Левомицетин (Капли глазные 0,25%)

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: Фармацевтическая компания "МЕДОПТИК"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003991
Информация о регистрации в РК: 25.05.2017 - 25.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Левомицетин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі 0,25% 8 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 2,5 мг хлорамфеникол,

қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су бар

Сипаттамасы

Түссіз, мөлдір немесе аздаған сарғыш түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антибиотиктер

АТЖ коды S01AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көзге тамызған кезде левомицетиннің емдік концентрациясы көздің шыны тәріздес денесінде, қасаңқабығында, нұрлықабығында, сулы ылғалында түзіледі. Левомицетин көз бұршағына енбейді.

Фармакодинамикасы

Левомицетин кең ауқымды әсер ететін антибиотик болып табылады, көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға, соның ішінде ішек бактериялары тұқымдастығына, инфлюэнца таяқшасына қатысты тиімді әсер етеді. Микробқа қарсы механизмі рибосомалардың 50-S субстанциялары деңгейіндегі РНҚ синтезінің тежелуімен және ақуыз синтезінің бәсеңдеуімен байланысты.

Пенициллинге, тетрациклинге, сульфаниламидаға төзімді бактериялар штаммдарына қатысты тиімді. Escherchia Coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae-ге, Enterobacter мен Neisseria-ның кейбір түрлеріне, Staphylococcus aureus, Streptococus spp.-ға қатысты белсенді. Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens-ке қатысты тиімді емес.

Бактериостатикалық әсер етеді. Микроорганизмдердің левомицетинге үйренуі баяу дамиды.

Қолданылуы

- конъюнктивиттерде

- кератиттерде

- кератоконъюнктивиттерде

- қасаң қабықтың ойылуында

- блефариттерде

- блефароконъюнктивитте

Қолдану тәсілі мен дозалары

Үлкендер мен 1 жастан асқан балаларға жергілікті инстилляция түрінде конъюнктивальды қапшыққа 1-2 тамшыдан әрбір 1-4 сағат сайын немесе күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті аллергиялық реакциялар болуы ықтимал

- тамызғаннан кейін алғашқы секундтарда жылдам өтетін шымылдатып ашыту

- ұзақ уақыт қолданғанда – көру жітілігінің төмендеуі

- көру және шеткергі жүйкелер невриті

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдықта

- сүйек-кеміктік қан түзудің бәсеңдеуінде

- тері ауруларында (псориаз, экзема, зең ауруларында)

- жүктілік және лактация кезеңінде

- жедел интермиттирленген порфирияда

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында

- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінде

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Жүктілік және лактация кезеңінде сақтану қажет

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қан түзілуін бәсеңдететін әсерінің күшеюінен сақтану үшін сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолдануға болмайды.

Эритромицинмен, клиндамицинмен, линкомицинмен бірге қолданғанда әсерлерінің өзара төмендеуі байқалады.

Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттармен бірге тағайындағанда, бауырдағы метаболизмімен, плазмадағы концентрациясын бәсеңдету есебінен олардың әсерін күшейтеді.

Хлорамфеникол Р450 цитохромының ферменттік жүйесін бәсеңдетеді, сондықтан барбитураттармен, фенитоинмен, тікелей емес антикоагулянттармен бірге қабылдағанда бұл препараттардың метаболизмінің әлсіреуі, шығарылуының баяулауы және плазмадағы концентрациясының жоғарылауы байқалады.

Аминогликозидтердің, пенициллиннің, В полимиксиннің, тетрациклиннің, цефалоспориндердің, эритромициннің бактерияға қарсы әсерін төмендетеді. Сондай-ақ, аскорбин қышқылымен, гидрокортизонмен, В тобының витаминдерімен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Көздің вирустық және зеңдік зақымдануында қолдануға болмайды. Препарат қанға уытты болғандығынан, оны балаларға, жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерге қолдануды шектейді.

Тамшылатқыш-құтының ұшы көз шырышының бет жағына тимеуін қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшамен жабады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Тамызғаннан кейін 30 минут ішінде қысқа уақытқа көру жітілігінің бұзылуы және көзден жас ағуы мүмкін.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, тығыз қақпақпен жабылған, полиэтиленнен жасалған тамызғы-құтыларда.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон корапшадағы пәшкеге салынған.

Картон қорапқа 10 және 100 пәшкеден салынған.

20 құтыдан (пәшкеге салмай) картон қораптан жасалған қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.

Немесе 1000 құтыдан (пәшкеге салмай) картон қораптан жасалған қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құты ашылғаннан кейін - 4 аптадан асырмай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 2572202

Е-mail: -572202@gmail.com

Тіркеу куәлігі иесінің елі және атауы

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан

Қораптаушы-ұйымның елі және атауы

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім ауар)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 2572202

Е-mail: -572202@gmail.com

Прикрепленные файлы

354036801477977191_ru.doc 51 кб
488376801477978347_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники