ВИТРУМ® КИДС

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013540
Информация о регистрации в РК: 05.08.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® КИДС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (ретинол ацетаты)

2500 ХБ 1

D3 витамині (колекальциферол)

400 ХБ 2

Е витамині (альфа токоферол ацетаты)

15 ХБ 3

С витамині (аскорбин қышқылы)

60 мг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

1,05 мг

В2 витамині (рибофлавин)

1,2 мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

1,05 мг

В12 витамині (цианокобаламин)

4,5 мкг

Никотинамид

13,5 мг

Биотин

20 мкг

Фолий қышқылы

300 мкг

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

5 мг

Кальций (кальций карбонаты)

100 мг

Магний (магний фосфаты)

40 мг

Фосфор (магний фосфаты)

50 мг

Темір (темір фумараты)

15 мг

Мысыс тотығы)

1 мг

Мырыш (мырыш тотығы)

10 мг

Марганец (марганец цитраты)

1 мг

Селен (натрий селенаты)

25 мкг

Йод (калий йодиді)

150 мкг

Хром (хром аминоаты)

20 мкг

1) - 0,86 мг ретинол ацетатына баламалы

2) - 10 мкг колекальциферолға баламалы

3) - 15 мг альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: сахароза, стеарин қышқылы, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, құлпынай хош иістендіргіші, сукралоза, керемет қызыл бояғыш (Е129)

Сипаттамасы

Сәл жеміс дәмі мен иісі, ашық және күңгірт түсті аздаған теңбілдері бар, ашық-қызғылттан күңгірт-қызғылт түске дейінгі жануарлар пішіндері түріндегі шайнайтын таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа минералдар және олардың біріктірілімімен поливитаминдер.

АТХ коды A11AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Витрум® Кидс препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жасау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Құрамында бала организмінің толық тәуліктік қажеттілігіне сәйкес келетін арнайы таңдалған дозалардағы поливитаминдер, макро- және микроэлементтер болатын біріктірілген препарат. Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін ингредиенттердің қасиеттерімен айқындалады.

А витамині фосфоаденозинфосфосульфат (ФАСФ) белсенділенуі үшін қажетті ферменттер синтезіне; бұлшықет тінінің ақуыздар синтезіне ықпал ететін А1, А2, В және С соматомединдерінің синтезіне; фосфаттар мен тимидинді ДНҚ-ға, пролинді коллагенге, уридинді РНҚ-ға қосуға; липолизді бәсеңдетуге; полипептидтік байланыстардың гликолизденуіне; жыныс гормондарының, интерферон, иммуноглобулин А, лизоцим синтезіне; мерзімінен бұрын болатын кератинизациядан сақтандыратын эпителий тіндері ферменттерінің синтезіне; кальцитриолға тән рецепторлардың белсенділенуіне; ымыртта көру үшін қажетті торқабық таяқшаларындағы родопсин синтезіне қатысады.

D3 витамині ақуыз алмасуын реттеу арқылы кальций мен фосфор теңгерімін сақтауда маңызды рөл атқарады. D3 витаминінің метаболиттері цитоплазмалық рецептормен бірігеді және онымен кешенді түрде ядроға өтеді, онда асқазан-ішек жолынан кальцийдің қармалуы мен сіңірілуіне, өсу аймағындағы жиналып қалуға, бүйрек өзекшелерінің саңылауынан қармалу мен қайта сіңірілуге ықпал ететін спецификалық (кальций байланыстырушы ақуыз - КБА) және спецификалық емес (сілтілі фосфатаза, коллаген) ақуыздар синтезін; оссификацияға арналған матрица қызметін атқаратын ақуыз - остеокальцин синтезін бастамалай отырып, гендерді бәсеңдетеді.

Е витамині – табиғи антиоксидант, липидтердің асқын тотығуына жол бермейді. Қанның қатты ұюын болдырмайды және шеткергі қан айналымына жайлы әсер етеді. Ақуыздардың (коллаген, жиырушы ақуыздар), гемнің, Q коэнзимінің, гонадотропты гормондардың биосинтезіне, тіндік тыныс алуға, тіндерде жүретін метаболизмнің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизін болдырмайды, капиллярлардың жоғары өткізгіштігін және сынғыштығын болдырмайды.

С витамині жасуша ішіндегі коллагеннің түзілуі үшін қажет, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, көмірсу алмасуына, липидтер мен ақуыздар синтезіне, қанның ұюына және тіндер регенерациясына қатысады, стероидты гормондар түзілуін көтермелейді, капиллярлар өткізгіштігін қалыпқа түсіреді, организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады; асқазан-ішек жолынан темірдің сіңірілуін жақсартып, оның жиналуына ықпал етеді.

В1 витамині организмдегі көмірсу алмасуын және зат алмасудың өзге түрлерін реттейтін, метаболизмдік ацидозды жойып жіберетін ферменттердің (пирожүзім және альфа-кетоглутар қышқылдары дегидрогеназасы, транскетолазалар) кофакторы болып табылады.

В2 витамині орталық жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) және шеткері тіндердегі моноаминдердің түзілуіне және ыдырауына, тіндік тыныстауға қатысатын энзимдер компоненттері (сукцинатдегидрогеназа, цитохромредуктаза, оксидаза және т.б.) болып табылатын коферменттер (флавинмононуклеотид және флавинадениндинуклеотид) құрамына кіреді; эритропоэтин синтезіне ықпал етеді; В6 витаминін оның белсенді түріне айналдырады.

В6 витамині ақуыз алмасуды және басқа да алмасу түрлерін, темірдің қанда сидерофиллинмен байланысуын және оның сүйек кемігіне және басқа тіндерге жеткізілуін, ОЖЖ қозғыштығын реттейтін көптеген ферменттер құрамына кіреді.

В12 витамині нормобласттық жолмен эритроциттер бөлінісі үдерісіне; пернициозды анемия кезіндегі эритроциттер гемолизінің алдын алуға; жүйке талшықтарының миелинизациясын қамтамасыз етуге қатысатын редуктазалар құрамына кіреді; паренхиматозды ағзалар жасушаларында майдың шамадан тыс жиналуын кедергілейді.

Никотинамид тіндік тыныстауды реттеуге; ақуыздар, майлар синтезіне; гликоген ыдырауына; фибринолизистік жүйе белсенділігін арттыруға және тромбоциттер агрегациясын азайтуға; гистаминнің босап шығуына атсалысуға және кининдер жүйесін белсенділендіруге; ретикулоциттер мен нормохромды эритроциттер түзілуін көтермелеуге қатысатын дегидрогеназалар коферменттері - никотинамидадениндинуклеотид (НАД) және никотинамидадениндинуклеотид фосфатының (НАДФ) құрамына кіреді.

Биотин көмірсулар, майлар және ақуыздар алмасу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ферменттік кешендердің түзілуіне қатысады, карбоксилаза коферменті болып табылады. Биотинге тәуелді ферменттер май қышқылдары синтезінің катализаторлары болып табылады, энергетикалық алмасуға, амин қышқылдары мен глюкоза синтезіне қатысады.

Фолий қышқылы нормобласттардың түзілуі үшін қажет, эритропоэз, лейкопоэз, тромбоцитопоэзді көтермелейді, амин қышқылдары синтезіне қатысады. Зақымданған тіндер регенерациясына ықпал етеді.

Пантотен қышқылы пантотен қышқылының кальций тұзы болып табылады. Пантотен қышқылы май алмасуды және басқа да алмасу түрлерін реттейтін коэнзим-А құрамына кіреді; жасушалар жарғақшаларының қалыпты құрылымын қамтамасыз етеді; холинергиялық синапстарда жүйке импульстерінің берілуіне ықпал етеді; глюкокортикоидтар, жыныс гормондары және минералокортикоидтар синтезін реттейді.

Кальций сүйек тінінің түзілуіне, қанның ұюына, жүйке импульстерінің берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшықеттер жиырылуына қатысады, жүрек қызметін тұрақты ұстап тұру үшін қажет. Ол темірдің сіңірілуіне де ықпал етеді.

Магний ақуыздар, майлар және көмірсулар алмасу метаболизмінде өмірлік маңызды мәнге ие болып, энергияға айналу үдерістеріне қатысады.

Фосфор адам организмінің барлық жасушалық элементтерін құруға қатысады, әсіресе, ол сүйек және ми тіндерінде көп. Фосфор ақуыздар, майлар және көмірсулар алмасу үдерістеріне қатысып, олармен аралық қосылымдар (нуклеопротеидтер, фосфопротеидтер, фосфолипидтер және т.б.) қатарын түзеді. Ол ми, қаңқа және жүрек бұлшықеттерінің қызметіне, бірқатар гормондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады.

Темір гемоглобин молекуласының бөлігі болып табылады, организмдегі оттегі тасымалына қатысады, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, эритропоэзді көтермелейді.

Мыс метаболизмдік реакцияларға қатысатын ферменттер құрамына кіреді. Одан басқа, мыс ақуыздар құрамына кіреді. Мыс темір метаболизміне, ақуыз синтезіне қатысады.

Мырыш шарана қаңқасының қалыпты түзілуіне және тіндер регенерациясына қажет, инсулин қамтылатын кейбір гормондар құрамына кіреді, жатырішілік аномалиялар қатарының ықтималдығын азайтады.

Марганец ферменттерді белсендіреді және көмірсулар мен майлар метаболизміне қатысады.

Селен антиоксидантты қасиеттер иеленеді, бос радикалдар түзілуін болдырмайды.

Йод қалқанша без функциясына ықпалын тигізеді, қандағы холестерин және бета-липопротеидтер концентрациясын төмендетеді.

Хром - инсулиндік рецепторлармен кешен түзетін инсулин кофакторы. Май қышқылдарының түзілуіне және көмірсулар ассимиляциясына қатысатын ферменттерді белсендіреді.

Қолданылуы

  • қарқынды өсу кезеңінде балалардағы гиповитаминоздың және макро- және микроэлементтер жетіспеушілігінің профилактикасында және емдеуде

  • ауруларды өткеруден кейінгі сауығу кезеңінде

  • теңестірілмеген немесе толыққанды емес тамақтануда, тәбет төмендегенде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтанудан соң, таблетканы мұқият шайнайды. 4-тен 7 жасқа дейінгі балалардакүніне 1 таблеткадан. Ең жоғары бір реттік және ең жоғары тәуліктік дозасы 1 таблетка. Емдеу курсы – 1 ай.

Қайталанатын курстардәрігердің ұсынымы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

  • несептің қанық сары түске боялуы, препарат құрамында рибофлавин болуына байланысты екендіктен, ол қауіпті емес.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • А және D гипервитаминозы

  • 4 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында ұқсас витаминдер, минералдар және темір бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда артық дозалану туындауының қаупі күшейеді.

ВИТРУМ® КИДС препаратының құрамына темір және кальций кіреді, сондықтан тетрациклиндер тобының антибиотиктері мен микробқа қарсы дәрілер – фторхинолондар туындыларын бір мезгілде қолданғанда соңғыларының АІЖ сіңірілуі баяулайды.

ВИТРУМ® КИДС препаратының құрамына кіретін С витамині сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы дәрілерінің фармакологиялық әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Бір мезгілде құрамында алюминий, кальций, магний бар антацидті препараттарды, сондай-ақ колестираминді қолданғанда ВИТРУМ® КИДС препаратының құрамына кіретін темірдің сіңірілуі төмендейді.

ВИТРУМ® КИДС және тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның даму қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ұсынылған дозасын арттырмау керек.

Артық дозалануды болдырмас үшін, ұқсас басқа да поливитаминді-минералды кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Несептің сары түске боялуы, нәжістің күңгірт түске боялуы мүмкін, мұның қауіптілігі жоқ, бұл препараттың құрамында, рибофлавин мен темірдің болуына байланысты.

Артық дозалануы

Кездейсоқ артық дозаланғанда дәрігерге қаралу керек. Артық дозалану кезінде ғана А, Е, D гипервитаминозы симптомдары байқалуы мүмкін.

Симптомдары: терінің құрғауы, бас ауыруы, ашушаңдық, қажу, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, іш қату, әлсіздік және бұлшықеттің шаршағыштығы.

Емі: ішке белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 немесе 60 шайнайтын таблеткадан полиэтиленнен жасалған құтыда, сол материалдан жасалған бұрандалы қақпағы мен фольгадан жасалған қорғаныш клапаны бар. Құтыға заттаңба жапсырылады және полиэтилен үлбірмен тартып орайды.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге түрлі түсті қосымша бетпен жабдықталған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

10–30 °С температурада, құрғақ жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйым

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

389668911477976174_ru.doc 84.5 кб
900276131477977482_kz.doc 88.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники