ВИТРУМ® БЭБИ

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004165
Информация о регистрации в РК: 17.03.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ВИТРУМ® БЭБИ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Бета-каротин

900

мкг1

D3витамині (колекальциферол)

5

мкг2

Е витамині (альфа - токоферол ацетаты)

4,5

мг3

С витамині (аскорбин қышқылы)

60

мг

В1витамині (тиамин мононитраты)

0,7

мг

В2витамині (рибофлавин)

0,8

мг

В6витамині (пиридоксин гидрохлориді)

1

мг

В12 витамині (цианокобаламин)

1,1

мкг

Никотинамид

10

мг

Биотин

20

мкг

Фолий қышқылы

150

мкг

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

3

мг

К1 витамині (фитоменадион)

10

мкг

Кальций (кальций карбонаты)

100

мг

Магний (магний тотығы)

40

мг

Темір (темір фумараты)

9

мг

Мыс (мыс тотығы)

1

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

10

мг

Марганец (марганец сульфаты)

1

мг

Хром (хром аминоаты)

20

мкг

Молибден (натрий молибдаты)

20

мкг

Селен (натрий селенаты)

25

мкг

Фосфор (кальций гидрофосфаты)

20

мг

Йод (калий йодиді)

80

мкг

1 – бета-каротин белсенділігінің 1500 ХБ баламалы

2 – D3 витамині белсенділігінің 200 ХБ баламалы

3 – Е витамині белсенділігінің 6 ХБ баламалы

қосымша заттар: сорбитол, мақта майы, мальтодекстрин, апельсин хош иістендіргіші, гуар шайыры (Е 412), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, лимон қышқылы, куркума сығындысы, ванилин, сукралоза, ваниль.

Сипаттамасы

Жануарлар мүсіндері түріндегі, аздаған ашық және күңгірт түсті теңбілдері, жеңіл жеміс-ваниль иісі бар, ашық-сұр түстен қызыл сары-сұр түске дейінгі шайнайтын таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды заттармен поливитаминдер. Басқа да минералдар және олардың біріктірілімдерімен поливитаминдер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі, метаболизмі, таралуы және шығарылуы Витрум® БЭБИ препаратының құрамына кіретін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биозерттеулер жәрдемімен жүйелеп тексеруге келмейді, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес, осы себепті препараттың метаболиттерін де анықтауға мүмкіндік жоқ.

Фармакодинамикасы

ВИТРУМ® БЭБИ препараты нәрестенің витаминдерге, макро- және микроэлементтерге күн сайынғы қажеттілігіне сәйкес келетін 13 витамин мен 11 минералдардан тұратын теңдестірілген кешеннің организмге түсуін қамтамасыз етеді. Организмнің қорғаныш күшінің артуына, баланың дұрыс өсуіне және денесінің дамуына мүмкіндік береді.

Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Иммунтүрлендіргіш әсер етеді, В- және Т-лимфоциттердің жіктелуін көтермелейді, бос радикалдар белсенділігін жоятын айқын қабілеттілігі бар.

D витамині – сүйек тінінің минералдануына қатысады, организмде кальций мен фосфордың алмасуын реттейді. D3 витаминінің тапшылығы балада рахит ауруының дамуына әкеп соғады.

Е витамині – липидтердің тотығуының басылуы және организмде тотығу-тотықсыздану және метаболикалық үдерістердің тұрақтануы есебінен асқын антиоксидантты әсер береді; жасушалық жарғақшалардың, оларды бұзылудан қорғай отырып, тұрақтылығын сақтайды.

С витамині – тіндердің қайта жаңғыруына қатысады, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпты етеді, көптеген уытты заттарды залалсыздандырады және интерферондардың синтезін арттыра отырып, иммунологиялық реакцияларда негізгі рөлді атқарады; алмасу үдерістеріне қатысады, эндокринді бездердің қызметін көтермелейді.

В тобының витаминдері организмде зат алмасудың әр түрін реттейтін ферменттердің түзілуіне қатысады.

В1 витамині – орталық, шеткергі жүйке жүйесінің, жүрек-қантамыр және эндокринді жүйе қызметтерін қалыпты етеді; көмірсу алмасуға қатысады.

В2 витамині – қуат алмасу және биологиялық тотығу үдерістеріне қатысады, көздің торлы қабығын ультракүлгіннің шамадан тыс әсерінен қорғайды, жүйке жүйесінің, терінің, шырышты қабықтардың жұмысын жақсартады.

В6 витамині – орталық және шеткергі жүйке жүйелерінің және қан жасушасының қызметін қалыпқа түсіреді.

В12 витамині фолий қышқылымен бірге нуклеотидтердің синтезіне қатысады, эритроциттердің және жүйке қабығы жасушаларының түзілуіне қатысады, паренхиматозды ағзаларда жасушалардың майлануына кедергі жасайды, организмнің өсуі үшін қажет.

Никотинамид – организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді, жасушалық тыныс алу үдерістерінің реттелуіне қатысады, жүрек бұлшықеттерінің метаболизмін жақсартады, миокардтың жиырылғыштық қабілетін күшейтеді.

Биотин – алмасу үдерістеріне қатысады, глюкоза, май қышқылдары, стероидты қосылыстар және амин қышқылдары синтездерінің реакцияларында маңызды рөл атқарады.

Фолий қышқылы – қан түзу үдерістеріне қатысады, бауырда май алмасуға, холестериннің және бірқатар витаминдердің алмасуына жағымды әсер етеді.

Кальций пантотенаты май қышқылдарының метаболизміне қатысады, липидтік алмасуды қалыпты етеді, организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенді етеді, эпителийдің және эндотелийдің түзілуіне және қайта жаңғыруына мүмкіндік жасайды.

К1 витамині қанның ұю жүйесінің компоненті болып табылады, қанның ұю үдерісінің қалыпты болуына мүмкіндік береді.

Кальций сүйек тіндерінің және тістердің түзілуіне, қанның ұюына, жүйке импульстері берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына қатысады, жүректің тұрақты қызметін демеу үшін қажет. Ол сонымен қатар темірдің сіңуіне мүмкіндік береді.

Магний – организмнің барлық тіндерінде болатын тіршілік үшін қажетті элемент. Сүйек тінінің қалыптасуын, зат алмасудың көптеген реакцияларына, ферментативті үдерістерге қатысады.

Темір – гемоглобиннің құрамына кіреді, тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, оның қатысуы бірқатар тіндік ферменттердің синтезі үшін қажет.

Мыс – оттегінің тіндерге тасымалдануына мүмкіндік береді, гемоглобиннің түзілуі және эритроциттердің жетілуі үшін қажет, организмнің ақуыздары және көмірсуларды сіңіруін жақсартады, қалқанша без жұмысын жақсартады.

Мырыш қаңқаның қалыпты түзілуі және тіндердің қайта жаңғыруы үшін қажет, инсулинді қосқанда, кейбір гормондардың құрамына кіреді, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, май қышқылдарының метаболизміне қатысады.

Марганец сүйек тінінің дамуына, бұлшықет рефлексіне ықпалын тигізеді, жадыны жақсартады, жүйкенің қозғыштығын төмендетеді, көптеген ферментативті реакцияларға кофактор ретінде қатысады.

Хром – ферменттердің қызметін белсенді етеді, көмірсудың, минералдардың және холестериннің алмасуларына қатысады.

Молибден тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, ферментті кофактор ретінде қатысуы мүмкін. Анемияның дамуына кедергі жасайды.

Селен – антиоксидант, организмнің қорғаныш күшін жақсартады.

Фосфор метаболикалық үдерістерде, энергетикалық алмасуда, сүйек тінінің түзілуінде, өсу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ол мидың, қаңқа мен жүрек бұлшықеттерінің қызметіне, бірқатар гормондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады.

Йод – қалқанша без гормондарының синтезін қамтамасыз етеді, барлық тіндердің жасушаларының өсуіне және жіктелуіне, метаболизмнің барлық түрлеріне қатысады.

Қолданылуы

  • балаларда қарқынды өсу және даму кезеңінде гиповитаминоздардың, минеральды заттардың жеткіліксіздігінің профилактикасында және емдеуде

  • әлсіз және/немесе жиі ауыратын балалардың қорғаныш күшін арттыруда

  • ауруды өткергеннен кейінгі сауығу кезеңінде

  • теңдестірілген немесе толыққанды тамақтанбауда, тәбет төмендегенде

  • дене және көңіл-күй жүктемесі артуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға – күніне 1 таблеткадан, тамақтан соң, таблетканы шайнау. Емдеу курсы – 1 ай. Курсты қайталау дәрігердің ұсынуымен.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • А және D гипервитаминозы

  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ВИТРУМ® БЭБИ препаратының басқа дәрілік препараттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі қазіргі кезге дейін анықталмаған.

Құрамында А, Е және D витаминдері және темір бар препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде артық дозаланудың туындау қаупі күшейеді.

ВИТРУМ® БЭБИ препаратының құрамына темір және кальций кіреді, сондықтан тетрациклин тобының антибиотиктерін және микробқа қарсы дәрілерді – фторхинолон туындыларын бір мезгілде қолданған кезде соңғыларының АІЖ-нан сіңуі баяулайды.

ВИТРУМ® БЭБИ препаратының құрамына кіретін С витамині микробтарға қарсы сульфаниламидтер тобына жататын дәрілердің фармакологиялық әсерін және жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Құрамында алюминий, кальций, магний, сондай-ақ колестирамин бар антацидті препараттармен бір мезгілде қолданған кезде ВИТРУМ® БЭБИ препаратының құрамына кіретін темірдің сіңуі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ұсынылған дозаларын арттырмау керек.

Артық дозалануға жол бермеу үшін басқа осыған ұқсас поливитаминді-минералды кешендермен бірге қолданбау керек.

Несеп сары түске, нәжіс қоңыр түске боялуы мүмкін, бұның мүлдем зияны жоқ және ол препаратта рибофлавин мен темірдің болуымен түсіндіріледі.

Артық дозалануы

Тиісті дозаларда және емдеу ұзақтығында артық дозалану құбылысы орын алған жоқ. Байқамай артық дозаланған жағдайда дәрігерге дереу қаралу қажет. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шайнайтын 30 немесе 60 таблеткадан полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған қорғаныш клапаны бар полиэтилен құтыда. Құтыға заттаңба жапсырады және полиэтилен үлбірмен қапталады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге түрлі түсті қосымша беті бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Юнифарм, Инк.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

611959711477976286_ru.doc 79 кб
600925551477977497_kz.doc 86 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники