Визаллергол (0.2%)

МНН: Олопатадин
Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olopatadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121834
Информация о регистрации в РК: 30.10.2020 - 30.10.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 682.46 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Визаллергол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Олопатадин

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 0,2 % 2,5 мл

Құрамы

1 мл құрамында

белсенді зат - 2,22 мг олопатадин гидрохлориді

(2 мг олопатадинге баламалы)

қосымша заттар: бензалконий хлориді, повидон К-29/32, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, хлорлысутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден сарыға дейін боялатын мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Олопатадин.

АТХ коды S01GX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелі сіңірілуі төмен. Қан плазмасында олопатадиннің Cmax 2 сағат ішінде жетеді және 0,5 нг/мл бастап 1,3 нг/мл дейінді құрайды. Плазмада T1/2 3 сағ құрайды. Негізінен бүйрекпен, 60-70% – өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Олопатадин аллергияға қарсы әсер етеді, гистаминдік H1-рецепторларының селективті тежегіштері болып табылады, сонымен қатар жуан жасушалардан қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді.

α-адренергиялық, допаминдік, 1 және 2 типті мускариндік, сондай-ақ серотониндік рецепторларға әсер етпейді.

Қолданылуы

- аллергиялық конъюнктивитпен байланысты көздің қышуын болдырмас үшін

Қолдану тәсілі және дозалану режимі

Көзге жергілікті қолдануға арналған. Препарат инъекцияға және ішке қабылдауға арналмаған. Визаллергол препаратын зақымданған көздің (көздер) төменгі конъюнктивалық қалтасына күніне 1 рет 1 тамшыдан тамызады.

Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Ерітіндіні тамызған кезде тамшуырдың ұшын ерітіндіні ластамас үшін көзге немесе басқа да кез келген беткейге тигізбеген жөн.

Препаратты пайдаланғаннан кейін қақпағын тығыздап жабу қажет.

Жағымсыз әсерлері

10 % жағдайда

- суық тию мен фарингитке ұқсас симптомдар

Жекелеген жағдайларда (5 % аздау)

- анық көрмеу, күйдіру немесе шаншу, конъюнктивит, көздің құрғауы, көзде бөгде денені сезіну, гиперемия, жоғары сезімталдық, кератит, қабақтың ісінуі, ауыру және қышыну

Басқалар

- астения, арқаның ауыруы, тұмауға ұқсас синдром, бас ауыру, жөтелдің күшеюі, инфекциялар, жүрек айну, ринит, синусит және дәмнің бұрмалануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Олопатадиннің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Іn vitro зерттеулер олопатадиннің Р-450 цитохромы 1A2, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоферменттерімен байланысты метаболизмдік реакцияларды тежемейтіндігін көрсеткен. Осы нәтижелер басқа да белсенді заттармен бір мезгілде қолданғанда олопатадиннің метаболизмдік реакцияларға түсуі ықтималдығы төмендігін көрсетеді.

Қажет болғанда басқа да жергілікті офтальмологиялық препараттармен біріктірілімде қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды қолдану арасындағы аралық 5 мин кем болмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Олопатадин гидрохлориді жергілікті аллергияға қарсы/антигистаминдік дәрі болып табылады, жергілікті қолданғанда жүйелік сіңірілуі төмен. Жағымсыз реакциялары немесе аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болғанда препарат қолдануды тоқтату қажет.

0,2 % олопатадин гидрохлоридін жанаспалы линзаларды тағудан туындаған көздің қызаруын қайтаруға қолданбаған жөн. Мұндай жағдайда пациент жанаспалы линза тағудан тартына тұруы керек. Препарат құрамындағы бензалконий хлориді жанаспалы линзалармен сіңірілуі мүмкін. Препаратты тамызар алдында линзаларды алып және оларды препаратты тамызғаннан кейін 20 мин өткен соң ғана қайтадан тағу керек.

Офтальмологиялық өнімдерде консервант ретінде кеңінен қолданылатын бензалконий хлориді бірқатар зерттеулерге сәйкес нүктелі кератопатия және / немесе уытты ойық жаралы кератопатияға себеп болуы мүмкін. Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жиі немесе ұзақ пайдаланғанда құрғақ көз синдромы бар пациенттердің көздерінің жай-күйіне, сондай-ақ мөлдір қабықтың зақымдануы бар пациенттерге мұқият мониторинг қажет.

Бүйрек және бауыр патологиясы бар науқастарға, сондай-ақ егде адамдарға препарат дозасын түзету қажет етілмейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану бойынша жеткілікті тәжірибе жоқ. Препаратты жүктілік кезінде емдік әсері ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Визаллергол препаратын бала емізетін кезде қолданбаған жөн. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда, емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тамызғаннан кейін бірден автомобиль басқаруға және жоғары зейін мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды (көру арқылы қабылдаудың айқынсыздығы дамуы мүмкін). Бұл жағдайда көру қалпына келгенше біраз уақыт күте тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Емі: көзге препарат шамадан тыс түсіп кеткенде көп мөлшерде жылы сумен көзді жуып-шаю ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.5 мл препараттан пластик ұштығы мен алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қалпақшасы бар, сыйымдылығы 5 мл пластик құтыға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

2С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, Солан ауданы, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ. ЛТД., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132,

309 кеңсе

Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99, Email: sentiss_kz@land.ru

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

619241091477976300_ru.doc 57 кб
396652051477977546_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники