Коделак® фито

МНН: Кодеин, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Термопсиса экстракт сухой, Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные опия в комбинации с отхаркивающими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020316
Информация о регистрации в РК: 28.01.2014 - 28.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Коделак® фито

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Эликсир 100 мл

Құрамы

5 мл эликсирдің құрамында:

белсенді заттар: 4,5 мг кодеин фосфаты гемигидраты, 10 мг термопсис құрғақ сығындысы, 1000 мг тасшөп сұйық сығындысы, 165 мг қызыл мия құрғақ сығындысы,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сорбитол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар қоңыр түсті сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді пайда болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттармен біріктірілген жөтелге қарсы препараттар.

ATХ коды R05FA

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әсерінің басталуы мен ұзақтығы препараттың белсенді заттары жиынтығына негізделген, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат. Жөтелге қарсы дәрі, құрамында өсімдік тектес компоненттер бар.

Кодеин жөтел қарқындылығын азайта отырып, жөтел орталығының қозғыштығын төмендетеді. Ұсынылатын емдік дозаларда тыныс алу және жөтел орталығының бәсеңдеуін туғызбайды, жыпылықтағыш эпителийдің қызметін бұзбайды және бронх секрециясын азайтпайды.

Термопсис шөбінің бронх бездері секреторлық қызметінің жоғарылауынан, кірпікшелі эпителий белсенділігінің күшеюінен және секрет шығарылуының жеделдеуінен, орталық ваготропты әсері есебінен бронхтар тегіс бұлшықеттері тонусының артуынан көрінетін қақырық түсіретін әсері бар.

Қызылмия тамыры қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және спазмолитикалық әсер береді. Құрамында вирусқа қарсы әсер ететін глицирризин бар, сондай-ақ қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер ете отырып, эндогендік глюкокортикостероидтардың әсерін үдетеді. Қабынуға қарсы белсенділігінің арқасында глицирризин тыныс алу жолдарында жұқпалы-қабыну үдерісінің бәсеңдеуіне ықпал етеді.

Тасшөп шөбі сығындысының құрамында жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының кірпікшелі эпителий белсенділігін күшейту, бронх шырышты қабығының бөлінетін секрет мөлшерін арттыру, қақырықты сұйылту, оның шығуын жылдамдату және қабыну өңездерін жібіту есебінен қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және бактерицидті әсерге ие эфир майларының қоспасы бар. Бұған қоса, тасшөп әлсіз спазмолитикалық және репаративтік қасиеттерді иеленген.

Қолданылуы

- бронх-өкпе ауруларында кез келген этиологиядағы құрғақ жөтелді симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға. Жасына байланысты ішке қабылданады: балаларға 14 жастан және ересектерге тәулігіне 15-20 мл. Тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлу керек. Қолданар алдында шайқау керек.

Эликсирді тамақтану арасындағы үзілістерде қабылдау ұсынылады. Симптоматикалық емдеу ұзаққа созылмауы тиіс (5 күннен аспауы керек). Емдеу мерзімін ұзарту жөніндегі шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: тері қышынуы, есекжем

- жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

- ұзақ уақыт қолданғанда кодеинге дәрілік тәуелділік дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тыныс алу жеткіліксіздігі, бронх демікпесі

- морфин тәріздес препараттарды (бупренорфин, налбуфин, пентазоцин) қабылдау

- алкоголь қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Орталық жүйке жүйесінің қызметін бәсеңдететін басқа да препараттармен тыныштандыратын әсері мен тыныс алу орталығына бәсеңдететін әсері күшеюіне байланысты: ұйықтататын, тыныштандыратын, антигистаминдік дәрілермен, морфин туындыларының есірткілік анальгетиктерімен, анксиолитиктермен, антипсихотикалық препараттармен қолданбаған жөн.

Кодеин этанолдың психомоторлық қызметке әсерін күшейтеді.

Хлорамфеникол бауырдағы кодеин биотрансформациясын тежейді және сонысымен оның әсерін күшейтеді.

Кодеинді жоғары дозаларда қолданғанда жүрек гликозидтерінің (дигоксин және т.б.) әсері күшеюі мүмкін, өйткені перистальтиканың әлсіреуіне байланысты олардың сіңуі күшейеді.

Адсорбенттер, тұтқырлағыш және бүркемелегіш дәрілер, препарат құрамына кіретін кодеиннің асқазан-ішек жолында сіңуін азайтуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

  • жоғары дозалармен ұзақ уақыт емделу препаратқа тәуелділікке әкелуі мүмкін

  • Коделак® фитоны муколитикалық және қақырық түсіретін препараттармен бір мезгілде тағайындамаған жөн

  • жөтелге қарсы препараттарды тағайындар алдында арнайы емдеу қажеттілігі мүмкіндігіне байланысты жөтел себебін анықтаған жөн

  • спортшылар препараттың құрамында кодеин барын және оның допинг болып табылатынын есте сақтауы тиіс

  • бассүйекішілік қан қысымының жоғарылауы жағдайында сақ болу қажет

  • бүйрек функциясы бұзылған науқастарда кодеин баяу шығарылады, сондықтан препаратты қабылдау аралықтарын ұзарту ұсынылады

  • Коделак® фитоны қабылдау кезінде спирт ішімдіктерін қолдануға тыйым салынады

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Тыныштандыратын әсерінің даму мүмкіндігіне байланысты емдеу кезінде, жоғары зейін қоюды, психикалық және қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен шұғылдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, құсу, бас ауыруы, қышыну, миоз, тыныс алу орталығының бәсеңдеуі, брадипноэ, аритмиялар, брадикардия, несептің іркілуі, қуық атониясы.

Емі: симптоматикалық, оның ішінде тыныс алу мен жүрек-тамыр функциясын қалпына келтіру, асқазанды шаю, тыныс алу аналептиктерін, атропин және кодеиннің бәсекелестік физиологиялық антагонисі - налоксонды енгізу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл препараттан күңгірт шыныдан жасалған құтыларға құйылады. Бір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және өлшеуіш қасықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл 6 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Фармстандарт-Лексредства" ААҚ,

305022, Ресей, Курск қ., 2‑ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Тіркеу куәлігінің иесі

«Отисифарм» ЖАҚ,

123317, Ресей, Мәскеу қ., Тестовская к-сі, 10 үй

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС,

100009, Қазақстан Республикасы, Қараганды қ., Ботаникалық к-сі, 12 үй

Тел/факс: +7 (7212) 437002, Тел: + 7 (7212) 507322

E-mail: kphk@kphk.kz

 

Прикрепленные файлы

947950921477976764_ru.doc 52.5 кб
768166601477977928_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники