Фарматон® Кидди® (сироп)

МНН: L-Лизина гидрохлорид, Витамин E, Декспантенол, Кальция лактат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Рибофлавин, Тиамин
Производитель: Гинсана СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019894
Информация о регистрации в РК: 23.05.2013 - 23.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

ФАРМАТОН КИДДИ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 100 мл, 200 мл

Құрамы

1 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

 

Кальций

кальций лактат пентагидраты түрінде

8.67 мг

66.66 мг

Тиамин гидрохлориді

0.20 мг

Рибофлавин натрий фосфаты

0.23 мг

Пиридоксин гидрохлориді

0.40 мг

Холекальциферол

0.67 мкг (26.67 ХБ)

α-токоферол ацетаты

1.00 мг

Никотинамид

1.33 мг

Декспантенол

0.67 мг

Лизин гидрохлориді

20.0 мг

қосымша заттар:

 

Калий сорбаты

1.18 мг

Натрий бензоаты

1.34 мг

Аскорбин қышқылы

1.00 мг

Сұйық сорбитол (кристалданбайтын)

250.0

Аспартам

1.50 мг

Калий ацесульфамы

1.30 мг

Макрогол глицерилгидроксистеараты

25.00 мг

І апельсин эссенциясы

0.10 мг

ІІ апельсин эссенциясы

10.00 мг

Мандарин эссенциясы

0.30 мг

Натрий кармеллозасы

9.00 мг

Динатрий эдетаты

0.10 мг

Лимон қышқылының моногидраты

0.67 мг

Концентрацияланған фосфор қышқылы

16.00 мг

Тазартылған су

1.00 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Тұтқыр, мөлдір немесе сарғыш-қызғылтсарыдан қызғылтсары-қоңыр түске дейінгі аздап бозаңданатын, апельсиннің дәмі мен иісі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Басқа біріктірілімдердегі поливитаминдер.

АТХ коды A11AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

ФАРМАТОН КИДДИ шәрбаты балалар мен жасөспірімдерде, өсу кезеңінде қолдану үшін арнайы әзірленген.

ФАРМАТОН КИДДИ шәрбатының құрамындағы витаминдер мен минералдар жоғары қажеттілік немесе теңестірілмеген тағам жағдайында жасуша метаболизмінің бұзылуын түзетеді немесе алдын алады.

Витаминдерді, минералдарды және лизин аминқышқылдарын аз тұтыну әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тіршілік қызметінің организм төзімділігінің төмендеуі және сауығудың баяулауы сияқты бұзылуларды тудыра алады.

B-кешенінің витаминдері организмнің алмасу үдерістерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

Кальций сүйек массасының қалыптасуы үшін керек.

Лизин басқа функциялардың арасында сүйектің қалыптасуы үшін маңызды алмастырылмайтын аминқышқылы болып табылады. Лизиннің жетіспеушілігі – балаларда байқалатын жиі құбылыс.

Қолданылуы

  • балалардың витаминдерге және алмастырылмайтын аминқышқылына деген ұлғайып келе жатқан қажеттілігінің орнын толтыру үшін

  • витамин жетіспеушілігінің алдын алу: тамақты шектеу, сауығу кезеңі, тәбеттің болмауы, өткерілген аурудан, жұқпа немесе хирургиялық араласудан кейінгі жай-күй

Қолдану тәсілі мен дозасы

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар – күніне 2,5 мл.

5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар – күніне 5 мл.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – күніне 7,5 мл.

Шәрбатты сумен сұйылтып немесе тамақпен араластырып, таңғы аста немесе түскі аста қабылдаған жөн. Қолданар алдында шайқау керек. Шәрбат табиғи бұлыңғыр болуы мүмкін, бұл тиімділігіне әсер етпейтін кейбір толтырғыштарды пайдаланумен байланысты.

Жағымсыз әсерлері

  • асқын сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат құрамындағы кез келген ингридиентке жоғары сезімталдық

  • кальций алмасуының бұзылуы (гиперцальциемия және гиперкальциурия)

  • D витаминімен емдеумен қатар жүретін D гипервитаминозы

  • бүйрек жеткіліксіздігі, кальцийлік бүйрек тастарының пайда болуы

  • фенилкетонурия

  • сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық («Айрықша нұсқаулар» тарауын қараңыз)

Дәрілік өзара әрекеттесуі

B6 витамині леводопаның тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

ФАРМАТОН КИДДИ шәрбатының құрамында ең жоғары ұсынылатын күндізгі 7,5 мл дозасында 1,3 мг сорбитол бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Диабетпен ауыратын науқастарға арналған ақпарат: препарат құрамында ең жоғары ұсынылатын күндізгі 7,5 мл дозасында 1,8 г көмірсулар бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және емшек емізетін әйелдерде препараттың қолданылуы бойынша жеткілікті зерттеулер жоқ. «Пайда мен қауіп» арақатынасын дәрігерлік жете бағалаудан соң ғана ФАРМАТОН КИДДИ шәрбатын жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: құсу, бас ауыруы, ұйқышылдық және диарея сияқты созылмалы уыттылық симптомдары (шәрбаттың 75 мл-іне дейін препаратты жоғары дозада ұзақ уақыт бойы күнделікті қабылдау). Едәуір артық дозаланғанда осы препараттың уыттылығы майда еритін D витаминінің әсерімен анықталады.

Емі: гиперкальциемияда емдік шаралар қолданылуы мүмкін, сондай-ақ қажет болған жағдайда мұқият медициналық бақылаумен симптоматикалық емдеу басталуы тиіс.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препаратты 100 мл-ден және 200 мл-ден алғашқы ашылудан қорғайтын және пластик өлшейтін стақаны бар, бұралып жабылатын алюминий қалпақшамен тығындалған қоңыр түсті шыны құтыларға (III тип) құяды.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтарымен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашылғаннан кейін 3 айдың ішінде пайдалану керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гинсана С.А., Биоджио, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ

Бингер Штрассе 173,

55216 Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» ҚР филиалы

Заңды және пошталық мекенжайы:

050008, Алматы қаласы, Абай данғылы, 52

«Innova Tower» БO, 7 қабат

Тел:+7-727-250-00-77; Факс:+7-727-244-51-77

PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

Прикрепленные файлы

500965341477976902_ru.doc 60.5 кб
708994421477978064_kz.doc 79.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники