Солодкового корня сироп (150 г)

МНН: Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005606
Информация о регистрации в РК: 20.01.2017 - 20.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Қызыл мия тамырының шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

150 г шәрбат

Құрамы

150 г шәрбаттың құрамында

белсенді зат - 67,5 г мия тамырлары,

қосымша заттар: қант, 96,2% этил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіндік иісі, тәтті дәмі бар, қоюлау қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТЖ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Құрамында әр түрлі биологиялық белсенді заттар болғандықтан, препараттың фармакокинетикасына зерттеу жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Қызыл мия тамырының шәрбаты - өсімдік тектес препарат. Қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және спазмолитикалық әсері бар, бұл негізінен құрамында глицирризин, глицирризин қышқылының калий және кальций тұздарының қоспасы, сондай-ақ флавон гликозидтерінің (ликвиритин, ликвиритигенин және ликвиритозид) болуына байланысты.

Қызыл мияның қақырық түсіретін қасиеті құрамында трахея мен бронхтардағы кірпікшелі эпителий белсенділігін көтермелейтін глицирризиннің болуына байланысты, сондай-ақ жоғары тыныс жолдары шырышты қабықтарының сөлініс қызметін күшейтеді.

Тегіс бұлшықеттерге спазмолитикалық әсері бар (флавоноидты қосылыстардың болуы есебінен). Препараттың қабынуға қарсы әсері глицирризин гидролизі кезінде босатылатын глицирризин қышқылына байланысты. Глицирризин қышқылы организмде метаболикалық өзгерістерге ұшырай отырып, кортикостероид тәрізді әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- жедел, созылмалы бронхитте

- бронхоэктатикалық ауруда

- бронхопневмонияда

- шырышты тығынмен бронхтар бітелген кездегі өкпе ателектазында

Қолдану тәсілі және дозалары

Шәрбатты ашқарынға немесе тамақтанар алдында ішеді.

Ересектерге 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Емдеу курсы 10-15 күн.

Құтының ішіндегісін әр қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айну, құсу

- қыжыл

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі

Мүмкін

- артериялық қысымның көтерілуі (ұзақ қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе оның қосымша компоненттеріне асқын сезімталдық

- жедел гастрит, асқазанның және 12 елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы

- маскүнемдік

- эпилепсия

- бауыр аурулары

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипокалиемияның даму қаупі болғандықтан тиазид диуретиктерін қызыл мия препараттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды. Қызыл мияны ұзақ қолдану себебінен болған гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтіп жіберуі мүмкін. Қызыл мия мен кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда кортизолдың жартылай шығарылу кезеңі ұзаруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ қолданған кезде артериялық қысымның көтерілуі мүмкін. Бронх демікпесімен науқастарға тағайындаған кезде үнемі бақылап отыру талап етіледі (көтере алмаушылық реакциялары болуы мүмкін).

Препараттың құрамындағы қант мөлшері көп болғандықтан қант диабеті бар науқастарға абайлап қолдану керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлікті немесе қозғалатын механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн, препарат құрамында этил спирті бар.

Артық дозаланғанда

Симптомдары – ұзақ уақыт бойы көрсетілген дозадан жоғары қабылдаған кезде гипокалиемия, артериялық қысымның көтерілуі, су-тұз алмасудың бұзылуы салдарынан шеткергі ісінулердің пайда болуы мүмкін.

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі

150 г препараттан бақылау сақинасы бар бұралып кигізілетін алюминий қалпақшалармен тығындалған құтыларға құйылған. Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қораптарға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф : 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

161857491477977091_ru.doc 45 кб
382267921477978259_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники