайларда өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін.

Терең көктамырлар тромбозы және/немесе өкпе артериясының эмболиясы ретінде білінетін көктамырлық тромбоэмболия кез келген біріктірілген пероральді контрацептивтер пайдаланғанда болуы мүмкін.

Біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдайтын әйелдерде басқа қан тамырларының, мысалы бауырлық, мезентериальді, бүйректік, церебральді артериялардың және көктамырлардың, сондай-ақ торқабық тамырларының тромбозының аса сирек жағдайлары сипатталған.

Терең көктамырлар тромбозы симптомдарына мыналар жатады: аяқтың біржақты немесе аяқ көктамырын бойлай ісінуі, тек тік тұрғанда ғана болатын немесе жүргендегі аяқтағы ауыру немесе жайсыздық, зақымданған аяқтағы температураның жергілікті жоғарылауы, аяқ терісі жабынының қызаруы немесе түсінің өзгеруі.

Өкпе артериясының тромбоэмболия симптомдары төмендегіше білінеді: түсініксіз ентігудің немесе тыныс алудың жиілеуінің күрт басталуы, қан түкірумен бірге жүруі мүмкін кенеттен жөтел шабуылы, терең тыныс алуда күшейетін кеуде қуысындағы жедел ауыру, үрейлену сезімі, қатты бас айналуы; жиілеген немесе жүйесіз жүрек қағуы. Бұл симптомдардың кейбіреулері (мысалы, «ентігу» және «жөтел») спецификалық емес болып табылады және осыған байланысты жиірек және ауырлығы төмен бұзылулардың (мысалы, тыныс алу жолдарының инфекциялары) белгілері ретінде қате интерпретациялануы мүмкін.

Артериялық тромбоэмболияға цереброваскулярлық бұзылу, тамырлар окклюзиясы немесе миокард инфарктісі қосылуы мүмкін.

Цереброваскулярлық бұзылу симптомдары күрт әлсіздік немесе беттің, аяқ-қолдың, әсіресе дененің бір жағының ұюы, кенеттен сананың шатасуы, сөйлеу бұзылуы немесе қабылдау қиындығы болуы мүмкін; бір немесе екі көздің көруінің күрт нашарлауы, жүрістің кенет бұзылуы, бас айналуы, тепе-теңдікті немесе қозғалыс координациясын жоғалту, кенеттен ауыр немесе нақты себепсіз ұзақ бас ауыру, есінен айрылу немесе ұстамасы бар немесе онсыз естен тану.

Тамырлар окклюзиясының басқа белгілері сондай-ақ күрт ауыру, аяқ-қолдың ісінуі немесе әлсіз көгеруі, «іштеспе» симптомдары болуы мүмкін.

Миокард инфарктінің симптомдарына мыналар жатады: ауыру, жайсыздық, қысым, кеудедегі, қолдағы немесе төс артындағы қысу немесе керу сезімі, арқаға, бет сүйегі, көмей, қол, асқазанға иррадиацияланатын жайсыздық сезімі, асқазанның толу немесе керу сезімі, тұншығу сезімі, суық тер, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы, қатты әлсіздік, үрейлену сезімі, ентігу, жиілеген немесе жүйесіз жүрек соғуы.

Артериялық тромбоэмболиялық үдерістер өмірге қауіпті болуы мүмкін немесе өліммен аяқталуы мүмкін.

Қауіптің бірнеше факторларының біріктірілімі немесе қауіп факторларының бірінің жоғарырақ айқындығы бар әйелдерде тромбоздың жоғары синергиялық қауіп ықтималдығын ескеру керек.

Бұндай жағдайларда, барлық факторлардың ескерілген жай біріккен қаупіне қарағанда жоғары қауіп одан да артық болуы мүмкін. Қауіп/артықшылық арақатынасының теріс бағалануы жағдайында Гестадиолды тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Тромбоз даму қаупі (көктамырлық және/немесе артериялық), тромбоэмболиялық немесе цереброваскулярлық бұзылу жоғарылайды:

- жасына қарай;

- шылым шегетіндерде (сигарет мөлшері артқанда немесе жас ұлғаюына қарай қаупі одан әрі жоғарылайды, әсіресе жасы 35 асқан әйелдерде);

- отбасылық анамнезде болған жағдайда (яғни қай кезде болмасын жақын туыстарында немесе ата-анасында салыстырмалы түрде жас кезінде көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболия), егер тұқым қуалайтын бейімділігі белгілі болса немесе болжанса, әйел дәрігермен біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін кеңесуі керек;

- семіздікте (30 кг/м2 астам дене салмағының индексі);

- дислипопротеинемияда;

- артериялық гипертензияда;

- бас сақинасында;

- жүрек клапаны ауруларында;

- жүрекше фибрилляциясында;

- ұзақ иммобилизацияда, күрделі хирургиялық араласымда, аяқтағы кез келген операцияда немесе ауқымды жарақатта. Бұл жағдайларда біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдалануды дұрысы тоқтату керек (операция жоспарланған жағдайда, ең болмағанда, одан төрт апта бұрын) және иммобилизация аяқталғаннан кейін екі апта бойына қабылдауды жаңғыртпайды. Көктамырлық тромбоэмболия дамуында көктамырлардың варикоздық кеңеюі және беткейлік тромбофлебиттің болжамды рөлі туралы мәселе даулы болып қала береді. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі тромбоэмболия дамуының жоғары қаупін ескеру керек. Сондай-ақ қант диабетінде, жүйелік қызыл жегіде, гемолитико-уремиялық синдромда, ішектің созылмалы қабыну ауруларында (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақ-жасушалы анемияда

циркуляторлық бұзылу анықталуы мүмкін.

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді (бұл цереброваскулярлық бұзылудың алдында болуы мүмкін) қолдану уақытында бас сақинасының жиілігі және ауырлығының артуы бұл препараттарды қабылдауды дереу тоқтату үшін негіз болуы мүмкін.

Биохимиялық параметрлер, бұған белсендірілген С протеиніне резистенттілік, гипергомоцистеинемия, антитромбин-III тапшылығы, протеин С тапшылығы, протеин S тапшылығы, антифосфолипидті антиденені (кардиолипинге антидене, жегілік антикоагулянт) қоса, көктамырлық немесе артериялық тромбозға тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділіктің көрсеткіші болуы мүмкін.

Қауіп/артықшылығының арақатынасын бағалауда, тиісті жай-күйді талапқа сай емдеу оған байланысты тромбоз даму қаупін төмендетуі мүмкін екенін дәрігер ескеруі тиіс. Сондай-ақ жүктілік кезіндегі тромбоздар мен тромбоэмболияның қаупі төмен дозалы біріктірілген пероральді контрацептивтерді (0,05 мг этинилэстрадиолдан аз) қабылдаудағыға қарағанда жоғары екенін ескеру керек.

Ісіктер

Жатыр мойны обырының даму қаупінің ең елеулі факторы папилломавирусты инфекция (HPV) болып табылады. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді ұзақ қолданғанда жатыр мойны обырының кейбір жоғары даму қаупінің хабарламалары бар, алайда бұның басқа факторлармен, оның ішінде жатыр мойнын тексеру жиілігімен және контрацепцияның бөгеу әдісін пайдалануды қоса, жыныстық мінез-құлық ерекшеліктерімен қандай дәрежеде байланысты болуы мүмкіндігі туралы деректер қарама-қайшылықты қалып отыр.

Зерттеулер кезінде біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланушы әйелдерде диагностикаланған сүт безі обыры дамуының салыстырмалы қаупі (RR=1.24) біршама жоғары болғаны көрсетілді. Жоғары қаупі бұл препараттарды тоқтатқаннан кейін біртіндеп 10 жыл ішінде жойылады. Осыған байланысты сүт безі обыры 40 жастан кіші әйелдерде сирек анықталады, біріктірілген пероральді контрацептивтерді осы уақытта қабылдаушы немесе жуық арада қабылдаған әйелдердегі сүт безінің обыры диагнозы санының өсуі бұл аурудың жалпы даму қаупіне қатысты елеусіз болып табылады. Оның біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауға байланысы дәлелденбеген.

Бақыланған жоғары қауіп біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған әйелдердегі сүт безі обырының ертерек диагностикалануының, біріктірілген пероральді контрацептивтердің биологиялық әсерінің немесе екі фактордың үйлесімінің салдары болуы мүмкін. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланған әйелдерде, оларды ешқашан қолданбаған әйелдерге қарағанда, клиникалық айқындылығы төмен сүт безі обыры анықталады.

Сирек жағдайларда біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану аясында бауырдың қатерсіз ісігінің дамуы байқалды және бұдан да сирек жағдайларда бауырдың қатерлі ісігінің дамуы байқалды. Жеке-дара жағдайларда бауыр ісігі интраабдоминальді өмірге қауіпті қан кетулерге алып келуі мүмкін. Іштің жоғарғы аумағында қатты ауырулар пайда болған жағдайда бауыр ұлғаюы немесе интраабдоминальді қан кетулер белгілерінде дифференциальді диагноз қоюда бауыр ісігін ескеру керек.

Қатерлі ісік өмірге қауіпті болуы немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Басқа да жай-күйлер

Гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде (немесе осы жай-күйдің отбасылық анамнезде болуы) біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау кезінде панкреатит дамуының жоғары қаупі болуы мүмкін.

Артериялық қысымның аздап артуы біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдайтын көптеген әйелдерде сипатталса да клиникалық елеулі жоғарылауы сирек анықталды. Дегенмен біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау уақытында артериялық қысымның тұрақты, клиникалық елеулі жоғарылауы дамыса, бұл препаратты тоқтату керек және артериялық гипертензияны емдеуді бастау керек. Егер гипотензиялық ем көмегімен артериялық қысымның қалыпты мәніне қол жетсе, біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау жалғастырылуы мүмкін.

Жүктілікте бақыланған төмендегі жай-күйлер сондай-ақ біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау кезінде де пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; порфирия; жүйелік қызыл жегі; гемолиздік уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естудің жойылуы. Алайда көрсетілген жай-күйлер және біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау арасындағы өзара байланыс дәлелденбеген.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер бұл аурудың симптомдарына түрткі болуы немесе ушықтыруы мүмкін.

Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы бар болғанда біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдалануды бауыр функциясы көрсеткіштері қалыпқа келгенше тоқтату туралы мәселені шешу керек. Жүктілік уақытында бірінші рет қайталанатын холестаздық сарғаю дамығанда немесе алдында жыныс гормондарын қабылдағанда біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауды тоқтату керек.

Біріктірілген пероральді контрацептивтер инсулинге резистентті және глюкозаға толерантты әсер етуі мүмкін болса да, төмен дозалы біріктірілген пероральді контрацептивтерді (<0,05 мг этинилэстрадиол) пайдаланатын қант диабеті бар науқастарда емдік режимді өзгерту қажеттігі жоқ. Дегенмен қант диабеті бар әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау уақытында мұқият бақылануы тиіс.

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану аясында көздің торлы қабығы тамырларының зақымдануы, көру жүйкесі дискісінің ісінуі; өт қалтасында тастың түзілуі; гиперинсулинизм; гипертриглицеридемия; ТЖЛП төмендеуі; Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит бақыланды.

Хлоазмға бейімі бар әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау уақытында күн астында ұзақ болудан және ультракүлгін сәулелену әсерінен аулақ болуы керек.

Лактоза

Гестадиол препаратының бір таблеткасында 35 мг лактоза бар.

Лактозасы жоқ диетада жүрген, галактоза жағымсыздығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактозды мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттерде Гестадиол құрамындағы лактоза мөлшерін ескеру керек.

Зертханалық тестілер

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау бауыр, бүйрек, қалқанша без, бүйрек асты безінің функциясы көрсеткіштерін, плазмадағы тасымалдаушы ақуыздардың деңгейін, көмірсу алмасу көрсеткішін, коагуляция және фибринолиз параметрлерін қоса, кейбір зертханалық тестердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Әдетте өзгеріс қалыпты мәндер шегінен шықпайды.

Медициналық тексерістер

Препаратты қолдануды бастар алдында, сондай-ақ препаратты қолданудың үдерісінде мезгіл-мезгіл әйелге мұқият жалпы медициналық және гинекологиялық тексеру (артериялық қысымды өлшеуді, сүт безін зерттеуді, құрсақ қуысы және кіші жамбас ағзаларын, оның ішінде цервикальді шырыштың цитологиялық зерттеуін қоса) өту, жүктіліктің бар-жоғын анықтау ұсынылады.

Препаратты қолдану барысында қарсы көрсетілімдер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл және басқалары) немесе қауіп факторлары (мысалы, көктамырлық немесе артериялық тромбоздарға тұқым қуалайтын бейімділік) білінуі мүмкін болғандықтан мезгіл-мезгіл медициналық тексеру жүргізу маңызды.

Әйелдерге Гестадиол типті препараттардың АИТВ-инфекцияларынан (ЖИТС) және жыныс жолдары арқылы берілетін басқа да аурулардан қорғамайтынын ескерту керек!

Тиімділігінің төмендеуі

Біріктірілген пероральді контрацептивтік препараттардың тиімділігі таблетканы өткізіп алғанда, құсуда және диареяда немесе дәрілік өзара әрекеттесулер нәтижесінде төмендеуі мүмкін.

Етеккір оралымына әсері

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау аясында жүйесіз қан кетулер анықталуы мүмкін (жағынды қан бөлінділері немесе лақылдап қан кетулер), әсіресе қолданудың бірінші айында. Сондықтан кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау шамамен үш циклды құрайтын дағдылану кезеңінен кейін ғана жүргізілуі тиіс. Егер алдыңғы жүйелі оралымдардан кейін жүйесіз қан кетулер қайталанса немесе дамыса қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін мұқият зерттеу жүргізу керек.

Кейбір әйелдерде таблетка қабылдаудың үзілісі уақытында тоқтату қан кетулері дамымауы мүмкін. Егер біріктірілген пероральді контрацептивтер көрсетілімге сәйкес қабылданса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз болады. Дегенмен, егер осыған дейін біріктірілген пероральді контрацептивтер жүйесіз қабылданса, немесе егер қатарынан екі тоқтату қан кетуі болмаса, препарат қабылдауды жалғастырғанға дейін жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.

Балаларда және жасөспірімдерде қолданылуы

Гестадиолды етеккір басталғаннан кейін ғана қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гестадиол жүктілік уақытында тағайындалмайды. Егер препарат қабылдау уақытында жүктілік анықталса, оны қабылдауды дереу тоқтату керек. Алайда ауқымды эпидемиологиялық зерттеулер біріктірілген пероральді контрацептивтерді жүктілікке дейін қабылдаған әйелдерден туған балаларда дамудың ақауларының ешбір жоғары қаупін немесе біріктірілген пероральді контрацептивтерді абайсызда жүктіліктің ерте мерзімінде қабылдағанда тератогендік әсерін анықтамады.

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау емшек сүтінің мөлшерін азайтуы және оның құрамын өзгертуі мүмкін, сондықтан оларды пайдалану негізінен емшекпен емізуді тоқтатқанша ұсынылмайды. Жыныс стероидтарының және/немесе олардың метаболиттерінің аздаған мөлшері сүтпен шығарылуы мүмкін.

Дәрілік заттың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі байқалмады.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда күрделі жағымсыз әсерлері туралы хабарланбаған.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, және жас қыздарда қынаптан аздаған қан кетулер.

Емі: ешбір спецификалық антидоты жоқ; симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі

Пішінді ұяшықты қаптамада 21 таблеткадан. 1 пішінді қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

“Гаупт Фарма Мюнстер ГмбХ”, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

“ратиофарм ГмбХ”, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе

Телефон: (727) 311 09 15, Факс: (727) 311 07 34

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе

Телефон: (727) 311 07 08, Факс: (727) 311 07 34

е-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

460466391477976407_ru.doc 123.5 кб
586564301477977606_kz.doc 156.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники