Бронспрей

МНН: Тимьяна обыкновенного травы экстракт, Шалфея лекарственного листьев экстракт
Производитель: Квизда Фарма ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020653
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Бронспрей

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ауыз қуысына арналған 15 мл спрей

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар:

жебіршөп шөптерінің сұйық сығындысы – 289.6 мг,

сәлбен жапырағының сұйық сығындысы – 289.6 мг,

қосымша заттар:

бұрыш жалбызының сұйық сығындысы, левоментол, натрий сахарині, гидроксипропилцеллюлоза.

Жебіршөп шөптерінің сұйық сығындысын (шикізаттың экстрагентке арақатынасы 1 : 4-6), сәлбен жапырақтарының сұйық сығындысын (шикізаттың экстрагентке арақатынасы 1 : 4-6), бұрыш жалбызының сұйық сығындысын (шикізаттың экстрагентке арақатынасы 1: 4-6) жасау үдерісінде экстрагент ретінде этанол 70% к/к пайдаланылады.

Сипаттамасы

Өзіне тән (бұрыш жалбызы) иісі бар мөлдір қоңыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды А01AD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қажет етілмейді.

Фармакодинамикасы

Жебіршөп шөптерінің сұйық сығындысындағы және сәлбен жапырақтарының сұйық сығындысындағы эфир майлары залалсыздандырғыш әсер береді.

Белсенді ингредиенттердің құрамындағы иіткіш заттар тұтқырлайтын және жергілікті қабынуға қарсы әсер береді.

Қолданылуы

- ауыз қуысының және жұтқыншақтың қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуге арналған (тұмау аясында туындаған тамақтың жедел ауыруы сияқты, ол қырылдаумен, жұтынудың қиындауымен сипатталады).

Қолдану тәсілі және дозалары

Тәулігіне 2-ден 4 ретке дейін ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығына 1-2 бүрку.

Бір бүрку шамамен 0.14 мл = 126 мг.

- бұралатын бүріккіш-қондырғыны құтыға тік бұрыш жасай көтеру керек (суретті қараңыз);

- бүріккіш-қондырғының басын ауыз қуысына қолданылуы тиіс қалаған жерге бағыттау керек. Қондырғы тіпті жеткізілуі қиын жерлерге бүрку мүмкіндігін қамтамасыз етеді (мысалы, пародонтальді қалталарға);

- Бронспрейді ауырған аймаққа қондырғыны 1-2 рет баса отырып, бүрку керек;

- әрбір қолданудан кейін бүріккіш-қондырғыны бастапқы қалпына келтіріп жинау керек (суретті қараңыз).

Бүркуге дайын

(пайдаланғанда)

 
 

Жабық

(пайдаланғанға дейін және кейін)

Жағымсыз әсерлері

Құрамында жебіршөп бар дәрілік заттарды қабылдағанда мыналар байқалуы мүмкін:

Өте сирек

- жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық шоктың бір жағдайы және Квинке ісінуінің бір жағдайы),

- іштің ауыруы,

- этанолдың болуына байланысты қабыну аймағында қысқа мерзімдік күйдіру сезімі.

Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттерге, Lamiaceae (қалақайлар) тұқымдасының басқа өкілдеріне, немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық,

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Құрамында сәлбен жапырақтары бар препараттарды қабылдау ГАМҚ рецепторлары арқылы әсер ететін барбитураттар, бензодиазепиндер сияқты дәрілік заттардың тиімділігіне ықпалын тигізуі мүмкін. Осыған байланысты бір мезгілде қабылдауға кеңес берілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Ентіккен, дене температурасы жоғарылаған немесе іріңді қақырық пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Препараттың құрамында этанол бар, сондықтан алкогольге тәуелділіктен зардап шегіп жүрген емделушілерге қолданбаған жөн.

100 г дәрілік заттың құрамында 52,64 г этанол бар, ол этанолдың 60% к/к көлемдік концентрациясына сәйкес келеді.

Көзге немесе мұрынға бүркімеу керек.

Ашық отқа бүркуге болмайды.

БалаларЖеткілікті деректер жоқ болуына байланысты, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жеткілікті деректер жоқ болуына байланысты, жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе аздаған ғана әсерін тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: дене температурасының жоғарылауы, тахикардия, бас айналу және эпилепсияға тән құрысулар, олар сәлбен жапырақтарының 15 г-нан астам болатын препарат мөлшерін қабылдағанда білінеді.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сорғысы және жиналмалы бүріккіш-қондырғысы бар, қоңыр шыныдан жасалған құтылаларда препарат 15 мл-ден.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 8 апта.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Квизда Фарма ГмбХ,

Эффингергассе 21, 1160, Вена, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Квизда Фарма ГмбХ,

Эффингергассе 21, 1160 Вена, Австрия.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Дельта Медикел Промоушнз АГ (Швейцария) өкілдігі

050040, Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, Байзақов к-сі, үй 280

Тел./факс +7 (727) 332 20 79

Электрондық поштасы: PVG@deltamedical.com.ua

Прикрепленные файлы

936338531477976682_ru.doc 293 кб
945562561477977813_kz.doc 271.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники