Натрия хлорид (раствор для инфузий изотонический, 0,9%, Биохимик ОАО)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019967
Информация о регистрации в РК: 30.10.2018 - 30.10.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Изотониялық инфузияға арналған 0.9 % ерітінді

Құрамы

1 литр ерітіндінің құрамында

белсенді зат: натрий хлориді – 9.0 г;

қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1 л-ге дейін.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазманың орнын басушы және перфузиялық ерітінділер. Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий концентрациясы  (Nа+) - 142 ммоль/л (плазманың) және 145 ммоль/л  (интерстициальді сұйықтықтың); хлорид концентрациясы (Сl-) - 101 ммоль/л (интерстициальді сұйықтықтың). Бүйрекпен өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Плазманың орнын басушы дәрі. Уытсыздандыратын және регидрациялайтын әсер береді. Ағзаның әртүрлі патологиялық жағдайында натрий тапшылығының орнын толтырады. Натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі адам плазмасында изотониялы және сондықтан айналымдағы қан көлемін уақытша ұлғайта отырып, қантамыр арнасынан жылдам шығарылады  (қан жоғалту мен шокта тиімділігі жеткіліксіз).

Қолданылуы

- ағзаның сусыздануында

- гипохлоремиялық алкалозда

- гипонатриемияда

- интоксикацияда

- дәрілік препараттарды еріту мен сұйылту үшін

- таңғыш материалды ылғалдауға.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін көктамыр ішіне (әдетте тамшылатып), тері астына, ректальді енгізеді немесе жергілікті (жараны, көзді, мұрын қуысының шырышты қабығын жуу үшін), таңғыш материалдарды ылғалдандыруға арналған.

Натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі: енгізер алдында ерітіндіні 36-38 °С-ге дейін қыздырады. Доза ағзаның сұйықтықты, натрий мен хлорды жоғалтуына байланысты анықталады және орта есеппен 1 л/тәул (тәулігіне литр) құрайды. Сұйықтықты көп жоғалтқан немесе айқын интоксикация кезінде 3 л/тәул енгізілуі мүмкін. Енгізілу жылдамдығы - 540 мл/сағ; қажет болғанда енгізу жылдамдығын арттырады.

Жедел дегидратация кезінде балаларға (зертханалық параметрлерді анықтағанға дейін) 20-30 мл/кг енгізеді. Ары қарай дозалау режимі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі. Натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісін жоғары дозаларда ұзақ енгізген кезде плазмада және несепте электролиттерге бақылау жүргізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

- хлоридті ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия, гипернатриемия

- бас ауыруы, бас айналу

- жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазан түйілулері

- тахикардия, артериялық гипертензия

- бүйрек қызметінің бұзылуы, ісінулер

- мазасыздық, әлсіздік

- бұлшықеттердің тартылуы және гипертонус

- енгізу орнындағы ауыру мен тітіркену, тромбофлебит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацидоз

- гипернатриемия

- гиперхлоремия

- гипокалиемия

- жасушадан тыс гипергидратация

- ми мен өкпенің ісінуімен қауіп төндіретін қан айналысының бұзылуы

- мидың ісінуі

- өкпенің ісінуі

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- жоғары дозадағы кортикостероидтармен қатарлас емдеу

Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда ерітіндінің ауқымды көлемдерін сақтықпен қолдану керек.

 Сақтықпен

- декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олигоурия, анурия).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты гемодинамикалық қаналмастырғыштармен үйлесімді (әсерінің өзара күшеюі).

Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен бақылап отыру керек (дегенмен, көзге көрінбейтін және терапевтикалық үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Айрықша нұсқаулар

Контейнердің тұмшалануын сақтай отырып, препаратты мұздатып қатыруға болады. Қышқылдық-негіздік жағдайды және электролиттерді бақылау.

Кортикостероидтармен және кортикотропиндермен бір уақытта тағайындау қандағы электролиттер деңгейін үнемі бақылап отыруды қажет етеді. Айтарлықтай сусыздану кезінде көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмағанда тері астына немесе ректальді түрде енгізеді.

Жүктілік және лактация

Натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі жүктілік және бала емізу кезеңдерінде қатаң көрсетілімдер бойынша пайдаланылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті және қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісін жоғары көлемде енгізу хлоридті ацидозға және гипергидратацияға әкеп соқтыруы мүмкін.

Емі: артық дозаланған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратация кезінде емді осмостық диуретиктермен жүргізу керек. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі кезінде ісінулерді диализдің көмегімен жоюға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 250 және 450 мл, қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде 200, 400 мл-ден. Сыйымдылығы 250 мл 24, 28 бөтелкені және сыйымдылығы 450 мл 12, 15 бөтелкені бөтелке санына сәйкес келетін мөлшерде медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картон жәшіктерге салады (стационарлар үшін).

Сыйымдылығы 250 мл 24, 28 бөтелкені және сыйымдылығы 450 мл 12, 15 бөтелкені бөтелке санына сәйкес келетін мөлшерде медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жылу ұстағыш үлбірге салады (стационарлар үшін).

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Препаратты мұздатып қатыру (бөтелкенің тұмшалануы сақталатын жағдайда) оның қолданылуына қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бөтелкелердің ішкі беткейлерінің дымқылданбайтыны препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко к-сі,

15 А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 258 В

тел. 727 232-90-50, 727 385 04 00,

e-mail: register@caph.kz

Прикрепленные файлы

663273911477976935_ru.doc 51.5 кб
815702001477978111_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники