Аденурик® 120 мг

МНН: Фебуксостат
Производитель: Патеон Франс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фебуксостат
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021116
Информация о регистрации в РК: 31.12.2014 - 31.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 702 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аденурик® 80 мг

Аденурик® 120 мг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фебуксостат

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: фебуксостат 80 мг немесе 120 мг

қосымша заттар:

Ядросы: лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің коллоидты гидратирленген қостотығы.

Қабығы: опадрай II сары 85F42129 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол (3350), тальк, темірдің сары тотығы (Е 172))

Сипаттамасы

Капсула пішінді бір жағында «80» (80 мг доза үшін) және «120» (120 мг доза үшін) таңбаланған ақшыл сарыдан сары түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Подаграға қарсы препараттар. Несеп қышқылын түзетін тежегіштер. Фебуксостат.

АТХ коды M04AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сау еріктілерде фебуксостат үшін ең жоғары плазмалық концентрациясы (Cmax) және концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан (AUC) препаратты 10 мг-ден 120 мг дейінгі дозада бір рет және бірнеше рет енгізгеннен кейін дозаға пропорциональді жоғарылаған. Фебуксостаттың 120 мг-ден 300 мг дейінгі дозаларында AUC-тің дозаға пропорциональдіге қарағанда артық жоғарылауы байқалды. Әрбір 24 сағатта 10 мг-240 мг дозада енгізген жағдайда препараттың жинақталуы байқалған жоқ. Фебуксостаттың жартылай шығарылуының болжамды орташа терминальді жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 5-8 сағатқа жуықты құрайды.

Аденурик ® препаратын тәулігіне 1 рет 40 - 240 мг дозаларда қабылдаған гиперурикемия және подаграмен 211 емделушінің қатысуымен алынған деректер бойынша фармакокинетика/фармакодинамикасының популяциялық талдауы орындалды. Жалпы, фармакокинетикалық параметрлерінің алынған мәндері дені сау еріктілердегімен ұқсас болды, бұл, әрине, подаграмен емделушілерде препараттың фармакокинетикасы/фармакодинамикасын бағалау үшін жақсы модель болып табылады.

Сіңуі

Организмге түскеннен кейін фебуксостат айтарлықтай жылдам (tmax 1,0-1,5 сағ) және жақсы (84% кем емес) сіңеді. Фебуксостатты тәулігіне 1 рет 80 мг немесе 120 мг дозаларда бір рет немесе бірнеше рет ішке қабылдағаннан кейін Cmax сәйкесінше 2,8-3,2 мкг/мл және 5,0-5,3 мкг/мл құрайды. Фебуксостаттың таблетка түрінде абсолютті биожетімділігі талданған жоқ.

Майлы тағаммен бірге тәулігіне 1 рет 80 мг дозада көп рет қабылдағанда немесе 120 мг дозада бір рет қабылдағанда сәйкесінше Cmax 49% және 38%, ал AUC – 18% және 16% азаяды. Әйтсе де бұл несеп қышқылының сарысулық концентрациясының (80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда) төмендеу дәрежесінің клиникалық мәні бар өзгеруімен жүрген жоқ. Осылайша, Аденурик ® препаратын ас қабылдауға байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы

10-300 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін тепе тең жағдайда болжамды таралу көлемі (Vss/F) фебуксостат үшін 29-дан 75 л дейін ауытқиды. Плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі (негізінен альбуминмен) 99,2% жетеді және дозасын 80 мг-ден 120 мг дейін жоғарылатқанда өзгермейді. Препараттың белсенді метаболиттері үшін плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі 82%-дан 91% дейін ауытқиды.

Биотрансформациясы

Фебуксостат уридиндифосфатглюкуронилтрансферазаның (УГТ) қатысуымен конъюгация жолымен және P450 цитохромалар (CYP) жүйесі ферменттерінің қатысуымен тотығумен белсенді метаболизмге ұшырайды.

Фебуксостаттың барлығы төрт фармакологиялық белсенді гидроксильді метаболиттері сипатталған; олардың үшеуі адам плазмасынан бөлініп алынған. Адам бауыры микросомаларында жүргізілген in vitro зерттеулерде көрсетілгендей, осы тотығу метаболиттері негізінен CYP1A1, CYP1A2, CYP2C8 немесе CYP2C9 әсерімен түзіледі, ал фебуксостат глюкурониді негізінен УГТ 1A1, 1A8 және 1A9 әсерімен түзіледі.

Шығарылуы

Фебуксостат организмнен бауыр және бүйрек арқылы шығарылады. 14C-фебуксостатты 80 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін шамамен 49% әсер етуші заты (30%), өзгермеген фебуксостат (3%) ацилглюкурониді, белгілі тотығу метаболиттері және олардың конъюгаттары (13%) және басқа белгісіз метаболиттері (3%) түрінде несеппен шығарылады. Бүйректік экскрециясынан басқа, шамамен 45% әсер етуші заты (1%), өзгермеген фебуксостат (12%) ацилглюкурониді, белгілі тотығу метаболиттері және олардың конъюгаттары (25%) және басқа белгісіз метаболиттері (7%) түрінде нәжіспен шығарылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Аденурик ® препаратын 80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде бүйректің қалыпты функциясымен емделушілермен салыстырғанда фебуксостаттың Cmax өзгеруі байқалған жоқ.

Фебуксостаттың орташа жалпы AUC бүйректің қалыпты функциясымен емделушілердегі 7,5 мкг·сағат/мл-ден бүйректің ауыр жеткіліксіздігімен емделушілердегі 13,2 мкг·сағат/мл-ге дейін шамамен 1,8 есе жоғарылады. Белсенді метаболитттердің Cmax және AUC сәйкесінше 2 және 4 есе жоғарылады. Сондықтан, бүйректің жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықтағы жеткіліксіздігімен емделушілерде препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Аденурик ® препаратын 80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда бауырдың жеңіл (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А класы) немесе орташа (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) дәрежедегі ауырлықтағы жеткіліксіздігімен емделушілерде бауыр функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда фебуксостаттың және оның метаболиттерінің Cmax және AUC айтарлықтай өзгерістері байқалған жоқ. Препаратқа бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігімен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) емделушілерде зерттеу жүргізілген жоқ.

Жасы

Аденурик ® препаратын бірнеше рет ішке қабылдағанда егде жастағы емделушілерде дені сау жас еріктілермен салыстырғанда фебуксостаттың және оның метаболиттерінің AUC айтарлықтай өзгеруі байқалған жоқ.

Жынысы

Аденурик ® препаратын бірнеше рет ішке қабылдағанда әйелдердегі фебуксостаттың Cmax және AUC сәйкесінше әйелдерде ерлермен салыстырғанда 24% және 12% жоғары болды. Әйтсе де дене салмағына қарай түзетілген Cmax және AUC екі топ үшін де ұқсас болды. Осыған байланысты препарат дозасын емделушінің жынысына қарай өзгертудің қажеті жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Несеп қышқылы адамда пуриндердің метаболизмінің ақырғы өнімі болып табылады және келесі реакциялар барысында түзіледі: гипоксантин  ксантин  несеп қышқылы. Аталған реакциялардың екі кезеңінде де ксантиноксидаза катализатор болып табылады. Фебуксостат 2-арилтиазолдың туындысы болып табылады. Оның емдік әсері ксантиноксидазаны селективті тежеу жолымен несеп қышқылының сарысулық концентрациясының азаюына негізделген. Фебуксостат ксантиноксидазаның күшті және селективті пуринді емес тежегіші (NP-SIXO) болып табылады, оның Ki (тежеу константасы) in vitro 1 нМ кемді құрайды. Фебуксостаттың айтарлықтай дәрежеде ксантиноксидазаның тотыққан, сондай-ақ қалпына келген түрлерінің белсенділігін бәсеңдететіні көрсетілген. Емдік концентрацияларда фебуксостат гуаниндезаминаза, гипоксантингуанинфосфорибозилтрансфераза оротатфосфорибозилтрансфераза, оротидинмонофосфатдекарбоксилаза немесе пуриннуклеозидфосфорилаза секілді пуриндер немесе пиримидиндер метаболизміне қатысатын басқа ферменттерге әсер етпейді.

Қолданылуы

- ураттардың кристалдарының жинақталуымен қатар жүретін аурулардағы созылмалы гиперурикемияны емдеуде (оның ішінде тофустар және/немесе подагралық артриттің қазіргі уақытта немесе сыртартқысында болуында).

Қолдану тәсілдері және дозалары

Аденурик® препаратын ішке, ас қабылдауға байланыссыз қабылдайды.

Дозалануы

Аденурик® препаратының ұсынылған дозасы ас қабылдауға байланыссыз ішке, тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды. Егер қансарысуындағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емдеуден кейін 6 мг/дл (357 мкмоль/л) жоғары болса, Аденурик® препаратының дозасын тәулігіне 1 рет 120 мг дейін жоғарылатуға болады.

Аденурик® препаратының әсері айтарлықтай тез басталады, ол 2 аптадан кейін несеп қышқылының сарысулық концентрациясын қайталап анықтауға мүмкіндік береді. Емнің мақсаты несеп қышқылының концентрациясын азайту және оны 6 мг/дл (357 мкмоль/л) кем емес деңгейде демеп тұру болып табылады.

Подагра ұстамасының алдын алудың ұзақтығы 6 айдан кем еместі құрайды.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде препарат дозасын өзгерту талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткіліксіз зерттелген.

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) фебуксостаттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылуында препараттың ұсынылған дозасы 80 мг. Препаратты бауыр функциясының орташа дәрежедегі бұзылуында қолдану тәжірибесі шектеулі.

Балалар мен жасөспірім емделушілер

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Аденурик® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Сәйкес деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Біріктірілген рандомизирленген кеңейтілген ұзақ мерзімдік зерттеулердің III фазасында және постмаркетингтік бақылау кезеңінде бақыланған жағымсыз әсерлері:

Жиі 1/100 < 1/10 дейін

  • подагра ұстамалары

  • бас ауыруы

  • диарея**, жүрек айнуы

  • бауыр функциясының бұзылулары**

  • бөртпе (төмен жиілікпен әртүрлі бөртпелерді қоса, төменде қара)

  • енгізілген орынның ісінуі

Кейде 1/1,000 < 1/100 дейін

  • қандағы тиреостимуляциялайтын гормон деңгейінің жоғарылауы

  • қант диабеті, гиперлипидемия, тәбеттің төмендеуі, салмақтың жоғарылауы

  • либидоның төмендеуі, ұйқысыздық

  • бас айналуы, парестезиялар, гемипарез, ұйқышылдық, дәм сезудің өзгеруі, гипестезия, гипосмия

  • жүрекшелердің фибрилляциясы, жүрек қағуының жиілеуі, ЭКГ-дағы өзгерістер

  • артериялық гипертензия, қан тебулер, ысыну

  • диспноэ, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, жөтел

  • іштің ауыруы, іш кебуі, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, құсу, ауыздың құрғауы, диспепсиялық құбылыстар, іш қату, жиі нәжіс, метеоризм, іштегі жайсыздық

  • холелитиаз

  • дерматит, есекжем, терінің қышынуы, тері түсінің өзгеруі, терінің зақымдануы, петехиялар, макулярлы бөртпе, макуло-папулезді бөртпе, папулезді бөртпе

  • артралгия, артрит, миалгия, қаңқа-бұлшықеттік ауыру, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет құрысуы, бұлшықет ширығуы, бурсит

  • бүйрек жеткіліксіздігі, нефролитиаз, гематурия, поллакиурия, протеинурия

  • эректильді дисфункция

  • әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, кеуде қуысы аймағындағы жайсыздық

  • қан амилазасының жоғарылауы, тромбоциттер санының төмендеуі, лейкопения, лимфопения, қан креатинінің жоғарылауы, қан креатининінің жоғарылауы, гемоглобиннің төмендеуі, қан мочевинасы деңгейінің жоғарылауы, қан триглицеридтерінің жоғарылауы, қан холестеринінің жоғарылауы, гематокриттің төмендеуі, қан лактатдегидрогеназасының жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы

Сирек 1/10,000 < 1/1,000 дейін

  • панцитопения, тромбоцитопения

  • анафилактикалық реакциялар*, препаратқа аса жоғары сезімталдық*

  • көрудің бұлыңғырлануы

  • дене салмағының төмендеуі, тәбеттің жоғарылауы, анорексия

  • ашушаңдық

  • тиннитус

  • панкреатит, ойық жаралы стоматит

  • гепатит, сарғаю*

  • Стивенс-Джонсон* синдромы, ангионевротикалық ісіну*, жайылған бөртпе*, эритема, эксфолиативті бөртпе, фолликулярлы бөртпе, везикулярлы бөртпе, іріңді бөртпе, қышитын бөртпелер*, эритематозды бөртпе, қызылша тәріздес бөртпе, алопеция, гипергидроз

  • рабдомиолиз*, буындардың қимыл шектелуі, қаңқа бұлшықеттерінің қимыл шектелуі

  • тубулоинтерстициальді нефрит*, несеп шығаруға императивті қысылулар

  • шөлдеу

  • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсенділендірілген тромбопластинді уақыттың ұзаруы, эритроциттер санының азаюы, қанның сілтілі фосфатазасының жоғарылауы

* Маркетингтен кейінгі бақылау кезеңінде байқалатын жағымсыз әсерлері

** Емдеу кезінде пайда болатын жұқпалық емес диарея және біріктірілген зерттеулердің III фазасында байқалатын бауыр тарапынан бұзылыстар колхицинмен қатар емдеуде байқалды.

Препараттың қауіпсіздік профиліне шолу

Клиникалық зерттеулер жүргізгенде (10 мг-ден 300 мг дейін доза қабылдаған 4072 зерттелетіндер) және маркетингтен кейінгі бақылау деректері бойынша жиірек кездесетін жағымсыз әсерлері подагра ұстамалары, бауыр функциясының бұзылуы, диарея, бас ауыруы, жүрек айнуы, бөртпе, және ісінулер болды. Аталған жағымсыз әсерлері негізінен жеңіл және орташа ауырлықта болды. Фебуксостатқа сирек кездесетін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары маркетингтен кейінгі бақылау кезеңінде тіркелген, олардың кейбіреуі жүйелі симптомдармен байланысты болды.

Кейбір жағымсыз реакцияларының сипаттамасы

Маркетингтен кейінгі бақылау кезеңінде Стивенс-Джонсон синдромын және анафилактикалық реакция/шокты қоса, фебуксостатқа аса жоғары сезімталдықтың сирек ауыр реакциялары орын алды. Стивенс-Джонсон синдромы өршудегі тері бөртпесінің буллезді зақымдануы немесе шырышты қабаттың зақымдануымен, сондай-ақ көздің тітіркенуімен бірге пайда болуымен сипатталады. Фебуксостатқа жоғары сезімталдық реакциясы келесі симптомдармен байқалуы мүмкін: инфильтративті макуло-папулезді бөртулермен сипатталатын тері реакциялары, жайылған немесе эксфолиативті бөртпе, сондай-ақ терінің зақымдануы, беттің ісінуі, қызба, тромбоцитопения секілді қан түзу ағзалары тарапынан бұзылыстар, сондай-ақ бір немесе бірнеше ағзалардың қамтылуы (тубулоинтерстициальді нефритті қоса бауыр және бүйрек).

Подагра ұстамалары әдетте емді бастағаннан кейін дереу және алғашқы айлар ішінде байқалды. Содан кейін, уақыт өте келе подагра ұстамаларының жиілігі төмендеді. Подагра ұстамаларының алдын алу емі ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келген біреуіне аса жоғары сезімталдық

- галактозаны көтере алмаушылықпен, лактазаның туа біткен жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактозаның сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалаған аурулармен емделушілер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостаттың әсер ету механизмін ескеріп (ксантиноксидазаны тежеу), бір мезгілде тағайындауға болмайды. Ксантиноксидазаны фебуксостатпен тежеу аталған препараттардың концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін, бұл олардың уытты әсеріне әкеледі. Ксантиноксидазамен метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулері жүргізілген жоқ.

Фебуксостаттың цитоуытты химиопрепараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Фебуксостатты цитоуытты химиопрепараттармен емдеу кезінде қолданудың қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ.

Теофиллин

Фебуксостаттың теофиллинмен өзара әрекеттесуіне қатысты жекелей зерттеулер жүргізілмесе де, ксантиноксидазаның тежелуі теофиллиннің концентрациясының жоғарылауымен жүруі мүмкін (аталған ферменттің басқа тежегіштері болғанда теофиллин метаболизмінің бәсеңдеуі туралы хабарланды). Осыған байланысты теофиллин қабылдайтын емделушілерге фебуксостатты сақтықпен тағайындау керек. Аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің концентрациясын қадағалау керек.

Напроксен және басқа да глюкуронизацияның тежегіштері

Фебуксостаттың метаболизмі уридиндифосфат-глюкуронилтрансфераза (УГТ) ферментінің белсенділігіне байланысты. Глюкуронизация үдерісін басатын дәрілік препараттар, мысалы ҚҚСД және пробеницид, іс жүзінде фебуксостаттың шығарылуын өзгертуі мүмкін. Дені сау еріктілерде фебуксостат пен напроксенді 250 мг-ден тәулігіне 2 рет бір мезгілде тағайындағанда фебуксостаттың әсерінің (Cmax (ең жоғары плазмалық концентрациясы) - 28%, ҚАА - 41% және t1/2 (жартылай шығарылу уақыты) - 26%) күшеюі байқалған. Клиникалық зерттеулерде напроксен немесе басқа ҚҚСД/ЦОГ-2 тежегіштерін қолдану жағымсыз әсерлерінің клиникалық мәні бар күшеюімен жүрген жоқ.

Осылайша, фебуксостатты напроксенмен бір мезгілде препарат дозасын өзгертпей тағайындауға болады.

Глюкуронизация индукторлары

УГТ-нің күшті тежегіштері метаболизмді күшейтуі және фебуксостаттың тиімділігін азайтуы мүмкін. Глюкуронизацияның күшті индукторларын қабылдайтын емделушілерде осындай біріктірілген емнен кейін 1-2 аптадан соң несеп қышқылының сарысулық концентрациясын бақылау ұсынылады. Глюкуронизация индукторын қабылдауды тоқтатқаннан кейін фебуксостаттың плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Колхицин/индометацин/гидрохлортиазид/варфарин

Фебуксостатты препараттардың дозасын өзгертпей-ақ колхицинмен немесе индометацинмен бір мезгілде тағайындауға болады.

Сондай-ақ гидрохлортиазидпен бір мезгілде тағайындағанда фебуксостаттың дозасын өзгерту талап етілмейді.

Фебуксостатты варфаринмен бір мезгілде тағайындағанда соңғысының дозасын өзгерту талап етілмейді. Дені сау еріктілерде фебуксостатты варфаринмен қабылдау (тәулігіне 80 мг немесе 120 мг) варфариннің фармакинетикасына әсер еткен жоқ. Фебуксостатпен бір мезгілде қабылдау сондай-ақ протромбиндік уақытқа (МНО) және VII фактордың белсенділігіне әсер еткен жоқ.

Дезипрамин/ CYP2D6 субстраттары

in vitro зерттеулерден алынған деректер бойынша, фебуксостат CYP2D6 әлсіз тежегіші болып табылады. Аденурик® препаратын 120 мг дозада тәулігіне 1 рет қабылдау аясында дені сау еріктілерде жүргізілген зерттеулерде дезипраминнің (CYP2D6 субстраты) ҚАА (қисық астындағы аудан) 22%-ға жоғарылауы байқалған, ол фебуксостаттың in vivo әлсіз тежейтін әсерін білдіреді. Осылайша, фебуксостат пен CYP2D6 субстраттарын бір мезгілде тағайындағанда препарат дозасын өзгерту қажет етілмейді.

Антацидтер

Құрамында магний гидроксиді немесе алюминий гидроксиді бар антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда фебуксостаттың баяу сіңуі (шамамен 1 сағатқа) және Cmax 32%-ға азаюы байқалады, әйтсе де препараттың ҚАА айтарлықтай өзгермейді. Осылайша, фебуксостатты антацидтермен бір мезгілде қабылдауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамыры аурулары

Фебуксостатты жүректің ишемиялық ауруларымен немесе іркілген жүрек жеткіліксіздігімен емделушілерде қолдануға болмайды.

APEX және FACT зерттеулерінде, фебуксостаттың жалпы тобында аллопуринол тобымен салыстырғанда жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан бұзылыстар санының артуы туралы хабарлады АЕБАТ (жүрек-қантамыры аурулары, өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісі, өліммен аяқталмайтын инсультті қоса) (100 емделуші - жасы (ЕЖ) зерттеумен айырмашылығы 0,3 жағдаймен салыстырғанда 1,3, антитромбоцитарлық емнің біріккен анализі бойынша топта ақырғы нүктесін анықтау (АЕБАТ)).

Зерттеушілер хабарлағандай жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан бұзылыстар жиілігі АЕБАТ, 3 фазаның біріктірілген зерттеулерінде (APEX, FACT және CONFIRMS зерттеулері) 100 емделуші-жасқа 0,6 жағдай жиілігімен салыстырғанда 0,7 құрады. Ұзаққа созылатын кең масштабты зерттеулер шегінде жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан бұзылыстар жиілігі АЕБАТ, фебуксостат пен аллопуринол үшін, 100 емделуші-жасқа сәйкесінше 1,2 және 0,6 жағдай құрады. Өзгешеліктері статистикалық нақты болған жоқ және көрсетілген бұзылыстар мен фебуксостат арасында себеп-салдарлық байланыс болған жоқ. Қауіп факторлары ретінде осындай емделушілерде атеросклероз және/немесе миокард инфарктісі немесе сыртартқысында іркілген жүрек жеткіліксіздігі негізінде пайда болған аурулардың болуы анықталған.

Бауыр аурулары

Фебуксостат қабылдаған емделушілерде біріктірілген клиникалық зерттеулердің үшінші фазасында бауыр көрсеткіштерінің аздап өзгеруі байқалған (5,0 %). Осыған байланысты фебуксостатты тағайындағанға дейін және содан кейін көрсетілімдері болғанда емделу кезінде бауырдың функциональдік көрсеткіштерін тексеру ұсынылады.

Подаграның асқынуы(ұстамасы)

Фебуксостатпен емдеуді тек подаграның асқынуын басқаннан кейін бастауға болады. Препарат емнің басында ураттардың тіндік деподан шығарылуымен жүретін несеп қышқылының концентрациясын өзгерту арқылы, подаграның ұстамаларына түрткі болуы мүмкін. Фебуксостатпен емдеудің басында ҚҚСД немесе колхицинді подагра ұстамасының алдын алу үшін кем дегенде 6 айға тағайындау ұсынылады.

Фебуксостатты қабылдау аясында ұстамалары дамыған жағдайда емді жалғастырады. Бір мезгілде подаграның асқынуында сәйкес ем жүргізеді. Фебуксостатты ұзақ уақыт қабылдағанда подагра ұстамасының жиілігі мен ауырлығы азаяды.

Ксантиндердің жинақталуы

Ураттардың жеделдетілген түзілуімен емделушілерде (мыс., қатерлі жаңа түзілімдер аясында немесе Леш-Нихан синдромында) сирек жағдайларда олардың несеп жолында жинақталуымен жүретін ксантиндердің несептегі абсолютті концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы. Аталған жағдайда фебуксостаттың қолдану тәжірибесінің шектелуіне байланысты, оны осындай емделушілерге қолдануға болмайды.

Аллергия/дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық

Маркетингтен кейінгі кезеңде өмірге қауіп төндіретін Стивенс-Джонсон синдромы және жедел анафилактикалық реакция/шокты қоса, ауыр аллергиялық реакциялар/жоғары сезімталдық реакциялары туралы сирек хабарлар орын алған. Көптеген жағдайларда аталған реакциялар фебуксостатпен емнің алғашқы айы ішінде жүреді. Осы емделушілердің бәрі емес, кейбіреулері, бүйрек жеткіліксіздігі және/немесе аллопуринолға аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туралы хабарлады. Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларында патологиялық үдеріске бүйрек немесе бауыр қамтылды.

Емделушілер белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакцияларының симптомдары мұқият бақылауда болуы керек. Фебуксостатпен емдеуді Стивенс-Джонсон синдромын қоса, ауыр аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда дереу тоқтату керек, ол препаратты ерте тоқтатқанда болжам жақсартады.

Емделушіде Стивенс-Джонсон синдромын қоса, аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциясы және жедел анафилактикалық реакция/шок пайда болған жағдайда, ол ешқашан да фебуксостатты қабылдауды жаңғыртпауы керек.

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостат меркаптопурин/азатиоприн қабылдайтын емделушілерге ұсынылмайды.

Егер біріктіріп қабылдау қажет болса, емделушіні мұқият бақылау керек. Олардың қантүзетін жүйеге әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында, меркаптопурин немесе азатиоприннің дозасын төмендету ұсынылады.

Ағзалардың трансплантациясын өткерген емделушілер

Ағзалардың трансплантациясын өткерген емделушілерде фебуксостатты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан осындай емделушілерге препаратты ұсынуға болмайды.

Теофиллин

Фебуксостатты теофиллин қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің концентрациясын бақылау керек.

Қалқанша без аурулары

Ұзаққа созылатын кеңейтілген ашық зерттеулерде фебуксостат қабылдаған емделушілерде ұзақ уақыт бойы (5,5%) ТТГ (>5,5 мкХБ/мл) жоғарылауы байқалды. Сондықтан препаратты қалқанша без функциясының бұзылуымен емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фебуксостатты жүктілік кезінде қолданудың шектелген тәжірибесі препараттың жүктіліктің ағымына және ұрық/жаңа туғанның денсаулығына жағымсыз әсерінің жоғын білдіреді. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың жүктіліктің ағымына, эмбрион/ұрықтың дамуына және босану процесіне тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлері байқалған жоқ. Препараттың адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз. Осыған байланысты фебуксостатты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Фебуксостаттың адамда емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың әсер етуші заты емшек сүтіне өтетіні және емшек еметін нәрестелердің дамуына теріс әсер көрсетуі байқалған. Осылайша, препараттың емшектегі балаларға қаупін жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты фебуксостатты емшекпен қоректендіруде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Препаратты тәулігіне 48 мг/кг дейін дозада қолданумен фертильділікті жануарларда зерттеуде жағымсыз әсерлерінің дозаға тәуелділігі байқалған жоқ. АДЕНУРИКТІҢ адамның репродуктивті функциясына әсері белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фебуксостатпен емделу аясында ұйқышылдық, бас айналуы, парестезиялар және көрудің бұлыңғырлануының пайда болуы туралы хабарлар бар.

Осыған байланысты АДЕНУРИК қабылдайтын емделушілерге АДЕНУРИКтің осы қызметтерге жағымсыз әсерлерінің жоғына көз жеткізгенше көлік құралдарын басқару, механизмдермен жұмыс жасау және қауіп факторларымен байланысты қызметтермен айналысуда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакцияларының күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан ПВХ-Aclar үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30о С-ден аспайтын температурада

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Патеон Франс

Бульвар де Шампаре 40

38300 Бургуин-Жалльё, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.

1, Авеню де ла Гар, 1611 Люксембург

Қаптаушы ұйым

Менарини - Фон Хейден ГмбХ, Германия

Уәкілетті өкілі

БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП), Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі

Тел: +7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс: +7 727 2446180

Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

097212201477976530_ru.doc 116.5 кб
135085221477977688_kz.doc 148 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники