Ангисепт НL®

МНН: Аскорбиновая кислота, Прополис, Ромашки аптечной цветки
Производитель: ТОО "ПЛП "ЖАНАФАРМ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016182
Информация о регистрации в РК: 06.08.2021 - 06.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ангисепт НL

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: прополис тұндырмасы 0,06 г, аскорбин қышқылы

0,005 г, дәріханалық түймедақ экстрактісі 0,005 г.

қосымша заттар: қант, лимон қышқылы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы, аздап теңбілі бар ашық-сары түсті жалпақ цилиндрлі таблеткалар, диаметрі 12 мм жуық, биіктігі (4.0 ± 0.2) мм. Өзіне тән иісі, қышқылтым – тәтті дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ауыз қусында сорғанда әсер етуші заттары жүйелі қан ағымына түседі. Аскорбин қышқылы организм тіндерінде кең таралады. Қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы қалыпта шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы 25% жуықты құрайды. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылын түзумен қайтымды тотығады, бір бөлігі белсенсіз аскорбат-2-сульфат және несеппен шығарылатын қымыздық қышқылын түзумен метаболизденеді.

Фармакодинамикасы

Прополис құрамында флавоноидтер, флавондар, флавонолдар, даршын қышқылының туындылары болуы есебінен препарат бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсерге ие. Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздануды реттеу және қылтамырлар өткізгіштігін қалпына келтіруге қатысып, прополистің биологиялық белсенді заттарының антиоксидантты әсерін күшейтеді. Түймедақ экстрактісі қабыну үдерістерінде регенерация үдерісін жоғарылатады және спазмолитикалық әсер білдіреді.

Қолданылуы

  • жоғары тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларында (ЖРА, баспада, гингивитте, стоматитте)

  • ауыз қуысы мен тамақтың қабыну ауруларында

  • ауыз қуысының ойық жаралары мен жараларында

  • ауызда және тамақта жағымсыздықты сезінгенде (кеберсуде және жыбырлауда)

  • ауыздан жағымсыз иісте

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан күніне 3-4 рет. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға доза екі еселенеді.

Емдеу курсы 5-6 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі

  • балдан жасалған өнімге аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • қант диабеті

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы.

6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік, лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қатысты шектеулер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор

механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: аздап жүрек айнуы.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған. 250 қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

“Д-ДӨ “ЖАНАФАРМ” ЖШС, Қазақстан

Өндіруші

«ПЛП «ЖАНАФАРМ», ЖШС

Өндірістің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухо­в к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ПЛП «ЖАНАФАРМ», ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухо­в к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285, e-mail: info@zhanafarm.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

246179181477976215_ru.doc 44.5 кб
838475821477977478_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники