Пиратем (800 мг)

МНН: Пирацетам
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Piracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014319
Информация о регистрации в РК: 03.07.2012 - 03.07.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Пиратем

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пирацетам

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 400 мг, 800 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 400 мг және 800 мг пирацетам,

қосымша заттар: крахмал, кальций карбонаты, повидон, магний немесе кальций стеараты,

қабығы: гидроксипропилметилмеллоза, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171)

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар (400 мг доза үшін)

Сопақша типті, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар (800 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар. Пирацетам

АТХ коды N06BX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдаған кезде тез және толықтай дерлік сіңеді. Биожетімділігі 100% құрайды. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жету уақыты 30 минутты құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды. Барлық ағзаларға және тіндерге енеді, плацентарлық кедергі арқылы өтеді. Ми қыртысында, мишықта және базальді ганглийлерде таңдалып жинақталады. Іс жүзінде метаболизденбейді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т½) 3-5 сағатты құрайды. 95%-дан көбі өзгермеген түрде бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде шығарылу уақыты ұзаруы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Пиратем нооотропты әсер етеді, орталық жүйке жүйесінде астасқан үдерістерді белсенділендіреді, жадыны жақсартады, мидың интегративті қызметін, интеллектуалды белсенділігін көтермелейді, ми қыртысының және мидың екі жарты шарының синаптикалық байланысының өткізгіштігін жақсартады, оқу үдерісін жеңілдетеді, ми қызметінің бұзылуын қалыпқа келтіреді және тұрақтандырады, ақыл-оймен жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Тиісінше аденозинтрифосфатты және аденозиндифосфатты қалпына келтіреді, А фосфолипаза белсенділігін арттырады, жүйке жүйесіндегі пластикалық және биосинтетикалық үдерістерді көтермелейді, нейромедиаторлардың алмасуын жылдамдатады. Гипоксияға және уытты әсерлерге ми тіндерінің төзімділігін жоғарылатады, қорғағыш әсер етеді, танып-білу жеткіліксіздігін қалпына келтіреді, ми жасушаларындағы рибонуклеин қышқылының синтезін күшейтеді. Микроайналымды (тамырларды кеңейтпей-ақ) жақсартады, тромбоциттер агрегациясын тежейді, эритроцитарлық жарғақшаның конформациялық қасиеттерін және ұсақ тамырлар арқылы эритроциттердің өтуін оңтайландырады. Ми қан айналымының қайталап бұзылуынан пайда болған деменциясы бар науқастарда ми тіндерімен оттегінің және глюкозаның жергілікті қармалуын жақсартады, ал орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы бар науқастардың сергектік деңгейін көтермелейді. Миокард инфарктісін кешенді емдеу кезінде антигипоксиялық әсері бар болғандықтан тиімді, вестибулярлық нистагмның айқындылығын төмендетеді.

Қолданылуы

- тамырдан, жарақаттанудан және уыттанудан болған психоорганикалық бұзылыстарда (коматозды жағдай, ми жарақаттануының жедел фазасында, ми қан айналымының жедел бұзылуында)

- астения белгілерімен, зейін қоюдың және ойлану қабілетінің төмендеуімен психоорганикалық синдромда (церебральдық атеросклерозда, уыттануда, алкоголизмде және б.)

- алкогольдік абстиненцияда және алкогольдік делирийді бәсеңдеткенде

- психоздар және астено-депрессивтік жағдайларда (кешенді емдеуде),

- антидепрессанттарға төзімді депрессиялық жай-күйлерде

- қантамырлық деменцияда, Альцгеймер ауруында, сенильді деменцияда

- ишемиялық инсульт және оның салдарында

- интеллектуалдық-тану қызметінің, сергектік деңгейінің төмендеуімен, эмоциялық-еріктілік саласының және мінез-құлықтың бұзылуымен қатар жүретін жүйке жүйесі ауруларында

- менингиттен, энцефалиттен, бассүйек-ми жарақатынан кейінгі реконвалесценция кезеңінде, психикалық дамудың кідіруінде, жадының бұзылуында және интеллектуалдық жеткіліксіздігінде

- орақ-жасушалы анемияны кешенді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылданады.

Ересектерге 800-1200 мг-ден тәулігіне 3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 2.4 - 3,6 г.

8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға – 400 мг-ден, орташа емдік доза – 1.0 г, ең жоғарғы – 1.8 г;

12-ден 18 жасқа дейінгілерге – 800 мг-ден, орташа емдік доза – 1.4 г, ең жоғарғы – 2.4.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозалану ы

Креатинин клиренсі

Kлиренс

Қан сарысуындағы креатинин деңгейі

Доза

40 – 60 мл/мин.

1,25 - 1,7 мг/100 мл

(112- 153 μмоль/л)

әдеттегі қолданылатын дозаның ½

20 - 40 мл/мин.

1,7-3 мг/100 мл

(153- 270 μмоль/л)

әдеттегі қолданылатын дозаның 1/4

20 мл/мин. төмен

3 мг/100 мл

(270 μмоль/л) жоғары

қолдануға болмайды

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 дейін <1/10)

- гиперкинезия

- ашуланшақтық

- дене салмағының артуы

Сирек (≥1/10000 дейін <1/1000)

- депрессия

- ұйқышылдық

- астения

- либидоның жоғарылауы

Белгісіздік жиілігі

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, атаксия, тепе-теңдік бұзылуы, эпилепсия ағымының асқынуы, шатасу, қозу, үрей, елестеулер, аменция

- дерматит, қышыну, есекжем, вазомоторлы ісіну, анафилактикалық реакция,

ангионевротикалық ісіну

- жүрек айну, құсу, диарея, эпигастриядағы ауыру

Басқалар: қызба, артериялық қан қысымының төмендеуі, геморрагиялық бұзылыстар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– пирацетамға, пирролидон туындыларына, немесе препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

– бүйрек қызметінің айқын бұзылуы

– геморрагиялық инсульт

– Гентингтон хореясы

– жүктілік және лактация кезеңі

– 8 жасқа дейінгі балалар

– психомоторлық қозу

Сақтықпен:

  • гемостаздың бұзылуы

  • үлкен хирургиялық араласулар

  • ауыр қанкетулер

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір уақытта қолданғанда қалқанша без гормондарының орталықтық әсерін (дірілді, мазасыздықты, ашуланшақтықты, ұйқының бұзылуын, сананың шатасуын), психостимуляторлар тиімділігін күшейтеді. Нейролептиктермен біріктіргенде экстрапирамидтік бұзылулардың айқындығын күшейтеді. Егде және қарт адамдарда антиангинальдік препараттардың әсерін күшейтеді, нитроглицеринге деген қажеттілікті төмендетеді. Антидепрессанттар тиімділігін жоғарылатады.

Жоғарғы дозада (9,6г/с) көктамыр тромбозы бар емделушілерде тікелей емес антикоагулянттар тиімділігін жоғарылатады (тек қана тікелей емес антикоагулянттарды қолданумен салыстырғанда тромбоциттер агрегациялану деңгейінің, фибриноген деңгейінің, Виллебранд факторларының, қан мен плазма тұтқырлығының барынша айқын төмендеуі байқалады).

1,6 г дозада пирацетамды алкогольмен бірге қабылдаған кезде қан сарысуындағы этанол мен пирацетам концентрациясы өзгермейді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің бұзылуы бар науқастарға қандағы азот пен креатинин деңгейін ұдайы бақылау жасап отыру керек. Пиратем эпилепсия кезінде құрысуға дайындық шегін төмендетеді, ол антиконвульсанттардың дозасын түзетуді талап етеді.

Препарат гемодиализ аппаратының сүзгіш жарғақшасы арқылы өтеді.

Егде жастағы адамдарда жартылай ыдырау кезеңінің ұзаққа созылуына байланысты дозаны түзету керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пиратемді қабылдап жүрген кезде көлік құралдарын және басқадай қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек, өйткені препарат зейін шоғырландыруды төмендетуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналуы, бас ауыруы, діріл, ашуланшақтық, қозғыштық, күйгелектік, мазасыздық, аллергиялық реакциялар, артериялық гипо- немесе гипертензия, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы.

Емі: асқазанды шаю, ішке белсенділендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық және демеуші ем, гемодиализ жүргізілуі мүмкін.

Гемодиализдің тиімділігі 50-60%.

Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 (800 мг доза үшін) немесе 6 (400 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан,

Алматы қ., Жандосов к-сі, 184 «г»,

тел. +7 727 309 74 07,

факс +7 727 309 74 14

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан,

Алматы қ., Жандосов к-сі, 184 «г»,

Телефон нөмірі +7 727 309 74 07

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан

Алматы қ., Жандосов к-сі, 184 «г»,

Телефон нөмірі +7 727 309 74 07

Факс нөмірі +7 727 309 74 14

Электронды поштасы globalzavod@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

174781281477977074_ru.doc 63 кб
238044061477978241_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники