Визанна®

Визанна®

МНН: Диеногест
Производитель: Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Диеногест (Dienogest)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017601
Информация о регистрации в РК: 25.02.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10022/12/17/19
Информация о регистрации в РБ: 15.05.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 449.58 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Визанна®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диеногест

Дәрілік түрі

2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2 мг микрондалған диеногест бар,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25, тальк, кросповидон, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс және шеттері қиғаш, бір жағында «В» өрнегі бар, диаметрі 7 мм, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Прогестагендер. Прегнадиен туындылары. Диеногест.

АТX коды G03DВ08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін диеногест тез және іс жүзінде толық сіңіріледі. Қан сарысуындағы 47 нг/мл құрайтын ең жоғары концентрациясына ішке бір рет қабылдағаннан кейін шамамен 1,5 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі шамамен 91 % құрайды. Диеногест фармакокинетикасы 1 -ден 8 мг-ға дейінгі дозалық диапазонда дозаға тәуелділігімен сипатталады.

Таралуы

Диеногест плазма альбуминдерімен байланысады және жыныстық гормондарды байланыстыратын (ЖГБГ) немесе кортикостероидты байланыстыратын (КСГ) глобулинмен байланыспайды. Қан сарысуындағы жалпы концентрацияның 10 %-ы бос күйде, ал 90 %-ға жуығы сарысулық альбуминмен спецификалық емес түрде байланысады.

Диеногестің болжалды таралу көлемі (Vd/F) 40 л құрайды.

Метаболизмі

Диеногест стероидтар метаболизмінің белгілі жолдарымен көбіне эндокриндік белсенді емес метаболиттер түзе отырып, толық дерлік метаболизденеді. In vitro мен in vivo зерттеулері нәтижесіне қарағанда CYP3A4 диеногест метаболизміне қатысатын негізгі фермент болып табылады. Метаболиттер өте жылдам шығарылады, сол кезде қан плазмасында басым фракция өзгермеген диеногест болып қалады.

Қан сарысуының метаболизмдік клиренсінің (Cl/F) жылдамдығы 64 мл/мин құрайды.

Элиминациясы

Қан сарысуында диеногест концентрациясы екі фазалы төмендейді. Терминальді фазада жартылай шығару кезеңі шамамен 9-10 сағ. құрайды. Диеногест 0,1 мг/кг дозада ішке қабылдағаннан кейін метаболиттер түрінде шығарылып, 3 : 1 арақатынасында несеппен және нәжіспен бөлінеді. Метаболиттердің несеппен шығарылғандағы жартылай шығару кезеңі 14 сағ. құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін шамамен алынған дозаның 86 % 6 күн ішінде шығарылады, оның ішінде негізгі бөлігі алғашқы 24 сағатта, көбіне несеппен бірге шығарылады.

Тепе-тең концентрациясы

Диеногестің фармакокинетикасы ГБЖГ деңгейіне тәуелді емес. Препаратты күн сайын қабылдау нәтижесінде диеногест деңгейі сарысуда шамамен 1,24 есе ұлғаяды, ал тепе-тең концентрацияға қабылдағаннан кейін 4 күннен кейін жетеді. Визаннаны қайта қабылдағаннан кейін диеногестің фармакокинетикасы бір рет қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикасының негізінде болжануы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Диеногест нортестостерон туындысы болып табылады, андрогендік белсенділігі жоқ, бірақ біршама дәрежеде антиандрогендік тиімділігі бар, бұл шамамен ацетат ципротеронының үштен бір белсенділігін құрайды. Диеногест прогестеронмен тек 10 % ғана салыстырмалы ұқсастығы бар бола тұра, адамның жатырындағы прогестерон рецепторларымен байланысады. Диеногест прогестерон рецепторларына ұқсастығы аздығына қарамастан, қуатты прогестагендік in vivo тиімділігімен сипатталады.

Диеногестің айтарлықтай андрогендік, минералокортикоидтық немесе глюкокортикоидтық in vivo белсенділігі жоқ.

Диеногест эстрадиолдың эндогендік өндірілуін төмендете отырып эндометриозға әсер етеді, сонысымен оның эутопиялық және эктопиялық эндометрияға трофикалық тиімділігін басады. Үздіксіз қолданған кезде диеногест эндометриоидтық ошақтардың атрофиясына әкелетін эндометрий тінінің бастапқы децидуализациясын тудыра отырып, гипоэстрогенді, гипергестагенді эндокриндік орта қалыптастырады.

Тиімділігі жөніндегі деректер

Визанна® препаратының плацебодан артықшылығы эндометриозы бар 198 пациент әйелдің қатысуымен жүргізілген 3 айлық зерттеу үдерісінде білінді. Эндометриозбен байланысты жамбастағы ауыру, аналогтық көріністеу шкаласының көмегімен өлшенді (0-100 мм). Визанна® препаратымен 3 ай емдеуден соң плацебомен салыстырғанда статистикалық маңызды айырмашылық бары (Δ = 12.3 мм; 95% СА (Сенімді аралық): 6.4–18.1; p<0.0001) және бастапқы деңгейімен салыстырғанда ауырудың клиникалық маңызды азаюы анықталды (төмендеу көрсеткіші = 27.4 мм+22.9).

3 ай емдеуден соң, пациенттердің 37.3%-ында эндометриозбен байланысты жамбастағы ауырулар ауыруды басатын препараттарды қатарлас қабылдауды арттырусыз 50%-ға және одан көпке азайды (плацебо:19.8%); жамбастағы ауырудың ауыруды басатын препараттарды қатарлас қабылдауды арттырусыз 75%-ға және одан көпке азаюына Визанна® препаратын қабылдаған пациенттердің 18.6%-ында қол жеткізілді (плацебо: 7.3%).

Бұл плацебо-бақыланатын зерттеудің қосымша ашық фазасы барысында, 15 айға дейінгі емдеу үдерісінде жамбас ауыруларының ары қарай азайғаны байқалды.

Бұдан өзге, Визанна® препаратының эндометриозбен байланысты жамбастағы ауыруға қатысты тиімділігі, эндометриозы бар 252 пациент әйел қатысқан, оның ішінде 120 пациент Визанна® препаратын қабылдаған Визанна® мен гонадотропин-рилизинг-гормон (аГТРГ) аналогын лейпрорелин ацетатты (ЛА) 6 айлық салыстырмалы зерттеу үдерісінде көрсетілді.

Жалпы алғанда диеногесті тәулігіне 2 мг дозада қабылдаған 252 пациент әйел қатысқан үш зерттеуде, 6 ай емдеуден кейін эндометриоз ошақтарының айтарлықтай азайғаны білінді.

Іріктеме тобы аз зерттеуде (N= 8) диеногесті күн сайын 1 мг дозада қабылдау 1 ай емдеуден соң овуляцияны бәсеңдетті. Визанна® препаратының анағұрлым ірі зерттеулердегі контрацептивтік әсері зерттелген жоқ.

Қауіпсіздігі жөніндегі деректер

Визанна® препаратымен емдеу кезінде эндогенді эстрогендер деңгейлері тек орташа дәрежеде ғана бәсеңдейді.

Қазіргі кезде Визанна® препаратын қолданған кездегі сүйектің минералдық тығыздығы (СМТ) және сынулар қаупі туралы ұзақмерзімді мәліметтер жоқ. Сүйек тінінің минералдық тығыздығы (СМТ) 21 ересек пациентте емдеу басталғанға дейін және 6 ай емдеуден соң бағаланды, сонымен қатар сүйек тінінің минералдық тығыздығының орташа көрсеткішінің азайғаны байқалған жоқ.

Лейпрорелин ацетатын (LA) қабылдаған 29 пациент әйелде 4,04% ± 4,84-ға орташа төмендеуі тура осы кезеңде білінді (Δ топтар арасында = 4.29%, 95% СА: 1,93 - 6,66, р <0,0003).

Визанна® препаратын қабылдау аясында 15 ай бойына (n=168) қанның гематологиялық және биохимиялық параметрлерін, бауыр ферменттерін, липидтер мен HbA1C (гликозилденген гемоглобин) қоса, стандартты зертханалық параметрлерге елеулі әсері анықталған жоқ

Жасөспірімдердегі қауіпсіздігі

Визанна® препаратының СМТ қатысты қауіпсіздігі клиникалық тұрғыдан болжамды немесе расталған эндометриозы бар 12 мен 18 жас аралығындағы 111 жасөспірім пациенттің қатысуымен жүргізілген 12 айға созылған бақыланбайтын клиникалық зерттеуде тексерілді. СМТ өлшеу кезінде 103 пациентте омыртқаның бел бөлігінің (L2 – L4 омыртқалар) СМТ көрсеткішінің -1,2 % құраған бастапқы көрсеткішімен салыстырғанда, салыстырмалы түрде орташа өзгерісі көрінді. СМТ көрсеткіші төмен пациенттер тобында емдеу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң жүргізілген келесі өлшеу СМТ -0.6%-ға дейін артқанын көрсетті.

Қолданылуы

- эндометриозды емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған.

Дозалау режимі

Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының кез келген күні бастауға болады. Тәулігіне бір таблеткадан, дұрысы әр күні белгілі бір уақытта, қажет болса сұйықтықпен іше отырып үзіліссіз қабылдайды. Таблеткаларды қынаптан қан кетуіне қарамастан, үздіксіз қабылдау қажет. Бір қаптаманы аяқтағаннан кейін келесі қаптамасын қабылдауды таблеткаларды қабылдаудағы үзіліссіз бастайды.

Визанна® препаратының эндометриозды емдеуде 15 айдан ұзақ уақыт қолданылу тәжірибесі жоқ. Визанна® препаратымен емдеуді бастар алдында кез келген гормональді контрацептивті қабылдауды тоқтату керек. Контрацепция қажет болса, контрацепцияның гормональді емес әдістерін (мысалы, бөгеттік әдісті) пайдалану керек.

Визанна® препаратының тиімділігі таблеткаларды өткізіп алған кезде, құсу және/немесе диарея кезінде (егер бұл таблеткаларды қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат аралығында болса) төмендеуі мүмкін. Бір немесе бірнеше таблеткасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда, әйел есіне түскен бойда тек бір таблеткасын қабылдауы, сондан соң келесі күні таблеткаларды қабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыруы тиіс. Құсудың немесе диареяның салдарынан сіңірілмеген таблетканың орнын қосымша бір таблеткасын қабылдау арқылы толтыруға болады.

Науқастардың ерекше популяциялары жөніндегі қосымша ақпарат

Педиатрияда қолданылуы

Визанна® препаратын менархе басталмаған қыздарға қолдануға болмайды.

Визанна® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық тұрғыдан болжамды немесе расталған «эндометриоз» диагнозы бар 12 мен 18 жас аралығындағы 111 жасөспірім пациенттің қатысуымен жүргізілген, 12 айға созылған бақыланбайтын клиникалық зерттеуде зерттелді («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамикасы» бөлімдерін қараңыз).

Егде жастағы науқастар

Визанна® препаратын егде жастағы пациенттерге қолданудың сәйкесінше көрсетілімі жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Визанна® препаратын бауырдың бұрын болған және қазіргі кездегі ауыр ауырулары кезінде қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажеттілігін көрсететін деректер жоқ.

Жағымсыз әсері

Жағымсыз әсерлері көбінесе Визанна® препаратын қабылдаудың алғашқы айында туындайды және олардың жиілігі препаратпен емдеу үдерісінде азаяды.

Қан кетулердің сипатындағы өзгерістер, мысалы, жағынды бөліністер, жүйесіз қан кетулер немесе аменорея байқалуы мүмкін.

Төмендегі жағымсыз әсерлері Визанна® препаратын қабылдау аясындағы әйелдерде байқалған.

Визанна® препаратымен емдеу үдерісіндегі анағұрлым жиі кездескен жағымсыз әсерлерге: бас ауыруы (9,0%), сүт бездеріндегі жайсыздық (5,4%), депрессиялық көңіл-күй (5,1%) және акне (5,1%) жатады.

Бұдан өзге, Визанна® препаратымен емделген пациент әйелдердің көпшілігінде, етеккірлік қан кетулердің сипатында өзгерістер байқалды.

Етеккірлік қан кетулер пациент әйелдердің күнделіктерінің негізінде жүйелі түрде бағаланып отырды, және ДДҰ әдісі бойынша 90 күндік есеп беру кезеңінің көмегімен талданды. Визанна® препаратымен емдеудің алғашқы 90 күні ішінде қан кетулердің мынадай сипаты байқалды (n=290; 100%): аменорея (1.7%), сирек қан кетулер (27.2%), жиі қан кетулер (13.4%), жүйесіз қан кетулер (35.2%), ұзақ уақыт қан кетулер (38.3%), қалыпты қан кетулер, яғни жоғарыда атап келтірілгендердің ешқайсысы емес (19.7%). Төртінші есеп беру кезеңі кезінде қан кетулердің мынадай сипаты байқалды: (n=149; 100%): аменорея (28.2%), сирек қан кетулер (24.2%), жиі қан кетулер (2.7), жүйесіз қан кетулер (21.5%), ұзақ уақыт қан кетулер (4.0%), қалыпты қан кетулер, яғни жоғарыда атап келтірілгендердің ешқайсысы емес (22.8%). Пациент әйелдер етеккірлік қан кетулер сипатының өзгеруі туралы жағымсыз әсер ретінде сирек хабарлаған.

Төменде MedDRA – Реттеушілік қызметтің медициналық сөздігіне сай ағзалар жүйесі кластары бойынша бөлінген жағымсыз дәрілік реакциялар келтірілген.

Әрбір жиілік тобындағы жағымсыз әсерлер жиілігінің азаюы тәртібімен берілген. Жиілік көрсеткіштері (100 %) 332 пациенттің қатысуымен жүргізілген төрт клиникалық зерттеудің біріктірілген деректеріне негізделген.

Жиі (≥1/100 және <1/10)

- дене салмағының жоғарылауы

- депрессиялық көңіл-күй, көңіл күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, күйгелектік, либидо жоғалуы

- бас ауыруы, бас сақинасы

- жүрегі айнуы, іштің ауыруы, флатуленция, іштің кебуі, құсу

- акне, алопеция

- арқаның ауыруы

- сүт бездеріндегі жайсыздық, аналық без кистасы, ысынулар, жатырдан*/қынаптан қан кетулер, соның ішінде жағынды бөліністер

- астениялық жағдайлар, ашушаңдық

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін)

- анемия

- дене салмағының төмендеуі, тәбеттің артуы

- мазасыздық, депрессия жағдайы, көңіл-күйдің құбылмалылығы

- вегетативтік жүйке жүйесінің дисбалансы, зейін бұзылулары

- көздің құрғауы

- құлақтағы шуыл

- қан айналымының спецификалық емес бұзылулары, жүрек қағуы, артериялық гипотензия

- ентігу

- гингивит, іш аумағындағы жайсыздық, диарея, іш қату, асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары

- тері жабындарының құрғауы, гипергидроз, қышыну, гирсутизм, онихоклазия, қайызғақ, дерматит, шаш өсуінің бұзылулары, фотосезімталдық реакциялары, пигментация бұзылулары

- сүйектердегі ауырулар, бұлшықет құрысулары, аяқ-қолдардың ауыруы, аяқ-қолдағы ауырлықты сезіну

- несеп жолдарының инфекциялары

- қынаптық кандидоз, вульвавагинальді аймақтың құрғауы, жыныс жолдарынан бөлінулер, жамбас аймағының ауырулары, атрофиялық вульвовагинит, сүт безіндегі тығыздалған бөліктер, фиброзды-кистозды мастопатия, сүт бездерінің жалпы тығыздануы

- ісінулер

Нақты жағымсыз реакцияларды белгілеу үшін MedDRA – Реттеушілік қызметке арналған медициналық сөздіктен анағұрлым қолайлы деп табылған терминдер келтірілді (11.0 нұсқа). Синонимдер немесе қатарлас жағдайлар атап келтірілмейді, бірақ оларды ескеру қажет.

* байқалған қан кетулердің сипаты: аменорея, сирек қан кетулер, жиі қан кетулер, жүйесіз қан кетулер, ұзақ уақыт қан кетулер, қалыпты, яғни алдыңғы санаттардың ешқайсысына жатпайтын қан кетулер.

Сүйек тінінің минералдық тығыздығының кемуі

Визанна® препаратымен ем қабылдаған 111 пациент (12 - 18 жастағы) қатысқан бақыланбайтын клиникалық зерттеуде 103 пациентте СМТ өлшеу жүргізілді. Бұл зерттеудегі пациенттердің шамамен 72%-ында препаратты 12 ай бойы қолданғаннан кейін омыртқаның бел бөлігінің (L2 – L4 омыртқалары) СМТ төмендегені анықталды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Төмендегі, бір бөлігі құрамында тек гестагенді компоненті бар басқа препараттар туралы қолда бар ақпараттың негізінде атап келтірілген аталған жағдайлардың кез келгені бар болса, Визанна® препаратын қолданбау керек. Егер аталған жағдайлардың қандай-да біреуі Визанна® препаратын қабылдау аясында дамыса, препаратты пайдалануды дереу тоқтату керек.

- белсенді көктамырлық тромбоэмболиялық бұзылулар

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған жүрек және артериялар аурулары (мысалы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар, жүректің ишемиялық ауруы)

- қантамырлық асқынулары бар қант диабеті

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауырдың ауыр аурулары, бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенше

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауыр ісіктері (қатерлі және қатерсіз)

- жыныс стероидтарына тәуелді анықталған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктер

- генезі түсініксіз қынаптық қан кетулер

- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ескертпе: әлеуетті өзара әрекеттесулерін анықтау үшін, бір мезгілде қолданылатын дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу керек.

Басқа дәрілік заттардың Визанна® препаратына әсері

Ферменттердің (CYP3A изоферментінің) жекелеген индукторлары немесе тежегіштері

Прогестиндер, соның ішінде диеногест, көбінесе ішектің шырышты қабығында және бауырда орныққан P450 3A4 цитохромы жүйесінің (CYP3A4) көмегімен метаболизденеді. Сәйкесінше, CYP3A4 индукторлары немесе тежегіштері гестагенді препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Жыныс гормондары клиренсінің ферменттер индукциясы түрткі болған жоғарылауы Визанна® препаратының емдік әсерінің төмендеуіне алып келуі, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді, мысалы, жатырдан қан кету сипатының өзгеруін туғызуы мүмкін.

Жыныс гормондары клиренсінің ферменттердің тежелуіне байланысты төмендеуі диеногест экспозициясын арттыруы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлерінің дамуына алып келуі мүмкін.

- Жыныс гормондарының клиренсін арттыратын заттар (ферменттердің индукциясы арқылы тиімділігін төмендету), мысалы:

фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин, рифампицин, сондай-ақ, окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шайқурай бар заттар болуы мүмкін.

Ферменттердің индукциясы, әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше күннен соң байқалады, ең жоғарғы индукциясы бірнеше апта ішінде білінеді және содан соң, емдеуді тоқтақаннан кейін 4 аптаға жуық сақталуы мүмкін.

CYP3A4 индукторы рифампициннің әсері постменопауза кезеңіндегі дені сау әйелдерде зерттелді. Рифампицинді құрамында эстрадиол валераты/диеногест бар таблеткалармен бір мезгілде қолданғанда, диеногест пен эстрадиолдың тепе-теңдік концентрациясы мен жүйелі экспозициясының айтарлықтай төмендегені байқалды. Диеногест пен эстрадиолдың тепе-теңдік концентрациясы кезіндегі, AUC (0-24 сағ) шамасы бойынша анықталатын жүйелі экспозициясы, сәйкесінше 83% және 44%-ға төмендеген.

- Жыныс гормондарының клиренсіне әсері ауытқымалы заттар, мысалы:

Жыныс гормондарымен бірге қолданған кезде АИТВ мен C гепатитін емдеуге арналған көптеген препараттар мен кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері қан плазмасындағы прогестиндер концентрациясын арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Кей жағдайларда мұндай өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды болуы мүмкін.

- Жыныс гормондарының клиренсін төмендететін заттар (ферменттер тежегіштері)

Диеногест P450 (CYP) 3A4 цитохромының субстраты болып табылады. Ферменттер тежегіштерімен өзара әрекеттесу мүмкіндігінің клиникалық маңыздылығы белгісіз. 3A4 ферменттерінің (CYP) күшті тежегіштерімен қатарлас қолдану қан плазмасындағы диеногест концентрациясын арттыруы мүмкін.

Кетоконазолдың күшті тежегішін бірге қолданғанда диеногест AUC артуы (0-24 сағ) тепе-теңдік жағдайында 2.9 құрады. Эритромициннің орташа тежегішін бір мезгілде қабылдаған кезде диеногест AUC (0-24 сағ) тепе-теңдік жағдайында 1.6-ға артты.

Визанна® препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері

In vitro тежелуін зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Визанна® препаратының басқа дәрілік заттардың P450 цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуымен жүретін метаболизмімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің даму ықтималдығы аз.

Тағам өнімдерімен өзара әрекеттесуі

Майлар құрамы жоғары стандартты тамақ ішу Визанна® препаратының биожетімділігіне әсер етпеген.

Зертханалық тестілер

Прогестагендерді қабылдау кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижесіне, оның ішінде бауыр функциясының, қалқанша без, бүйрек үсті безі және бүйректің биохимиялық параметрлеріне, ақуыздардың плазмалық концентрациясына, мысалы, кортикостероидтар мен липидтер/липопротеидтер фракцияларын байланыстырушы глобулиндердің, көмірсу алмасуының параметрлері мен ұю параметрлеріне әсер етуі мүмкін. Өзгерістер әдетте қалыпты мәндер шегінен аспайды.

Айрықша нұсқаулар

Визанна® препаратын қабылдар алдында жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек («Жүктілік және лактация» бөлімін қараңыз). Жүктілік кезінде гестагенді компоненті (мысалы, минипили) бар контрацептивті препараттарды ғана қабылдайтын әйелдерде біріктірілген ішілетін контрацептивтер қабылдау кезіндегі жүктілікке қарағанда оның эктопиялық оқшаулану мүмкіндігі жоғары. Сондықтан сыртартқысында жатырдан тыс жүктілік болған немесе жатыр түтігі қызметі бұзылған әйелдерде Визанна® препаратын қабылдау мәселесінің артықшылықтары мен қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана шешілуі тиіс.

Визанна® тек гестогенді компоненті бар препарат болғандықтан, барлық сақтандырулар мен сақтық шаралары Визанна® препаратын клиникалық зерттеулер үдерісіндегі сәйкесінше нәтижелерге негізделмесе де, гестагенді компоненті бар басқа препараттарды пайдалануға арналған айрықша сақтандырулар мен сақтық шаралары Визанна® препаратын пайдалану үшін де қолданылады деп шамалауға болады.

Төменде атап келтірілген жағдайлар немесе қауіп факторларының кез келгені бар болған немесе өршіген жағдайда, Визанна® препаратын қабылдауды бастаудың немесе жалғастырудың алдында қауіп/артықшылық арақатынасына жекелей баға беру керек.

Қанайналым бұзылулары

Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі тек гестагенді компоненттері бар препараттарды пайдалану мен миокард инфарктісі даму қатері жоғарылығы немесе мидың қан тамырлары тромбоэмболиясы дамуы арасында мардымсыз дәрежедегі өзара байланыс барына көрсетеді.

Жүрек-қан тамырлары бұзылуларының даму қаупі мен ми қанайналымы бұзылулары әсіресе әйелдердің жасы ұлғаюымен, артериялық гипертензия, темекі шегумен байланысты. Тек гестагенді компоненттері бар препараттарды пайдалану барысында артериялық гипертензиясы бар әйелдерде инсульт даму қатері жоғарылайды. Кейбір зерттеулер тек гестагенді компоненттері бар препараттарды пайдалану барысында, көк тамырлар тромбоэмболиясы (терең көк тамырлар тромбозасы, өкпе артерия эмболиясы) даму қатерінің жоғарылауында мардымсыз, бірақ статистикалық мәні біршама байланыстың барын көрсетеді.

Көктамырлар тромбоэмболиясы даму қатерінің жалпыға белгілі факторларына әдетте отбасылық сыртартқыға байланысты (жақын туыстарда не ата-анасында жасырақ кезінде тромбоэмболия болуы), жасы, семіздік, ұзақ уақыттық иммобилизация, ірі хирургиялық араласулар немесе кең көлемдегі жарақат болуы жатады.

Ұзақ уақыттық иммобилизацияда дұрысы Визанна® препаратын қабылдауды тоқтату, (операция жоспарланған жағдайда ең болмағанда оған дейін 4 апта бұрын) және иммобилизациядан кейін екі апта бойы жаңадан қабылдамау.

Босанғаннан кейінгі кезеңдегі тромбоэмболияның даму қаупінің жоғарылығын ескеру қажет.

Артериялық немесе көктамырлық тромбоз симптомдарына қандай-да біреуі туындағанда немесе күдік болғанда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек.

Ісіктер

54 эпидемиологиялық зерттеудің мета-талдауы зерттеу кезінде ішетін контрацептивтер, көбіне эстроген-гестагенді препараттар қабылдаған әйелдерде сүт бездернің қатерлі ісігі дамуының (RR=1,24) салыстырмалы түрдегі қатерінің шамалы жоғарылауын анықтады. Біріктірілген ішетін контрацептивтер пайдалануды тоқтатқаннан кейінгі 10 жыл ішінде жоғарылау қатері біртіндеп жоғалады. Сүт бездерінің қатерлі ісігі жасы 40-тан кіші әйелдерде сирек кездесуіне байланысты, қазір немесе жуырда біріктірілген ішетін контрацептивтер пайдаланатын әйелдерде сүт бездерінің қатерлі ісігі диагнозы санының өсуі бұл аурудың жалпы даму қатеріне қатысты алғанда елеусіз дерлік. Тек гестагенді компоненті бар гормональді контрацептивтерді пайдаланатын әйелдердегі сүт бездерінің қатерлі ісігі даму қатері біріктірілген ішетін контрацептивтерді қабылдауға байланысты қатер шамасына сәйкес деуге болады. Алайда тек гестагенді компоненті бар препараттарға қатысты фактілер аз ғана әйелдер популяциясына негізделгендіктен біріктірілген ішетін контрацептивтер бойынша деректерге қарағанда аса сенімді емес.

Бұл зерттеулер негізінде себеп-салдарлық байланысқа нақты көз жеткізілмеген.

Бақыланған қауіп жоғарылығы біріктірілген ішетін контрацептивтер қабылдаған әйелдердегі ерте диагностикаланған сүт безі қатерлі ісігінің салдары, біріктірілген ішетін контрацептивтердің биологиялық әсері немесе екі фактордың қосарлануынан болуы мүмкін. Қай кезде болса да біріктірілген ішетін контрацептивтерді әйтеуір бір қолданған әйелдерде әдетте оны ешқашан қолданбаған әйелдерге қарағанда сүт бездерінің қатерлі ісігінің ертелеу кезеңі анықталады.

Жекелеген жағдайларда, бауыр ісіктері өмірге қатер төндіретін интраабдоминальді қан кетулерге алып келеді. Іштің жоғары жағында қатты ауырулар болғанда, бауыр ұлғайғанда немесе Визанна қабылдаған әйелдерде интраабдоминальді қан кетулер белгілері байқалғанда, дифференциальді диагноз қою кезінде бауыр ісігін ескеру керек.

Қан кетулер сипатының өзгерістері

Көптеген әйелдерде Визанна® препаратын қабылдау етеккірлік қан кетулердің сипатына әсер етеді. («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз).

Жатырдан елеулі қан кетулер

Визанна® препаратын қолдану аясында, мысалы аденомиозы бар немесе жатыр лейомиомасы бар әйелдерде жатырдан қан кетулер күшеюі мүмкін. лақылдап және ұзақ уақыт бойы қан кетулер анемияға соқтыруы мүмкін (кей жағдайларда ауыр түріне). Мұндай жағдайларда Визанна® препаратын тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Остеопороз

Сүйек тінінің минералдық тығыздығының (СМТ) өзгерістері

Визанна® препаратын жасөспірімдерде (12-18 жас аралығындағы) 12 айға созылатын уақыт кезеңі бойына қолдану омыртқаның бел бөлігінің (L2-L4) СМТ төмендеуімен байланысты болды. Емдеудің аяғына қарай СМТ бастапқы деңгейінен салыстырмалы орташа төмендеуі -6% және 5% диапозонымен 1.2% құрады (IC 95%:- 1.70% және 0.78%, n=103). Көрсеткіштері төмен топта СМТ емдеу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң қайтадан өлшеу СМТ артуына үрдісі барын көрсетті (емдеудің аяғына қарай бастапқы көрсеткішінен салыстырмалы орташа төмендеуі 2.3%, емдеу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң -9% және 6% диапозонында 0.6% құрады (IC 95%:- 1.20% және 0.06% (n=60). СМТ төмендеуі жасөспірімдік кезеңде және ересектеу жасөспірімдерде аздау қауіп туғызады, өйткені бұл кезең сүйектердің өсуіне қатысты маңызды шешуші кезең болып табылады. СМТ төмендеуінің аталған популяциядағы ең жоғарғы сүйек массасына және ары қарай сынулар қаупінің артуына әсер ететін-етпейтіндігі белгісіз.

Остеопороздың даму қаупі жоғары пациенттерге препаратты тағайындар алдында пайда-қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек, өйткені эндогенді эстрогендер деңгейлері Визанна® препаратымен емдеу кезінде тек орташа дәрежеде ғана бәсеңдейді.

Кез келген жастағы әйелдерге сүйек тінінің саулығы үшін, кальций мен D витаминін тамақпен бірге немесе витаминді қоспалар түрінде жеткілікті тұтынудың маңызы зор.

Басқа да жағдайлар.

Сыртартқысында депрессиясы бар пациенттер мұқият бақылауды қажет етеді. Егер депрессия күрделі формада қайталанса, препаратты тоқтату керек.

Визанна® жалпы алғанда, нормотензивті әйелдерде артериялық қысым деңгейіне әсер етпейді. Алайда Визанна® препаратын қабылдау аясында клиникалық тұрғыдан айқын, тұрақты артериялық гипертензия туындаса, препаратты қабылдауды тоқтату және гипотензивтік ем жүргізу ұсынылады.

Жүктілік алғаш туындаған немесе бұрыннан бар жыныстық стероидтар қабылдау салдарынан болған холестаздық сары ауру және/немесе холестаздық қышыну қайталанған жағдайда Визанна® препаратын қабылдауды тоқтату қажет.

Визанна® шеткергі инсулиндік резистенттілікке және глюкозаға төзімділікке болар-болмас әсер етуі мүмкін. Визанна® препаратын қабылдау кезінде қант диабетінен зардап шегіп жүрген әйелдерді, әсіресе сыртартқысында гестациялық қант диабеті болса (жүктілік кезінде) мұқият бақылау керек.

Кей жағдайларда, әсіресе сыртартқысында хлоазмасы бар жүкті әйелдерде хлоазма дамуы мүмкін. Визанна® препаратын қабылдау кезінде хлоазма дамуына бейім әйелдер күннің әсерінен немесе ультракүлгін сәуле әсерінен сақтануы керек.

Визанна® препаратын қабылдау кезінде аналық бездердің персистирленетін фолликулалары туындауы мүмкін (көбінесе аналық бездің функционалдық кистасы деп аталады). Ондай фолликулалардың көпшілігі асимптомдық сипатта болады, әйтсе де кейбірі жамбас аумағында ауырулармен қатар жүруі мүмкін.

Лактоза

Визанна® препаратының бір таблеткасының құрамында 62.8 мг лактоза моногидраты бар. Галактоза көтере алмаушылық, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары бар, лактозасыз диета ұстанып жүрген пациенттерде Визанна® препаратының құрамындағы лактоза мөлшерін ескеру керек.

Медициналық зерттеулер

Визанна® препаратын қабылдауды бастарда немесе қайта емдеуді бастарда пациенттің ауруының тарихымен толық танысу керек, қолдануға қарсы көрсетілімдері мен айырықша ескертулерін ескере отырып, физикалық және гинекологиялық тексерулер жасату қажет. Зерттеулерді Визанна® препаратын қабылдау кезеңінде уақыт аралатып қайталап отыру керек. Бұл тексерулердің жиілігі мен сипаты әр әйелге жеке тәртіпте болады, бірақ тұтас алғанда артериялық қысым, сүт бездерінің жағдайы, іш қуысы мен кіші жамбас аумағы ағзаларының жағдайы, соның ішінде цервикальды шырышты цитологиялық зерттеу барлық жағдайда тексеріледі,

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңі

Визанна® препаратының жүктілік кезінде қолданылуы жөніндегі мәліметтер шектеулі.

Клиникаға дейінгі зерттеулер мен диеногестің жүктілік кезінде әйелдердегі әсері туралы мәліметтерден жүктілікке, эмбрион/ұрық дамуына, баланың тууы мен дамуына спецификалық қауіптері бары анықталған жоқ.

Дегенмен, Визанна® препаратын жүктілік кезінде тағайындамаған дұрыс, өйткені жүктілік кезінде эндометриозды емдеу қажет емес.

Лактация кезеңі

Лактация кезінде Визанна® препаратымен емдеу ұсынылмайды.

Диеногестің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Физикалық-химиялық қасиеттері мен клиникаға дейінгі зерттеулер деректері диеногестің емшек сүтімен шығатындығын көрсетіп отыр.

Емшек емізуді тоқтату немесе Визанна® препаратымен емді тоқтатудың дұрыстығы туралы шешім сәби үшін емшек емудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің пайдасын ескере отырып қабылдануы тиіс.

Фертильділік

Визанна® препаратын қабылдау кезіндегі қолда бар деректерге сәйкес, көп пациенттерде овуляция бәсеңдейді. Алайда Визанна® контрацептивті дәрі болып табылмайды.

Контрацепция қажет болса, гормональды емес әдісті пайдалану керек. («Айырықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, етеккір оралымы Визанна® препаратын қабылдауды тоқтатқан соң 2 айдың ішінде қалпына келеді.

Педиатрияда қолданылуы

Визанна® препаратын менархе жасына толмаған қыздарға қолдануға болмайды.

Визанна® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық тұрғыдан болжамды немесе расталғкан «эндометриоз» диагнозы бар 12 мен 18 жас аралығындағы 111 жасөспірім пациентің қатысуымен, 12 айға созылған бақыланбайтын клиникалық зерттеуде зерттелді («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамиксы» бөлімдерін қараңыз).

Қауіпсіздігі жөніндегі клиникаға дейінгі деректер

Фармакологиялық қауіпсіздігін, дозасын бірнеше рет енгізген кездегі уыттылығын, геноуыттылығын, канцерогендік әлеуеті мен ұрпақ өрбіту жүйесі үшін уыттылығын стандартты зерттеулер барысында алынған клиникаға дейінгі мәліметтер адамдар үшін спецификалық қауіптерінің барын көрсетпейді. Дегенмен, жыныстық стероидтар кейбір гормонға тәуелді ісіктер мен тіндердің өсуін стимуляциялауы мүмкін екенін естен шығармау керек.

Дәрілік заттың автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жедел уыттылықты зерттеу нәтижесі препараттың тәуліктік емдік дозасынан бірнеше есе жоғары дозасын байқаусызда қабылдап қойған кезде жедел жағымсыз әсерлерінің болу қаупін көрсетпеген. Диеногестің тәулігіне 20-30 мг дозасы (Визанна® препараты құрамындағы дозадан 10-15 есе асатын) 24 апта бойына өте жақсы көтерімді болды.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жасыл түсті ПВХ/ПВДХ-дан және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

30° С-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Байер Веймар ГмбХ және Ко. КГ, 99427 Веймар, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев көшесі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел. +7 727 258 80 40

факс: +7 727 258 80 39

e-mail: kz.claims@bayer.com

Прикрепленные файлы

921785171477976292_ru.doc 124.5 кб
593879171477977489_kz.doc 161.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники