Адено-Ritz

Производитель: GM Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014540
Информация о регистрации в РК: 14.08.2015 - 14.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Адено-Ritz

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: жатаған пальманың құрғақ сығындысы (Ext. Serenoa

serrulata) - 160 мг, африка алхорысының құрғақ

сығындысы (Ext. Pygeum africanum) - 50 мг, қалақайдың

құрғақ сығындысы (Ext. Urtica urens) - 50 мг,

қосымша заттар: микрокристаллды целлюлоза, тальк, магний стеараты;

капсула қабығының құрамы: индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Көлемі №0, қақпағы және корпусы жасыл түсті қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ашықтан күңгірт-қоңыр түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар.

Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар.

Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04CX

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген өсімдік препараты, оның фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін компоненттерге негізделген.

Жатаған пальманың Serenoa repens (Sabal serrulata синонимі) сығындысы қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының дамуына жауапты негізгі ферменттер - 5α-редуктаза және тестостерон ароматазасына қатысты тежегіш қасиеттерін иеленген.

Қалақай сығындысы ароматаза ферментін бәсеңдетеді, Serenoa repens сығындысымен бірге осы ферментке біріккен әсер көрсетеді. Қалақай сығындысы, сондай-ақ несеп шығарғыш әсерге ие, регенерация үдерісін жақсартады, несептің шығу көлемін арттырады, несептің қалдық мөлшерін азайтады.

Африка алхорының Pygenum africanum сығындысы bFGF-ге – фибробластар өсуінің негізгі факторына және EGF-ге – эпидермальды өсу факторына тежеуші әсер етеді, ол қуықасты безінің гиперплазиясының патогенезінде елеулі рөл атқарады. Фибробластар пролиферациясын тежей отырып қуықасты безінде дәнекер тіндердің өсуін басады және оның фиброзын қайтарады. Қуықасты безінің аденомасында: дизурия, никтурия, поллакиурия кезінде несеп шығару функциялық бұзылуын азайтады және жояды. Қуықасты безінің тініне қабынуға қарсы әсер етеді.

Препараттың барлық өсімдік компоненттері үшін гистамин туғызған 5-липооксигеназа ферменті белсенділігінің кідіруін, қабыну медиаторлары түзілуінің тежелуін, қан тамырларының жоғарғы өткізгіштігінің төмендеуі салдарынан қабынуға қарсы және антиэкссудативті әсер етеді. Препарат простатитпен бірге бездің қатерсіз гиперплазиясы кезінде қуықасты безінде қабынудың айқын үдерісін төмендетеді.

Препарат қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының ерте сатысында уретраның тарылуы салдарынан болатын несеп шығуының айқын бұзылуын азайтады, несеп шығару кезіндегі ауырғандықты және ашытып күйдіруін азайтады, несеп шығарудың көлемді жылдамдығын арттырады, қуықтың босауын жеңілдетеді және несеп шығарудағы императивтік сезіністі азайтады.

Қолданылуы

- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (аденомасы) (І және ІІ) салдарынан болған несеп шығарудың функциялық бұзылуын емдеу және алдын алу үшін

- созылмалы простатит кезінде біріктірілген ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: тамақтан соң тәулігіне 1 капсуладан 2 рет ұзақ уақыт бойы (30 күннен көп емес). Капсулаларды шайнамастан, сұйықтықтың аздаған

мөлшерімен бірге ішу керек. Емдеу курсын қайталауды аурудың клиникалық көрінісіне байланысты дәрігер анықтайды.

Педиатриялық практикада препарат қолданылмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • кейде: жүрек айнуы, қыжыл, іш өтуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қуықасты безінің карциномасы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препарат еркектердің гормональды статусына әсер етпейді, жыныстық функциясына жағымсыз әсері жоқ (либидоны және жыныс белсенділігін төмендетпейді), артериялық қысымды төмендетпейді. Сарысулық простатиттік спецификалы антигені (ПСА) ісіктік маркерінің шоғырлануына әсер етпейді, яғни қатерлі ісіктің бар болуын бүркелемейді, препаратпен емдеу кезінде ПСА-ны бақылауға мүмкіндік береді.

Препаратпен емдеу, басқа да өсімдік тектес дәрілермен емдеу сияқты тиісті көрсеткіштер болған кезде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын хирургиялық емдеуге барабар бола алмайды. Педиатриялық практикада препарат қолданылмайды.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

10-25ºС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«GM Pharmaceuticals Ltd.», Грузия

Тіркеу куәлігінің иесі

GM Pharmaceuticals Ltd.

Грузия. Тбилиси қ., Квемо Поничала 65

Тел.: +995 32 2404801/02; Факс: +995 32 2404803

Қаптаушы

«GM Pharmaceuticals Ltd.», Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ., Қазыбек би к-сі, №125 66 үй, 198 пәтер

телефон + 7(727) 385 22 57, + 7 (707) 723 27 72

электронды поштасы: mss001@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

849903941477976397_ru.doc 52 кб
942078301477977597_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники