Вирокомб

МНН: Зидовудин, Ламивудин
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zidovudine and lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015597
Информация о регистрации в РК: 23.04.2015 - 23.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 175.56 KZT

Инструкция

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі нұсқаулық

 

 

ВИРОКОМБ

Саудалық атауы

Вирокомб

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 150 мг ламивудин

300 мг зидовудин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабығы: ақ опадрай 03Н58900 (гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, пропиленгликоль), тазартылған су.

Сипаттамасы

Капсула пішінді, бір жағында «RX923» деп өрнектелген және екінші жағы тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. АИВ жұқпасын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Зидовудин және ламивудин.

АТХ коды J05AR01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ересектердегі фармакокинетикалық параметрлері

Ламивудин: Препаратты аш қарынға қабылдағаннан кейін емделушілерде анықталатын ламивудиннің фармакокинетикалық қасиеттері төмендегі Кестеде берілген. Ішке қабылдағаннан кейін ламивудин тез сіңеді және қарқынмен таралады. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен. Көктамыр ішіне енгізілген ламивудин дозасынан шамамен 70 өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Ламивудин метаболизмі оның қосалқы шығарылу жолы болып табылады. Адамдағы бірден-бір белгілі метаболиті – транссульфоксид (ішуге арналған дозасынан шамамен 5 12 сағат өткен соң).

Зидовудин: Препаратты аш қарынға қабылдағаннан кейін емделушілерде анықталатын зидовудиннің фармакокинетикалық қасиеттері төмендегі Кестеде берілген. Ішу арқылы қолданғаннан кейін зидовудин тез сіңеді және қарқынды таралады. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен. Зидовудин элиминациясы негізінен бауыр метаболизмі арқылы жүреді. Зидовудиннің негізгі метаболиті – GZDV. GZDV фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) зидовудин AUC мәнінен шамамен 3 есе көбірек. Ішке қабылдағаннан кейін 14% зидовудин және 74% GZDV несептен табылады. Қан плазмасынан тағы бір метаболиті – 3′-амин-3′-деокситимидин (AMT) табылады. AMT AUC зидовудин AUC мәнінің бестен бірін құрады.

Кесте: Ересектерде білінетін ламивудин мен зидовудиннің фармакокинетикалық параметрлері*

Параметр

Ламивудин

Зидовудин

Препараттың ішу арқылы енгізу кезіндегі биожетімділігі (%)

86 ± 16

64 ± 10

Болжамды таралу көлемі (л/кг)

1,3 ± 0,4

1,6 ± 0,6

Плазма ақуыздарымен байланысуы (%)

(%)

<36

<38

Жұлын сұйықтығындағы препарат концентрациясының плазмадағы препарат концентрациясына қатынасы **

0,12 [0,04-тен 0,47 дейін]

0,60 [0,04-тен 2,62 дейін]

Жалпы клиренсі (л/сағ./кг)

0,33 ± 0,06

1,6 ± 0,6

Бүйрек клиренсі (л/сағ./кг)

0,22 ± 0,06

0,34 ± 0,05

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)#

5-тен 7 дейін

0,5-тен 3 дейін

*Деректер, аталған жағдайларды қоспағанда, орташа мәні ± стандартты ауытқу түрінде берілген

**Орташа [диапазон]

#Жуық шамадағы диапазон

Құрамында ламивудин мен зидовудин бар таблеткалардың сіңірілуіне

ас ішудің әсері

Құрамында ламивудин + зидовудин біріктірілімі бар таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Құрамында ламивудин + зидовудин біріктірілімі бар таблеткаларды тамақпен қабылдағаннан кейінгі ламивудин және зидовудин AUC дені сау еріктілерде аш қарынға қабылдау кезіндегідей болды.

Егде жастағы емделушілер

Ламивудин мен зидовудин фармакокинетикасы 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген.

Балалар

Зидовудиннің 5-6 айлық балалардағы фармакокинетикалық бейіні ересектердегі бейініне ұқсас. Биожетімділігі 60-74 % құрайды. 120 мг/m2 дозасы үшін Сssmax 4,45 микроМ (1,19 мкг/мл) және 180 mg/m2 дозасы үшін 7.7 микроМ (2.06 мкг/мл). Тәулігіне 4 рет 180 мг/м2 қабылдағанда балалардағы 40,0 hr микроМ немесе 10,7 hr мкг/мл AUC көрсеткіші ересектердің тәулігіне 6 рет 200 мг қабылдау кезіндегі AUC мәніне сәйкес келеді.

АИВ жұқтырған 2-ден 13 жасқа дейінгі балаларда қан плазмасындағы зидовудин фармакокинетикасының зерттеуі емдеу үшін ең ұтымды дозаның тәулігіне үш рет 120 мг/м2 немесе тәулігіне екі рет 180 мг/м2 құрайтынын көрсетті. Осылай дозаланғанда қан плазмасындағы AUC және Cmax екі рет тағайындалуында үш рет қабылдануына сәйкес келеді. Педиатрияда ламивудин фармакокинетикасы ересектердегі фармакокинетикасына ұқсас. Алайда, абсолютті биожетімділігі (шамамен 55-65%) 12 жасқа толмаған балаларда төмендеп кеткен. Жасы кіші балалардағы жүйелі клиренсі үлкендеу балалардағыдан жоғары және жас өскен сайын төмендеп, 12 жасқа қарай ересектердің мәндеріне жуықтайды. Осы айырмашылықтардың негізінде 3 айдан 12 жасқа дейінгі және салмағы 6-дан 40 кг дейінгі балаларға ұсынылатын ламивудин дозасы күніне 8 мг/кг құрайды. Осылай тағайындалғанда AUC 0-12 3,800-ден 5,300 ннг сағ./мл дейін құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ламивудин шығарылу жылдамдығының төмендеуіне әкеледі, бұл креатинин клиренсі 50 мл/мин аз емделушілерде препарат дозасын азайтуды талап етеді. Плазмадағы зидовудин концентрациялары да үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде арта түседі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр циррозына шалдыққан емделушілерде алынған шектеулі деректерде бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде глюкурондану үдерістерінің төмендеуіне байланысты зидовудиннің жинақталуы мүмкін екені жорамалданады. Препарат дозасы бауыр жеткіліксіздігі ауыр дәрежелі емделушілерде түзетілуі тиіс.

Фармакодинамикасы

Вирокомб – вирустық РНҚ-дан ДНҚ түзілуін бөгеп, вириондардың кері транскриптазасын тежейтін нуклеозид болып табылатын біріктірілген (ламивудин және зидовудин) вирусқа қарсы препарат.

Ламивудин: Ламивудин жасуша ішінде өзінің белсенді 5′-трифосфатты метаболиті – ламивудин трифосфатына (ЗТС-ТР) дейін фосфорланады. ЗТС-ТР негізгі әсер ету механизмі нуклеотидті аналог қосылуынан кейін вирустық ДНҚ тізбегінің терминациясы арқылы кері транскриптаза (RТ) тежелісімен жүзеге асады. ЗТС-ТР α, β және γ-ДНҚ полимеразалардың әлсіз тежегіші болып табылады.

Зидовудин: Зидовудин жасуша ішінде өзінің белсенді 5′-трифосфатты метаболиті – зидовудин трифосфатына (ZDV-TP) дейін фосфорланады. ZDV-TP негізгі әсер ету механизмі нуклеотидті аналог қосылуынан кейін вирустық ДНҚ тізбегінің терминациясы арқылы кері транскриптаза (RТ) тежелісімен жүзеге асады. ZDV-TP α және γ-ДНҚ полимеразалардың әлсіз тежегіші болып табылады және өсірінділер жасушаларының ДНҚ-сына қосылады.

Препараттың вирусқа қарсы белсенділігі көбінесе монофосфатты түрінің вирустық ДНҚ тізбегіне қосылуымен жүзеге асады, соның нәтижесінде тізбектің үзілуі болады. Ламивудин және зидовудин трифосфаттарының адам жасушаларының ДНҚ-полимеразаларымен тектестігі едәуір аз.

Ламивудинге АИВ-1 төзімділігі вирустық кері транскриптазаның белсенді бөлігіне жақын орналасқан M184V амин қышқылы өзгерістерінің дамуына себеп болады. M184V мутациялары ламивудинге сезімталдықты азайтады. Зидовудинге төзімді вирустық штаммдар ламивудинге төзімділікке бір мезгілде ие болғанда зидовудинге сезімтал болып кетуі мүмкін.

M184V RT-ға тән айқаспалы төзімділік антиретровирустық дәрілер – нуклеозидті тежегіштер класы аясында шектеледі. Ламивудин мен зидовудин арасындағы айқаспалы төзімділік білінбеген.

Қолданылуы

- Ересектердегі және 12 жастан үлкен балалардағы АИВ жұқпасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді АИВ жұқпасының емін жүргізу тәжірибесі бар дәрігер атқаруы тиіс.

Дозаларды төмендету немесе азайту, сондай-ақ Вирокомб компоненттерінің бірін (ламивудин немесе зидовудин) тоқтату қажет болатын жағдайларда ламивудин және зидовудин препараттарын бөлек қабылдауға болады.

Вирокомбты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Таблетканы шайнамастан бүтіндей жұту ұсынылады. Емделуші бүтін таблетканы жұта алмайтын жағдайда оны ұсақтауға және сұйықтықтың аздаған мөлшерінде немесе жартылай сұйық тағамда ерітуге болады. Қоспаны әзірлеген соң бірден ішкен жөн.

Ересектер және салмағы 40 кг-ден көп балалар (12 жастан асқан балалар)

Тәулігіне екі рет бір таблеткадан.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы тұлғаларда, бүйрек функциясының төмендеуі және қан көрсеткіштерінің өзгеруі сияқты жас ұлғаюымен өзгерістерді ескеріп, препаратты қолдану кезінде ерекше сақ болуға кеңес беріледі.

Бүйрек жеткіліксіздігінде қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қан плазмасындағы ламивудин және зидовудин концентрациялары олардың баяу элиминациясы салдарынан жоғарылаған. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге (креатинин клиренсі 50 мл/мин аз) бірқатар жағдайларда ламивудин мен зидовудин дозасын әркімге жеке таңдау қажет, оларға ламивудин және зидовудин препараттарын бөлек тағайындау ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуында қолдану

Бауыр функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған емделушілерге препарат дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр дәрежелі емделушілерде зидовудин дозасын әркімге жеке таңдау мүмкін болу үшін ламивудин мен зидовудин препараттарын бөлек қолдану ұсынылады.

Гематологиялық жағымсыз әсерлері бар емделушілерде қолдану

Айқын анемияда немесе нейтропенияда зидовудин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Вирокомб қолдану кезінде ламивудин мен зидовудин дозаларын әркімге жеке таңдау мүмкін еместіктен, осы препараттардың әрқайсысын бөлек қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар АИВ емінің үдерісінде Вирокомб препараты тағайындалғанда және ламивудин мен зидовудин әр бөлек тағайындалғанда анықталған. Аталған жағымсыз реакциялардың тікелей ламивудинге/зидовудинге қатысты екені немесе АИВ емдеуде пайдаланылатын препараттардың кең ауқымын қолдану нәтижесінен немесе аурудың өз зардаптарынан болатыны үнемі түсінікті бола бермейді.

Жағымсыз реакциялар көрініс беру жиілігіне сәйкес, өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (≥1/10, 000 және <1/1000), өте сирек (<1/10, 000) болып белгіленеді.

Ламивудинге реакциялар

Жиі

- бас ауыру

- гиперлактатемия

- жүрек айну, құсу, іш аумағының ауыруы, диарея

- бөртпе, алопеция

- артралгия, бұлшықеттердің бұзылуы

- әлсіздік, қажу, қызба

Жиі емес

- анемия, нейтропения, тромбоцитопения

- бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы

Сирек

- сүт қышқылды ацидоз

- шелмай қабатының қайта таралуы/жиналуы (вирусқа қарсы препараттармен біріктірілген емді қоса, мультифакторлы этиологиясы бар)

- сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, панкреатит (препарат қабылдаумен байланысы анықталмаған)

- рабдомиолиз

Өте сирек

- эритроцитарлық аплазия

- шеткергі нейропатия (парестезия). Жүргізілген еммен байланысы анықталмаған.

Зидовудинге реакциялар

Өте жиі

- жүрек айну

- бас ауыру

Жиі

- анемия (гемотрансфузия қажет болуы мүмкін), нейропения және лейкопения; осы жай-күйлер зидовудиннің жоғары дозаларын (тәулігіне 1200-1500 мг) қолданғанда және АИВ жұқпасының ауыр дәрежесі бар емделушілерде (әсіресе, емдеу басталғанша сүйек кеміктік қоры азайған емделушілерде), көбінесе CD4 жасушалар саны 100/мм3 төмен азайғанда дамиды; осы жағдайларда препарат дозасын азайту немесе оны тоқтату қажет болуы мүмкін. Емнің басында сарысудағы нейтрофильдер санының және гемоглобин мен B12 витамині мөлшерінің төмендеуі байқалған емделушілерде нейропенияның даму жиілігі артады.

- гиперлактатемия

- бас айналу

- құсу, іш аумағының ауыруы, диарея

- бауыр ферменттерінің және билирубин белсенділігінің жоғарылауы

- миалгия

- дімкәстану

Жиі емес

- тромбоцитопения, панцитопения (сүйек кемігі гипоплазиясымен)

- диспноэ

- метеоризм

- бөртпе, қышыну

- миопатия

- қызба, жайылған ауырулар, астения

Сирек

- эритроцитарлық аплазия

- анорексия

- сүт қышқылды ацидоз

- шелмай қабатының қайта таралуы/жиналуы (вирусқа қарсы препараттармен біріктірілген емді қоса, мультифакторлы этиологиясы бар)

- мазасыздық, депрессия

- ұйқысыздық, парестезиялар, ұйқышылдық, ойлау жеделдігінің төмендеуі, құрысулар

- кардиомиопатия

- жөтел

- ауыз қуысы шырышты қабығының пигментациясы, дәм сезудің бұрмалануы

- панкреатит

- стеатозбен айқын гепатомегалия

- тырнақтар мен тері жабындарының пигментациясы

- есекжем

- қатты тершеңдік

- несеп шығарудың жиілеуі

- гинекомастия

- суық тию, кеуде қуысының ауыруы, тұмау тәрізді симптомдар

Өте сирек

- апластикалық анемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- зидовудинге, ламивудинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- ауыр дәрежелі нейтропения (нейтрофильдер саны 0,75×109/л аз) немесе анемия (гемоглобин деңгейі 7,5 г/дл немесе 4,65 ммоль/л аз)

- 12 жасқа дейінгі (дене салмағы 40 кг-ден аз) балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

- шеткергі нейропатия

- бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі <50мл/мин)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вирокомб құрамында ламивудин мен зидовудин болғандықтан, ол оның компоненттерінің әрқайсысына тән кез келген өзара әрекеттесулерге түсе алады. Төменде аталған өзара әрекеттесулер осымен шектелмейді, тағайындау кезінде сақ болуды талап ететін өнімдер тобы түрінде болады.

Ламивудин қатысатын өзара әрекеттесулер

Ламивудинмен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы зор емес, өйткені енгізілген препараттың аздаған бөлігі ғана метаболизмге ұшырайды және плазма ақуыздарымен байланысады, ал препарат толық дерлік бүйрекпен шығарылады, оны метаболизм жолдары ұқсас препараттар қатарлас тағайындалғанда ескеру керек.

Бір мезгілде ламивудин мен триметоприм (ко-тримоксазол препараты компоненттерінің бірі) қабылдау осы препаратты емдік дозаларда қабылдағанда плазмадағы ламивудин концентрацияларының 40% артуына алып келеді. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерге ламивудин дозасын әркімге жеке таңдау қажет емес. Ламивудин триметоприм фармакокинетикасына ықпал етпейді. Пневмоцисттік пневмония мен токсоплазмозды емдеу кезінде ко-тримазол мен ламивудиннің жоғары дозаларын бірге тағайындау әсері зерттелмеген.

Ранитидин, циметидин ламивудин фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Ламивудин зальцитабиннің жасуша ішінде фосфорлануын бәсеңдетуі мүмкін, осыған орай, Вирокомб пен зальцитабиннің біріккен емі ұсынылмайды.

Зидовудин қатысатын өзара әрекеттесулер

Зидовудин плазма ақуыздарымен аздаған дәрежеде байланысады, бірақ көбінесе бауыр метаболизмі арқылы элиминациясы белсенді емес глюкуронидке дейін жүреді. Көбінесе бауыр метаболизмі арқылы глюкурондану арқылы метаболизденетін препараттар зидовудин метаболизмін әлеуетті бәсеңдетуі мүмкін.

Атоваквон: зидовудин атоваквонның фармакокинетикасын бұзбайды. Алайда, фармакокинетика деректері атоваквонның зидовудиннің өз метаболитіне метаболиздену жылдамдығын төмендетуін көрсетеді (зидовудин нысаналы концентрацияларына жеткенде AUC 33% ұлғайған, глюкуронидтің жоғары шекті плазмалық концентрациясы 19% төмендеген). Зидовудин тәулігіне 500 немесе 600 мг дозада қолданылғанда жедел пневмоцисттік пневмонияны емдеу үшін атоваквонмен бір мезгілдегі үш апталық емнің плазмадағы зидовудин концентрацияларымен байланысты жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауына әкелу ықтималдығы аз. Атоваквонмен ұзақ уақыт емделу аясында аса сақ болу керек.

Кларитромицин: кларитромицин таблеткалары зидовудиннің сіңуін төмендетеді. Оған кем дегенде екі сағат аралықпен зидовудин және кларитромицинді әр бөлек қабылдау арқылы жол бермеуге болады.

Ламивудин: ламивудинмен бірге тағайындалғанда зидовудинге тән Сmax (28%) орташа жоғарылауы байқалады, алайда, осы орайда жалпы экспозициясы (AUC) бұзылмайды. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Фенитоин: қандағы фенитоин концентрациясын төмендетеді, бұл оны Вирокомбпен бір мезгілде тағайындағанда қандағы фенитоин деңгейін бақылауды талап етеді.

Пробеницид: шектеулі деректерде глюкурондану үдерісінің төмендеуі және зидовудин AUC және орташа жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы жорамалданады. Глюкуронидтің және зидовудиннің өзінің бүйрек экскрециясы пробеницидтің қатысуымен төмендейді.

Рифампицин: рифампицинмен біріктірілімі зидовудин AUC 48%±34% төмендеуіне әкеледі, алайда осы өзгерістің клиникалық мәні белгісіз.

Ставудин: зидовудин ставудиннің жасушаішілік фосфорлануын бәсеңдете алады, осыған орай, препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды.

Басқалары: аспирин, кодеин, метадон, морфин, индометацин, кетопрофен, напроксен, оксазепам, лоразепам, циметидин, клофибрат, дапсон, изопринозин глюкурондануды бәсекелі тежеу немесе бауырдың микросомалық метаболизмін тікелей бәсеңдету жолымен зидовудин метаболизмін бұза алады. Осы препараттарды Вирокомбпен біріктіріп, әсіресе, ұзаққа созылатын емде қолдану мүмкіндігіне сақтанып қарау керек. Вирокомбтың, әсіресе, шұғыл ем кезіндегі нефроуыттылығы және миелоуыттылығы зор препараттармен мысалы, пентамидин, дапсон, пириметамин, ко-тримоксазол, амфотерицин, флюцитозин, ганцикловир, интерферон, винкристин, винбластин және доксорубицин біріктірілімі Вирокомбқа жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады. Бүйрек функциясын және қан көрсеткіштерін бақылап, егер қажет болса, препараттар дозаларын азайту қажет. Оппортунистік жұқпаларды ко-тримоксазол, пентамидин, пириметамин және ацикловир препараттарымен емдеу жағымсыз реакциялар жиілігінің елеулі жоғарылау қаупімен қатар жүрмейді.

Айрықша нұсқаулар

Аталған нұсқаулар препараттың екі белсенді компоненттері – ламивудин мен зидовудинге қатысты.

Компоненттерінің бірін түзету/тоқтату қажет болған жағдайда осы компоненттерді әр бөлек тағайындау ұсынылады.

Ламивудин және зидовудин немесе басқа да антиретровирустық препараттар қолданатын емделушілерде шартты-патогенді микроорганизмдер туғызған жұқпалар мен АИВ жұқпасының басқа да асқынулары дамуы мүмкін, сондықтан емделушілер дәрігердің тұрақты қадағалауында болуы тиіс.

Қан тарапынан жағымсыз реакциялар

Вирокомбты, әсіресе, жоғары дозаларда (1200 мг-1500 мг/тәулік) алатын АИВ жұқпасы толық клиникалық көрініс берген және емнің басында сүйек кеміктік қан түзілуі төмендеген емделушілерде анемия, нейтропения және лейкопения кездесуі мүмкін.

АИВ жұқпасының толық клиникалық көрінісі бар емделушілерде Вирокомб қабылдау кезінде емнің алғашқы 3 айында 2 аптада бір реттен сиретпей, ал артынан ай сайын қан талдауын бақылап отыру қажет. ЖИТС ерте сатыларында (сүйек кеміктік қан түзілуі әлі қалып шегінде болатын) қан тарапынан жағымсыз реакциялар сирек дамиды, сондықтан емделушінің жалпы жай-күйіне қарай қан талдауы 1-3 айда бір рет сирек орындалады.

Вирокомб қабылдау аясындағы ауыр анемия немесе миелосупрессия жағдайында зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Егер гемоглобин мөлшері <9 г/дл (5,59 ммоль/л) дейін азайса немесе нейтрофильдер саны <1,0×109/л дейін төмендесе. Айқын анемияға шалдыққан емделушілер, препарат дозасын азайтуға қарамастан, қан құюды қажет етеді.

Миопатия

АИВ-1 ауруы туындатқан патологиялық өзгерістері ұқсас миопатия және миозит зидовудинді ұзақ уақыт қолданумен байланысты болды, демек, оларды құрамында ламивудин + зидовудин біріктірілімі бар таблеткалармен емдегенде байқауға болады.

Сүт қышқылды ацидоз және стеатозбен айқын гепатомегалия

Бұл асқынулар Вирокомбпен монотерапия кезінде де, көп компонентті емінде де өліммен аяқталуы мүмкін. Аталған асқынулардың даму қаупі әйелдерде арта түседі. Вирокомб клиникалық (әлсіздік, анорексия, кенеттен және түсініксіз салмақ жоғалту, гастроинтестинальді симптомдар, ентігу, тахипноэ) немесе сүт қышқылды ацидоздың немесе бауырдың уытты зақымдануының зертханалық белгілері білінген жағдайлардың бәрінде тоқтатылу керек.

Бауыр аурулары

Егер ламивудин АИВ және В гепатитін бір мезгілде емдеуге қолданылса, АИВ жұқпасын емдеуге арналған ламивудин дозаларын (басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп, әдетте, тәулігіне екі рет 150 мг) ұстану қажет.

Бауырының бастапқы аурулары айқын емделушілерде зидовудин қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Біріктірілген антиретровирустық ем алатын созылмалы В немесе С гепатитіне шалдыққан емделушілер бауыр тарапынан болатын өліммен аяқталуы мүмкін күрделі жағымсыз реакциялар дамитын жоғары қауіп тобында болады. В немесе С гепатиттерінің бір мезгілдегі антивирустық емі жағдайында осы дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу қажет.

В гепатитіне қатар шалдыққан емделушілерде құрамында ламивудинге қоса зидовудин біріктірілімі бар таблеткалар қабылдауды тоқтатқан жағдайда 4 ай бойы бауыр функциясын бақылауға арналған талдауларды және В гепатиті вирусының репликация маркерлерін мезгіл-мезгіл жасау ұсынылады, өйткені ламивудин қабылдауды тоқтату гепатиттің өршуін туғызуы мүмкін.

Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр функциясының бұзылулары бұрын анықталған емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем қолданылғанда бауыр функциясы бұзылуының даму жиілігі артады, сондықтан ондай емделушілер стандартты тәжірибеге сәйкес тексеруден өтуі тиіс. Осындай емделушілерде бауыр функциясы нашарлағанда препаратпен емдеуді тоқтата тұру немесе тоқтату керек.

Вирустық С гепатитіне қатар шалдыққан емделушілер: анемияның жоғары даму қаупіне орай, бір мезгілде рибавирин мен зидовудин қолдану ұсынылмайды.

Құрамында ламивудин, зидовудин және/немесе эмтрицитабин бар басқа препараттармен қолдану

Вирокомбты құрамында ламивудин немесе зидовудин бар басқа препараттармен, сондай-ақ құрамында эмтрицитабин бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Интерферонмен және рибавиринмен қолдану

Рибавиринмен немесе онсыз интерферон альфаны және ламивудин + зидовудин біріктірілімін алатын емделушілер, әсіресе, бауыр декомпенсациясын, нейтропения мен анемияны емдеуге байланысты уыттану белгілерін дер мезгілінде анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс. Ламивудин + зидовудин біріктірілімін қабылдауды тоқтату медициналық көзқарас тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Егер уыттанудың клиникалық көріністері, әсіресе, бауыр декомпенсациясында өршісе, интерферон альфа, рибавирин немесе екі препараттың да дозаларын азайту немесе қабылдауды тоқтату керек.

Рибавирин мен зидовудин алатын, АИВ-1/С гепатиті аралас жұқпасы бар емделушілерде анемияның өршуі білінген. Рибавирин мен зидовудинді бірге қолдану ұсынылмайды.

Панкреатит

Ламивудин мен зидовудин қабылдайтын емделушілерде панкреатиттің сирек даму жағдайлары сипатталған. Алайда, осы асқынудың дәрілік препараттардан немесе АИВ-жұқпасының өзінен туындағаны анықталмаған. Вирокомбпен емдеуді панкреатит дамуын айғақтайтын клиникалық симптомдар немесе зертханалық деректер білінгенде дереу тоқтату қажет.

Иммундық қалпына келу синдромы

Біріктірілген антиретровирустық емнің бастапқы фазасында симптомсыз немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға (Mycobacterium avium туғызған микобактериялық жұқпалар, цитомегаловирус, Pneumocystis jirovecii туғызған пневмония немесе туберкулез сияқты) қабыну реакциясы дамуы мүмкін емделушілерді әріқарай тексеру және емдеу қажет болуы ықтимал.

Иммундық қайта белсенділену аясында көрініс берген аутоиммундық бұзылулар (Гравиес ауруы, полимиозит және Джуллиан-Барр синдромы сияқты) дамыған жағдайлар да байқалды, алайда, аталған бұзылулар пайда болатын уақыт мезгілі өзгермелі болады және аутоиммундық бұзылулар ем басталған соң көп ай өткенде білінуі мүмкін.

Май қабаттарының қайта таралуы

Антиретровирустық ем алған емделушілерде орталықтық семіру, дорсоцервикальді май жиналу (буйвол өркеші), аяқ-қол мен беттің арықтауы, сүт бездерінің үлкеюі және «кушингоидты сырт келбетті» қоса, теріасты шелмай қабатының қайта таралуы/жиналуы байқалды. Осы әсерлерінің механизмі және кейіннен білінетін зардаптары қазіргі уақытта белгісіз. Себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Висцеральді липоматоз және протеаза тежегіштері (ПТ) арасындағы, сондай-ақ липоатрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері (КТНТ) арасындағы байланыс жөнінде болжам бар. Жоғары қауіп егде жас сияқты емделушінің жеке ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұзаққа созылатын антиретровирустық ем тәрізді дәрілік препараттар қабылдаумен және қатар жүретін метаболизмдік бұзылулармен байланысты факторлардан болады. Емделушілерді клиникалық тексеруде май тінінің қайта таралуының физикалық белгілерін бағалау қамтылуы тиіс. Аш қарында қан сарысуындағы липидтер мен қандағы глюкоза деңгейлерін өлшеу керек. Липидтік алмасу бұзылуларын клиникалық тәжірибеде қабылданған әдістермен емдеген жөн.

Митохондриялық дисфункция

Іn vitro және in vivo зерттеулерінде митохондриялық зақымданулар мен нуклеозидтер, сондай-ақ нуклеотидті аналогтар арасындағы байланыс анықталған. Жатыр ішінде және/немесе туғаннан кейін нуклеозид аналогтарын алған АИВ-теріс балаларда митохондриялық дисфункция жағдайлары байқалған. Басты тіркелген жағымсыз реакциялар гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения), метаболизм бұзылулары (гиперлактемия, гиперлипаземия) болып табылады. Аталған жағымсыз реакциялар көбіне қысқа мерзімді болады. Кешеуілді басталған кейбір неврологиялық бұзылулар (гипертония, конвульсиялар, аномальді мінез-құлық) білінген. Қазіргі уақытта неврологиялық бұзылулардың қысқа мерзімді немесе қайтымсыз болуы белгісіз. Кез келген сәби, тіпті жатыр ішінде нуклеозид немесе нуклеотидті аналогтар әсеріне ұшыраған АИВ-теріс балалар клиникалық және зертханалық бақылауда болуы тиіс, ал сәйкесті белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда олар болжамды митохондриялық дисфункцияның бар-жоғы тұрғысынан толық тексерілуі тиіс. Аталған нәтижелер вертикальді АИВ берілісін болдырмау үшін жүкті әйелдерде антиретровирустық ем пайдалану жөніндегі ағымдағы нұсқауларға ықпал етпейді.

Остеонекроз

Остеонекроз пайда болу себептерінің көп факторлы (кортикостероидтар пайдалану, алкоголь тұтыну, күрделі иммунодепрессия, дене салмағының жоғары индексін қоса) екеніне қарамастан, негізінен АИВ ауруының үдемелі сатысындағы емделушілерде және/немесе біріктірілген антиретровирустық ем (CART) әсерінің ұзаққа созылуы нәтижесінде остеонекроздың пайда болу жағдайлары білінген. Буындарда ауырулар мен сырқыраулар, буындардың қарысуы немесе қимыл-қозғалыстың қиындауы білінгенде емделушілердің медициналық жәрдемге жүгінгені жөн.

АИВ жұқпасының таралуы

Емделушілерге, Вирокомб препаратымен емді қоса, қазіргі замандық АИВ емінің жыныстық қатынастар кезінде АИВ берілісінің немесе қан арқылы жұқпа жұқтырудың алдын ала алмайтыны, осыған орай, тиісті сақтану шараларын қадағалау қажет екені ескертілуі тиіс.

Кладрибин

Ламивудин мен кладрибин біріктірілімін қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вирокомбтың автокөлік басқару және техникамен жұмыс істеу қабілетіне арнайы зерттеу жүргізілмеген. Емделушінің клиникалық жай-күйін, сондай-ақ жағымсыз әсерлер сипатын назарға алу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Вирокомбтың артық дозалану жағдайлары жөнінде мәліметтер жоқ. Сонымен бірге, ламивудин мен зидовудиннің жедел артық дозалану зардаптары туралы шектеулі деректер бар. Осы жағдайлардың бір де бірі өліммен аяқталмаған, ал барлық емделушілердің жағдайы қалыпқа түскен. Қандай да бір спецификалық белгілері немесе симптомдары сипатталмаған.

Емі: уыттану белгілерін дер мезгілінде анықтау үшін емделушінің жай-күйін бақылап, стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Ламивудин диализ арқылы шығарылатындықтан, артық дозалану кезінде үздіксіз гемодиализ қолдануға болады. Зидовудинді организмнен шығаруда гемодиализ және перитонеальді диализ тиімділігі аз, бірақ оның негізгі метаболиті – 3′-азидо-3′-дезокси-5′-O-β-D-глюкопиранурон-зилтимидиннің (GZDV) элиминациясын жеделдетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын және бұралатын пластмасса қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған (НDРЕ) құтыда 60 таблеткадан. Әр құтыға қағаз заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd Paonta Sahib – 173 025

Distt.Sirmour, Himachal Pradesh, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас көшесі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл.адрес: regulatory.kz@sunpharma.com

 

Прикрепленные файлы

629483571477976548_ru.doc 112 кб
612769541477977722_kz.doc 168 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники