АРТРА® МСМ ФОРТЕ

МНН: Гиалуроновая кислота, Глюкозамин, Метилсульфонилметан (МСМ), Хондроитина сульфат
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020709
Информация о регистрации в РК: 15.07.2014 - 15.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Артра® МСМ ФОРТЕ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Хондроитин сульфат натрий 400 мг

Глюкозамин гидрохлориді 500 мг

Метилсульфонилметан 300 мг

Гиалурон қышқылы (натрий гиалуронаты) 10 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабықтың құрамы: Опадрай II қызыл сары (гипромеллоза, полидекстроза, титанның қостотығы (Е 171, магний гидросиликаты, мальтодекстрин, триглициридтер орташа ұзындықты, бояғыш FD&C сары # 6 (Е110)).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ашық-сары-қызыл сарыдан күңгірт-қызыл сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Өзіне тән иісінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М09AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағанда глюкозаминнің биожетімділігі – 25% (бауыр арқылы «бірінші өту» әсері). Тіндерге таралады: ең үлкен концентрациялары бауырда, бүйректе және буын шеміршегінде байқалады. Қабылданған дозаның 30%-ға жуығы сүйек және бұлшықет тінінде ұзақ айналымда болады. Көбінесе өзгермеген түрде бүйрекпен шығарылады; ішінара – ішекпен.

Хондроитин сульфатының плазмадағы концентрациясы: 0,8 г дозада (немесе 0,4 г дозада тәулігіне 2 рет) бір рет ішке қабылдаған кезде 24 сағ ішінде күрт өседі. Абсолютті биожетімділігі – 12%. Қабылданған дозаның 10% және 20%-ға жуығы сәйкесінше жоғары молекулалы және төменгі молекулалы туындылар түрінде сіңіріледі. Десульфациялану арқылы метаболизденеді. Несеппен шығарылады. Т ½ - 310 мин.

Тәжірибелік модельдерде пероральді енгізу кезінде гиалурон қышқылының белгілі биожетімділігі көрсетілген.

Фармакодинамикасы

Әсері құрамына кіретін заттардың қасиеттерімен анықталатын біріктірілген препарат. Препарат компоненттері остеоартроздың өршуін тежеу қабілетіне ие. АРТРА® МСМ ФОРТЕ деструкцияны басады және шеміршек тіні регенерациясын көтермелейді. Препарат қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Субхондральді сүйектегі қан ағымын жақсартады. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) қажеттілікті төмендетеді.

Глюкозамин және хондроитин сульфаты дәнекер тіндердің синтезіне қатысады. Экзогенді глюкозаминді енгізу шеміршек матриксінің өндірілуін күшейтеді және шеміршектің химиялық зақымданудан спецификалық емес қорғалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар хондроитин сульфаты сау шеміршек матриксінің түзілуі үшін қосымша субстрат қызметін атқарады. Гиалуронанның түзілуін, протеогликандардың және ІІ типті коллагеннің түзілуін көтермелейді, сондай-ақ ферментативті ыдыраудан (гиалуронидаза белсенділігін басу арқылы) және бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен гиалуронанды қорғайды; синовиальді сұйықтық тұтқырлығын ұстап тұрады.

Гиалурон қышқылы – гликозаминогликандар тобының полисахариді, синовиальді сұйықтықтың маңызды компоненті болып табылады, оның тұтқырсозылмалы қасиеттерін анықтайды. Ол бүкіл ішкі беткейде буын шеміршектері мен синовиальді қабықты механикалық зақымданулардан, сонымен қатар бос радикалдардан және қабыну факторларынан қорғайтын жабатын қабат түзеді.

Метилсульфонилметан (МСМ) – құрамында күкірт бар органикалық қоспа. Диметилсульфоксидтің (ДМСО) негізгі метаболиті болып табылады. Құрамында 34 % табиғи күкірт бар. МСМ көптеген эндогенді ақуыздардың (оның ішінде дәнекер тіннің ақуыздары – коллаген, эластин, кератин), гормондардың және басқа да метаболикалық белсенді қоспалардың құрамына кіреді. МСМ қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді.

Қолданылуы

  • шеткергі буындар остеоартрозында

  • омыртқа остеохондрозында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектер алғашқы үш аптаның ішінде 1 таблеткадан 2 рет; келесі апта мен айлар ішінде күніне 1 таблеткадан 1 рет. Емдеу курсы кемінде 3 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

  • асқазан маңының ауыруы, метеоризм, диарея, іш қатуы, жүрек айнуы, құсу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тетрациклиндердің сіңуін арттырады, жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсерін төмендетеді. Препарат ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен) және ГКС (глюкокортикостероидтармен) үйлесімді. Тікелей емес антикоагулянттардың, антиагрегенттардың, фибринолитиктердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозалану жағдайлары белгісіз. Препаратты көп мөлшерде қабылдаған жағдайда жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.

Емі: белсендірілген көмірді ішке қабылдау, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 30, 60 немесе 100 таблеткадан полиэтиленнен жасалған, сол материалдан бұрандалы қақпашаcы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар құтыда. Құтыға заттаңба жапсырылып, полиэтилен үлбірмен тартылады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 0С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электронды поштасы: info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

193631411477976660_ru.doc 47.5 кб
277033071477977800_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники