Тиар

Производитель: Unimed Technologies Ltd.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Искусственные слезы и прочие индифферентные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021613
Информация о регистрации в РК: 08.10.2020 - 08.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Тиар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 0.5 %, 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 5.00 мг натрий карбоксиметилцеллюлозасы,

қосымша заттар: бор қышқылы, калий хлориді, натрий хлориді (парентеральді түрлеріне арналған), кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты,

тұрақтандырылған оксихлор кешені, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Көрінбейтін бөлшектерсіз мөлдір, түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Жасанды көз жасы және басқа да индифференттік препараттар.

АТХ коды S01XA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий-карбоксиметилцелюлоза жоғары тұтқырлыққа ие, бұл препаратты көзде ұстап тұру уақытының ұзаруына әкеледі, жоғары молекулалық салмағына байланысты және молекуланың үлкен өлшеміне қатысты мөлдір қабық арқылы өту мүмкіндігі аз.

Фармакодинамикасы

Натрий-карбоксиметилцелюлоза метаболизмдік тұрғыдан инертті материал, жоғары молекулалық препарат дегенді білдіреді, қорғаныш ылғалдандырушы үлбір түзе отырып, өзіндік қасиеттеріне сәйкес көз жасы тұтқырлығын арттырады. Натрий-карбоксиметилцелюлоза «құрғақ көз синдромы» туындатқан тітіркену симптомдарын азайтады. «Құрғақ көз» синдромдары компенсаторлық көз жасының ағуын, қышу, ашыту, көзде бөгде денені сезіну мен көрудің шаршауын қамтуы мүмкін. Жасанды көз жасы үлбірінің мөлдір қабықпен ұзақ жанасуы көз секрециясы төмендегенде жағымды әсер етеді.

Қолданылуы

Құрғақтық салдарынан болатын көздің ашытуы мен тітіркенуін уақытша жеңілдету үшін, сондай-ақ одан әрі тітіркенуінен қорғайтын дәрі ретінде қолданылады. Көздің аздап тітіркенуі, оған желдің немесе күннің әсер етуінен туындаған жайсыздықты уақытша жеңілдетуге арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Симптомдар айқындылығы дәрежесіне сәйкес препараттың 1 тамшысын тәулігіне 1- 4 рет. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Басқа да жергілікті офтальмологиялық препараттармен бірге қолданғанда препараттарды қабылдау арасында 10-15 минутқа жуық аралықты сақтау қажет.

Құтының ішіндегісін ластап алмау үшін тамшуырдың ұшын көзге, немесе кез келген басқа да беткейлерге тигізіп алмаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

жиі (>1/100, <1/10)

- күйдіру, көздің құрғауы, көздің тітіркенуі/ қышуы

сирек (>1/1000, <1/100)

- қабақтың ісінуі, ретенциялық көзден жас ағу, қабақ эритемасы, конъюнктивалық гиперемия, көз ауыруы, көзден бөліністер

- көздің өтпелі бұлыңғырлануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий-карбоксиметилцелюлозаның басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Біреуден астам көз тамшыларының түрлерін тағайындаған кезде Натрий –карбоксиметилцелюлозаны кем дегенде 15 минут аралықпен соңынан тамызған жөн.

Балалар

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натрий-карбоксиметилцелюлоза көз тамшысы көрудің уақытша тұмандануын бұлыңғырлануын туындатуы мүмкін. Автомобиль жүргізу немесе механикалық құрылғылармен жұмысты бастар алдында көру өткірлігі толықтай қалпына келгенше күте тұру керек.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануымен байланысты жағдайлар туралы хабарланбаған. Ұсынылатын қолдану тәсілі сақталғанда артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын бұралатын қалпақшасы бар ақ мөлдір емес полиэтилен тамшылатқыш-құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Қаптаманы ашқаннан кейін ерітіндіні 1 ай ішінде пайдалануға болады.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Unimed Technologies Ltd, Үндістан

Өндірістің орналасқан мекенжайы:

Survey №22&24,Village-Ujeti,Post.Baska,Tal.Halol-389 350

Dist.Panchmahal, Gujarat

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Unimed Technologies Ltd, Үндістан

Өндірістің орналасқан мекенжайы:

Survey №22&24,Village-Ujeti,Post.Baska,Tal.Halol-389 350

Dist.Panchmahal, Gujarat

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050004, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38, 5 қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

regulatory@intelsoft.kz, sunalmaty@intelsoft.kz

Прикрепленные файлы

572116951477976420_ru.doc 48 кб
717205601477977616_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники