Актицил

МНН: Сульфадиазин серебра , Хлоргексидина глюконат
Производитель: Акрити Фармасьютикалз Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сульфадиазин серебра в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015871
Информация о регистрации в РК: 20.01.2022 - 20.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Актицил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Крем

Құрамы

30 г кремнің құрамында

Белсенді заттар: күміс сульфадиазині 0,3 г

хлоргексидин глюконат ерітіндісі

хлоргексидин глюконатына баламалы 0,15 г

қосымша заттар: цетостеарил спирті, цетомакрогол 1000, парафин сұйық ашық, бутилденген гидрокситолуол, натрий гидрофосфат дигидраты, метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), динатрий эдетаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қатты бөлшектерден бос, ақ түсті біртектес крем.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар. Күміс сульфадиазині басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды D06BA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Актицил кремін жергілікті қолданғанда белсенді заттар іс жүзінде жүйелі сіңуге ұшырамайды.

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген микробқа қарсы препарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиетімен өзара байланысты.

Күйіктің бетіне жаққанда Актицил кремінің белсенді затыкүміс сульфадиазині күміс пен сульфаниламид иондарын баяу және үздіксіз бөле отырып ыдырайды, ол бактериялық жасушалардың көбеюінің және өсуінің тежелуімен қамтамасыз етеді. Күміс сульфадиазині күйіктердің және тері бетіндегі басқа да жаралардың жұқпа жұқтыруын туындататын микробтардың барлық түрін (оның ішінде Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Proteus spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Klebsiella spp., Enterobacter spp.), сондай-ақ ашытқы зеңдердің (Candida albicans) және герпес вирусының кейбір штаммдарын қоса, бактерияға қарсы белсенділіктің кең ауқымын иеленген. Күміс сульфадиазині некроздалған тіндер мен экссудатқа өтеді

Актицил кремінің екінші белсенді ингредиенті - хлоргексидин кең ауқымды әсері бар антисептик болып табылады, бактерицидті әсер иеленген. Грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқылар, дерматофиттер және липофильді вирустарға қатысты белсенді.

Қолданылуы

Терінің жұқпалы-қабыну аурулары:

  • күйік инфекцияларын емдеу және профилактикасы (оның ішінде аутодермопластика жасағанға дейін)

  • іріңді жараларды емдеу, трофикалық ойық жаралардың және кесілген жерлердің инфекция жұқтыруын емдеу және оның профилактикасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Актицил препаратын таңғыштырды қолданумен немесе онсыз қолдануға болады. Препарат тек теріге жағуға арналған.

Күйік бетін хирургиялық өңдегеннен кейін кремді оған 2-4 мм қалыңдықпен жағады. Препаратты тәулігіне 1-2 рет жағу керек.

Емді жара беткейі толық жазылғанға дейін жалғастыру керек.

Кремді қолдану тәсілі күйіктер мен трофикалық ойық жараларды емдеу үшін бірдей. Таңғышты күнделікті ауыстыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

күйдіру сезімі, қышыну

Бірлі-жарым жағдайлар:

- тері некрозы, көпформалы эритема, тері пигментациясының бұзылуы, интерстициальді нефрит

Ауқымды жарақат және күйік беткейлеріне кремді жаққан кезде сирек жағдайларда сульфаниламидтердің жүйелі әсеріне сипатты келесі жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін: лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, тромбоцитопения, гемолиздік анемия, терінің аллергиялық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромын және эксфолиативті дерматитті қоса), диспепсиялық құбылыстар, гепатит, гепатоцеллюлярлы некроз, орталық жүйке жүйесі тарапынан реакциялар, уытты нефроз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 2 айға дейінгі балалар, оның ішінде күні жетпей туған жаңа туған балалар

  • сульфаниламидтерді, хлоргексидинді, сондай-ақ препараттың басқа да компоненттерін жекелей көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат оларды бір мезгілде қолданғанда жараны тазартуға арналған ферменттік препараттардың әсерін жоюы мүмкін.

Циметидинді бір мезгілде қолданғанда лейкопения даму қаупінің жоғарылауы байқалған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты айқаспалы сезімталдық даму мүмкіндігіне байланысты сульфаниламидтерге жоғары сезімталдықпен пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Басқа да жергілікті микробтарға қарсы препараттарды қолданғандағы секілді, Актицил креммен емдегенде суперинфекция дамуы мүмкін.

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен жеткіліксіздігімен пациенттерде гемолиз даму қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.

Үлкен аумағымен күйік жарақатына Актицилді жаққанда қан сарысуындағы сульфадиазин концентрациясы ішке қабылдағандағыдай емдік деңгейге жетуі мүмкін. Осындай жағдайда сульфадиазиннің қан сарысуындағы концентрациясын бақылау, бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ несепте болуы мүмкін сульфадиазинді бақылау керек.

Актицилді терінің үлкен беткейінде ұзақ уақыт қолданғанда лейкопения, тромбоцитопения немесе эозинофилия даму мүмкіндігіне байланысты қан формуласын бақылау керек.

Препараттың баяу шығарылуы салдарынан жинақталу мүмкіндігіне байланысты бауыр және бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Оны тоқтатудың болуы мүмкін салдары мен жалғастырудың пайдасын ескеріп, емді жалғастырудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселені шешу керек. Емді жалғастырған жағдайда сульфадиазиннің сарысудағы концентрациясын бақылау керек.

Препаратты порфирияда қолдануға болмайды.

Кремді көзге тигізбеу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолдану гипербилирубинемия даму қаупін жоғарылатады, сондықтан Актицилді жүктілік кезінде, әсіресе жүктіліктің III триместрінде және босану кезінде тағайындауға болмайды. Анасы үшін әлеуетті пайдасы ұрық үшін бар қаупінен жоғары болған жағдайларды қоспағанда.

Препараттың адамның емшек сүтімен бөлінуі белгісіз. Әйтсе де, басқа сульфаниламидтер сүтте анықталған жоқ. Одан басқа, барлық сульфаниламидтер гипербилирубинемия даму қаупін жоғарылатады.

Емшектегі балада елеулі жағымсыз әсерлер даму мүмкіндігіне байланысты емшек емізетін аналар сульфаниламидтер қолданған жағдайда, препаратты лактация кезінде қолдану қажет болған жағдайда, анасы үшін емнің маңыздылығы дәрежесін ескеріп, емшекпен қоректендіруді тоқтату туралы мәселені шешіп алу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз реакцияларының күшеюі. Күмістің жүйелі сіңірілуі жоғарылауына байланысты аргирия дамымайды.

Емі: симптоматикалық ем, сұйықтықты мол ішу (тәуліктік диурезді 1200-1500 мл және одан жоғары деңгейде демеп тұру ұсынылады).

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полиэтилен қалпақпен жабылған алюминий сықпада. Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Акрити Фармасьютикалз Пвт. Лтд., Үндістан

Plot № D-10, D-11, M.I.D.C. Jejury, Dist. Pune -412 303, Maharashtra

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Акрити Фармасьютикалз Пвт. Лтд., Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Авицена-ЛТД» ЖШС,

050002, Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

Дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б, 909 а кеңсе

тел./факс: +77051708876/+77051708825

e-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

286519461477976206_ru.doc 64 кб
874484941477977452_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники