Пимафуцин® (cуппозитории вагинальные, 100 мг)

МНН: Натамицин
Производитель: Теммлер Италиа С.р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Natamycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012695
Информация о регистрации в РК: 16.05.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пимафуцин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натамицин

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - 100 мг натамицин,

қосымша заттар: цетил спирті, қатты май, сорбитон триолеаты, полисорбат 80, натрий гидрокарбонаты, адипин қышқылы

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ақшыл-сары немесе сәл сары түсті суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Натамицин.

АТХ коды G01АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натамицин – жергілікті әсері бар препарат, іс жүзінде шырышты қабық арқылы сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Фунгицидті әсері бар зеңге қарсы полиенді антибиотик.

Натамицин жасуша жарғақшалары стеролдарын, олардың тұтастығы мен қызметін бұзып, байланыстырады, бұл микроорганизмдердің қырылуына әкеледі. Натамицинге көптеген патогенді ашытқы зеңдері, әсіресе Candida spp. сезімтал. Дерматофиттердің сезімталдығы аздау. Клиникалық тәжірибеде ашытқы зеңдердің арасында натамицинге төзімділік кездеспейді.

Қолданылуы

- вагинитте, вульвитте, вульвовагинитте

Қолдану тәсілі және дозалары

3-6 күн бойы 1 суппозиторийден тағайындайды.

Суппозиторийді тәулігіне 1 рет түнге қарай, науқасты жатқызып, мүмкіндігінше тереңірек қынапқа енгізеді.

Candida albicans туындатқан вульвовагинит ұзақ қайтпаса, таблеткаларды (7-10 күн бойы тәулігіне 4 рет 1 таблеткадан) ішке қосымша тағайындайды.

Жұптасы жыныс мүшелерінің кандидозды зақымдануын емдеу үшін крем түріндегі Пимафуцинді пайдаланады.

Жағымсыз әсерлері

  • жеңіл тітіркену, күйдіру сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- порфирия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қынаптық суппозиторийлер дене температурасының әсерінен тез еріп, көпіршікті масса түзеді, бұл белсенді субстанцияның біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Созылмалы немесе қайталанатын жұқпа жағдайында жергілікті емге қосымша ретінде таблетка мен крем тағайындалуы мүмкін.

Қынаптық суппозиторийдің құрамына кіретін этанол жоғары сезімталдық реакциясын тудыруы мүмкін. Етеккір кезінде суппозиториймен емдеуді тоқтата тұрады. Суппозиториймен емделу кезінде жыныстық қатынысты тоқтатудың қажеті жоқ. Алайда жыныстық жұптасын тексеру, ал кандидозды зақымдану анықталған жағдайда Пимафуцинмен емдеу курсын жүргізу ұсынылады. Сонымен қатар емделу кезінде контрацепцияның бөгегіш әдістерін пайдалануды да қарастырған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пимафуцин лактация және жүктілік кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Қазіргі кезде Пимафуцин препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

15 - 25оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Теммлер Италия С.р.Л.,

Виа деле Индустри 2, 20061 Каругате (МИ), Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.», Нидерланды.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Астеллас Фарма Юроп Б.В өкілдігі

ҚР, Алматы қ., 050559, Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы Тау» ПФО,

4В ғим., №20 кеңсе

 

Телефон 8 (727) 311-13-89

Факс 8 (727) 311-13-90

e-mail astellas@com.kz

.

 

Прикрепленные файлы

077033951477976755_ru.doc 97.5 кб
108539021477977919_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники