Аллергопресс

МНН: Хлоропирамин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloropyramine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021453
Информация о регистрации в РК: 06.02.2018 - 06.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 92.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аллергопресс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоропирамин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 2 % ерітінді, 1 мл

Құрамы

Ерітіндінің бір ампуласының құрамында

белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді 20 мг,

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі әсер ететін антигистаминді препараттар. Орын басушы этилендиаминдер. Хлоропирамин

ATХ коды R06A C03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Орталық жүйке жүйесін қоса организмде жақсы таралады. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 7,9%. Байланысу шегі рН 7,4-те байқалды. Метаболиттер түрінде көбінесе бүйрекпен шығарылады. Балаларда препараттың шығарылуы ересек емделушілерге қарағанда жылдамырақ болады.

Фармакодинамикасы

Хлоропирамин - трипеленаминнің (пирибензаминнің) хлорланған аналогы, этилендиаминді антигистаминді препараттар тобына жататын бірінші буынның антигистаминді препараты. Аллергиялық реакциялар ағымының дамуының алдын алады және жеңілдетеді. Хлоропирамин әсері H1-рецепторлар блокадасына негізделген. Препарат, сондай-ақ, тегіс бұлшықетке, қылтамырлар өткізгіштігіне және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шеткергі антихолинергиялық белсенділікке, орташа спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Қолданылуы

- аллергиялық ауруларда, соның ішінде есекжемде, сарысу құю ауруында, маусымдық ринитте, аллергиялық конъюнктивиттерде, тағамдық және дәрілік аллергияда, поллинозда (пішен қызбасы)

- жәндіктер шағуына аллергиялық реакцияларда

- жанаспалы дерматитте, жедел және созылмалы экземада, дәрілік бөртпеде, қышыну дерматоздарында

- жүйелік анафилактикалық реакцияны және ангионевроздық ісінуді адъювантты емдеуде

- жедел респираторлық вирустық жұқпаларда (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Ерекше жағдайларда, көрсетілімдері бойынша көктамыр ішіне енгізу үшін абайлап қолдануға болады!

Ересектерге: бұлшықет ішіне 20-40мг (1-2мл) тәуліктік доза ұсынылады.

Балаларға:

Жасы

Ұсынылатын бастапқы дозалар

1 - 12 ай:

5мг (0,25мл ерітінді- ¼ ампула) бұлшықет ішіне

1 - 6 жас:

10мг (0,5мл ерітінді - ½ ампула ) бұлшықет ішіне

6 - 14 жас:

10-20мг (0,5-1мл ерітінді - ½-1 ампула) бұлшықет ішіне

Ары қарайғы емдеу және/немесе елеулі дәрежеде дозаны ұлғайту емделушінің реакциясымен және бақыланатын жағымсыз әсерлермен анықталады.

Ең жоғарғы тәуліктік доза дене салмағының кг-на 2 мг-ден аспауы тиіс.

Анафилактикалық шок кезінде немесе жедел ауыр аллергиялық реакцияда емді абайлап баяу көктамыр ішіне инъекция жасаудан бастау ұсынылады, содан кейін бұлшықетішілік инъекцияларды немесе препартты ішке қабылдауды жалғастыру керек.

Егде жастағы емделушілерде және арық науқастарда: Аллергопресті қолдану ерекше сақтықты қажет етеді, себебі бұл емделушілерде антигистаминді препараттар жиі жағымсыз әсерлерді (бас айналу, ұйқышылдық, артериялық қысымның төмендеуі) туғызады.

Бауыр функциясы бұзылғанда: бауыр ауруларында препараттың белсенді компоненті метаболизмінің төмендеуіне байланысты дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылғанда: белсенді компонент негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығарылуына байланысты препаратты қабылдау режимін өзгерту және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін

Жағымсыз әсерлері

- тыныштандыратын әсер, шаршау, бас айналуы, атаксия, тремор, жүйкенің қозуы, құрысулар, бас ауыруы, эйфория, энцефалопатия, көру өткірлігінің бұзылуы, көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома ұстамасы

- артериялық гипотензия, тахикардия, аритмия

- тәбеттің жоғалуы немесе жоғарылауы, жағымсыз сезінулер немесе эпигастрий аумағының ауыруы , ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату,

- фотодерматоз

- дизурия, несептің іркілуі

- миопатия

- фотосенсибилизация

Сирек

- лейкопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, қан жүйесі тарапынан басқа да бұзылулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- бронх демікпесінің жедел ұстамасы

- өршу сатысындағы асқазанның ойық жара ауруы (парентеральді қолдану үшін)

- жабық бұрышты глаукома

- пилородуоденальді стеноз

- қуықасты безінің гипертрофиясы

- жаңа туған кезең және шала туу

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Отоуытты препараттармен біріктіргенде Аллергопресс отоуыттылықтың ерте белгілерін бүркемелеуі мүмкін.

Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштері, мысалы, моклобемид немесе селегилин Аллергопрестің антихолинергиялық әсерін күшейтеді және ұзартады.

Аллергопресті тыныштандыратын дәрілермен, транквилизаторлармен, аналгетиктермен, үшциклді антидепрессанттармен, атропинмен және басқа да мускаринергиялық парасимпатолитиктермен (Аллергопресс және бұл препараттардың кез келгені бір-бірінің әсерін күшейтуі мүмкін) бір уақытта қолданғанда аса сақ болу керек.

Емдеу барысында алкогольдік ішімдіктерді қолдануға болмайды (алкоголь Аллергопрестің орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсерін күшейтеді).

Айрықша нұсқаулар

Антихолинергиялық және тыныштандыратын әсерлер болуына байланысты Аллергопресті егде жастағы емделушілерде, сондай-ақ, бауыр функциясы, жүрек-қантамыр жүйесі бұзылғанда және несептің іркілуінде сақтықпен тағайындау керек.

Егер препарат кешке қабылданса, ол гастроэзофагеальді рефлюкс симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Аллергопресті ұзақ уақыт қолдану сирек жағдайларда шығу тегі белгісіз қызбаның, ларингиттің дамуымен, ауыздың шырышты қабығының ойық жаралануымен, бозарумен, сарғаюмен, қан құйылумен, әдеттен тыс немесе тоқтатылуы қиын қан кетулермен көрінетін (лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия) қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қанның пішінді элементтері санын анықтау керек, ал қан түзі жүйесі тарапынан бұзылулар анықталғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аллергопреспен емдеуді жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Бала емізетін әйелдерді хлоропираминмен емдеу қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде ұйқышылдық және психомоторлық функциялардың бұзылуын туғызуы мүмкін. Аллергопресті бастапқы, жекелей анықталған қолдану кезеңінде көлік құралын басқаруға және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат етілмейді. Ары қарайғы емдеу үдерісінде шектеулер дәрежесі препаратты көтере алушылыққа байланысты жекелей анықталады.

Артық дозалануы

Симптомдары: елестеулер, мазасыздық, атаксия, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, атетоз, құрысулар. Ерте жастағы балаларда қозу болады. Кейде ауыздың құрғауы, бекітілген қарашықтың кеңеюі, бет терісінің гиперемиясы, синустық тахикардия, несептің іркілуі, қызба туындайды. Антигистаминді препараттардың, соның ішінде Аллергопрестің артық дозалануы, әсіресе жаңа туған нәрестелерде өлімге әкелуі мүмкін. Ересектерде қызба мен бет терісі гиперемиясы үнемі байқалмайды, қозу кезеңінен соң құрысулар және содан кейін команың және 2-18 сағат ішінде емделушінің өліміне әкелетін кардио-респираторлық жіткіліксіздіктің даму ықтималдығымен құрысу депрессиясы болады.

Емі: тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесі көрсетілімдерін мониторингілеу, симптоматикалық ем, көрсетілімдер бойынша реанимациялық іс-шаралар ұсынылады. Спецификалық у қайтарғы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыны ампулаларда немесе импорттық еккіштік толтыру стерильді ампулаларында 1 мл препараттан.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазба қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа әдісімен мәтінді бояумен тікелей ампулаға жазады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қаптайды.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық картон пәшкеге салынған. Әр пәшкеге ампулалық скарификатор салынған. Кертіктері, сақиналары мен нүктелері бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон пәшкеге салмай) қораптық немесе гофрленген картон қораптарға салуға болады.

Қаптамалар саны бойынша әр қорапқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15-тен 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Ш. Рашидов к-сі, №81, т/ф: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Ш. Рашидов к-сі, №81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

737623521477976481_ru.doc 67.5 кб
023503751477977644_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники