АРТРА®

МНН: Глюкозамин, Хондроитина сульфат
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013630
Информация о регистрации в РК: 29.06.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Артра®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

хондроитин натрий сульфаты

– 500 мг

 

глюкозамин гидрохлориді

– 500 мг,

қосымша заттар: екі орын басқан -

ВЕЩЕСТВО кальций фосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі, теңбілдері бар, таблетканың бір жақ бетінде «ARTRA» деп өрнектелген, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М09AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағанда глюкозаминнің биожетімділігі 25%. Тіндерге таралады: ең үлкен концентрациясы бауырда, бүйректе және буын шеміршегінде байқалады. Қабылданған дозаның 30%-ға жуығы сүйек және бұлшықет тінінде ұзағырақ қалады.

Өзгермеген түрде көбінесе несеп арқылы; ішінара нәжіспен шығарылады.

Т½ – 68 сағат. Хондроитин сульфатының биожетімділігі 13%-ға жуық.

Фармакодинамикасы

АРТРА® шеміршек тіні регенерациясын көтермелейді.

Глюкозамин және хондроитин натрий сульфаты, шеміршектің бұзылу үдерісін болдырмауға ықпал ете және тіндер регенерациясын көтермелей отырып, дәнекер тіндерінің биосинтезіне қатысады.

Экзогенді глюкозаминді енгізу шеміршек матриксінің шығарылуын күшейтеді және арнайы емес қорғауды, оның ішінде ҚҚСП және глюкокортикостероидтардан (ГКС) қорғауды қамтамасыз етеді. Препарат қабынуға қарсы орташа әсер береді.

Хондроитин натрий сульфаты интактілі түрде немесе жекелеген компоненттер түрінде сіңетіндігіне қарамастан, сау шеміршек матриксінің түзілуі үшін қосымша субстрат қызметін атқарады. Протеогликандардың және ІІ типті коллагеннің түзілуін көтермелейді, сондай-ақ ферментативті ыдыраудан (гиалуронидаза белсенділігін басу арқылы) және бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен шеміршек матриксін қорғайды; синовиальді сұйықтық тұтқырлығын ұстап тұрады, шеміршек репарациясы механизмін көтермелейді және шеміршекті ыдырататын ферменттердің (эластаза, гиалуронидаза) белсенділігін бәсеңдетеді. Остеоартритті емдеу кезінде ауру симптомдарын жеңілдетеді және ҚҚСП қажеттілікті азайтады.

Қолданылуы

  • шеткергі буындар мен омыртқаның остеоартрозында

  • остеохондрозда, омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық ауруларында

  • спондилезде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 15 жастан асқан балаларға алғашқы үш аптаның ішінде күніне 1 таблеткадан 2 рет; келесі апта мен айлар ішінде күніне 1 таблеткадан 1 рет. Тұрақты емдік әсеріне препаратты 6 айдан кем емес уақыт қабылдағанда қол жеткізіледі.

Жағымсыз әсерлері

Сирек болуы мүмкін:

  • эпигастрийдің ауыруы, метеоризм, диарея, іш қату

  • бас айналу, бас ауыру, әлсіздік

  • терінің аллергиялық реакциялары, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну

Жекелеген жағдайларда:

  • ұйқының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • бүйрек функциясының айқын бұзылуы

  • 15 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылған дозаны арттыруға болмайды.

Біріктіріп қолданған кезде антикоагулянттардың және антиагреганттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Артра® тетрациклиндердің сіңуін арттырады, жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсерін төмендетеді.

Препарат глюкокортикоидтық препараттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Қан кету немесе қан кетуге бейім кезінде, бронх демікпесінде, қант диабетінде препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 30, 60, 100 немесе 120 таблеткадан полиэтилен құтыда, сол материалдан жасалған бұрандалы қақпашаcы бар, терможелімделетін бедерлі алюминий фольгамен тығыз тұмшаланып тығындалған.

Құтыға заттаңба жапсырылып, полиэтилен үлбірмен тартылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

10 – 30 0С температурада, құрғақ жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

 

Прикрепленные файлы

830500731477976223_ru.doc 54.5 кб
595295011477977488_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники