Магния сульфат 5мл (25%)

МНН: Магния сульфат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014343
Информация о регистрации в РК: 21.12.2018 - 21.12.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 16.22 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Магний сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 25%, 5 мл ерітінді

Құрамы

5 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат –1.25 г магний сульфаты,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамырішілік енгізуге арналған ерітіндіге үстемелер. Электролиттік ерітінділер. Магний сульфаты.

АТХ коды В05ХА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы магний иондарының концентрациясы нормада орташа 0,84 ммоль/л құрайды, бұл мөлшердің 25-35% ақуыздармен байланысқан жағдайда болады. Плацента және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді, сүтте қан плазмасындағы концентрациясынан 2 есе басым концентрация туындатады. Магний метаболизденбейді.

Несеппен сүзу жолымен шығарылады (бұл жерде диурез күшейеді), бүйрек экскрециясының жылдамдығы қан плазмасындағы концентрацияға пропорционалды. Магнийдің 93-99% проксимальді және дистальді бүйрек өзекшелерінде кері реабсорбцияға ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Парентеральді түрде енгізгенде седативті, диуретикалық, артерияларды кеңейтетін, құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, гипотензиялық, спазмолитикалық, үлкен дозаларда – курареге ұқсас (жүйке-бұлшықет берілісіне бәсеңсітетін әсер береді), токолитикалық, ұйықтататын және есірткілік әсер береді, тыныс алу орталығын бәсеңсітеді.

Mагний баяу кальций өзекшелерінің (БКӨБ) "физиологиялық" блокаторы болып табылады және кальцийді байланысқан жерінен ығыстырып шығаруға қабілетті. Зат алмасу үдерістерін, нейрон аралық берілісті және бұлшықет қозғыштығын реттейді, кальцийдің пресинапстық жарғақша арқылы түсуіне кедергі жасайды, шеткергі жүйке жүйесінде және орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) ацетилхолин мөлшерін төмендетеді. Тегіс бұлшықетті босаңсытады, АҚ төмендетеді (көбіне артқан), диурезді күшейтеді.

Құрысуға қарсы әсері - магний ацетилхолиннің жүйке-бұлшықет синапстарынан босап шығуын азайтады, сол арада жүйке-бұлшықет берілімін бәсеңсіте отырып, ОЖЖ тікелей бәсеңсітетін әсер етеді.

Антиаритмиялық әсері - магний кардиомиоциттердің қозғыштығын төмендетеді, иондық тепе теңдікті қалпына келтіреді, жасушалық жарғақшаны тұрақтандырады, натрий ағынын, баяу енетін кальций ағынын және біржақты калий ағынын бұзады.

Гипотензиялық әсері магнийдің жоғарырақ дозаларында шеткергі қан тамырларын кеңейтетін әсеріне байланысты және төмендеу дозаларында вазодилятация нәтижесінде тершеңдік туындатады.

Токолитикалық әсері – магний миометрийдің жиырылу қабілетін бәсеңдетеді (тегіс бұлшықет жасушаларында кальцийдің сіңуінің, байланысуының және таралуының төмендеуі), қантамырларының кеңеюі нәтижесінде жатырда қан ағысын күшейтеді.

Ауыр металл тұздарымен уланғанда у қайтарғы болып табылады.

Жүйелік әсерлері көктамыр ішіне енгізу бойына бірден дерлік және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң пайда болады. Көктамыр ішіне енгізуде әсердің ұзақтығы 30 минутты, бұлшықет ішіне енгізуде - 3-4 сағатты құрайды.

Қолданылуы

- магний препараттарын ішу арқылы қабылдау мүмкін болмағандағы гипомагниемияда (созылмалы алкоголизмде, ауыр диареяда, мальабсорбция синдромында, парентеральді қоректендіруде)

- кешенді ем құрамында преэклампсияда және эклампсияда

- құрысу синдромында

- гипертониялық кризде (кешенді ем құрамында)

- ауыр металл тұздарымен улануда (сынаппен, мышьякпен, тетраэтилқорғасынмен)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу (3 минут бойына бастапқы 3 мл) енгізу керек. Көктамыр ішіне енгізуде емделуші жатқан күйде болуы тиіс.

Көктамыр ішіне енгізу тәсілі тиімдірек болып саналады.

Бұлшықет ішіне инъекция жасау ауыртады және ол инфильтрат түзілуіне алып келуі мүмкін, шеткергі көктамырға енгізу мүмкін болмағанда ғана пайдаланылады.

Препараттың ең жоғарғы дозасы қан плазмасындағы магний концентрациясына қарай (4 ммоль/л астам емес) жеке есептеледі. Емнің ұзақтығын дәрігер клиникалық жағдайға қарай жеке анықтайды.

Препараттың дозасы бүйрек функциясы бұзылуында төмендеуі тиіс.

Магнийдің плазмалық концентрациясын барлық емдеу курсы бойына бақылау керек.

Ересектер

Гипомагниемия

Орташа гипомагниемияда әрбір 6 сағат сайын бұлшықет ішіне магний сульфатының ерітіндісін 4 мл-ден 25% (1 г) енгізеді.

Ауыр гипомагниемияда бұлшықет ішіне әрбір 4 сағат сайын препарат дозасы дене салмағына 250 мг/кг немесе магний сульфатының 20 мл 25% ерітіндісін бір литр инфузиялық ерітіндіде (5% глюкоза ерітіндісі немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі) сұйылтады 3 сағат бойы көктамыр ішіне тамшылатып енгізіледі.

Преэклампсия, эклампсия

Преэкслампсияны және эклампсияны емдеуде 5,0 г магний сульфатын (20 мл 25% ерітінді) 400 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкозада сұйылтып 9-25 мг/мин (15-40 тамшы/мин) жылдамдықпен көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Альтернативті тәсіл ретінде Ричард сызбасын қолданады: бастапқыда 4,0 г (16 мл 25% ерітінді) көктамыр ішіне баяу 3-4 минут бойына, 4 сағаттан кейін көктамыр ішіне енгізуді сол дозада қайталайды және қосымша бұлшықет ішіне 5,0 г (20 мл 25% ерітінді) енгізеді. Соңынан әрбір 4 сағат сайын магний сульфатын 4,0-5,0 г (16-20 мл 25% ерітінді) дозада бұлшықет ішіне енгізуді қайталайды.

Магний сульфатын жүктілерде енгізуді жалғастыру ұрықта туа біткен ауытқулар дамуының қаупі жоғары болуына байланысты 5-7 күннен ұзақ болмауы тиіс.

Құрысу синдромы

Құрысу жағдайында бұлшықет ішіне 5-10-20 мл 25% ерітіндіні енгізеді (құрысу синдромының айқындығына қарай).

Ауыр металл тұздарымен, сынаппен, мышьякпен улану

Магний сульфатын сынаппен, мышьякпен улану кезінде у қайтарғы ретінде қолданады: 5 мл 25% ертінідіден көктамыр ішіне сорғалатып.

Созылмалы алкоголизмді кешенді емдегенде магний сульфатын бұлшықет ішіне күніне 5-20 мл 25% ерітіндіден 1-2 рет енгізеді.

Гипертониялық кризді емдеудегі кешенді ем құрамында

Гипертониялық кризде 10-20 мл 25% магний сульфаты ерітіндісін бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне сорғалатып (баяу) енгізеді.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде доза түзету талап етілмейді.

Алайда бүйрек функциясы бұзылуында сақ болу керек.

Балалар

Балаларда жаңа туған кезеңнен бастап бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне тамшылатып қолданылады.

Жаңа туған нәрестелердегі магний тапшылығын жою үшін дене салмағының әр кг-ға25-50 мг есебімен көктамыр ішіне әрбір 8-12 сағатта (2-3 доза) магний сульфатын енгізеді.

Балаларда құрысуларды басу үшін препаратты 20-40 мг/кг есебімен (0,08-0,16 мл/кг 25% ерітінді) бұлшықет ішіне тағайындайды.

Магний сульфатын көктамыр ішіне енгізуде 1сағат бойына 1% ерітінді түрінде тамшылатып (10 мг/мл) енгізеді.

Препаратты бастапқы 15-20 минут бойына дозаның жартысын енгізу шартымен ауыр жағдайларда 3% ерітінді түрінде енгізу ұсынылады.

Магний препараттарын гипермагнемия дамуы және тыныс алу, жүрек тоқтап қалуы, артериялық гипотензия мүмкіндігінен жаңа туған нәрестелерге көктамыр ішіне сорғалатып енгізу ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ысынуды сезіну, тершеңдік, диплопия

- артериялық гипотензия

- құйылулармен, шөлмен, артериялық гипотензиямен, ұйқышылдықпен, жүрек айнуымен, құсумен, сананың шатасуымен, түсініксіз сөйлеумен, қосарлы көрумен, жүйке-бұлшықет блокадасына байланысты сіңір рефлекстері жойылуымен, бұлшықет әлсіздігімен, тыныс бәсеңсуімен, электролитті-су – теңгерімі бұзылуымен (гипофосфатемиямен, гиперосмолярлық дегидратациямен), ЭКГ өзгерістерімен ( PR, QRS және QTаралықтары ұзаруы), брадикардиямен, жүрек аритмиясымен, комамен және жүрек тоқтауымен сипатталатын гипермагниемия.

- тыныс алу орталығының салдануына дейін болатын тыныс алу орталығының бәсеңсуі

- тыныс алу жиілігінің баяулауы, ентігу

- сіңір рефлекстерінің әлсізденуіне алып келетін шеткергі жүйке-бұлшықет берілісінің блокадасы

- сылбыр салдану

- гипотермия

- қан айналымының жедел жеткіліксіздігі

- үрейлену, ұйқышылдық, сананың шатасуы

- полиурия

- бұлшықет әлсіздігі, жатыр атониясы

- салдарлы тетания белгілері бар гипокальциемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына аса жоғары сезімталдық

- айқын брадикардия, атриовентрикулярлық блокада

- бүйрек қызметінің айқын бұзылуы (креатинин клиренсі 20 мл/мин аз)

- ауыр артериялық гипотензия

- тыныс алу орталығын бәсеңсіту

- босану алдындағы кезең (босанардан 2 сағат бұрын)

- лактация, етеккір кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ бәсеңсітетін басқа дәрілік заттардың (транквилизаторлар, ұйықтататын дәрілер) әсерін күшейтеді.

Жүрек гликозидтері өткізгіштіктің бұзылу және атриовентрикулярлы блокадасы (әсіресе кальций тұздарын бір мезгілде көктамыр ішіне енгізуде) даму қаупін арттырады.

Миорелаксанттар және нифедипин нейро-бұлшықет блокадасын күшейтеді.

Парентеральді енгізуге арналған магний сульфатын басқа вазодилататорлармен қоса қолданғанда гипотензиялық әсерінің күшеюі мүмкін.

Барбитураттар, есірткілік аналгетиктер, гипотензиялық дәрілік заттар тыныс орталығының бәсеңсу ықтималдығын арттырады.

Кальций тұздары магний сульфатының әсерін азайтады.

Кальций препараттарымен, этанолмен (жоғары концентрацияларда), карбонаттармен, гидрокарбонаттармен және сілтілік металл фосфаттарымен, мышьяк қышқылының, барий, стронций тұздарымен, клиндамицин фосфатымен, гидрокортизон, натрий сукцинатымен, полимиксин В сульфатымен, прокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді (шөгінді түзіледі).

Қоспалардағы 10 ммоль/мл-ден жоғары магний иондары концентрацияларында толық парентеральді түрде қоректендіру үшін май эмульсиялары бөлінуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Мынадай жағдайларда сақтықпен қолданады: миастения, тыныс алу органдарының аурулары, асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары.

Магний сульфаты бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (КК > 20 мл/мин) сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігінде парентеральді қолдану магниймен улануға алып келуі мүмкін. Бүйрек қызметі бұзылуы бар (егер креатинин клиренсі 20 мл/мин асатын болса) және олигуриясы бар науқастардың 48 сағат бойына қабылдайтын магний сульфаты (81 ммоль Mg2+) 20 г аспауы тиіс, магний сульфатын көктамыр ішіне өте жылдам енгізуге болмайды.

Қан сарысуындағы магний концентрациясын (0.8-1.2 ммоль/л аспауы тиіс),

диурезді (100 мл/4 сағат аз емес), тыныс алу жиілігін (16/мин аз емес), АҚ бақылау ұсынылады.

Егде жастағы науқастарда дозаны төмендету жиі талап етіледі (бүйрек функциясы төмендеуіне байланысты).

Магний сульфатын бауыр комасында бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупі мүмкіндігінде тағайындау ұсынылмайды.

Магний сульфатын парентеральді енгізуде уланып қалмау үшін емделушіні мұқият бақылау керек және олардың қан сарысуындағы магний деңгейін анықтау керек.

Сарысудағы кальций деңгейінің мониторингі магний сульфатын қабылдайтын емделушілерде күнделікті емшара болуы тиіс.

Педиатрияда пайдаланылуы

Магний сульфаты балаларда өмірінің бір жасынан бастап көрсетілімдер бойынша сіңір рефлекстерін және қан плазмасындағы магний концентрациясын бақылаумен қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде сақтықпен, тек анасында күтілетін емдік әсері ұрық үшін потенциалды қауіптен басым болған жағдайларда ғана қолданады. Препаратты босанғаннан кейін 2 сағат бойына қолдану ұсынылмайды.

Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда ұрықтың жүрек жиырылу жиілігін бақылау керек.

Магний сульфатын жүкті әйелдерде 5-7 күн бойына үздіксіз енгізу дамып келе жатқан ұрықта гипокальциемияға және сүйек аномалиясына (сүйектің деминерализациялануы, остеопения) алып келуі мүмкін.

Препаратты бала емізу кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтата тұру керек.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емделу кезеңінде автокөлік жүргізу және зейінді жоғары жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүйке-бұлшықет блокадасына байланысты сіңір рефлекстерінің бәсеңсуі, ұйқышылдық, сананың шатасуы, түсініксіз сөйлеу, қосарлы көру, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, АҚ күрт төмендеуі, брадикардия, ОЖЖ және тыныстың бәсеңсуі, бұлшықет әлсіздігі, су-электролиттік теңгерім бұзылуы (гиперфосфатемия, гиперосмолярлық дегидратация), ЭКГ өзгерістері (PR, QT және QRS кешені аралығының ұзаруы), аритмиялар, асистолия.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде төмендеу дозалар тағайындағанда метаболизмдік бұзылулар дамиды.

Емі: көктамыр ішіне кальций глюконатының 10-20 мл 10% ерітіндісін баяу енгізеді, оксигенотерапия жүргізеді, карбогенмен дем алдыру, жасанды тыныс алғызу, перитонеальді диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыны немесе импорттық ампулаларда, немесе еккішті толтыруға арналған стерильді ампулаларда 5 мл-ден.

Әрбір ампулаға заттаңбалық қағаздан немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбаны жапсырады немесе мәтінді ампулаға шыны бұйымдарға арналған терең мөрдің бояуымен тікелей жазады.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған немесе импорттық пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан қаптайды.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон немесе гофрланған картон қораптарға салынған. Нұсқаулықтар саны қаптама санына қарай салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

254126831477976839_ru.doc 79.5 кб
977696711477977995_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники