Виферон® (3000000 МЕ)

МНН: Интерферон альфа
Производитель: Ферон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Interferon alfa-2b
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014689
Информация о регистрации в РК: 26.08.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ВИФЕРОН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Интерферон альфа

Дәрілік түрі

Ректальді супозиторийлер, 150000 ХБ, 500000 ХБ, 1000000 ХБ, 3000000 ХБ

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны 150000 ХБ, 500000 ХБ, 1000000 ХБ, 3000000 ХБ,

қосымша заттар: аскорбин қышқылы, натрий аскорбаты, альфа-токоферол ацетаты, динатрий эдетат дигидраты, полисорбат-80, какао майы, кондитерлік май немесе какао майының алмастырығышы.

Сипаттамасы

Ақ-сарыдан сары түске дейінгі оқ пішінді суппозиторий. Боялуы біртекті емес теңбіл немесе мәрмәр түрінде болуы мүмкін. Бойлық кесігінде ұңғыма тәрізді ойық бар. Суппозиторий диаметрі 10 мм-ден аспайды.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Интерферондар. Альфа-2b интерфероны.

АТХ коды L03AB05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

ВИФЕРОН® препаратын ректальді түрде қолдану адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны көктамыр немесе бұлшықет ішіне енгізгенге қарағанда, қанда интерферонның өте ұзақ айналымда болуына мүмкіндік береді. ВИФЕРОН® енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң сарысулық интерферон деңгейінің төмендеуі оны қайталап енгізу қажеттілігін жүзеге асырады.

Гестациялық жасы 34 аптадан кем болатын шала туған нәрестелерде эндогенді интерферон мөлшерінің динамикасын талдау тәулігіне 8 сағат сайын 3 рет ВИФЕРОН® енгізу қажет екендігін айғақтайды.

Фармакодинамикасы

Адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны вирусқа қарсы, антипролиферативтік және иммуномодуляциялаушы айқын әсері бар.

Препараттың кешенді құрамы бірқатар жаңа әсерлерді жүзеге асырады: аскорбин қышқылы мен токоферол ацетатының болуы адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны вирусқа қарсы өзіне тән ерекше белсенділігін арттырады, оның Т және В-лимфоциттерге иммуномодуляциялаушы әсері күшейеді, Е иммуноглобулинінің деңгейі қалыпқа келеді, интерферонның эндогенді жүйесінің функциональдығы қалпына келеді, интерферон препараттарын парентеральды түрде енгізген кезде пайда болатын жағымсыз әсерлер болмайды. ВИФЕРОН® 2 жыл бойы қолданғанда адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны вирусқа қарсы белсенділігін бейтараптандыратын антидене түзілмейді, интерферонның эндогенді жүйесінің функциональдығын қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • жаңа туған балаларда, оның ішінде шала туған балаларда, жұқпалы-қабыну ауруларында (жиынтық ем құрамында)

жедел ағымды респираторлы вирус жұқпаларында (ЖРВЖ), пневмонияда (бактериялық, вирустық, хламидиялық), менингитте, сепсисте, жатырішілік өзіне тән ерекше жұқпаларда (хламидиоз, герпес, цитомегалия, энтеровирусты жұқпа, висцеральды кандидоз, микоплазмоз)

  • балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирус гепатитінде (жиынтық ем құрамында), сондай-ақ плазмаферезді қолданып жүргізілетін виферонотерапиямен және белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирус гепатиттерінде және бауыр циррозында, гемосорбциясымен біріктіре отырып

  • жүкті әйелдердегі урогенитальдық жұқпаларда (хламидиоз, генитальды герпес, цитомегаловирусты жұқпа, уреаплазмоз, трихомониаз, гарднереллез, папилломавирусты жұқпа, бактериялық вагиноз, қынаптың қайталанатын кандидозы, микоплазмоз) интерферон түзететін дәрі ретінде

  • тұмауда және жедел ағымды респираторлы вирусты басқадай ауруларда, оның ішінде ересектерде бактериялық жұқпа асқынғанда (жиынтық ем құрамында)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Препарат ректальды түрде қолданылады.

7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға және ересектерге 500000 ХБ ВИФЕРОН® тағайындайды.

1000000 ХБ ВИФЕРОН®, 3000000 ХБ ВИФЕРОН® көбінесе балалар мен ересектерде вирус гепатитін емдеу үшін тағайындайды.

Жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған нәрестелерде әртүрлі жұқпалы-қабыну ауруларын кешенді түрде емдеу

Жаңа туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® тәулігіне 12 сағат сайын 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды. Емделу курсы – 5 күн.

Жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған нәрестелерде, әртүрлі жұқпалы-қабыну ауруларында тиісті курс мөлшері:

ЖРВЖ – 1 курс, пневмония (бактериялық – 1-2 курс, вирустық – 1 курс, хламидиялық – 1 курс), сепсисте – 2-3 курс, менингитте – 1-2 курс, герпес жұқпасында – 1 курс, энтеровирусты жұқпада – 1-2 курс, цитомегаловирусты жұқпада – 2-3 курс, микоплазмозда – 2-3 курс.

Курс арасындағы үзіліс 5 күнді құрайды.

Гестационды жасы 34 аптадан кем жаңа шала туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® тәулігіне 8 сағат сайын 3 рет 1 суппозиторийден тағайындайды. Емделу курсы 5 күнді құрайды.

Балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирус гепатиттерін кешенді түрде емдеу, сондай-ақ плазмаферезді қолданып жүргізілетін виферонотерапиямен және белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирус гепатиттерінің гемосорбциясымен үйлестіре отырып емдеу

Созылмалы вирус гепатитіне шалдыққан балаларға препаратты жасқа қарай келесі дозаларда тағайындайды:

6 айлыққа дейін – тәуліктік доза 300000 ХБ,

6-дан 12 айлыққа дейін – 500000 ХБ-1000000 ХБ (бойы мен салмағына қарай),

1 жастан 3 жасқа дейін – 1000000 ХБ-2000000 ХБ,

3 жастан 7 жасқа дейін – 2000000 ХБ-3000000 ХБ.

7 жастан асқан балаларға – 4000000 ХБ-5000000 ХБ.

Таңертеңгісін және кешкісін әртүрлі дозалар қолданылуы мүмкін: мысалға: таңертеңгісін – 1 млн. ХБ, түнге – 500 мың ХБ. Препаратты алғашқы 10 күнде күніне 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет қолданады, әрі қарай 6-12 ай бойы аптасына күн ара үш рет қолданады. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне және зертханалық көрсеткіштеріне қарай анықталады. Белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирус гепатитіне және бауыр циррозына шалдыққан балаларға плазмаферез және/немесе гемосорбция жүргізер алдында препаратты 14 тәулік бойы күнде 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолдану көрсетілген (7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға 500000 ХБ ВИФЕРОН®).

Созылмалы вирус гепатитіне шалдыққан ересектерге 10 тәулік бойы күніге 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды, әрі қарай аптасына күнара 6-12 ай бойы. Емделу ұзақтығы клиникалық тиімділігімен және зертханалық көрсеткіштерімен анықталады.

Жүкті әйелдердегі урогенитальдық жұқпаларда (хламидиоз, генитальды герпес, цитомегаловирусты жұқпа, уреаплазмоз, трихомониаз, гарднереллез, папилломавирусты жұқпа, бактериялық вагиноз, қынаптың қайталанатын кандидозы, микоплазмоз) интерферон түзететін дәрі ретінде

Урогенитальды жұқпасы бар жүкті әйелдерге 28-ден 34 аптаға дейінгі гестацияда кешенді ем ретінде 150000 ХБ ВИФЕРОН® күнара 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады (курсы – 10 суппозиторий). 35-аптадан бастап босанғанға дейін 500000 ХБ ВИФЕРОН® күн сайын 5 күн бойы 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады.

Гестацияның 28 аптасынан бастап 12 апта ішінде барлығы 7 курс, курс арасындағы үзіліс – 7 күн. Емделу ұзақтығы клиникалық тиімділігімен және зертханалық көрсеткіштерімен анықталады.

Тұмауда және басқадай жедел ағымдағы респираторлы вирусты ауруларда, оның ішінде ересектердегі бактериялық жұқпамен асқынғанда кешенді ем ретінде

500000 ХБ ВИФЕРОН® күніге 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады. Емделу курсы 5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек - аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері және қышыну). Бұл құбылыстар қайтымды және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 72 сағаттан соң жоғалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді компоненттердің біреуіне немесе қосымша затқа жоғары сезімталдық

  • жүктіліктің 28 аптасына дейінгі кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ВИФЕРОН® аталған ауруларды емдеген кезде қолданылатын барлық дәрілік препараттармен (антибиотиктер, химиопрепараттар, глюкокортикостероидтар, иммуносупрессорлар) біріктіруге болады және жақсы үйлеседі.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің 28 аптасынан бастап қолдануға рұқсат етіледі.

Лактация кезеңінде қолдануға шектеулер жоқ.

Дәрілік заттің көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны суппозиторий түрінде (ВИФЕРОН®) көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы анықталмаған.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 суппозиторийден поливинилхлоридті және поливинилхлоридті (ПВХ/ПВХ) үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФЕРОН» ЖШҚ. 123098, Мәскеу қ-сы, Гамалея к-сі, 18 үй.

Телефон/факс (499) 193-30-60.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФЕРОН» ЖШҚ. 123098, Мәскеу қ-сы, Гамалея к-сі, 18 үй.

Телефон/факс (499) 193-30-60.

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"БиоФерон" ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050059 Алматы қ-сы, Самал-2 к-сі, 56 А үй.

тел/факс: +7(727)264-63-15

Электрондық поштасы: info@viferon.su                         

Прикрепленные файлы

899482231477976415_ru.doc 54.5 кб
618696421477977614_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники