Вазелин-DF

МНН: Вазелин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие мягкий парафин и жиры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016473
Информация о регистрации в РК: 15.12.2020 - 15.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Вазелин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 25 г жақпамай

Құрамы

белсензі зат – 25 г вазелин

Сипаттамасы

Біртекті, жіпше созылған, ақтан сарғыш түске дейінгі иіссіз жақпамай тәріздес масса

Фармакотерапиялық тобы

Дерматопротекторлар. Парафин және майлар препараттары.

АТХ коды D02АС

Фармакологиялық қасиеттері

Жұмсартатын қасиеті бар. Теріге жұқа етіп, ұсақ жарықтарға, кесулерге және сызаттарға микробтардың түсуіне кедергі болатын тығыз өткізбейтін үлбірмен жабады.

Қолданылуы

- теріні жұмсартуға арналған дәрі ретінде

- жақпамайды дайындауға арналған негіз

Қолдану тәсілі және дозалары

Вазелин-DF сыртқа қолданылады. Сықпаның жарғағын ашу үшін қақпағының басы үшкір келеді.

Аздаған мөлшерді теріге жағып, уқалайды. Егер қажет болса, аппликациядан кейін препараттың қалдығын мақта немесе дәке тампонмен сүртіп алады немесе сабынды жылы сумен шайып тастайды.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакция (жаққан жерде тітіркену)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- вазелинге жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрия

Балалар тәжірибесінде препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат дәрігердің кеңесінен кейін қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы пластмасса қақпақпен жабылған, жарғақшасы бар алюминий сықпада препарат 25 г-ден.

Сықпалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сықпа саны бойынша топтық қаптамаға салынады немесе бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

 

3

Прикрепленные файлы

717140721477976288_ru.doc 44.5 кб
074782081477977534_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники