Бефрон®

МНН: Ибупрофен
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019116
Информация о регистрации в РК: 30.01.2017 - 30.01.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 500.25 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 078 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

БЕФРОН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі

Суспензия 100 мг/5 мл

Құрамы

5 мл суспензияның құрамында

белсенді зат100 мг ибупрофен,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, натрий бензоаты, калий ацесульфамы, 70 % сорбитол, ксантан шайыры, полисорбат 80 (Твин 80), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), рафинадталған қант (сахароза), жүзім хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақтан ашық-сұр түске дейінгі гомогенді суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.

Пропион қышқылының туындылары. Ибупрофен.

АТХ коды M01AE01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді. Плазмадағы ең жоғары концентрациясы 1-2 сағаттан соң анықталады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 90%. Жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуық. Бауырда метаболизмге ұшырайды. Бүйрекпен (өзгермеген түрде 1%-дан аспайтын мөлшері) және аздаған дәрежеде өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бефрон® – қабынуға қарсы стероидты емес препарат. Ауыруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсер етеді. Ибупрофеннің әсер ету механизмі циклооксигеназа ферментін тежеу есебінен қабыну простагландиндерінің синтезін тежеуге негізделген.

Балаларға арналған Бефрон® әсері 8 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.

Қолданылуы

Бефрон® мына жағдайларда ыстықты түсіретін және ауыруды басатын дәрі ретінде 3 айлығынан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылады:

  • жедел респираторлық вирусты жұқпаларда

  • тұмауда

  • егуден кейінгі реакцияларда

  • дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін жұқпалы-қабыну ауруларында

  • бас және тіс ауырғанда

  • бас сақинасында

  • невралгияда

  • құлақ және тамақ ауруларында

  • созылу кезіндегі ауыруда және ауырудың басқа түрлерінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылданады.

Қолданардың алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек. Препаратты сұйықтықтың көп мөлшерімен тамақтан кейін қабылдайды. Тамақпен бірге Бефрон® қабылдаған жағдайда ұсынылған препараттың дозаларынан және қабылдау әдістерінен бас тартпау керек. Қаптаманың ішіне салынған (сыйымдылығы 2,5 және 5 мл) өлшеуіш қасық препаратты дұрыс және ұтымды дозалауға мүмкіндік береді. Доза баланың жасы мен денесінің салмағына қарай белгіленеді.

Дене температурасының жоғарылауымен және ауырумен бірге жүретін ауруларда

Бір реттік доза тәулігіне 3-4 рет бала денесінің массасына 5-10 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза - бала денесінің массасына 25-30 мг/кг асыруға болмайды. Дозалар арасындағы аралық 6-8 сағат болуы тиіс.

Мына жастағы балаларға:

3-6 айлық: 24 сағат ішінде 3 рет 2,5 мл-ден, тәулігіне 150 мг асырмай.

6-12 айлық: 24 сағат ішінде 3-4 рет 2,5 мл-ден, тәулігіне 200 мг асырмай.

1-3 жастағы: 24 сағат ішінде 3 рет 5,0 мл-ден, тәулігіне 300 мг асырмай.

4-6 жастағы: 24 сағат ішінде 3 рет 7,5 мл-ден, тәулігіне 450 мг асырмай.

7-9 жастағы: 24 сағат ішінде 3 рет 10 мл-ден, тәулігіне 600 мг асырмай.

10-12 жастағы: 24 сағат ішінде 3 рет 15 мл-ден, тәулігіне 900 мг асырмай.

Нұсқалған дозадан асырмаңыз!

Егуден кейін дене температурасының жоғарылауы

2,5 мл суспензиядан 1 жасқа дейінгі балаларға, 1 жастан кейін, қажет болған кезде, 6 сағаттан соң тағы 2,5 мл-ден. 24 сағат ішінде 5 мл-ден артық қолдануға болмайды!

Емдеу ұзақтығы:

  • Қызу түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы керек.

  • Ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен аспауы керек.

Қызба сақталатын болса, дәрігерге қаралыңыз.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте препараттың жағымдылығы жақсы.

Жиі емес

- аллергиялық реакциялар (есекжем, терінің қышуы, әртүрлі тері бөртпелері)

- асқазанда жайсыздық сезімі, іш ауруы, жүрек айну, диспепсия

Сирек

- құсу, метеоризм, диарея, іш қату

- бас ауыру, бас айналу, қозу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, депрессия, сананың шатасуы, елестеу, құлақтың шуылдауы

Өте сирек

- жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары: беттің, тілдің және көмекейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

- бронх демікпесінің және бронхтың түйілуінің асқынуы

- пептикалық ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан құсу (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде емделушілерде) ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің асқынуы және Крон ауруы

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, сарысуда мочевинаның көбеюімен және ісінумен астасқан папиллонекроз (әсіресе ұзақ қабылдау кезінде)

- қан түзілуінің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения,

панцитопения, агранулоцитоз). Бірінші симптомдары: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысындағы беткейлік ойық жаралар, тұмау тәрізді симптомдар, айқын әлсіздік, түсніксіз қан кету және қанталаудың білінуі болып табылады.

- бауыр функциясының бұзылуы

- көп формалы эритеманы, уытты эпидермалық некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, буллезді реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

Бірлі-жарым жағдайлар

- алдыңғы аутоиммунды бұзылулары болған (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары) емделушілерде ибупрофенмен емдеу кезінде асептикалық менингит симптомдары байқалады

- буллезді дерматоз

- асқазанның ойық жарасы немесе асқазаннан қан кету

ҚҚСП емдеумен байланысты ісінулер, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ибупрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), сондай-ақ препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ацетилсалицил қышқылын (салицилаттармен) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, ринит

  • асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, ойық жаралы колит)

  • асқазан-ішектен қан кету

  • қан ауруы: гипокоагуляция, лейкопения, гемофилия, геморрагиялық васкулит

  • бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі

  • естудің нашарлауы

  • тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • 3 айға дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

БЕФРОНДЫ антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану олардың әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.

БЕФРОН дигоксинмен, фенитоинмен, метотрексатпен, литиймен бір мезгілде қолданған кезде, қан плазмасында бұл препараттардың концентрациясын жоғарылатады. БЕФРОНДЫ диуретиктермен және антигипертензиялық дәрілермен бірге қолдану олардың тиімділігін төмендетеді.

Минералокортикостероидтар мен глюкокортикостероидтардың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Егер баланың жасы 3-тен 6 айға дейін болса, ауыруды басатын басқа да дәрілер қабылдап жүрсе, сыртартқыда ойық жара ауруы, гастрит, ойық жаралы колит, асқазан-ішек жолынан қан кетуі болса, бауыр және бүйрек аурулары бар болса, тікелей емес антикоагулянттарды (қан ұюын төмендететін ішке қабылдауға арналған препараттар), артериялық қысымды төмендетуге арналған препараттарды, диуретиктерді (несеп бөлінуін күшейтуге арналған препараттар), литий препараттарын, метотрексат, глюкокортикостероидтарды (ГКС) қабылдайтын болса, бронх демікпесімен, есекжеммен зардап шегетін болса, балаға БЕФРОН бермес бұрын болжамды пайдасы мен ықтимал қаупін бағалап алған жөн. Емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін және бауыр мен бүйректің функциялық жағдайын бақылау қажет.

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылыстар пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, ульцерогендік әсер ететін заттармен немесе дәрілік заттармен (оның ішінде ацетилсалицил қышқылымен, кортикостероидтармен) БЕФРОН-ды бір мезгілде қабылдамаған дұрыс.

Артық дозалануы

Симптомдары: іш ауыруы, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, құлақ шуылы, метаболизмдік ацидоз, кома, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия, тахикардия.

Емі: асқазанды шаю (тек қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде ғана), белсендірілген көмір, сілтілі сусындарды ішу, қарқынды диурез, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препарат алғашқы ашылуы бақыланатын, бұралатын қақпағымен күңгірт шыны құтыға салынған.

1 құты өлшеуіш қасықпен немесе өлшеуіш стақанмен, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны бірінші рет ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі

1 ай

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

166015311477976423_ru.doc 60.5 кб
974752921477977623_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники