Ципромед (капли глазные)

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010151
Информация о регистрации в РК: 30.06.2017 - 30.06.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 99.59 KZT
Предельная цена реализации в РК: 981.89 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ципромед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі 0,3 %

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді затципрофлоксацин (ципрофлоксацин гидрохлориді түрінде) – 3 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Басқа да микробқа қарсы препараттар. Ципрофлоксацин.

АТХ коды S01АХ13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ципрофлоксацин көз тамшы дәрісі түрінде жергілікті қолданғанда көз тіндеріне жақсы өтеді. Бір реттік инстилляциясынан кейін оның көздің алдыңғы камерасы сұйықтығындағы концентрациясы 10 минуттан соң 0,1 мг/мл құрайды. Көздің алдыңғы камерасы сұйықтығындағы ең жоғарғы концентрациясы 1 сағаттан кейін анықталған және 0,19 мг/мл құрайды. 2 сағат өткеннен кейін концентрациясы төмендей бастайды, алайда оның мөлдір қабық тіндеріндегі бактерияға қарсы әсері 6 сағатқа дейін, алдыңғы камера сұйықтығындағысы 4 сағатқа дейін созылады. 7 күн бойы емдеуде, екі көзге де орташа алғанда күніне 4 рет, орташа концентрациясы 2 нг/мл азды құрайды.

Инстилляциядан кейін препарат жүйелі түрде сіңірілуі мүмкін.

Қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі жергілікті қолданғанда 4-5 сағатты құрайды. Препарат бүйрек арқылы көбінесе (50 %-ға дейін) өзгеріссіз күйде және 10 %-ға дейінгісі метаболиттер түрінде шығарылады; шамамен 15 %-ы ішек арқылы шығарылады; бала емізетін аналарда – ішінара емшек сүтімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ципрофлоксацин – фторхинолондар тобының бактерияға қарсы препараты, бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең, бактерицидтік әсер етеді. Препарат бактериялардағы ДНҚ-гираза ферментін тежейді, соның салдарынан ДНҚ репликациясы мен бактериялар жасушалары ақуыздарының синтезі бұзылады. Ципромед көбейіп жатқан микроорганизмдерге де, тыныштық күйіндегілерге де әсер етеді.

Ципромедтің бактерияға қарсы әсер ету ауқымына грамтеріс микроорганизмдер кіреді: Esherichia coli, Salmonella spp., Shigella spp., Proteus spp. (индолоң және индолтеріс), Morganella morganii, Citrobacter spp., Klebsiella spp., Enterobacter spp., Vibrio spp., Campylobacter spp., Hafnia spp., Providencia stuartii, Haemophilus influenzae, Pasteurella multocida, Pseudomonas spp., Gardnerella spp., Legionella pneumophila, Neisseria spp., Moraxella catarrhalis, Acinetobacterspp., Brucella spp., Chlamidia spp.

Ципромедке грамоң микроорганизмдер де сезімтал:

Staphylococcus spp., Streptococcus pyogenes, St. Agalactiae, Corynebacterium diphtheriae, Listeria monocitogenes. Препараттың уыттылығы.

Қолданылуы

Көз бен оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары

- жедел және баяу өрбитін конъюнктивитте

- кератитте

- алдыңғы увеитте

- блефаритте және қабақтың басқа қабыну ауруларында

- дакриоциститте

- көз бен оның қосалқыларының жарақаттарынан кейінгі жұқпалы асқынулардың алдын алу және емдеуде және көз алмасына жасалатын операцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Препаратты конъюнктива қалтасына 1-2 тамшыдан тамызады. Инстилляциялар жиілігі қабыну үдерісінің ауырлығына байланысты.

Жедел бактериялық конъюнктивиттерде, қарапайым, қабыршақты және ойық жаралы блефариттерде Ципромедті аурудың ауырлығына байланысты күніне 4-тен 8 ретке дейін тағайындайды. Емдеу курсы 5 күннен 14 күнге дейін.

Кератиттер кезінде препарат күніне кемінде 6 рет 1 тамшыдан тағайындалады, оң әсері болса ең жоғарғы емдеу курсы мөлдір қабық зақымдануының ауырлығына байланысты 2-4 аптаны құрайды.

Мөлдір қабықтың көкіріңді таяқшамен зақымдалуы кезінде Ципромедті барынша жиірек – күніне кемінде 8-12 рет 1 тамшыдан тағайындайды. Емдеу курсы аурудың ағымына байланысты және әдетте 2-3 аптаға жуықты құрайды.

Алдыңғы увеиттер кезінде препаратты күніне 8-12 рет 1 тамшыдан тамызады.

Жедел дакриоциститтер және каналикулиттер кезінде Ципромедті күніне 6-12 рет, созылмалы түрлерінде – күніне 4-8 рет 1 тамшыдан тағайындайды.

Көз бен оның қосалқыларының жарақаттары кезінде салдарлы жұқпаның алдын алу үшін Ципромедті 1-2 апта бойы күніне 4-8 рет 1 тамшыдан тағайындайды.

Көз алмасының тесілуімен хирургиялық араласулардан кейінгі қабыну ауруларының алдын алу үшін Ципромедті барлық операциядан кейінгі кезең бойына, әдетте 5 күннен 1 айға дейін күніне 4-6 рет 1 тамшыдан тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті:

Жиі

- көздің қышуы, көздің тітіркенуі

- көздегі жайсыздық, көзде бөгде дене тұрғандай сезіну, көздегі қалыптан тыс сезінулер

- қабақ шеттерінде қабыршықтардың түзілуі

- конъюнктива гиперемиясы, көз гиперемиясы

- препараттың қалдығы

Жиі емес

- кератит, кератопатия, мөлдір қабық түсінің өзгеруі

- көз аллергиясы

- көру жітілігінің төмендеуі, көрудің буалдырлануы, жарықтан қорқу

- қабақтың ісінуі

- мөлдір қабық инфильтрациясы

- көздің ауыруы

- көзден жас ағудың күшеюі

Жүйелі:

Жиі

- дәм сезудің бұрмалануы

Жиі емес

- постназальді синдром

- жүрек айнуы

- дерматит

- герпестік кератит, көру жүйкесінің қарапайым герпесі, теріскен

- аса жоғары сезімталдық

- бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ципрофлоксацин ерітіндісі физикалық және химиялық тұрғыдан тұрақсыз, рН мәні 3-4 болатын дәрілік препараттармен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Препарат жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған, инъекциялар үшін немесе ішке қабылдау үшін пайдалануға болмайды.

Тері бөртпесінің немесе кез-келген басқа жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ, Ципромед көз тамшы дәрісі препаратын қолдануды тоқтату керек.

Кейбір жағдайлардағы күрделі, өліммен аяқталатын, кейде алғашқы дозасынан кейін болатын жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар), жүйелі хинолондард қабылдап жүрген науқастарда байқалған. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен, естен танумен, шаншумен, көмей мен беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрген. Күрделі жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары эпинефринмен (адреналинмен) кідіртпей шұғыл емдеуді, оттегіні, көктамырішілік ерітінділерді, көктамырішілік антигистаминдік дәрілерді, кортикоидтарды, тамырды тарылтатын факторларды қабылдауды қоса, басқа да реанимация шараларын, клиникалық қажеттілік жағдайында өкпені жасанды желдетуді қажет етеді.

Кейбір хинолондар класының өкілдерін жүйелі қабылдау кезінде тікелей түсетін күн сәулесінің астында болған емделушілерде күнге күю реакциялары түріндегі орташадан ауыр дәрежеге дейінгі фотоуыттылық пайда болған жағдайлар белгілі. Шамадан тыс күн сәулесінен қорғану керек. Фотоуыттылық жағдайлары пайда болса, емдеуді тоқтату керек.

Басқа бактерияға қарсы препараттармен жағдайдағы сияқты, ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес бактерия штамдары немесе зеңдердің шамадан тыс мөлшеріне алып келуі мүмкін. Асқын жұқпа туындаған жағдайда сәйкесінше емдеуді бастау керек.

Фторхинолондармен, соның ішінде ципрофлоксацинмен жүйелі емдеуде, әсіресе егде жастағы емделушілер мен кортикостероидтарды бірге қабылдап жүрген емделушілерде сіңірлердің қабыну немесе үзілу жағдайлары болуы мүмкін. Сондықтан Ципромед көз тамшы дәрісімен емдеу сіңірлер қабынуының алғашқы белгілері пайда болғанда-ақ тоқтатылуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ципромедті жүктілік кезінде тек анасы үшін ықтимал пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен асатын жағдайда ғана қолдану керек.

Препаратты бала емізу кезінде қолданғанда бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін бірден көру жітілігі төмендеуі және психикалық реакциялар баяулауы мүмкін, бұл көше қозғалысына белсенді қатысуға, машиналармен жұмыс жасауға немесе тірексіз жұмыстарды орындауға қабілеттілікті азайтуы мүмкін. Препаратты алкогольмен бір мезгілде қолданғанда бұл одан да жоғары дәрежеде орын алады.

Артық дозалануы

Симптомы: Ципромед байқаусызда ішке қабылданған жағдайда спецификалық симптомдар болмайды. Жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, естен тану, үрейлену сезімі болуы мүмкін.

Емі: таға ағынды мол сумен жуып-шаяды. Қажет болса симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көз тамшы дәрісі 0,3 %.

5 мл препараттан пластик тамшылатқыш-құтыларда.

1 тамшылатқыш-құтыдан ішінде құтыны ашуға арналған құрылғысы бар бұралатын қалпақшасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, р-н Солан, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай Батыр к-сі 132, 309 кеңсе

Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99

Email: sentiss_kz@land.ru

 

 

Прикрепленные файлы

690686991477977121_ru.doc 60 кб
286542211477978290_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники