Биосоди

МНН: Натрия гидрокарбонат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022426
Информация о регистрации в РК: 13.10.2016 - 13.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Биосоди

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 8,4 %, 50 мл ерітінді

Құрамы

50 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 4.2 г натрий бикарбонаты,

қосымша заттар: натрий эдетаты 0,005 г, инъекцияға арналған су 50 мл дейін

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Тұзды ерітінділер. Натрий бикарбонаты.

АТХ коды В05СВ04.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізгеннен кейін натрий организм сұйықтықтары мен тіндерінде таралады. Натрия гомеостазы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесімен реттеледі. Көлем азаюы жағдайында бүйрекке жететін натрий мөлшері қысқарады және осы фактор ренин босап шығуы үшін шумақтық жүйе маңындағы жасушаларды көтермелейді. Ренин ангиотензиногенді ангиотензин I айналдырады, ол өз кезегінде қайта өзгертуші фермент (АӨФ) көмегімен ангиотензин II айналады. Ангиотензин II натрийдің қайта сіңуін, демек осмостық функция жолымен судың проксимальді өзекшелерде қайта сіңуін ұлғайтады. Мұнымен қоса, ангиотензин II альдостерон босап шығуы үшін бүйрек үсті безі қыртысын көтермелейді, бұл Генле түйінінде, дистальді өзекшелерде және жинақтаушы түтікте натрийдің тікелей қайтадан сіңірілуін ұлғайтады.

Бикарбонат иондары организмнің қалыпты метаболизм жолдары арқылы өтеді. Олар шумақтық сүзіліске ұшырайды және толық дерлік сіңеді, сонымен қатар организмнен 1% жуығы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Натрий басты жасушадан тыс катион: оның үлесіне барлық плазма катиондарының 90 % астамы келеді. Натрий иондарының 85 % жуығы бос түрде берілген және оның шамамен 15 % ақуыздармен ұсталып тұрады. Натрий иондары организм сұйықтығының осмостық қысымын құрайды және демейді (негізінен жасушадан тыс), организмде суды іркілтеді, глюкоза мен амин қышқылдарының ішекте сіңуіне және бүйректе қайта сіңірілуіне қатысады. Натрий ионы организмнің қышқылды-сілтілі жағдайын реттеуге қатысады, қанның сілтілік қоры, кейбір ферменттердің активаторы болып табылады. Натрий әртүрлі тасымалдаушы механизмдерді, оның ішінде натрий помпасын (Na+/K+-АТФ-аза) пайдаланумен жасушалық жарғақша арқылы айналыста болады. Натрий нейротрансмиссияда және жүрек электрофизиологиясында, сондай-ақ бүйрек метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Бикарбонат иондары қанның рН физиологиялық мәнін қалпына келтіре отырып, плазмада ацидозды бейтараптандырады.

Қолданылуы

- метаболизмдік ацидозда

- шокта

- барбитураттармен, салицилаттармен және метанолмен уыттануда

- гемолиздік және рабдомиолиздік синдромдарда

- гиперурикемияда

- асқазан-ішектен бикарбонатты жоғалту (диарея кезінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

8,4 % ерітінді қанға қатысты гипертоникалық болады.

Ерітіндіні көктамыр ішіне енгізгенде қанның қышқылдық-сілтілік жай-күйін және пациенттің клиникалық жағдайын бақылау қажет.

Дозалар жасына, салмағына, клиникалық жағдайына, электролиттер деңгейіне, қышқылдық-сілтілік теңгерім мен осмолярлығына байланысты жекелей белгіленеді.

Жедел және жеделге жуық метаболизмдік ацидозда:

Ересектер

Ұсынылатын орташа доза 2-ден 5 мЭкв/кг (2-5 мл/кг) құрайды, ацидоздың ауырлық дәрежесіне байланысты 4 – 8 сағат бойы енгізеді. Қандағы бикарбонат деңгейіне және қанның газын анықтау нәтижелеріне (20-22 ммоль/л ұлғаюы) байланысты дозаның түзетілуі мүмкін.

Балалар:

Балаларға арналған доза баяу енгізгенде 1 мЭкв/кг (1 мл/кг), жұлын-ми сұйықтығы қысымының төмендеуі мен бассүйекішілік қан құйылу мүмкіндігін болдырмас үшін ең жоғары доза дене салмағына күніне 8 мЭкв/кг (8 мл/кг) құрайды.

Егде жастағы адамдар

60 жастан асқан пациенттер үшін ең жоғары ұсынылатын доза күніне 90-100 мЭкв (90-100 мл/кг) бикарбонатты құрайды.

Респираторлық гиперкомпенсация туындатқан алкалоз дамуын болдырмас үшін ацидозды алғашқы 24 сағат ішінде толық жою ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

- алкалоз, гипернатриемия, гиперволемия, гиперосмолярлық

- қызу, енгізген орындағы инфекция, енгізген орынның ауыруы, көктамыр қабырғаларының тітіркенуі, тромбоз немесе көктамырлық флебит, жұмсақ тінге төгілген жағдайда, борпылдақ шелінің некрозымен қабыну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- метаболизмдік немесе респираторлық алкалоз, әсіресе гипохлоремиялық алкалоз кезінде (құсу, асқазан-ішек жолы жеткіліксіздігі, диуретиктермен емдеу)

- гипокальциемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий тұздары мен кортикостероидтарды қатарлас қолдану кезінде сақ болған жөн, өйткені кортикостероидтар натрий мен судың іркілуімен байланысты, соның салдарынан ісіну мен гипертонияға соқтыруы мүмкін.

Натрий бикарбонаты тетрациклиндердің бүйрек клиренсін ұлғайтады.

Натрия бикарбонаты мен калий шығарылуына ықпал ететін препараттарды бірге қолдану гипохлоремиялық респираторлық алкалоз қаупін арттырады.

Натрий бикарбонаты жартылай ыдырау кезеңін, демек хинидин, эфедрин, псевдоэфедрин сияқты препараттар әсерінің созылуын ұзартады.

Құрамында норадреналин, добутамин, кальций бар ерітінділермен бірге қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты құтыны ашқаннан кейін дереу пайдалану қажет. Препаратты қолданғанда су-электролиттік теңгерім, плазма осмолярлығы мен қышқылдық-сілтілік теңгерім деңгейін бақылап отыру, қажет болғанда сіреспе көріністерін болдырмас үшін калий мен кальций деңгейін түзету қажет.

Қатар жүретін жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ісінуі мен су-тұз іркілуімен байланысты клиникалық жағдайда жүрген пациенттерде айрықша сақтықпен қолдану керек.

Жүректің инотропты препараттарымен, кортикостероидтармен емделіп жүрген пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені кортикостероидтар ісінудің пайда болуына әкелетін натрий мен су іркілуін туындатады.

Артериялық гипертензиясы, шеткергі ісінуі, өкпе ісінуі бар пациенттерде, бүйрек функциясы төмендеген, преэклампсиясы бар пациенттерде және натрий іркілуімен байланысты басқа да жағдайларда сақтықпен қолдану керек.

Натрий бикарбонаты мен калий секрециясын көтермелейтін препараттарды бір мезгілде қабылдау гипохлоремиялық респираторлық алкалоз дамуына әкелуі мүмкін.

Препаратты калий қоспай ұзақ енгізу гипокалиемия дамуына әкелуі мүмкін.

Препаратты сақтықпен, инфузия енгізу жылдамдығын бақылай отырып енгізген жөн.

Балалар жасында

Балалар жасында қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Биосоди препаратын ана үшін пайасы мен ұрыққа немесе балаға төнетін ықтимал қаупін мұқият салыстыра отырып, тек аса қажет жағдайда ғана тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: Препаратты ұзақ уақыт күнделікті енгізу, тәбетті жоғалтумен, жүрек айнумен, құсумен, мазасыздықпен, бас ауырумен, ал ауыр жағдайларда – тетаниялық құрысулармен; гипернатриемия және гиперволемия қатар жүретін алкалозға (кейде орны толтырылмаған) әкелуі мүмкін. Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық түзетуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бромбутилкаучук тығынмен және алюминий қалпақшамен тығындалған шыны құтыда.

50 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен (50 дана) бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Bioindustria Laboratorio Italiano Medicinali S.р.A., Италия

Via de Ambrosiis, 2 - Novi Ligure (AL)

Тіркеу куәлігінің иесі

Bioindustria Laboratorio Italiano Medicinali S.р.A., Италия

Via de Ambrosiis, 2 - Novi Ligure (AL)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«El company» ЖШС, Алматы қ., Масанчи к-сі 98 А, 41 кеңсе, тел: 292-26-30, 292-26-65, факс: 292-26-37; info@elcompany.kz

Прикрепленные файлы

514982741477975714_ru.doc 26.42 кб
153180041477977423_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники