Авилан-Л

МНН: Лидокаин, Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Мефар Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022314
Информация о регистрации в РК: 30.06.2021 - 30.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Авилан-Л

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 100 мг, пиридоксин гидрохлориді 100 мг, цианокобаламин 1,0 мг, лидокаин гидрохлориді 20 мг;

қосымша заттар: бензил спирті, калий гексацианоферраты (III), натрий гексаметафосфаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қоңыр-қызыл түсті, мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

В1 дәруменінің В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімі

АТХ коды A11DВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамин гидрохлориді бұлшықет ішіне енгізгенде жылдам және толығымен сіңеді. Барлық ағзалар мен тіндерге айтарлықтай біркелкі таралады. Осы құрылымдармен тиаминнің тұтынуының жоғары болуына байланысты тиаминнің миокардтағы, қаңқа бұлшықетіндегі, жүйке тіндеріндегі және бауырдағы құрамы жоғары.

Препарат бауырда метаболизденеді және бүйректермен өзгермеген түрінде 8-10 % жуығы шығарылады. Тиаминнің жартылай ыдырауының биологиялық кезеңі 0,35 сағатты құрайды. Майларда шектеулі еруінің арқасында, тиамин организмде жинақталмайды.

В6 дәрумені пиридоксаль-5-фосфатқа фосфорланады және тотығады. Пиридоксаль-5-фосфат қан плазмасында альбуминмен байланысады. Жасушалық жарғақша арқылы өту үшін альбуминмен байланысқан пиридоксаль-5-фосфат сілтілі фосфатазамен пиридоксальға гидролизденеді.

В12 дәрумені парентеральді енгізгеннен кейін бауырмен, сүйек кемігімен және басқа да пролиферативті ағзалармен жылдам сіңірілетін тасымалдаушы ақуыз кешенін түзеді. В12 дәрумені өтке түседі және ішек-бауыр айналымына қатысады. В12 дәрумені плацента арқылы өтеді.

Лидокаин бұлшықет ішіне енгізгенде тіндердің әлсіз сілтілі ортасында жылдам гидролизденеді және қысқа латенттік кезеңнен кейін 1-1,5 сағаттың ішінде әсер етеді. Қан ақуыздарымен байланысуы 60-80% құрайды. Бауырда белсенді метаболиттерге (моноэтилглицинэксилидид, глицинэксилидид) дейін биотрансформациялануы 90 %. Метаболиттердің бүйректермен элиминациялануы өзгермеген түрінде 10 % .

Фармакодинамикасы

Біріктірілген полидәрумендік препарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін заттардың қасиетімен анықталады.

Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) жүйке импульстарының өтуіне қатысады. Организмде В1 дәрумені биологиялық белсенді тиаминдифосфат (кокарбоксилаза) және тиаминтрифосфат (ТТР) түзумен фосфорланады.

Тиаминдифосфат коэнзим ретінде жүйке тіндерінің зат алмасу үдерістерінде маңызды роль атқаратын, синапстарда жүйке импульстарының өтуіне әсер ететін көмірсу алмасуының маңызды функцияларына қатысады. В1 дәрумені тіндерде жеткіліксіз болғанда метаболиттердің, алдымен сүт және пирожүзім қышқылының жинақталуы жүреді, ол өз кезегінде әртүрлі патологиялық жағдайларға және жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына әкеледі.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) – ақуыздар, көмірсулар және майлардың алмасуына әсер етеді, қалыптағыдай қан түзілуі, орталықтық және шеткері жүйке жүйесінің қызмет жасауы үшін қажет. Синапстық берілуді, ОЖЖ тежелу үдерістерін қамтамасыз етеді, жүйке қабығының құрамына кіретін сфингозиннің тасымалдануына қатысады, катехоламиндер синтезіне қатысады.

Цианокобаламин (В12 дәрумені) – нуклеотидтер синтезіне қатысады, қалыпты өсудің, қан түзілуінің және эпителий жасушаларының дамуының негізгі факторы болып табылады; фолий қышқылының метаболизмі мен миелин синтезі үшін қажет.

Лидокаин жергілікті жансыздандыратын әсерге ие, потенциал тәуелді натрий өзекшелерін бөгейді, ол өз кезегінде сезімтал жүйкелердің ұштарындағы импульстардың генерациясына және импульстардың жүйке талшықтарымен берілуіне кедергі етеді.

Қолданылуы

- үштік жүйкенің невралгиясында

- бет жүйкесінің невритінде

-  омыртқа ауруларымен (қабырға аралық невралгия, люмбоишиалгия, бел синдромы, мойын синдромы, мойын-иық синдромы, омыртқаның дегенеративтік өзгерістерімен туындаған түбіршектік синдром) туындаған ауыру синдромында

- этиологиясы әртүрлі полинейропатияда (диабеттік, алкогольдік)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат терең бұлшықет ішіне енгізіледі.

Айқын ауыру синдромында 2 мл-ден күнделікті 5-7 күн, содан кейін 2 мл-ден аптасына 2-3 рет 2 апта ішінде.

Ұзақтығы ауру белгілерінің айқындығына қарай дәрігермен жекелей анықталады, бірақ екі аптадан аспауы керек.

Демеуші ем ретінде ішке қабылдауға арналған дәрілік түрінде емді жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем түрінде тері реакциялары)

- жоғары тершеңдік

- тахикардия

- безеу бөртесі

- тыныс алудың қиындауы

- Квинке ісінуі

- анафилаксиялық шок

өте жылдам парентеральді енгізген жағдайда аритмия, брадикардия, бас айналуы, құрысулар, жүрек айнуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тромбоэмболия

- эритремия

- эритроцитоз

- декомпенсицияланған жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері

- жүрек өткізгіштігі жеткіліксіздігінің ауыр бұзылыстары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толық ыдырайды. Леводопа В6 дәруменінің емдік дозаларының тиімділігін төмендетеді.

Басқа дәрумендер В1 дәруменінің ыдырау өнімдері болғанда белсенсізденуі мүмкін.

D-пенилламинмен, циклосеринмен өзара әрекеттесуі мүмкін.

Тиамин тотығатын және редукцияланатын заттармен сыйымсыз: сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір-аммонийцитратпен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, декстрозамен және метабисульфитпен. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; одан басқа, тиамин pH мәні жоғарылағанда (3-тен аса) өзінің әсерін жоғалтады.

В 12 дәрумені ауыр металлдардың тұздарымен сыйымсыз.

Лидокаинді эпинефринмен немесе норэпинефринмен парентеральді қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін. Сульфаниламидтермен өзара әрекеттесуі мүмкін. Жергілікті анестетиктер артық дозаланған жағдайда адреналин немесе норадреналинді қосымша енгізуге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдар алдында міндетті түрде лидокаинға жекелей сезімталдыққа тері сынамасын жүргізу керек, ол туралы инъекция орнының ісінуі мен қызаруы білдіреді. Лидокаиннің жылдам сіңуі жүйелі жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты бұлшықет ішіне баяу енгізу, препаратты кездейсоқ тамыр ішіне енгізіп алудан аулақ болу керек.

Авилан-Л құрамында бензил спирті бар. Препарат құрамында бензил спирті болғандықтан препаратты балаларға тағайындауға болмайды.

Сирек жағдайларда В6 дәруменінің шамадан тыс күнделікті дозалары ( 5 айдан аса уақыт 500 мг немесе одан жоғары) шеткері сенсорлық невропатияға алып келеді, олар әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады.

В12 дәруменін ауру симптомдарының нашарлау мүмкіндігіне байланысты псориазбен науқастарға қабылдауға болмайды.

Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпесінің пайда болуына түрткі болуы мүмкін.

Препаратты қабылдау кезінде құрамында В тобының дәрумендері бар поливитаминді дәрілерді қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарының жүргізушілерімен және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасайтын адамдармен қолданылуына қатысты ақпараттар жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан янтар түстес шыны ампулаларға құйылған.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Мефар Илач Санаи А.Ш., Түркия

Стамбул қ-сы, Курткой, Пендик, Рамазаноглу, Ансар к-сі №20

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Мефар Илач Санаи А.Ш., Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297а үй, 3 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 228 17 83

Ұялы тел.: +7701 – 991-74-35

Прикрепленные файлы

984193831477976177_ru.doc 58.5 кб
907281891477977486_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники