Эритромицин (10000 ЕД/г)

МНН: Эритромицин
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Erythromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009605
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Эритромицин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эритромицин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 10 000 ӘБ/г жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 0,01 г (10000 ӘБ) эритромицин,

қосымша заттар: сусыз ланолин, натрий дисульфиті (натрий метабисульфиті), вазелин.

Сипаттамасы

Ашық-сарыдан қоңыр-сарыға дейінгі жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Безеулерді емдеуге арналған микробтарға қарсы препараттар. Эритромицин.

АТЖ коды D10AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат терінің қабатына терең сіңеді, алайда сыртқа қолданған кезде биотиімділік дәрежесі белгісіз.

Фармакодинамикасы

Макролидтер тобының бактериостатикалық антибиотигі. Жергілікті қолданған кезде бактерияға қарсы және безеуге қарсы әсер етеді.

Амин қышқылдар молекулаларының арасындағы пептидті байланыстардың түзілуін бұзатын және микроорганизмдер синтезін бөгейтін 50S бактериялды рибосомалардың субъбірліктерімен кері байланысты (нуклеин қышқылының синтезіне әсер етпейді). Жоғарғы дозаларды қолданған кезде қоздырғыштар түріне қарай бактерицидті әсер етеді.

Эритромициннің әсер ету ауқымына мынаны грамоң және грамтеріс микроорганизмдер жатады: Staphylococcus spp., пенициллиназға өндіретін және өндірмейтіндер, оның ішіндее Staphylococcus aureus; Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes), альфа-гемолитикалық стрептококк (Viridans тобы), Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Corynebacterium minutissimum, Propionibacterium acnes; грамтеріс микроорганизмдер: Neisseria gonorrhoeae, Haemophilus influenzae, Campylobacter jejuni, Bordetella pertussis, Brucella spp., Legionella spp., оның шінде Legionella pneumophila және басқадай микроорганизмдер: Mycoplasma spp. (оның ішінде Mycoplasma pneumoniae), Chlamydia spp. (оның ішінде Chlamydia trachomatis), Treponema spp., Rickettsia spp., Entamoeba histolytica, Listeria monocytogenes.

Препаратқа грам теріс таяқшалар төзімді: Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, сондай-ақ Shigella spp., Salmonella spp., Bacteroides fragilis, Enterobacter spp. және басқалар.

Қолданылуы

- жұмсақ тіндер мен тері жұқпаларында (іріңдеген тері ауруларында, оның ішінде жасөспірімдер безеулерінде, жұқтырылған жараларда, ойылуларда, II-III дәрежедегі күюлер, трофикалық ойық жараларда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды зақымданған тері аймақтарына күніне 2-3 рет жағу керек, күйгенде – аптасына 2-3 рет жағады. Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды.

Балаларға (18 жасқа дейінгілерге) дене салмағының әр келісіне шаққанда жақпамайдың ең жоғарғы тәуліктік дозасы 5 г-ды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті реакциялар: гиперемия, шымылдату сезімі, қышу, тітіркену және терінің қабыршықтануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат линкомицинмен, клиндамицинмен және хлорамфениколмен (антагонизм) үйлеспейді.

Бета-лактамды антибиотиктердің (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбопенемдер) бактерицидті әсерін төмендетеді.

Эритромициннің сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерін бір мезгілде терінің шамадан тыс тітіркенуін туғызатын абразивті заттармен, сондай-ақ терінің қабыршықтануын туғызатын дәрілік заттармен бірге қолданғанда жинақталушы тітіркендіруші немесе құрғатушы әсері болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сыртқа қолдануға арналған басқа кез келген безеуге қарсы дәріні пайдаланғанға дейін кем дегенде 1 сағат өту керек.

Егер 3-4 апта ішінде безеу бөртпесінің жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек (толық емдік әсерге қол жеткізу үшін 2-3 ай қажет болуы мүмкін).

Ұзақ қолданған кезде супержұқпалар өршуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Жүкті және бала емізетін әйелдерде емнен күтілетін пайда, ұрыққа деген болатын қауіптен жоғары болғанда қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін препараттың артық дозалануы туралы дерктер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминийлік сықпада 15 г-нан. Әр сықпа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

20°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей

603950, Нижний Новгород қ-сы

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

Тел. (831) 278-80-88

Факс (831) 430-72-28

Веб сайт: http://www.nizhpharm.ru/

Тұтынушылардан түскен шағымдарды мына мекен-жайға жіберіңіз:

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ықшам ауд., 55б

тел.: (727) 2719968

факс: (727) 2553378

e-mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

610093721477977160_ru.doc 47 кб
971838081477978321_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники