Боярышника настойка (100 мл)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: Султан ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018439
Информация о регистрации в РК: 17.08.2021 - 17.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл тұндырмасы

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: 10 г долана жемісі

қосымша зат: 70% этил спирті 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Тәтті дәмі бар, сарғыш-қызғылт cарыдан сарғыш-қызыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Кардиотонустық басқа да препараттар

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың биологиялық әсері биологиялық белсенді заттың кешеніне байланысты (флавоноидтар, холин, ацетилхолин, иіткіш зат, фитостериндер, тритерпенді біріктірілімдер, органикалық қышқыл және т.б.). Долана тұндырмасы жүректің тәждік қантамырларындағы және ми қантамырларындағы қан айналымын күшейтеді. Миокардтың жүрек гликозидтерінің әсеріне сезімталдығын арттырады. Жүрек бұлшықеттері жиырылуының күшеюіне ықпал етіп және оның қозғыштығын бір мезгілде төмендетеді. Тритерпенді гликозидтер мен флавоноидтар белгілі бір спазмолитикалық, гипотензиялық әсер береді, көктамыр қысымының деңгейіне оң әсер етеді, артериолалар мен қылтамырлардың тамырлық қабырғаларының серпінділігін жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстарында

- гипертониялық ауруда

- стенокардияда

- жыпылықтағыш аритмияда

- жүйке қозғыштығының жоғарылауында

- климактериялық неврозда

- пароксизмальді тахикардияда

- ангионеврозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Долана тұндырмасын тамақтануға дейін ішке қабылдайды.

Ересектерге тамақтануға дейін 20 тамшыдан күніне 3 рет. Емдеу курсы 20-30 күн. 12 жастан үлкен балаларға – ¼ стақан суда өмірінің 1 жылына 1 тамшыдан болатын есеппен сұйылтылады, тамақтануға дейін күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 14-15 күн.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқышылдық

- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртпесі, қышыну)

- гипотония

Сирек

- бас айналуы, тремор

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- артериялық қысымның төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты және жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин және т. б.) біріктіріп қолданған кезде кардиотонустық әсері күшейе түседі; β-адреноблокаторлармен – гипотензивтік әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты оның компоненттерімен өзара байланысуын болдырмас үшін тамақтану кезінде қолдану ұсынылмайды. Бауыр аурулары, эпилепсия, бассүйек-ми жарақаттары кезінде сақтық керек.

Созылмалы алкоголизмнен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында спирт бар екендігін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, брадикардия

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден полиэтиленді тығынмен және бұрандалы пластмасса қақпақпен тығындалған, мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыда немесе бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшалармен тығындалған құтыда.

Топтық қаптама және тасымалдау ыдысы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тең санымен салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8о С-ден 18о С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан, Алматы обл., Талғар ауданы, Еркін кенті

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы обл., Талғар ауданы, Еркін кенті, Б.Момышұлы к-сі, 5

Тел.: 7 (727) 305-48-65/ -80

Электронды поштасы: toosultan@list.ru

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

799414801477976370_ru.doc 45 кб
270167931477977565_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники