Биопарокс®

МНН: Фузафунгин
Производитель: Эгис Фармасьютикалс ПиЭлСи
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fusafungine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014480
Информация о регистрации в РК: 06.11.2014 - 06.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Биопарокс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фузафунгин

Дәрілік түрі

Ауыз және мұрын арқылы ингаляцияға арналған қысымдағы 50мг/10 мл ерітінді 400 доза

Құрамы

10 мл ерітіндінің құрамында:

белсенді зат - 50 мг фузафунгин,

қосымша заттар: хош иістендіргіш 14868 қоспа, сусыз этанол, изопропил миристаты, сахарин, норфлуран (1,1,1,2 тетрафторэтан (НFA-134a)

Сипаттамасы

Сары түсті өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бактерияларға қарсы препараттар. Фузафунгин.

АТХ коды R02AB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фузафунгин жұтқыншақтың ауыз бөлімі және мұрын қуысы шырышты қабатының бетіне шөгіп, жергілікті әсер етеді. Плазмада аз уақыт бойы фузафунгиннің өте төмен мөлшері пайда болуы мүмкін (шектік концентрациясы 1 нг/мл құрайды).

Фармакодинамикасы

Биопарокс® қабынуға қарсы белсенділігі бар жергілікті қолдануға арналған антибиотик. Биопарокс® бактерияға қарсы белсенділікке ие, бұл келесі микроорганизмдерге қатысты осындай әсер ету қабілетін көрсетеді: А тобы стрептококктары, пневмококктар, стафилококктар, Neisseria тобының кейбір штаммдары, анаэробтар қатарындағы микробтар, Candida albicans және Мycoplasma pneumoniaе. Едәуір басым емдік дозаларда уытты, тератогенді немесе мутагенді қасиеттері байқалмайды.

Қолданылуы

- жоғары тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозасы

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ауыз арқылы 4 ингаляция және әрбір мұрын жолына 2 ингаляциядан күніне 4 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы 10 күннен аспауы керек.

Биопароксты® қолдану

Баллонға тиісті қондырғыны кигізіңіз (ақ түстісі ауыз арқылы ингаляция жасау үшін, сары түстісі мұрын жолына енгізу үшін) (1 суретті қара). Бірінші рет қолданар алдында, клапанның жұмысын жандандыру үшін препаратты ауаға 4 рет шашыратыңыз. Баллонды тік, қондырғыны жоғары қаратып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып ұстаңыз.

1-сурет

Мұрын арқылы ингаляциялау

Препаратты пайдаланар алдында мұрынды тазарту керек. Баллонға сары қондырғыны бекітіп, оны кезекпен әр мұрын жолына енгізу керек (бұл кезде мұрынның екінші жағын қысып, ауызды жабыңыз). Бұдан соң, мұрынмен терең дем алып, баллонның түбін қатты және соңына дейін басыңыз (2 суретті қараңыз).

2-ші сурет

Ауыз арқылы ингаляциялау

Баллонға ақ қондырғыны кигізіп, оны ауызға енгізіңіз де еріндеріңізбен қатты қысыңыз.

Одан соң, терең дем алу кезінде баллонның түбін қатты және соңына дейін басыңыз (3 және 4 суреттерді қара).

3-сурет 4- сурет

Қондырғыларды күн сайын 90% этил спирті сіңірілген мақта тампонымен дезинфекциялап отыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың көбі препаратты енгізудің жергілікті реакциясымен байланысты.

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі анықталмған (бар деректер негізінде даму жиілігін бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

  • дәм сезудің бұрмалануы, көздің ісінуі,

  • түшкіру ұстамасы

Жиі

- жүрек айнуы

- мұрынның және тамақтың кеберсуі, жөтел, тамақтың қызаруы

Өте сирек

- анафилактикалық шок

- демікпе, бронхтүйілуі, тыныс алудың бұзылуы, көмейдің ісінуі, ларингоспазм

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі

Жиілігі анықталмаған

  • құсу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқысында препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- аллергиялық реакцияларға және бронх түйілуіне бейім пациенттер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты пайдалануды тоқтату керек.

Аллергиялық реакциялар жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату керек және оны кейіннен тағайындаудан аулақ болу керек.

Анафилактикалық шок, сондай-ақ респираторлық, терілік көмей симптомдары (қызару, жайылған эритема) пайда болған кезде, бұлшықет ішіне (б/і) адреналин (эпинефрин) енгізу қажет болуы мүмкін. Б/і енгізгенде адреналиннің әдеттегі дозасы 0,01 мг/кг. Қажет болған жағдайда қайталау дозасын 15-20 минуттан соң енгізу керек.

Препараттың құрамында этил спиртінің аздаған мөлшері бар (200мг/10мл).

Ұзақ уақыт бойы емдеу инфекциялардың қайта жұғуын тудыруы мүмкін.

Егер препаратты бір апта қабылдағаннан кейін жақсару болмаса, емнің басқа түрін пайдалануды қарастыру керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде Биопароксты® тағайындаған кезде сақтық танытқан жөн. Препаратты бала емізу кезінде тағайындағанда анаға деген пайда мен балаға деген қауіптің арақатысын анықтау керек.

Автокөлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Биопарокс® автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайларының шектеулі саны анықталған.

Симптомдар: тілдің жансыздануы, қан айналымының бұзылуы, бас айналу, жұтқыншақтың химиялық зақымдануы.

Емі: Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізілуі тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, қиюласқан дозалағыш клапанымен қамтылған, ақ лакпен боялған алюминий баллонға толтырылған.

1 баллон, 2 қондырғы – бір ақ түстісі препаратты ауыз арқылы енгізуге арналған және бір сары түстісі мұрын ішіне ингаляцияға арналған, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Баллонды тесуге болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

EGIS Pharmaceuticals PLC, Венгрия

Тіркеу куәлігінің иесі

Les Laboratoires Servier (Ле Лаборатуар Сервье), Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Les Laboratoires Servier өкілдігі

050020, Алматы қ-сы, Достық д-лы 310 г, Бизнес орталық, 3 қабат

Тел.: (727) 386 76 62, 386 76 63, 386 76 64, 386 76 70, 386 76 71

Факс: (727) 386 76 67

Электронды пошта: kazadinfo@kz.netgrs.com

Прикрепленные файлы

590105151477976663_ru.doc 95 кб
618825621477977825_kz.doc 59.57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники