Кызылмай®

Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовоспалительные препараты для интравагинального применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003294
Информация о регистрации в РК: 05.05.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Қызылмай®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат: 0.60 г «Кызыл май Ò» полифитті майы,

қосымша заттар - какао майы, сары балауыз, бентонит

Сипаттамасы

Крем тәріздес түстен қоңырқай крем тәріздес түрге дейін, ұшы сүйір суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған жағдайда бөлме температурасында жоғалып кететін балауыздың кристалдары пайда болады.

Фармакотерапиялық тобы

Қынап ішіне қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар. АТХ коды G02СС

Фармакологиялық қасиеттері

Қызыл май® полифитті майы - өсімдік тектес дәрі. Қызыл май® препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады. 7 өсімдік дәрілік құрамына кіретін (негізінде сапонинді гликозидтер – глицирризин, сондай-ақ эфир майлары, пептидтер, витаминдер мен минералдар) биологиялық белсенді заттардың кешені, қабынуға қарсы, регенерациялайтын, ауруды басуға, антисептикалық, түйілуді басатын, жараның жазылуына әсерін тигізеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, вагиниттерде, эндоцервиттерде- урологиялық ауруларда - циститтерде, простатитте- проктологиялық ауруларда - геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады.

Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біріне жекелей жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы

Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және бала емізетін аналарға пайдалануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

С түріндегі ақшыл-сары түсті поливинилхлорид/полиэтиленнен (ПВХ/ПЭ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден салынған. Екі пішінді ұяшықты қаптамалар мемлекеттік пен орыс тілінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапшаға салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 180С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы облысы, Есік қаласы, Маметова көшесі, 25

тел./факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru www. fitoleum.kz

Прикрепленные файлы

173403101477976393_ru.doc 46 кб
309370341477977591_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники